Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Логопедия / Другие методич. материалы / Баяндама: "Тіл кемістігі бар балалардың тілдерін мнемотехника қолдану арқылы дамыту"(ересек,даярлық топтары)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Логопедия

Баяндама: "Тіл кемістігі бар балалардың тілдерін мнемотехника қолдану арқылы дамыту"(ересек,даярлық топтары)

библиотека
материалов

Логопед С.Оспантаева

Тақырып:Тіл кемістігі бар балалардың тілдерін мнемотехниканы қолдану арқылы дамыту.

Тәрбие-баланың дүниеге келген кезеңінен басталады. Мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беріп,ертеңгі еліміздің жан-жақты ұрпағы етіп тәрбиелеу барлық ұстаздың міндеті. Егеменді алған еліміз енді аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда мектепалды балалары өзінің елін, тілін, туған халқын,салт-дәстүрін сыйлайтын ұрпағы етіп, өсіру үшін балаға алдымен өз ана тілінде таза, айқын сөйлеуге үйрету керек.

Мектепалды балаларының тілін дамытуда атқарылатын жұмыстар:

  • Балаларды қазақ тілінде ауызша сөйлеуге үйрету.

  • Грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуге баулу.

  • Сөзді дыбысталу жағынан дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

  • Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру.

Сабақ барысында балалардың тілін дамытуда әр сабақта жаңа сөздерді тек, жай жаттау емес,сол сөздердің мағынасын сапалы ұғындырып, сөз ішінде дұрыс дағдыландыруға үйрету.Жаңа сөздерді көпке дейін есте сақтауға үйретуде төмендегідей жұмыстар жүргізілуі керек, сонда балалардың сабаққа деген қызығушылығы артып,баланыстыра сөйлеуі қалыптасады,құлшынысы жоғарылайды:

Жаңа сөздер жайлы мағлұмат беру.

  • Хормен қайталату.

  • Сол сөздерді қолданып, сурет, тірек - сызба арқылы әңгімелету.

  • Затты көру,бақылау.

  • Карточкалармен жұмыс жасау.

Тәрбиеші көздеген мақсаттарға жету үшін мынадай талаптарға сүйену керек:

Ұстаз сабақ кезінде шешілетін мәселелерді, оқу міндеттерін, мақсатты анық қоя білу.

  • Шығарманы мәнерлеп жатқа айтып, есте қалу үшін сызбалар қолдану.

  • Шығармадағы әрбір дыбысты дұрыс айту керек, сөз тіркестерін анықтап түсіндіру.

  • Ана тіліне деген сүйіспеншілік, туған тілін білу, өз ана тілінде сөйлеу және оқу, ана тіліндегі көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын тудыру.Туған елге деген сүйіспеншілік.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл өзіні-өзі сенімді азамат етіп жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың алға қойған басты міндеті. Балабақша өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып,рухани дүниесін ашуына себеп болады.Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-балабақша болып табылады. Халқымыз әрқашанда ұстаздың мәртебесін көтеріп, аса жоғары бағалап отырған.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз бекер айтпаған. «Шәкірті кімге жақын тұрса, сол адамнан үлгі алады»,- деген Абай атамыз. Бала ертеңіміздің-болашағы. Ендеше, баланы кішкентайынан бастап тәрбиелеу бастаса нұр үстіне болар еді. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіріп, жаңа технологияларды меңгеріп, жалпы бүлдіршіндердің дамуын қамтамасыз ету керек.Ұстаздың міндеті-іздену, жаңа технологияларды қолданып, әрбір сабақты қызықты өткізу. «Ұйымдастыру» әдіс-тәсілдерін түрлендіріп қолдану үшін ұстаздың шеберлігі қажет. Міне, сондықтан да, адал да парасатты, мейірімді, жан-жақты ұстаз болу керек.

К.Д.Ушинский: «Балаға таныс емес бес сөзді үйретсең-бекер қиналады, ал,егерде сурет арқылы үйретсең-бәрін тез ұғып алады»-деген.

Озық технологияларды қолдану қазіргі кезде әрбір ұстаздың міндеті. Жас ұрпақтың өз ана тіліне деген қызығушылығы, жағымды көзқарасы қалыптасады. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымы, санасы, зердесі, тілінің дамуына қазіргі білім беру саласындағы озық технологияларды меңгерген ұстаз болуы шарт.

«Мнемотехника» -бұл әдіс-тәсілдер жүйесі, табиғаттың құбылыстары жайлы, қоршаған орта жайлы әңгімені есте сақтау және жаңғырту. Кез-келген әдіс-тәсілдер сияқты мнемотехника әдісі де жеңілден-ауырға қарай болады. Жұмысты қарапайым мнемошаршыдан бастаған жөн. Содан кейін-мнемоалаша, ал содан соң, мнемосызбамен жұмысты жүргізу керек.

«Мнемосызбалар»-бұл ертегілердегі кейіпкерлердің графикалық бейнелері, басқа да іс-әрекеттер. Суретті дайындағанда аса көркем салу керек емес, басты мәселе кез-келген ұстаздың өзіне сай символикалық бейнені сала білуі. Шығарма баланың жас ерекшілігіне сай болуы керек. Бала сонда тез ұғады, ертегі желісін жылдам айтып береді. Сызба үлгісі көркем шығарманы жаттағанда қолданылады. Іс-әрекеттің бұл түрі баланың тек қана зейінін дамытып қоймай, көру, есту, зерттеу зейінін де дамытады қалыптасады. Бала көз алдындағы суретті елестеді де, содан соң естеріне түсіреді.

Т.В.Большева-коллаж, Л.И.Ефименко-ертегі құру сызбасын құрған. Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауды жеңілдету. Суреттік-графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді. Баланың тіліне жеңіл, шағын шығарма балалардың тілін дамытады, байланыстыра сөйлеу тілін арттырады. Әңгімені түсініп алуға,көпке дейін есте сақтауға көмектеседі. Ойын толық жеткізуге, ауызекі сөйлеуге үйренеді. Жаңа әңгімені үйреткенде алдымен ұстаз көркем шығармада кездесетін жаңа сөздерге талдау жасап алады.

Осындай сызба-үлгілер арқылы балалардың тілдері ғана емес, шығармашылығы да дамиды. Дүниетанымы, зердесі, сөзге деген қызығушылығы артады. Әңгіме құруға үйренеді, әңгімені ретімен әңгімелеуге, лексика- грамматикалық әңгімелеуге үйренеді. Сызба-үлгіні қолдану мәтінді есте сақтау үрдісін жеделдетеді, есте сақтау, әдіс-тәсілдерді меңгеруін қалыптастырады. Бұл әрекетте есте сақтау қабілеті ғана емес, көру анализаторы да дамиды. Көркем шығармамен таныстырғанда мнемотехниканы қолданамын. Балалармен бірге мәтін бойынша әңгімелесеміз, суреттерді қараймыз, сызбалардың біртінділіктерін зерттейміз. Ересек, даярлық топтарда сызбаның керекті элементтерін таңдайды, бірліктерін орналастыру, әдеби шығармаларды әңгімелеп беру үшін қажет. Бастапқы бөлімде балаларға дайын сызбаларды көрсету керек, одан әрі әртүрлі жағжаяттарын талқылайды. Баланың біртіндеп шығармашылы артады. Дамыту сабақтарда мнемосызбаларды қолдану, ертегі желісін негізгі принциптері бойынша символикалық бейнелерге қарап құру. hello_html_m9c6acdc.png hello_html_427e033b.png hello_html_25471a75.png hello_html_48af2cfc.png

Мнемотехниканы қолданғанда балалардың тілі ғана дамып қоймай, сонымен қатар, қоршаған ортаны танып білуде түсініктері қалыптасады. Айналамен таныстыру сабағында балалардың қоршаған ортаға деген жағымды көзқарасы қалыптасады, белгілі бір нысанды зерттеп отырып, тірі, өлі табиғатпен танысады. Балалар сабақта тәжірибе жасайды, анализ шығарады, сөздік қоры артады. Сызба-үлгілерді қолдана отырып, балалар топырақты, суды, ауаны, күнді т.б.зерттейді. Мысалы, ауа-көзге көрінбейді, түссіз, пішіні жоқ, серіппелі т.с.с. Осылайша барлық өлі табиғатты осылай өзіне тән сапасын,қасиетін сипаттап шығады. Сызба арқылы бала қарап отырып, затты зерттейді, сол зат жайлы баяндап береді.

hello_html_268e0662.pnghello_html_1858e232.pnghello_html_69f4c69b.pnghello_html_m3b282cc9.pngЖұмыста көрнекі-құралдарды қолдана отырып,балаларға не үйретеміз:

Ақпаратты қолдану, зерттеу, салыстыру, ақыл іс - әрекеттік жоспарды іштей нақты құру, тілдік сөйлеу.

Зейінінің дамуы,ойлау қабілеттерінің қалыптасуы.

Тірек-сызбаны әңгімелеудің жоспары ретінде қолдануға болады.Сипаттау әңгімелері сабақтың басында және аяғында құрылады. Алынған білімді балалармен бірлесіп жинақтауға болады. Жұмыста көрнекі сызбаларды қолдана отырып, біз ақпаратты қабылдауға, зерттеп, салыстыруға, ақыл іс-әрекеттік жоспарды іштей нақты құруға,тілдік сөйлеуге үйретеміз. Балалар талқылауға, оны бекітуге машықтанады. Сызбаны қолдану сөздік емес үрдістердің дамуына жағымды әсерін тигізеді: бала жаңа материалды меңгере отырып, өз бетімен оқуға, шыдамдылыққа үйренеді, өз ісінің жоспарын қабылдайды. Оның жауапкершілігі артады, қызығушылық сезімі оянады,өз еңбегіне деген қанағат сезімі артады. Сызба-тірекпен жұмысты кемшілігін жою мақсатында да, бүкіл топпен жұмыста да қолдана береді.

Мнемотехниканы қолданғанда балалардың шығармашылығы дамиды, бала іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелейді, жаңа тақырыпты тез меңгереді. Мнемотехниканы қолданғанда балаларды тек қана көркем шығармамен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар, лексикалық тақырыптармен де таныстыруға боладыысалы: тағамдар, киімдер, балықтар, өсімдіктер, үй құстары т. б.

hello_html_m649dc941.pnghello_html_m10b4c3d5.pnghello_html_m4a053993.pnghello_html_m416c49de.pnghello_html_f062853.pnghello_html_2a352c04.png

Тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесіне сүйене отырып, төрт жыл мезгілдерін мнемосызбалар арқылы әңгімелеуге болады.

Т.М.Бондаренко, В.К.Воробьева, Т.А.Ткаченко ұсынған балаларды төрт жыл мезгілдерінің өзгеруі жайлы сызба-тіректер жыл мезгілдері жайлы ұғымын кеңейтіп, білімдерін жүйелейді. Бірақ сызбалар дәлме-дәл сәйкес келе бермейді. Жыл мезгілдерімен таныстырғанда балалардың жас ерекшелігі ескеріледі. Балалар осы сызбаларға сүйене отырып, төрт жыл мезгілдерінің атауын, өзіне тән ерекшеліктерін дәлме- дәл ажыратып, ретімен әңгімелеп береді. Мерзім-жыл мезгілі сияқты балалардың табиғат туралы қарапайым түсінігін қалыптастыруда дайындық этапы болып табылады. Ұсынылып отырған мнемосызбалар балалардың төт жыл мезгілі жайлы білімдерін кеңейтіп, табиғат құбылыстары жайлы түсініктерін дамытады, табиғат заңдылықтарын талқылауға көмектеседі. Сызбалар арқылы әрбір жыл мезгілдерінің мінез-құлқымен жақын танысады. Кіші топтарда дайындық этапы түрінде өтеді. Ал, ересек, даярлық топтарда біршама күрделенеді. Мысалы, сәбилер тобында қыс мезгілімен таныстырғанда - сызба тек қана төрт терезеден тұрады. Қыста қар жауады. Қар көп жауады. Балалар аққала жасайды. Шаңғы тебеді. Ересек, даярлық топтарда көктемнің үш кезі, күздің үш кезі алынады. Басқа жыл мезгілдерін де сызба түрінде кеңінен сипаттап шығады.

hello_html_mb518597.pnghello_html_700702ec.pnghello_html_m7aedbabe.pnghello_html_19335f2a.png

Бұл сызбалар әдістемелік құралда анық көрсетілген. Мұнда балалар тек жыл мезгілдерін әңгімелеп қоймай, монологтық сөйлеу тілі қалыптасады, табиғат жайлы,олардың өзгеру заңдылықтары жайлы ұғымдары артады,сөздік қоры молаяды, әрбір жыл мезгіліне деген жағымды көзқарасы қалыптасады.

hello_html_m15f76fa8.pnghello_html_791bad75.pnghello_html_31395f73.pnghello_html_32dcce07.png

Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар, болжамдар,әңгімелер айтылып,суретті альбомдар қаралады т.с.с.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров524
Номер материала ДВ-383992
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх