Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Баяндама "Теориялық білімді кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластырып, шығармашыл тұлға дайындаудағы рөлдік ойындардың маңызы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама "Теориялық білімді кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластырып, шығармашыл тұлға дайындаудағы рөлдік ойындардың маңызы"

библиотека
материалов









Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі











Теориялық білімді кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластырып, шығармашыл тұлға дайындаудағы рөлдік ойындардың маңызы





Жусупова Ш.С.

Мазмұны



Кіріспе.......................................................................................................................................3

Негізгі бөлім: «Шығармашыл тұлға дайындау – заман талабы» ......................................4

Қорытынды .............................................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................................................16

















































Кіріспе


Еліміз егеменді ел болғалы бері сан салалы ғылымда келелі де ауқымды өзгерістер жүріп, жаңашылдықтың жарқын айғағындай тың жетістіктерге қол жеткізгеніміз белгілі. Қоғамның саяси, экономикалық, қаржылық салалары сияқты білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі, тәуелсіз мемлекетті нығайту, көркейту үшін жаңаша көзқарастағы, білімді әрі жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттілігі туындады. Білім беру мекемелерінің алдында ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат-мамандардың сапасын көтеру, салмағын таныту секілді күрделі міндет тұрды. Ол міндет – білім алушыны саналы ойлай білетін әрі ертеңгі күні қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару міндеті.

Қай халықтың даму стратегиясын алып қарасақ та, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі, білікті маман етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі болғандығына көз жеткіземіз. Бүгінгі Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын заман талабына сай жетілдіру- өз кәсібінің шебері бола алатын маман даярлау сұранысынан туындап отыр.

Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген екен. Демек, халықтың көңілінен орын табатын, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар, олар әр қоғамда, қандай жағдайда болмасын сұранысқа ие. Осындай мамандықтар қатарында заңгер мамандығы да бар.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру заң жүйесінің мамандарын сапалы даярлау деңгейін жетілдіру арқылы ғана жүзеге асырылатыны анық. Осы мақсатқа деңгейі жоғары кәсіби даярлықтың арқасында жетуге болады деп есептеймін. Болашақ заңгерлердің кәсіби даярлығы – құқық қолдану тәжірибесінде алған білімді қолдана білу жұмыстарынан көрінсе, осы кәсіби заңгер мамандарды даярлау – шеберлігі қалыптасқан педагогикалық қабілетті танытады.

Заңгер – заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі, заңдық істерді (құқықтық нормаларға сәйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін және қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, қақтығыстарды) жүзеге асыратын маман. Заңгер мамандар әр ұйымда, фирмада, кәсіпорында, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда да сұранысқа ие.

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі де осы сұранысты білікті заңгерлер даярлай отырып, қамтамасыз етеді. «Құқықтану» мамандығында білім алып жүрген болашақ заңгерлерді мамандыққа бейімдеуде арнайы пәндердің берілісін жаңа сипатта ізгілендіріп, пәннің қажеттілігін арттыру- бүгінгі кәсіптік білім беру ісінің негізгі нүктесі екендігіне толық көз жеткіздім.

Сондықтан заңгер мамандарға білім берудегі басты мақсат - құқықтық өзекті мәселелерде шешім табуды, мемлекеттік және әкімшілік заңи сұрақтарды реттеуді, даулы және бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қорғап, қалпына келтіруді және заңи көмек қажет тұлғаларға жәрдем беруді үйрету болмақ. Жаңа заманның заңгерін даярлауда оқу-тәрбие жұмысын ықпалды жоспарлау тиімді. Меңгерілген білімді тәжірибелік дағдыға ұластыруда рөлдік ойындар технологиясын жарасымды қолдану келешек маманның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Білімді тәжірибелік дағдыға ұластыруда тақырып ерекшеліктерін студенттің жасына, мінез-құлқына сай келетіндей сипатта жүйелеп, рөлдік ойындардың мақсаты мен міндеттерін өтей алатындай қажетті әдіс-тәсілдерді таңдағанда ғана зерттеу мазмұны орындалды.



Негізгі бөлім: «Шығармашыл тұлға дайындау – заман талабы»



Зерттеудің міндеттері: І. Білімділік кезең

1) теориялық білімді талдау арқылы болашақ заңгерлерді зерттеу тақырыбына сәйкес белсенді кәсіби іс-әрекетке даярлау ;

2) рөлдік ойын арқылы болашақ заңгерлердің теориялық білімін кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластыруға тиімді іс-амалдарды анықтау;

3) болашақ заңгерлердің теориялық білімін рөлдік ойын арқылы кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластыру процесін жүзеге асыратын теориялық негізді ұсыну;

4) болашақ заңгерлердің теориялық білімді кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластыруда рөлдік ойындардың маңызын, тиімділігін эксперимент барысында қолдану.


ІІ тәрбиелілік кезең

1) теориялық білімді сот процестеріндегі рольдік ойын арқылы кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластыру барысында заңгер мамандығының тартымдылығын анықтау, кәсіби мүмкіндіктерін таныту, болашақ қол жетімді жетістіктерін насихаттау;

2) сот процестеріндегі рольдік ойындар арқылы болашақ заңгерлерге заңгер кәсібіне лайықты талаптар мен заңгерлердің кәсіби мәдениеттілік этикасын таныту;

3) сот процестеріндегі рольдік ойын арқылы мамандық бойынша кәсіби тәжірибелік дағдыларды игерту;

4) рөлдік сот процестеріндегі рөлдік ойын арқылы кәсіби тәжірибелік дағдыны дамыту мақсатында болашақ заңгерлерді шешендікке, ресми, ғылыми стильде сөйлеуге машықтандыру.

Әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын. Кәсіптік білім беру саласында да арнайы пән оқытушысы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман қалыптастыру мүмкін емес. Оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіруде мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын логикалық ұшқырлық, жоғары шеберлікті меңгеруге құштарлық, қажетті техникалық түрлендірулер сапалы нәтиже береді.
Тірек белгілері мен конспектілері, ойын арқылы оқыту технологиясы, дамыта оқыту, дербес оқыту, жобалап оқыту технологияларын қолдана отырып, студенттің теориялық білімін тәжірибелік дағдыға ұластыруда рөлдік ойындардың маңызын шығармашылық тұрғыда өз тәжірибемде зерттеу үстіндемін. Сол себепті, тақырыпқа сыйымды жаңа технологияны қолданудағы менің басты мақсатым - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін, шығармашылық қиялдарын арттырып, тәжірибелік дағды машығын қалыптастыру болды.

«Қылмыстық құқық» және «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндерін оқытуда оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пәнге бейімдеп, лайықты пайдалану – менің күнділікті сабақтағы және тәрбие үрдісіндегі қалыпты жұмыс машығым. Білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу және тәрбие ұштасады. Ойнай отырып, жаңа білімді меңгерді.

Мысалы, «Қылмыстық құқық» пәні бойынша қарастырылатын «Меншікке қарсы қылмыстар» тақырыбын меңгертуде рөлдік ойынды шығармашылықпен ұштастырып, ұлттық тәрбиені жаңғыртуды көздедім. Жаңа ұғым туралы берілетін түсінік ертегі мәтініне лайықталып, өлең жолдарымен берілді.

Мұндағы мәтін мазмұны бойынша төмендегідей тапсырма берілді:

- Келеңсіз көріністерді табу;

- ҚР ҚК қылмыс құрамдарымен сәйкестігін анықтау;

- Ерекше жазылған сөздердегі бір дыбысқа фонетикалық өзгеріс енгізу;

- Анықталған сөздер мағынасы ашу;

Ерте-ерте заманда,

Биік қорған қамалда

Ақылды хан болыпты

Айла тапқан табанда.


Елі тыныш болыпты

Қамбаға ас толыпты

Алла құптап әр ісін

Бақ пен дәулет қоныпты


Көрші тұрған сол елмен

Көңілі көппен теңелген.

Және бір хан болыпты

Ісі өнбей бөгелген.


Қазақшылық мінезбен,

Көре алмапты көршісін.

Алажақ боп жүргендей,

Іздепті елден еншісін.

Ұршықтай елін иіріп,

Іші өртеніп,күйініп.

Өртепті қамба, егінді

Аш қалған елге сүйініп.


Елмен елді қосатын,

Жолдарды бұзып тастапты.

Хабар жолын жоғалтып,

Бір зұлымдық бастапты.


Бар жамандық төнсін деп,

Ел аштықтан өлсін деп.

Су жолдарын бөгепті,

Шөлге шыдап көрсін деп.


Солай-солай өтіпті,

Танауын көкке көтеріп.

Жамандыққа кетіпті,

Жаман ханның еті өліп.


Шығармашылық ойын арқылы студенттер:

  1. Ертегі мазмұны бойынша хандық дәуірдегі хан мен қара халық арасындағы ел билеу саясатының келеңсіз көріністерді таныды;

  2. Хандық дәуірдегі хан әрекетінің қазіргі ҚР ҚК қылмыс құрамдарымен сәйкестігін білді және проблемалық ой туындады;

  3. Ертегі мәтініндегі ерекше жазылған сөздердегі бір дыбысқа фонетикалық өзгеріс енгізу арқылы меншікке қарсы бағытталған қылмыстардың түрлері анықтады;

  4. Анықталған сөздер мағынасы ашылып, жаңа сабақ тақырыбы айқындалады.

  5. Қазақ тілі,тарих пәндері бойынша жаңғырта қайталау жүргізілді;

(Қазақшылық–Қарақшылық; Алажақ –Алаяқ; Ұршық-Ұрлық; Танау- Тонау)


Құқық негіздері пәні бойынша қайталау сабақтарында төменгі топ студенттеріне тақырыпты ұғындыруда қарапайым ойын элементтерінің өзі тиімді нәтиже береді.

Мысалы, «Гүл шоғы» ойынында гул шоғы бейнеленген кеспе қағазға тапсырма жазылып, тапсырманың жауабын студент өзі қалаған топ студентінен ала алады немесе оқытушымен де сұрақ –жауап қатынасын орнатуына мүмкіндік алады.


Нәтижесінде:

  1. Оқу үлгерімі төмен студенттердің белсенділігі артады;

  2. Студенттің өзіне сенімділігі қалыптасады;

  3. Оқытушы мен студент арасында ынтымақтастық орнайды.


Кез келген пәнді оқытуда қайталау тақырыптарына шолу немесе үй тапсырмасын тексеру кезінде «Сынақ хат жолдау» ойыны да ұтымды әдістің бірі. Үшініші курс студенттерімен Қылмыстық құқық пәні бойынша өткен «Көліктегі қылмыстар» тақырыбында «сынақ хат жолдау» ойыны қолданылды.

Рөлдік ойынның өту ережесі:

- сынақ хаттарды топтағы жақсы оқитын студенттер оқытушы нұсқауымен ҚР ҚК басшылыққа алу арқылы дайындап, үлгерімі орташа студенттерге әр-түрлі сурет пішініндегі хаттар бейнесінде береді;

- төреші студенттің қорытынды сөзі;

- оқытушы сараптама жасап, жалпы қорытынды сөз айтады, бағалайды.

Рөлдік ойынға қатысушылар:

Жақсы үлгерімдегілер - сот орындаушылары;

Үй тапсырмасын орындамағандар - құқық бұзушылар;

Үздік үлгерімдегілер - төрешілер.

Мұнда бақылаушы (үздік) – студент үй тапсырмасын бақылап отырады.


Сынақ хат(үлгі)

1.Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе _____ немесе сораның, ______ немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру. Жезөкшелікпен айналысуға арналған _______ ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы _________.

2.Өлгендердің мәйіттерін ______ не олар жерленген жерлерді, __________ құрылыстарын немесе жерлеуге, еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, _______ немесе _______ басу. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды _______ үшін ________ ұйымдастыру немесе ұстау не осы мақсаттаар үшін үй-жай беру.

3.Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды _________ кино және ________ материалдарды және басқа да туындыларды _______ не жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, _________, көрсету, сондай-ақ қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын ______ басылымдарын, кино немесе бейне материалдарды ______________.

4.Есірткі заттарды немесе _________ заттарды, дайындау не ұқсату үшін пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе _________ өткізу мақсатымен заңсыз _______,________ алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту.

Сынақ хат шешімі:

1.Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық.

2.Өлгендердің мәйіттерін қорлау не олар жерленген жерлерді, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге, еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басу. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау не осы мақсаттаар үшін үй-жай беру.

3.Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын кино және бейне материалдарды және басқа да туындыларды тарату не жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, жарнамалау, көрсету, сондай-ақ қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын баспа басылымдарын, кино немесе бейне материалдарды заңсыз сату.

4.Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды, дайындау не ұқсату үшін пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту.


Үш кезеңнен тұрған үй тапсырмасын тексеруде студенттер кодекстермен тығыз жұмыс жасауға машықтанды, меңгеру және қабілет деңгейлері арқылы білімдері бағаланады.


Мектеп қабырғасынан келген жасөспірімнің білімге деген ынтасын, мамандыққа қызығушылығын сабақты  түрлендірумен ғана емес, тәрбиелік шараларға белсенді қатыстыру, үйірмеге тарту арқылы да арттыруға болатындығын тәжірибе дәлелдеп отыр.

Бірнеше жылдан бері болашақ заңгерлерді мамандыққа бағдарлау мақсатында жұмыс жүргізетін «АҚИҚАТ» жас заңгерлер үйірмесіне жетекшілік етемін. Үйірме мүшелері жыл сайын жаңартылып, толықтырылып отырады.

«АҚИҚАТ» жас заңгерлер үйірмесі мүшелері белсенді әрекет нәтижесін көрсетіп келеді.

hello_html_m296993c2.jpg

Жалпы тәрбие үрдісінде рөлдік ойындарды екі түрлі мақсатпен қолдануға болады.

  1. Студенттің пәнге ынтасын, қызығушылығын арттыру, тіл байлығын дамыту;

  2. Болашақ заңгерлердің кәсіби байқампаздығын қалыптастыру, тапқырлыққа баулып, зейінін және ойлау қабілетін дамыту. 

Үстіміздегі оқу жылында «Құқықтану» мамандығында оқитын болашақ заңгерлерлермен бірлесе өтетін дәстүрлі «Жылжымалы әділ сот» байқауы үздік үлгерімдегі 2 және 3 курс студенттерінің «Шеберлік сыныбы» мүшелігін қорғау мақсатында ұйымдастырылды.

Мұндай сот процесі рөлдік тәжірибе арқылы өзіндік басқаруды жинақтайтын белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Ұйымдастырылған рөлдік ойын түрі сот процесінің жалпы құрылымы мынадай кезеңдерден тұрады:
1) алдыға мақсат қою;
2) оны жоспарлау;
3) мақсатты түрде жүзеге асыру;
4) адамның өзін субъект деп тануы.

Байқау аясында осы кезеңдерді қамти отырып әрекет еткен ұйымдастыру топтары:

-ҚР ҚК 314-бап «Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау»

-ҚРҚК 192-бап «Қарақшылық»

-ҚР ҚК 120-бап «Зорлау»

-ҚР ҚК 188- бап «Ұрлық»

-ҚР ҚК 297-бап «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» қылмыстары бойынша сот процестерін ұйымдастырып, жаңадан қабылданған бірінші курстықтарды мамандық шеңберіне тартты. Яғни, жоғарғы курс студенттері бірінші курстықтарды сот процестеріне дайындап, өз шеберліктерін танытты.

Нәтижесінде екінші, үшінші курстықтар рөлдік ойын арқылы өздерінің тәжірибелік дағдыларын танытты.


СОТ ПРОЦЕСІ

Хатшы: Тұрыңыздар сот келе жатыр.

Төраға: Отырыңыздар. Хатшы куәгерлердің бәрі толық келді ме?

Хатшы: Иа, құрметті төраға мырза, толық келді, сіздің шақыртуыңызды

күтуде.

Төраға: Бүгінгі сот отырысын ашық деп жариялаймын!

Атырау қалалық соты құрамында: төрағалық етуші судья – Базарбаев Н., Хатшылықта - сот мәжілісінің хатшысы Оңайбаева А. отырып, мемлекеттік айыптаушы Атырау қала прокурорының көмекшісі Жанғалиева А, қорғаушы- Атырау облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі Құмаров Б, сотталушы Ізтілеуов А. қатысуларымен, Атырау қалалық сотының сот мәжілісінің залында, ашық басты сот талқылауында ҚР ҚК-нің 259-бабының 3 бөлігінің "а,б" тармақтарымен айыпталған Ізтілеуов Айбар Ізтілеуұлына қатысты қылмыстық іс бойынша айып тағылып отыр.

ҚР ҚІЖК-нің 336-бабының талаптарына сай, сотталушы өзіңізді таныстырыңыз, тұрғылықты мекен-жайыңыз, жұмыс орныңызды атап өтіңіз.

Сотталушы: Мен Ізтілеуов Айбар Ізтілеуұлы , 22 қараша 1988 жылы Атырау облысында дүниеге келдім, ұлтым қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, орта білімім бар, бойдақпын, жұмыс жасамаймын, тұрғылықты мекен-жайым: Атырау қаласы, Лесхоз мөлтек ауданы №19-2.

Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 343-бабының талаптарына сай, іске қатысушы тараптар жаңа куәларды, мамандарды, сарапшыларды шақыру туралы және заттай дәлелдер мен құжаттарды алдыру туралы қандай өтініштеріңіз бар?

Мемлекеттік айыптаушы: Талап-тілегім жоқ

Қорғаушы: Талап-тілегім жоқ

Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 343-бабының талаптарына сай, іске қатысушы тараптар талқылаудан дәлел ретінде жіберілмеуге тиіс материалдарды алып тастау туралы қандай өтініштеріңіз бар?

Мемлекеттік айыптаушы: Талап-тілегім жоқ

Қорғаушы: Талап-тілегім жоқ

Төраға: Сотталушыға тағылған айыптың мәнісін баяндау үшін сөз мемлекеттік айыптаушы Жанғалиева А. беріледі

­­­Мемлекеттік айыптаушы: Құрметті сот және сот отырысына қатысушы тараптар мен өкілдер. 2012 жылы 11 қараша күні сотталушы Ізтілеуов Айбар Ізтілеуұлының автокөлігінде есірткі сату үстінде қолға түсті. Атырау қалалық Ішкі Істер Департаментінің қызметкерлері Ізтілеуов Айбар Ізтілеуұлының автокөлігін тінту барысында 2 дана газетке оралған есірткі табылды. Операцияны жүргізу мақсатында ____________ табылған есірткі заттарына куә болды.

Төраға мырза, ары қарай істің мән-жайын анықтау барысында бейне жазбаны қарасақ деймін. Бұл істің басын ашуға көп септігін тигізеді деп ойлаймын. Бейне жазбада сотталушы азаматтың көлігін тінту барысында түсірілген сюжет.

Төраға мырза: Қарсылығыныз бар ма, қорғаушы мырза?

Қорғаушы: Жоқ, төраға мырза

Төраға: Хатшы көмектесіп жіберіңіз

(Сот залында сотталушы А.Ізтілеуовты ұстау және тінту кезіндегі жазылған бейнетаспа қаралады)

Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 346- бабының талаптарына сай, сотталушы өзіңізге тағылған айыптың мәні түсініктіме?

Сотталушы: Маған айыптың мәнісі түсінікті, сот алдында айғақ беремін, тағылған айыпты толық мойындамаймын.

Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 347-бабының талаптарына сай, іске қатысушы тараптар сот тергеуінде дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеу тәртібі туралы пікірлеріңіз?

Мемлекеттік айыптаушы: Бірінші куәлардың жауаптарынан бастап, кейін сотталушыны жауаптауды сұраймын

Қорғаушы: Соттың қарауына.

Төраға:Сот тергеуіндегі дәлелдемелерді зерттеуді сотталушыны жауаптаудан бастап, кейін куәларды жауаптап, содан кейін жинақталған іс құжаттарын жариялаумен аяқтауды бұйырамын.

ҚР ҚІЖК-нің 348-бабының талаптарына сай, сотталушы А.Ізтілеуовке тағылған айып және басқа да жағдайлар бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ оның барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкіндігін ескертемін.

Сотталушы: мен сот тергеуінде жауап беруге келісемін.

Төрағы: Сотталушы А.Ізтілеуовты жауаптау үшін сөз қорғаушы Б.Құмаровқа беріледі.

Қорғаушы:

Сұрақ: Өзіңізге тағылған айып бойынша айтып беріңізші?

Жауап: Мені полиция қызметкерлері келіп автокөлігімнен күшпен шығарып, Ішкі Істер Депатаментіне апарып ұрып-соғып бірдеме жаздыртты және соған қол қойдыртты.

Сұрақ: Сізді не мақсатпен ұстады?

Жауап: Мені ұстап көлігіме тінту жүргізді, сосын көлігімнен есірткі табылды. Бірақ ол менікі емес. Сосын мені Ішкі Істер Департаментіне апарып ұрып-соқты да, мойында деді.

Сұрақ: Сіз есірткі затын көлігіңізде қалай пайда болғанын білесіз бе?

Жауап: Жоқ

Сұрақ: Сізді ұстағаннан кейін кері жіберіп қойды ма?

Жауап: Мені ұстағасын ұрып-соқты, бір нәрселерге қол қойдырды.

Қорғаушы: Түсінікті, басқа сұрағым жоқ төраға мырза

Төраға: Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға сұрақ қоюға рұқсат

Мемлекеттік айыптаушы:

Сұрақ: Есірткі заты көлігіңіздің қай жерінде болды?

Жауап: Артқы орындығының астынан табылды, бірақ ол менікі емес

Мемлекеттік айыптаушы: Түсінікті, басқа сұрағым жоқ төраға мырза.

Төраға: Куәгерлерді тыңдауға кірісейік, 1-ші куәгер _______шақырыңыз.

Пристав: Куәгер ___________

Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 336-бабының талаптарына сай, өзіңізді таныстырыңыз, тұрғылықты мекен-жайыңыз, жұмыс орныңызды атап өтіңіз.

Куәгер______: Мен _______14 қазан 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келдім. Тұрғылықты мекен-жайым Атырау қаласы Құрманғазы көшесі 19-1, жұмыс орным «Казпочта» АҚ

Төраға: Куәгер ___іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергеніңіз үшін ҚР ҚК-нің 352, 353-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартыласыз. Сізге түсінікті ме?

Куәгер _______: Түсінікті

Төраға: сотқа тек шындықты айтуға ант етіңіз

Куәгер_____: тек шындықты шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін

Төраға: алдыңыздағы құжатқа қол қойыңыз

Төраға: Тараптар жағы сұрақ коюға рұқсат

Мемлекеттік айыптаушы: Төраға мырза менің бір екі сұрағым бар еді.

Төраға: рұқсат

Мемлекеттік айыптаушы: Сіз сотталушыны танисызба?

Куәгер________Жоқ таныс емеспін.

Мемлекеттік айыптаушы: Сіз 11 ақпан 2010 жылы неге куә болдыңыз?

Куәгер______: Сол күні көшесімен кетіп бара жатқанымда, полиция қызметкерлері мені тоқтатып айғақ болуымды сұрады. Мен мән-жайды сұрап келіскесін полиция қызметкелерімен бірге Ізтілеуовтың машинасына бардық.Сосын полиция қызметкерлері көлікті тінту барысында артқы орындықтың астынан 2 дана есірткі орамын шығарды.

Мемлекеттік айыптаушы: Сол кезде сотталушы Ізтілеуов А. не айтты?

Куәгер______: Бұл менікі емес деді.

Мемлекеттік айыптаушы: Түсінікті, басқа сұрағым жоқ төраға мырза

Төраға: Пакетке салынған 2 дана есірткі заты жатқан жерді біреу көрсетті ме, әлде полиция қызметкерлері тапты ма?

Куәгер____: полиция қызметкерлері машинаны тінтіп, артқы орындықтың астынан тапты

Төраға: Рахмет... қорғаушы мырза, сұрақ қоюға рұқсат

Қорғаушы: Рахмет, Сіздерге сол жерде полиция қызметкерлері осындай нәрсе болып жатыр деп айтты ма?

Куәгер___________: Ия

Қорғаушы: Сол жерде хаттама жасақталды ма?

Куәгер__________: Ия

Қорғаушы: Сіз сол хаттамаға қол қойдыңыз ба?

Куәгер___________: Ия

Қорғаушы: Есірткі затын кім алды көліктен?

Куәгер___________: Полиция қызметкері

Қорғаушы: Сол пакеттің ішін ашып көрсеттіме?

Куәгер__________: Ия

Қорғаушы: Ол қандай уақытта болды?

Куәгер___________: Шамамен кешкі сағат 5-те

Қорғаушы: Басқа сұрағым жоқ, төраға мырза.

Төраға: Басқа сұрақтар болмаса, куәгер отыра беруіңіз рұқсат

Төраға: Сот залына келесі куәгерді шақырыңыз

Қорғаушы: Төраға мырза, қорғау жағының куәсі ретінде Мырзабаева Анарды жауаптау жөніндегі өтінішімді білдіре отырып, куәгерімді шақыртуға рұқсат етіңіз.

Төраға: Мемлекеттік айыптаушы қарсылығыңыз бар ма?

Мемлекеттік айыптаушы: Жоқ, төраға мырза, қарсы емеспін

Төраға: Куәгер шақырылысын

Пристав: Куәгер Мырзабаева

Төраға: ҚР ҚІЖК-нің 336-бабының талаптарына сай, өзіңізді таныстырыңыз, тұрғылықты мекен-жайыңыз, жұмыс орныңызды атап өтіңіз.

Куәгер Мырзабаева Анар: Мен Мырзабаева Анар 6 мамыр 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келдім. Тұрғылықты мекен-жайым Атырау қаласы Лесхоз мөлтек ауданы 19-2, жұмыс жасамаймын

Төраға: Куәгер Мырзабаева Анар іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны, көрінеу жалған айғақтар бергеніңіз үшін ҚР ҚК-нің 352, 353-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартыласыз. Сізге түсінікті ме?

Куәгер Мырзабаева Анар: Түсінікті

Төраға: сотқа тек шындықты айтуға ант етіңіз

Куәгер Мырзабаева Анар: Тек шындықты шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін

Төраға: Алдыңыздағы құжатқа қол қойыңыз

Тараптар жағы сұрақ коюға рұқсат.

Қорғаушы: Сіз А.Ізтілеуовке кім боласыз?

Куәгер Мырзабаева Анар: Біз бірге тұрамыз, мен оның туған ағасының жолдасымын.

Қорғаушы: Осы іс бойынша не айтасыз?

Куәгер Мырзабаева Анар: 2012 жылдың қараша айының басында мен үйге келгенде Айбардың мамасы жылап отырды, мен одан не болды дегенде, ол полиция қызметкерлері хабарласып дереу участкіге келіңіз дегенін айтты. Содан кейін біз бәріміз Атырау облыстық ІІД-не бардық, бірақ бізді ішке кіргізген жоқ. Сосын шамамен 4 сағат өткеннен кейін полиция қызметкерлері Айбарды алып шықты бетін ақ-ала шарфқа орап. Сол кезде мен Айбардың бетін неге шарфпен орап қойған деп, Айбардың бетіндегі шарфты жұлып алып қарағанда оның беті мен құлағы қып-қызыл болды. Сол кезде оны наркологияға алып бара жатырмыз деді.

Қорғаушы: Айбар сіздерге не деді?

Куәгер Мырзабаева Анар: Ол полиция қызметкерлері меннен 15 000 АҚШ долларын сұрап жатыр, әкелмесен қамаймыз деп айтқандығын айтты.

Қорғаушы: Рахмет, менің басқа сұрағым жоқ, төраға мырза.

Төраға: Мемлекеттік айыптаушы, куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?

Мемлекеттік айыптаушы: Ия, төраға мырза, куәгерге сұрақ қоюға рұқсат етіңіз

Төраға: Рұқсат

Мемлекеттік айыптаушы: Сіз Айбарды қашаннан бері танисыз?

Куәгер Мырзабаева Анар: Мен оны 5-6 жылдан бері танимын

Мемлекеттік айыптаушы: Оны қалай сипаттап бере аласыз?

Куәгер Мырзабаева Анар: Ол аққөңіл, жамандығы жоқ бала

Мемлекеттік айыптаушы: Оның қай жері қызарып тұрды?

Куәгер Мырзабаева Анар: Оның құлағы қанап тұрды.

Мемлекеттік айыптаушы: Түсінікті, төраға мырза басқа сұрағым жоқ

Төраға: Сіз үйден есірткі заты сияқты бір нәрселер көрдіңіз бе?

Куәгер Мырзабаева Анар: Жоқ

Төраға: Үйге біреу келіп Айбармен құпия сөйлескен жағдай болды ма?

Куәгер Мырзабаева Анар: Жоқ

Төраға: Сіз оның кіммен сөйлесіп жүргенін білесіз бе?

Куәгер Мырзабаева Анар: Ия, ол өзінің сыныптастарымен сөйлеседі

Төраға: Рахмет, тараптар жағы куәгерге басқа қояр сұрақтарыңыз барма?

Мемлекеттік айыптаушы: Жоқ, төраға мырза

Қорғаушы: Жоқ, төраға мырза

Төраға: Басқа сұрақтар болмаса, куәгер отыра беріңіз

ҚР ҚІЖК-нің 362-бабына сай, іске қатысушылар сот жарыссөзінде тек қана сот тергеуінде қаралған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы екенін ескертемін

Сөз кезегі мемлекеттік айыптаушы Жанғалиева беріледі

Мемлекеттік айыптаушы: Құрметті сот және сот мәжілісіне қатысушылар!

Бүгін біз ҚР ҚК-нің 259 бабының 3 бөлігінің «а,б» тармақтарымен айыпталып отырған сотталушы Ізтілеуов Айбар Ізтілеуұлына қатысты қылмыстық ісін қарап, басты сот тергеуін аяқтағалы отырмыз.

Сотталушының қылмыстық әрекеті ҚК-нің 259-бабының 3 бөлігінің «а,б» тармақтарымен дұрыс дәрежеленіп, толықтай өз дәлелін тауып отыр. Сотталушы А.Ізтілеуов өзіне тағылған айыпты толық мойындамаса да оның кінәсі куәлардың жауаптарымен, бейнетаспаға жазылған тергеу кезіндегі А.Ізтілеуовтың сезікті ретінде берген жауаптарымен және басқа да іс құжаттарымен толық өз дәлелін тауып отыр

ҚР ҚК-нің 53 және 54 баптарына сәйкес сотталушының жазасын жеңілдетуші мән-жайларды қарастырмаймын, ал ауырлатушы мән-жай ретінде қылмыс жасап отырғанын ескеруді сұраймын.

Жоғарыдағылардың негізінде сотталушы А.Ізтілеуов ҚК-нің 259 бабының 3бөлігінің «а,б» тармақтарымен айыпты деп танып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, мүлкін тәркілеп, жазаны қатаң режимдегі колонияда өтеуді белгілеуге сұраймын. Рахмет.

Төраға: Рахмет, түсінікті. Сотталушының мүддесін қорғау үшін жарыссөз Қорғаушы Құмаровқа беріледі

Құрметті сот, алдын ала тергеу органымен менің қарауымдағы А.Ізтілеуовке ҚР ҚК-нің 259-бабының 3бөлігінің «а,б» тармақтарымен айып тағылған. Көліктен табылған есірткі заттары бойынша сот мәжілісінде жауапталған куә Мырзабаева Анар сол кезде А.Ізтілеуовтың басы шарфпен оралғандығын айтты. А.Ізтілеуовтың тергеу кезіндегі жауапты қысымшылықпен бердім дегені оның жеңгесі Мырзабаеваның жауабымен дәлелденіп отыр. Сондықтан құрметті сот, сізден осы істі дұрыс қарап, менің қорғауымдағы А.Ізтілеуовке тағылған айыптар бойынша ақтауды сұраймын.

Төраға: Рахмет. Сотталушы А.Ізтілеуов сіздің айтар сөзіңіз бар ма?

Сотталушы А.Ізтілеуов:

Құрметті сот, менің бұл іске қатысым жоқ, Менің кінәм жоқ, мен сізден істі дұрыстап, қарауыңызды сұраймын.

Хатшы: Тұрыңыздар! Сот мырза кеңесу бөлмесіне кетеді.

Үкім етті:

Ізтілеуов Айбар Ізтілеуұлын ҚК-нің 259-бабы 3 бөлігі «а,б» тармақтарында көзделген қылмысты жасаған үшін айыпты деп танып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, жеке басына қатысты мүлкін тәркілеуге. Түпкілікті жаза ретінде Ізтілеуов Айбар Ізтілеуұлына 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, және жазаны қатаң режимдегі колонияда өтеуді белгілеуге.

А.Ізтілеуовтің бұртпалау шарасын өзгеріссіз __қамауды ұстауды – қалдырып, мерзімнің басталуын 2011 жылдың қараша айының 30-нан есептеуге.

Айғақ заттар – Атырау қалалық ішкі істер басқармасының сақтау қоймасындағы салмағы 1 кг есірткі зат – героинды жоюға, А.Ізтілеуов жөнінде тергеу амалдары жазылған бейнатаспаны іспен бірге сақтауға.

Үкімге 15 тәулік ішінде Атырау қалалық соты арқылы Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасына апеллияциялық шағым не наразылық келтіруге болады, сотталғанға бұл мерзім үкімнің көшірмесін алған күннен бастап есептеледі.

Төраға: Сотталушы сізге түсінікті ме?

Сотталушы: Ия

Бүгінгі қылмыстық іске байланысты сот отырысын жабық деп жариялаймын!!!

Осындай үлгіде бірнеше рет өткізілген сот процес студенттердің пәнге деген жауапкершілігін, мамандыққа деген қызығушылығын арттырды.

Сот процестерін өткізу арқылы студенттердің:

- танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейді;

- студенттің өзіне деген сенімі артады, оқуға деген қызығушылығы, белсенділігі дамыды;

- өзара ынтымақтамтыққа, адамгершілікке, бір-бірін сыйлай біліп, көмектесуге үйренді;

- мамандыққа ынталанады;

- жауапкершілікке үйренеді, тәртіпке тәуелділікті ұғынады.

Сот процестерін ұйымдастыру арқылы теориялық білімді тәжірибелік дағдыға ұластыруда рөлдік ойындардың маңызы жоғары екендігіне өз жұмыс тәжірибемнен көз жеткіздім. Студенттер арасында процестің тараптары мен қатысушыларының рөлдерін бөлісуде студенттердің басым бөлігі прокурор, қорғаушы және судьялық мандаттарды таңдауға белсенділік байқатты.

Осындай зерттеу нәтижесінде студенттердің осы әрекеттерінен заңгер мамандығының қарапайым адамдар арасында қызығушылық тудыру белгілерін, яғни қызығушылық тудыратын жағымды жақтарын анықтадым.



Қылмыскерді әділ жазалауы

Экономика, мәдениет, спорт, журналистикада пайдалануы

Заң бұзған шенеунікті де жауапқа тартуы

Ұйымдастырушылық қабілетінің қалыптасуы

Құқық үшін күрес рухани мақтаныш

Жанұясына жоғары табыс көзі

Дайындық барысында әр студент:

- рөлдік белсенділіктерімен қоса ҚР ҚК және ҚР ҚПК басшылыққа алып жан-жақты ізденісте болды;

- сот процесі кезінде студенттер алған теориялық білімдерін тәжірибелік дағдыда қолдана алды;

- ҚР ҚК пен ҚПК көзделген арнайы нормаларды басшылыққа алу арқылы өз рөлдерін толыққанды тани алды;

- ойын кезінде әр тарап өз дәлелдері мен пікірлерін ортаға салуда қарапайым ауыз екі тілде емес, неғұрлым заңи түрде, ресми, ғылыми стильде сөйлеуге дағдыланды.

Міне, сөйтіп, болашақ заңгерлердің сөздік қорын толықтырып, сөз саптаулары мен сөзге шешендігін қалыптастырамыз, көпшілік алдында еркін сөйлеу белсенділігін дамытып, оны өзіне деген сенімділікке ұластырамыз. Болашақ мамандықтың қандай міндеттер жүктейтіндігін және заңгердің мүмкіндіктерін таниды, ұғынады.


Екінші курс студенттері прокурор, қорғаушы, тергеу, анықтау органдары ұғымымен таныс болса да, олардың қызметтік функцияларымен толыққанды үшінші курста танысады. Мұндай рөлдік ойын кезінде студенттер кейбір материалдармен, тараулармен алдын ала танысуға, мағлұмат алуға мүмкіндік алады. Дегенмен аталмыш мамандық арқылы қандай жетістікке жеңілдік барын таниды.

Осындай мақсатты жұмыстың нәтижесінде бірінші курс студенттерінің заңгер мамандығына бейімділік деңгейлері зерттелді. Олардың мамандыққа бейімділігі мен қызығушылық қабілеттерін анықтау мақсатындағы дәстүрлі педагогикалық-психологиялық бақылау жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы салыстырмалы өлшемдер мен көрсеткіштердің арақатынасы негізінде үш сатыда бейнеленді.

Төменгі саты – болашақ заңгерлер кәсіби даярлығын жетілдіруді толыққанды түрде сезінбейді; кәсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, іскерлік дағдыларды игеруге қызығушылығы төмен; кәсіби даярлықты жетілдірудің маңыздылығын толық түсінбейді және кәсіби білімін шыңдауға ынтасыз.

Орта саты – болашақ заңгерлер кәсіби даярлығын жетілдірудің мәнін саналы түрде сезінеді; кәсіби даярлықты жетілдірудің мақсатын түсінеді; кәсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, іскерлік дағдыларды игеруге қызығушылығы бар; кәсіби даярлықты жетілдірудің маңыздылығын түсінеді және кәсіби білімін шыңдауға ынталы.

Жоғары саты - болашақ заңгерлер кәсіби даярлығын жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезінеді және ой елегінен өткізе алады; кәсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, іскерлік дағдыларды игеруге қызығушылығы жоғары; кәсіби даярлықты жетілдірудің маңыздылығын толық, әрі саналы түсінеді және кәсіби білімін шыңдауға ынта-ықыласты.







































Қорытынды

Зерттеу жүргізудегі мақсатым: кәсіптік білім беру мамандарын даярлауда болашақ заңгерлердің кәсіби біліктілігіне лайық білім мен ғылыми тұрғыдан негіздеу және іс жүзінде жетілдіру.

Біз қол жеткізген, қол жеткізетін мүмкіндіктер:

Нақты және теориялық білімді болу, мемлекеттік заңдарды білу

Қазіргі құқықтық қатынастарда ойлау қабілеті

Мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман болу

Заңгерлердің кәсіби мәдениеттілік этикасы

Басқару әдістерін білу, адамдарға әсер ету

Ел арасында тәрбиелік және құқық жұмыстарын жүргізу немесе насихаттау

Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми әдісін меңгеру

Мамандығы бойынша практикалық дағдыларды игеру

Нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен қарым-қатынас

Унемі тәжірибелік біліктілігін жетілдіру


Өзінің білімін кәсіби қызметтегі практикада пайдалана білу

Зерттеу жұмысын жүргізу арқылы студенттердің кәсіби қызметке дайындығы көтерілді. Бұл процестің барысын анықтайтын және дәрежесін көрсететін дәлелдер мен қарама-қайшылықтар айқындалып талданды және қажетті шаралардың тиісті деңгейде дамуына байланысты студенттердің де деңгейін, пікірлерін білдік. Болашақ заңгерлікті үйренуші студенттеріміз ең маңызды пәндер «Қылмыстық құқық», «Әкімшілік құқық», «Құқық қорғау органдары», «Қылмыстық іс жүргізу», «Құқық негіздері» пәндері бойынша дәріс сабақтарын, тәжірибе сабақтарынан алған білімдерін іс жүзінде тәжірибелік дағдыға айналдырып пайдалана алады. Теорияны іс жүзінде сынай алуға қол жеткіздік.



























Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Тойбаев Ә.Ж. Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушы тұлғасын дамытудағы ойын технологиясының теориялық негіздері – «Жалпы педагогика» - Алматы: Әл – Фараби ат.Қазақ мемлекеттік ун-ті, 2008.

  2. Садықов Т.С., Әбілқасымов А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2004,

  3. Муравьева Г.Е. Проектирование технологий обучения: Учебное пособие. Иванова: ИПК и ППК, 2001.































17



Автор
Дата добавления 02.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров128
Номер материала ДБ-002800
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх