Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Логопедия / Другие методич. материалы / Баяндама " Тіл мүкістігі неден пайда болады"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Логопедия

Баяндама " Тіл мүкістігі неден пайда болады"

библиотека
материалов

Тіл мүкістігі неден пайда болады?


Логопед мамандардың айтуынша, соңғы жылдары  елімізде тілінің мүкістігі бар балалар көбейіп барады.  Бұның себебі неде?


Соңғы жылдары балабақшаға келетін бүлдіршіндердің ішінде тілінің мүкістігі бар, тіпті сөйлемейтін, дыбыстық еліктеулері жоқ балалар көп. Жалпы бала бір жастан асқан уақыттан бастап «әке», «ана» деген сөздерді айтуы тиіс.  Ал екі жастағы баланың сөздік қорында 400-500-ге дейін сөз болуы керек. Және сөйлемді құрап айтуы қажет. Ал қазіргі күні осы жастағы бүлдіршіндердің сөздік қорындағы сөз екі жүзге әрең жетеді. Бұның барлығы алдымен ата-анаға байланысты. Олар баласының сөзді дұрыс айтуына ықпал жасамайды. Көпшілігі еркеліктен екенін, кейін түзелетінін айтады. Алайда бұл еркелік емес. Бала дислекция, дисграфия ауруына шалдығады. Яғни бала дұрыс жазып, оқи алмайды. Осындай салғырттықтың соңы баланың барлық өміріне әсерін тигізеді. Сондықтан ата-ана мен мектеп мұғалімдері  бала тілінде мүкістік барын байқаса, невропатолог және логопед мамандардың көмегіне жүгінгені жөн.

Баланың бұндай күйге түсуінің себептері өте көп.

Біріншіден, ата-ананың денсаулығына байланысты. Яғни дені сау ананың өмірге әкелген сәбиінің де денсаулығы жақсы болады. Түрлі ауру-сырқауларға жиі шалдықпайды. Екінші фактор неврологиялық ауруларға қатысты, яғни нерв жүйелерінің бұзылыстары бала тілінің мүкіс болуына әкеледі. Соңғы жылдары бұндай сырқатқа шалдыққан балалар көбейіп барады. Үшіншіден —  таңдай, ерін жарықшалары мен қоянжырық секілді туа бітті ауруларға байланысты.

Бала тілінің мүкістігіне әкелетін тағы бір мәселе —  отбасында қазақ тілінде тәрибеленіп жатқан баланың орыс тілді  балабақшаға баруы немесе керісінше жағдай. Мәселен, бала үйінде ата-анасымен қазақша сөйлессе,  балабақшада орыс тілінде сөйлейді. Осыдан кейін бала еркін сөйлеу қабілетінен айрылады. Ойын дұрыс жеткізе алмайды немесе сөйлемейді.  Баланың психологиясы бұзылып, тез ашуланатын болады. Немесе тұтығып сөйлеуі мүмкін.  Себебі екі тілде қатар ойлау баланың ойын анық жеткізуге және сөйлемді еркін құрауға қиындық келтіреді. Медицинада бұны билингвизм деп атайды. Бұндай бала мектепке барған уақытта қиындықтарға тап келеді. Сондықтан ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауы керек. Бала есейіп кеткенше онымен тек қана бір тілде сөйлескені дұрыс.

Мамандардың айтуынша, егер ата-ана баласының тілінде мүкістік барын байқаса, алдымен невропатолог дәрігерге қаралып, кейін логопед мамандардың көмегіне жүгінуі керек. Дер кезінде ем алып, мамандардың көмегіне сүйенсе, бұндай қиындықтан арылуға болады. Бұндай балаларға арнайы бағдарлама бойынша мамандар жұмыс жүргізеді.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров304
Номер материала ДВ-331053
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх