Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / Баяндама «Тарих сабақтарындағы рухани - адамгершілік тәрбиесі»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Баяндама «Тарих сабақтарындағы рухани - адамгершілік тәрбиесі»

библиотека
материалов

Баяндама

«Тарих сабақтарындағы рухани - адамгершілік тәрбиесі»

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,

тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы.

Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.» 
Әл-Фараби 


Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі- жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді.

-Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру.

Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.

Салт – дәстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.

Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті. 

Әсіресе, оқушының адамгершілікке тәрбиелейтін пәннің бірі- тарих. Ол шәкірттердің бойында отансүйгіштікті, ұлтжандылықты,сенімділікті қалыптастырады. Қазақ халқындағы хандар мен билердің, шешендер мен жыраулардың орны бөлек. Тарих пәні  оқушылардың рухани дүниесін байытып, өзінің қоғамдағы орнын табуға, ұрпақтың батырлығына көмек көрсетуді тудырады, олардың ізгі талап – тілектерін оятады. Сонымен бірге, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін, оқушылардың моральдық қасиеттерін қалыптастырады.

Осы бағытта жүретін жұмыс:

  • Әр сабақтың тақрыбы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.

мысалы: 7 сыныпта негізгі тақрып қазақ халқының қалыптасуы, қазақ хандығының құрылуы, нығаюы және жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі; 8 сыныпта негізгі тақырыбы – қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресі(себебі, мақсаты, түрткісі, қозғаушы күштер, жеңілу себебі, тарихи маңызы осының барлығы оқушыларда ой тудырады: не үшін олар күресті?, неге ауызбірлік болмады?, бұл жағдай неге әкелді?).

  • Сонымен бірге 7- 8 сыныпта Қазақстан мәдениетінің өркендеуі, ғылым мен әдебиеттің дамуы, қазақ халқының дәстүрлері, рухани мәдениеті, тұрмысы, дәстүрлі шаруашылығы рухани мәдениетін қалыптастыруында аса маңызды рөл атқарады.

  • Тарихи тұлғаларды Абылай хан, Кенесары, Махамбет, Шоқан, Абай, Ыбырайды мысалы ала отыра келешек ұрпақтың өзінің қоғамдағы орнын табуға, моральдық қасиеттерін қалыптастыруға жол береді.

  •  Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі – діні, үшіншісі - дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші - атамекені.
    Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:    белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;         индивиттік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; -        өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену; -        шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: -        оқушылдардың сана-сезімін қалыптастыру; -        жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; -        ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
    жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.

Түйіндей келе, адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы  жалғасатын, адамдардың  мінез- құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. 













































Баяндама

«Тарих сабақтарындағы рухани - адамгершілік тәрбиесі»



Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров92
Номер материала ДБ-057731
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх