Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Тіл кемістігінің оқу үлгеріміне әсері"

Баяндама "Тіл кемістігінің оқу үлгеріміне әсері"

Скачать материал

Тақырыбы: Тіл кемістігінің  оқу үлгеріміне әсері.

Мұғалім-логопед: Абдуллина Асет Темиршаровна.

Благодар орта мектебі.

Логопедияның негізгі мақсаты-сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын- ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.

               Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының Р.Е.Левин бастаған ғылыми қызметкерлер 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеудің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

«Тіл- халықтың ең ұлы байлығы» деген еді заманымыздың көрнекті жазушысы М.Шолохов. Тыңдаушы адамға тіл, әрине, сөз арқылы жетеді.Балалардың жасымен қоса тілі де, ойлау қабілеті де қоса дамып отырады. Алайда, көптеген тілі енді шыққан балалардың сөйлеген сөзі басқаларға түсініксіз болады. Кейбір ата-аналар баланың сақауланып сөйлегенін қызық көріп, тілін уақытылы жөнге салуға мән бермейді.Бұл мүлде дұрыс емес. Үйде ересектер, отбасы мүшелері қалай сөйлесе, баланың да сөйлеуі соған байланысты болады.Баланың қимыл қозғалысы неғұрлым белсенді болса, сөйлеу тілі де соғұрлым дамыған болып келеді.

Балаларға жаңылтпаштарды айтқызу , баланың тілін сындырып қана қоймай, ойын дамытады, жылдамдыққа үйретеді.Қазақ халқы бала тілінің анық шығуы үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап тапқан. Сәби алғашқы сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Тілі мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сөздерді жиі-жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық , жүйелі жеткізе алатын болады.Жаңылтпаштарды жатқа мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой- қиялы дамиды.

Жұмбақтар баланың есте сақтауын күшейтеді, ойлау қабілетін тереңдетеді, өз еркімен шешім қабылдауға дағдыландырады.

Ертегілер баланың оқуына, тіпті есте сақтап, бір-біріне ауызша айтуына,кейіпкерлерінің жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп үлгі өнеге алуына өте қолайлы болады.Сондықтан баланы тілі шыға бастаған сәттен сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру керек.

Сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету және сақтандыру логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі.Логопедияның мағынасы тілдің әлеуметтік мағынасымен байланысты. Біздің тіліміз адам қоғамының өсіп-өнуі үшін ең маңызды құрал. Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен қатар, психологиялық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, кейбір дыбыстарды үндестік нақышымен дұрыс айта алмау себебінен адам өзін оғаш сезініп, ыңғайсызданады, содан өз сөзіне немқұрайлы, салғырт қараған соң сөзінің сұлулығы жойылады да, кісімен мәнерлеп сөйлеуіне кедергісін тигізеді.Күрделі тіл мүкістігін немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне септігін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық тигізуі мүмкін.

Бала тілін дамыту - бұл тек логопедтің ғана жұмысы емес, бұған ата-ана да атсалысуға міндетті. Сондықтан, баланы өз ана тілінде дұрыс сөйлеуіне , атадан балаға мұра болып келе жатқан ғасырлар бойы жинақталған ауыз әдебиетінің: ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың алатын орны ерекше.

« Сөздің көркі- мақал» дейді дана халқымыз. Тарихи әлеуметтік өмір тәжірибелерінен алып, терең де зерделі тұжырым жасап, асылдай қорытып, алмастай шыңдап айтатын мақал- мәтелдерді халық өлшеусіз көп шығарған. Әрбір тіл де, сол тілде сақталып жүрген сөздің інжу- маржаны да- атам заманнан бері жасалып келе жатқан өте көне мәдениеттердің көзі. Ол халықпен біте қайнасып, бірге жасайды.Сондықтан да ол- ел жұрт өмірінің айнасы, табиғи шындықтың өзі.

Тіл кемістігі оқушының оқу мен жазуына да әсер етеді. Оқушы сөйлемді қалай оқыса, солай етіп жазады.Әр түрлі үлгідегі сөйлемдерді құрастыруға үйрету баланың ауызекі тілін қалыптастыруға негіз болады.Сөйлемнің құрылысын игеру жүйелілігі дұрыс дамымаған сөйлеу тіліндегі грамматикалық тұлғаларымен анықталады.Тілі шықпаған баланың жастарының үлкен-кішілігін, өзіндік ерекшелігін ешқандай негізсіз қарсылық көрсетіп сөйлемей қоюын, сөйлеу белсенділігінің төмендетілгенін ескеріп, логопедпен сабақта ойнауға ықыласын аудару үшін онымен белсене жақындасып тіл табысу үшін бірінші сабақтан бастап баланың көңіл- күйін көтеру қажет.

Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа жазуы тілдің бұзылуы болады. Қандай бала болмасын ешуақытта бірден дұрыс жазып және оқып кете алмайды. Балалардың барлығы да оқу мен жазуды үйренудің алғашқы сатысында азды-көпті қателерді жіберетіні кімге болса да белгілі жайт. Бірақ, бұл жерде табиғи және заңды қателер туралы емес, керісінше, патологиялық қателер туралы болмақ.

Сөйлеу тілі дұрыс жетілмеген балалар мектепке дейінгі жастарында –ақ қажетті сөздік қорларын игеретіндігі , сөйлеу тілінің грамматикалық түрлерін меңгеретіндігі сөздердің, дыбыстардың әріптерін талдауды меңгере алатындарына дайын екендігі кімге болса да белгілі. Алайда сөйлеу тілдерінің түрлі патологиялары бар балаларда бұлардың даму барысы кешеуілдеп артта қалып қояды.

Р.Е.Левинаның, Н.А.Никашинаның, Л.Ф.Спированың зерттеулеріндегі көрсеткендері бойынша мектеп жасына дейінгі тіл мүкістіктері бар балалардың дыбыстарды талдауға дайындығы дұрыс сөйлейтін балаларға қарағанда әлдеқайда нашар екен. Сондықтан сөйлеу тілінің түрлі мүкістіктері бар балалар жалпы мектептердегі оқытудың жағдайында жазуды және оқуды толық меңгеріп кетуге шамалары келмейді.

Жазуының кемістігі бар балалардың айтылған сөздердің мағыналарын дұрыс түсінбеулерінің салдарынан жазған жазуларын түсіну өте қиын.

Оқу мен жазу бірімен-бірі тығыз байланыста болғандықтан жазуындағы кемістіктер оқуында да қатар жүреді.Өзінің жазғандарының дұрыстығын тексеру үшін бала қайталап оқып шығу немесе жазғанын басқа білетін біреуге оқытады.

Қазіргі уақытта балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктер сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық және лексико-грамматикасының барлық сыңарларының жалпы толық дамуының салдарынан жиі болатындығы анықталады.

Неміс ғалымы А.Куссмауль 1877 жылдың ақырында бұл түсінуді жоққа шығарды да жазуындағы бұндай кемістіктерді ақыл-ойдың төмендігіне  ешқандай қатысы жоқ екенін дәлелдеп, сөйлеу тілінің  дербес ақаулығына байланысты  шығатындығын анықтады.

Сонымен, балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлеу тілінің дамымауынан, фонематикалық түйсігінің толық қалыптаспағандығынан немесе сөйлеу тілі мүшелерінің барлық сыңарлары: фонетико-фонематикасының және лексико-грамматикасының толық дамымауының нәтижесінде пайда болатындығы кейінгі уақытта дәлелденді. Балалардың жазуындағы кемістіктердің шығу себептері туралы мұндай түсінулері бұрынғы кеңес одағының логопедиясына толық қабылданып берік шешімін тапты.Сонымен бірге бұндай түсіндірулер басқа да шет елдердегі С.Борель-Мэзонни, Р.Беккер және басқалары сияқты зерттеушілердің еңбектерінде қолдау тапты.

Жазу мен оқуындағы кемістіктерді түзету жұмыстарының басты бағыттары

1.Фонематикалық түйсігін жетілдіру. Қарама-қарсы дыбыстарды және буындарды ажырату жұмысын тек айтумен естіртіп қана жүргізіп қоймайды, сондай-ақ оны жазу тілінде бекітіп машықтандырады. Фонематикалық түйсігін қалыптастыруды, сондай-ақ міндетті түрде тілдің қимылдау анализаторларының қатысуымен жүргізеді. Сондықтан фонематикалық есту қабілетін жетілдірумен дыбыстарды айтқызу жұмыстары бір мезгілде жүзеге асырылады.

2. Дыбыстарды айтқызу жұмыстары. Ең алдымен,бұрмалану, алмастыру, түсіріліп қалдыру сияқты дыбыстардың айтылуындағы барлық кемістіктерді жою қажет. Кейде сөйлеу тіліндегі дыбыстарының айтылуы сақталған балалар да кездеседі. Мұндай жағдайда тіл қимылының анализаторын іске қосу үшін сөйлеу тілі мүшелерін анығырақ еститіндей ету керек. Одан басқа, фонематикалық есту қабілеті бұзылған жағдайда, тіпті сақталған дыбыстардың өздерінің артикуляциясы мүлде анық болмайтынын есте сақтау қажет.

3. Дыбыстарды талдауға және жинақтауға дағдылануын жетілдіру. Фонематикалық түйсігін жетілдіру жұмысына өтеді. Соңғы әр уақытта балалардың дұрыс айту құралдарымен жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі түрлері мынадай болады:

а) Сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөлу. Мұндай талдау ұзын сызық сөйлемді, қысқа сызықтар сөздерді, ең қысқа сызықтар буындарды, нүктелер дыбыстарды көрсететін тұтас сөйлемнің көлемін құрастырумен қоса беріледі.Мысалы: Көбелек гүлге қонды.

. сөйлем

. сөз

.буын

.......  .....  .....  дыбыс

б)жетпейтін дыбыстарды,буындарды жазып бітіру

в)бір бағанға бір буынды сөздерді, екінші бағанға екі буынды сөздерді жазып, буындардың сандық мүшелері бойынша сөздерді іріктеу.Мысалы: гүл- 1буын

гүлдер-2 буын

гүлдерге-3 буын

г)берілген дыбысқа сөздер ойлап табу және оларды жазу, әр сөзге қарама-қарсы дыбыстары бар басқа сөздерді іріктеп алу.

4.Сөздік қорын байыту және оларды іс жүзінде пайдалана білуге жетілдіру.Әдетте, бұл кезең балаларды жаңа сөздердің әр түрлі жасалу жолдарымен таныстырады. Әр түрлі жұрнақтардың көмегімен бір етістік сөзден бірнеше жаңа етістік сөздер жасайды.Сөздік құрау жұмысының басқа бір түрі біріккен сөздерді іріктеу.Мысалы: қозықұйрық, тасбақа,еңбеккүн,Әсемгүл.

Мұндай жұмыс дұрыс жазу ережесін жақсартып, баланың ой-өрісін кеңейтеді.

5. Грамматикалық дағдыларын жетілдіру. Бұл кезеңнің ең негізгі мақсаты жалғаулықтарды түсіндіру, сөйлемдердің көлемін кеңейту және қысқарту болып табылады.

  6.Ауызша қалай болса,жазбаша да солай сөйлеу тілінің байланысын жетілдіру.   Жазуындағы, оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы барлық оқу жылы бойынша жүргізіледі.Олардың қажетті шарттарының нәтижелілігі ауызекі сөйлеу тілі мен  жазуын жетілдіру болып саналады.Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді түзету тоқтаусыз әрдайым жұмыс істеуді талап етеді.

   Қолданылған әдебиеттер:

1.      Өмірбекова Қ. Серкебаев.қ.

Логопедия

2.      Левина Д.И.Нарушения письма у детей с недоразвитием речи.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Тіл кемістігінің оқу үлгеріміне әсері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2016 1666
    • DOCX 23.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдуллина Асет Темиршаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдуллина Асет Темиршаровна
    Абдуллина Асет Темиршаровна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5693
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе