Инфоурок / История / Конспекты / Баяндама ТАРИХ ПӘНІНДЕ АКТ-НЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Баяндама ТАРИХ ПӘНІНДЕ АКТ-НЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

Ә.МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ










ТАРИХ ПӘНІНДЕ АКТ-НЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ




ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

БАЙРХАНОВА САРА




















ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛЫ








ТАРИХ ПӘНІНДЕ АКТ-НЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ




Байрханова Сара Сламбекқызы

Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы


Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. АКТ - ға қысқаша сипаттама.
1. 2. Тарих сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
2. 1. Интерактивті тақтаны пайдалану.
2. 2. Электронды оқулық құралдар.
2. 3. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары

ІІІ. Қорытынды.

Баяндама тақырыбының өзектілігі: Тарих сабағында АКТ - ны қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Баяндама жұмысының мақсаты: Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған АКТ - мен оқытуды оқу - тәрбие процесіне енгізу. Заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Баяндама жұмысының міндеттері:
1. Сабақта оқытудың АКТ - ны тиімді қолдана білу.
2. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
3. АКТ - ны оқытуда тиімділігіне көз жеткізу.
4. Оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.










Кіріспе

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері –жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптасыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.Ал ұстаздың міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Сол себепті тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды.
Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

II.Негізгі бөлім




hello_html_m43499920.gifhello_html_557d5c39.gifhello_html_m72965f4c.gifhello_html_79b0edcb.gifhello_html_2e4aa9d0.gif

hello_html_m2db6689.gifhello_html_m7a01dc5e.gif


hello_html_4a2e7257.gifhello_html_a8efab3.gifhello_html_m21bcf44a.gifhello_html_m5ab5b07e.gif







hello_html_453d367e.gifhello_html_33ebd499.gif


hello_html_2d74e0b6.gifhello_html_29686d11.gifhello_html_m2909f0df.gifhello_html_e65e36c.gifhello_html_2eb4b6fb.gifhello_html_2ac7077e.gif











1. 1. АКТ - ға қысқаша сипаттама
Қазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлініп келетіні белгілі. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.
Кез - келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру.
«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.

Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В. С. Герушинский, В. М. Левина, Е.И.Машбиц, Г. Н. Нұрғалиева т. б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру процесінде АКТ - ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.

1.2. Тарих сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Тарих сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.
Тарих сабақтарында ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануда төмендегідей нәтиже беруде:
¨ Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;

¨ Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
¨ Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.

2. 1. Интерактивті тақтаны пайдалану.
«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,
Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.» деген екен қытай даналығында. Ендеше оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өтіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады.
Интерактивті тақта — топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.
2. 2. Электронды оқулық құралдар
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
2. 3. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:
-ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
-тарих пәніне деген қызығушылығын тудыру;
- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
-өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру;
-дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;
- пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
-мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы;
-сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- сабақтың жүйелілігі;
- әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру;
- әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану;
- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
--оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау;
- үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;
- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық
және он-лайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалім-
дерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.
Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.
Мысалы
7 сыныпта «Қазақ атауымен қазақ жүздерінің пайда болуы» өткен кезеңде халықтың шығу тегі, қазақ жүздерінің шығу тарихы туралы материал жинақтап, өте құнды презентация жасалды, толық мәлімет берілді. Бейне фильм көрсетілді, электронды оқулықтан мәліметтер берілді.


Оhello_html_m4a4b8c9.jpghello_html_m5353e49d.jpghello_html_d57df35.jpghello_html_m4c600ad6.jpghello_html_m1122a968.jpghello_html_m1ab07677.jpghello_html_673f2751.jpgсындай жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.
8 сынып оқушылары тарих пәні сабақтарында презентациялар жасап тақырыпты қорғауға жаттыққан.
«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбын өткен кезде слайдтар жасалды, мәліметтер берілді, тексеру жұмыстары орындалды.







Мысалы:
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады, белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.
Өз сабақтарымда электронды оқулықтарды жиі пайдаланамын. Қазақстан тарихы бойынша барлық сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар.
(Ұлттық ақпараттандыру орталығы)
9 сыныпта «1970-1980 жылдардағы Қазақстан» тақырыбын өткен кезде сол кезеңдер туралы мәліметтер берген кезде электронды оқулықтан үзінді алынып, анықтама берілді.

hello_html_8a2633c.jpghello_html_496d1cb2.jpghello_html_42b9ffd3.jpghello_html_m149f8874.jpg

«hello_html_d68b468.jpgҚазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы» тақырыпшасы бойынша берілген мәлімет, анықтамалар оқушылардың таным дағдысын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсетілді.

hello_html_m7e8f3b6b.jpghello_html_m62befa3d.jpg






Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
- Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
- Тіл байлығын дамытады;
-Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
- Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
- Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Қорытынды

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. 

Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тізгіні ұстаздар қауымының қолында екенін есімімізде сақтайық. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

Қорыта келгенде, тарих сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану- заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.  «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, ақпараттық технологияларды шеберлікпен пайдалана білетін, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.



Сабақтың тақырыбы: ХІХғ бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ХІХғ бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінің даму тарихын, халық ағарту ісінің даму тарихын, орыс саяхатшылары мен жазушыларының қазақ жерлерін зерттеу мақсаттары мен нәтижелері туралы мағлұматтар беру, қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы, оған әсер еткен тарихи факторлар және көрнекті өкілдері жайлы мәліметтер беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше іздену, зерттеу жұмыстарын жүргізу шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушылардың АКТ-ны қосымша дерек көздерін пайдалана білу, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Ата-баба тарихын білуге, құрметтеуге, ел жандылыққа, ұлтжанды болуға, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру, еңбексүйгіштілікке, ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері:

  1. Топтық жұмыс

  2. Сұрақ-жауап

  3. Есімдер сөйлейді

  4. Цифрлар сөйлейді

  5. Сыни тұрғыдан ойлау

  6. Электронды оқулық

  7. «Сиқырлы қоржын» ойыны (журналистік жұмыс)

  8. Сызбалармен жұмыс

  9. Салыстыру Венн диаграмасы арқылы

10)Картамен жұмыс

11) Баяндау-Бейнефильм

Сабақтың көрнекіліктері: ҚР картасы, оқулық, қосымша деректер, суреттер, үлестірмелі кестелер, интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық, фильм, музыка.

Пәнаралық байланыстар: Әдебиет, география, музыка, өнер, мәдениеттану, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыны түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Қазақстанның Ресейге қосылуы.

Сыныпты 2 топқа бөлу. Топ көшбасшыларын сайлау, бағалау парағын тарату. 4 бұрышты фигура – тарихшылар, зоналық фигура – зерттеушілер.

Әр топқа, ішінде бірнеше сұрақтары бар, бір-бір конверт таратылады.

1-сұрақ:

Қазақ жерінің Ресейдің қол астына өтуіне қандай алғышарттар жасалды.

2-сұрақ:

Қазақ халқының Қоқан, Хиуа, Бұқар хандықтарына қарсы көтерілістерінің басталу себептері неде және қандай көтерілістер болды?

3-сұрақ:Қазақ жерлерін отарлауды күшейтуде, патшалы Ресей үкіметі, қандай саясаттарды жүзеге асырды?

4-сұрақ:

Ұлы жүз жерінің Ресейдің қол астына өтуінің нәтижесі?

5-сұрақ:

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдарлары

6-сұрақ:

Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы

ІІІ. Кестемен жұмыс

Екі топқа цифрлар сөйлейді, есімдер сөйлейді деп аталатын 2 кесте интертақтаға ұсынылады.

1 кесте Цифрлар сөйлейді.


Жылдар

Сандар

Қандай тарихи оқиғалар болды

XVІІІғ соңы

ХІХғ басы


1812-16-20 жылдар


66 мың


1847 жыл


1848 жыл


1860 жыл


1873 жыл



2 кесте Есімдер сөйлейді.


Электронды оқулық

Қазақстанның Ресейге қосылуы


V. «Сыни тұрғыдан ойлау» әдісі

Бұл бөлімде сыни тұрғыдан ойлау әдісін қолданамыз. Интертақтада мәдениет тақырыбына байланысты бірнеше суреттер беріледі. Оқушылар ойлана отырып, суреттердің мәнін тапқаннан кейін, жаңа сабақтың тақырыбы айқындалады.

VI. Сабақтың тақырыбы

ХІХғ бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті

VII. Сабақтың жоспары


1.Халық ағарту ісінің дамуы

2. Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттеуді бастауы

3. ХІХғ І жартысында Қазақ әдебиетінің қалыптасуы

4.Қазақ музыка өнерінің қалыптасуы

5.Материалдық мәдениет

6.Рухани мәдениет


VIII. Электронды оқулық

ХІХғ Қазақстан мәдениеті


ІХ. Тақтада елбасының мәдениетке байланысты сөзі көрсетіледі. Мұғалімнің түсінігі әңгіме-дәріс әдісі бойынша.

Мұғалімнің сөзі

- Мұрагер-ізбасар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы. «Ат тұяғын тай басар» дегендей, біздер аталарымыздың аманатын жеткізуші, орындаушы ұрпақтарымыз. Ата-бабалар мұрасын сақтай оытырп, ұлттық құндылықтарымызды, рухани байлықтарымызды, тілімізді, әдебиетімізді, дінімізд, мәдени мұраларымызды, өткен тарихымызды құрметтеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, жалғастырушы жас ұрпақтармыз!

-Қазақ жерінің Ресейге қосылуы, өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму барысына әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениетінің жаңа бағыт алуына да барынша әсер етті.

Х. «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі Дана Нұржігіт бізде қонақта.

Жүргізуші Дана Нұржігіт әр топ мүшелеріне сұрақтар қояды.

1 топтың сұрағы: ХІХғ бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінде қандай өзгерістер болды?



3 кесте Халық ағарту ісі


1822 жылы «Сібір қырғыздарының жарғысы»

1824 жылы «Орынбор қырғыздарының жарғысы»

1831 жылы Омбы орысша әскери училище

1831 жылы 18 қыркүйекте

Семей әскери училище

1836ж Қазақтар үшін Өскемен училище интернат

1850жыл

Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан қазақтарға орысша бірнеше мектептер ашылды

2 топтың сұрағы:

Орыс жазушылары мен ғалымдарының Қазақстанды зерттеу жұмыстары қандай нәтижелер берді?


4 кесте

Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттей бастауы


В.И.Даль

1833-1841ж

Түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиеттерін үлгілерін жинастырды, әңгімелер, шығармалар жазды. «Бөкей мен Мәулен» повесін жазды.

Орынбор Қазақтарының тұрмысын сипаттады.

А.С.Пушкин

1833ж

1773-75ж Е.Пугачев Орынборда болып, туралы мәлімет жинады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасымен танысты. «Капитан қызы», «Пугачев бірлігі» шығармаларын жазды.

П.С.Корелин

1848-49ж

Каспий теңізіне экспедициясы картаға түсірді

А.Бутаков

1848-49ж

Арал теңізіне экспедициясы картаға түсірді

Саяхатшылар:

Е.П.Колпаковский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин

Топографиялық зерттеулермен шұғылданды. Табиғи байлықтарын анықтады. Орыс географиялық қоғамын ұйымдастырды.


Тарих этнографтар

Ғалымдар

А.Левшин

Н.Красовский

Э.Мейер

И.Заволишин

Қазақтардың өмірін зерттеп, тарихи еңбектер басып шығарды.

Фольклоршы, этнограф, саяхатшы

Г.Потанин

А.В.Затаевич

Өмірі мен өнерін зерттеуде «Қазақ халқының 500 әні»,

«Қазақ халқының 1000 әні» шығармасын жазды


1 топтың сұрағы: Қазақ әдебиеті мен музыка өнерінің қалыптасуында қандай ерекшеліктер болды?

«Салыстыру әдісін» қолданамыз, талдаймыз.

5 кесте Венн диаграммасы

Қазақ әдебиеті және музыка өнері

Әдебиет Музыка

Махамбет Өтемісұлы

1804-1846


Шернияз Жарылғаұлы

1807-1867


Шөже Қаржаубайұлы

1808-1895


Сүйінбай Аронұлы

1822-1895

Ақындар


Жыраулар

Суырып салма

Шешен

Өлеңдерінде енгізілген еңбекшілер өмірін суреттеді


Патша үкіметінің озбырлығын сынады

Махамбет Өтемісұлы



Шернияз



Шөже



Сүйінбай


2 топтың сұрағы:

Салыстыру әдісі

Венн диаграммасы

Мәдениеттің ерекшеліктерін атап беріңіздер?


Мәдениет

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері

Шаруашылығына байланысты

«Отпен тазарту»

«Бие мұрындық»

«Қазық майлау»

«Отау қағу»

Отбасына байланысты

«Құда түсу»

«Үкітағар, қарғы бау»

«Ұрын бару»

«Қашар кеші»

«Жылу»

Рухани

Ауыз әдебиеті

Жазба әдебиет

Музыка өнері

Діни наным-сенімдер

Аңыздар, эпостық жырлар, ертегілер

«Кодекс Куманикус»

«Оғызнама»

Өзбек ақыны Хорезмидың «Мухаббатнамасы», Кутбтың «Хұсрау мен Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» шығармалары

Күйлер:

«Ескендір»

«Қамбар батыр»

«Шора батыр»

«Жошы ханның жортуы»

«Ақсақ құлан»

«Ел айырылған»

«Сағыныш»

Т.б.

Ислам дінінің суффизм тармағының таралуы ислам дінінің тез дамуына әсер етті. Ислам мен шаманизмнің діни наным сенімдері қатар өмір сүрді.

Материалдық

Материалдық мәдениет кезінде кез-келген халықтың шаруашылығына байланысты болады. Қазақ халқы материалдық мал мәдениетінің бір саласы мал шаруашылығымен және егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен байланысты күнделікті еңбек құралдары болып табылады. Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл, сүйек және мүйіз өңдеу – көшпенді халықтың күнделікті тұрмысында белді орын алды.

Киіз үй – материалдық мәдениеттің дәстүрлі жалғасы. Әрбір отбасы өздері жасап отырды, арба үстіне жасалған киіз үйлері де болды. Қазақ халқының киім-кешектері негізінен мал өнімдерінен жасалған. Материалдық мәдениеттің негізгі бір көрсеткіші – тағам түрлері болады. Қазақстанда болған Европа саяхатшылары ол туралы жазған.


«Сиқырлы қоржын» ойыны

Оқушылар қоржыннан асық алып өлең айту, күй орындау өнерлерін көрсетеді.

1 асық – өлең айту

2 асық – күй тарту

3 асық – мақал-мәтелдер айту

4 асық Алтын асық – ән айту


«.. Қазақта өлең атасы – Абай, күй атасы – Құрманғазы десе, ән атасы – Әміре деп кесіп айтуға болады. Әміре сынды топтан озған тұлпардың аты қазақ халқының жүрегінде мәңгі өшпейді.»

Мұқатай Тоқжігітов


«Қазақ халқы табиғатынан әнші халық, маған бар қазақ даласы ән салып тұрғандай»

Г.Потанин


Музыка адаммен бірге жасап, бірге қайнасып келе жатқан ұлы құбылыс.

Абай атамыз айтқандай:

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойныңа кірер денең.»



Жаңа сабақты бекіту


1.Мәдениет дегеніміз не?

2.ХІХғ - осы дәуірдегі мәдениеттің айырмашылықтары неде?

3.2017ж өтетін ЭКСПО жайлы не білесіңдер?

Сабағымызды қорытындылай келе ЭКСПО жайлы қысқаша баяндап кетейін.


ЭКСПО атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, «экспонат» деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО-ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы-соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.

Мысалы, 1862 жылы Лондонда болған ЭКСПО-да жұрт алғашқы тігін машинасымен танысқан. 1876 және 1893 жылдардағы Филадельфия Чикаго (АҚШ) ЭКСПО-сында жұрт назарына тұңғыш телефон аппараты және алғашқы электр қуатымен жарықтандыру жүйесі ұсынылған. Ал енді бүгінде әлем жұртшылығы қолданып жүрген «телевидение» деген сөзді қолданысқа 1900 жылы Париждегі көрме кезінде орыс инженері К.Перский өндірген екен.

Бекітілген тақырыбына қарай көрмелерге қолөнер, бейнелеу өнері, өнеркәсіп, жаңа технология туындылары, түрлі пайдалы қазбалар мен олардан алынған өнімдер де қойылды. Адамзатты алаңдатып отырған экология, урбанизация сияқты жаһандық проблемаларға қатысты жаңалықтарда осында талқыға түседі.

1889 жылы ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған бүгінде бұл мұнара Париждың символы.

Осы кезде 1925 жылғы Париждегі көрмеде өнер көрсеткен әнші Әміре Қашаубаевтың «Балқадиша» әні оқушыларға ұсынылады. ЭКСПО-2017 Астана туралы бейнефильм көрсетіледі.


«Әміре Қашаубаев – қазақ әншілерінен шет елдерге шығып, өнерін көрсету мүмкіндіктеріне ие болған бірден-бір тұңғыш адам.»

А.В.Затаевич


«Әміре – ұлы әнші, азамат. Оның өмірі мен қимылы әлі де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Оның аты ән мектебінде мәңгі қалды.»

А.Қ.Жұбанов


V. Қорытындылау, бағалау.

Оқушыларға бағалау қағазы таратылады, өзара бағалау парағы арқылы топбасшысы оқушыларды бағалайды.

VI. Үйге тапсырма беру.















Пайдаланылған әдебиеттер:


1.С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы,2008 ж.
2. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2,2005ж.

3.Білімдегі жаңалықтар. Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана,2009ж

4.Электронды оқулықтар. Ұлттық ақпараттандыру орталығы.

5.Ұ.Бакирова. «Ақпараттық технологияны қолдануда білім сапасын көтерудегі рөлі».









































Пікір

Қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сәйкес білім беруде оқушылардың білім сапасын, білімге деген ынтасын, ізденімпаздық қасиеттерімен өз бетінше білім денгейін арттыра отырып шығармашылық жұмыстармен айналысуға интербелсенді тақта, электрондық оқулық, ғаламтор, ұялы телефон жүйелерін пайдалану яғни тарих сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қол жеткізуге болатындығы айқын.

Мұғалімге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. АКТ – ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ – ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып отыр. Қоғамдағы ақпараттандыру процесінің қарқынды дамуы жан – жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

АКТ-ды пайдалану арқылы оқушылардың біліктілігін қалыптастырсақ, оқушы жан-жақты ізденуге, тапқырлыққа, алынған білімді жалпы өмірде қолдана білуге бейімделеді.

Байрханова Сараның өзі сабақ беретін сынып оқушыларының шығармашылық ізденісіне бағыт берумен бірге баланың сабақ барысында АКТ-ны пайдалану іс тәжірибесі негізінде жазылған.





Пікір жазған тарих пәнінің мұғалімі А.Абылаева








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

Ә.МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ










ТАРИХ ПӘНІНДЕ АКТ-НЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ




ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

БАЙРХАНОВА САРА

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-121574
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

Комментарии:

2 месяца назад

Баяндама жақсы жазылған.