Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Баяндама "Тірек-сызба арқылы оқушыны4 шығармашылығын дамыту

Баяндама "Тірек-сызба арқылы оқушыны4 шығармашылығын дамыту


библиотека
материалов

hello_html_6622960a.gifhello_html_53226f0c.gifhello_html_m1385962f.gifhello_html_m46d03e6.gifhello_html_md73fbd5.gifhello_html_m20419abd.gifhello_html_mea4f08c.gifhello_html_m2c9d20fc.gifТірек - сызба технологиясы арқылы оқушының шығармашылығын дамыту.


Біздің елімізде білім берудің жаңа жүйесі қалыптасып келеді. Білім беруде оқытудың озық технологиялары енгізіліп, оқушыны оқытуға жан-жақты жағдай жасалуда.

Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет ету саласын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық іс-әрекет ұстанымдарының өзгеруіне әкелді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны және құрылымымен қатар ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар мен технологиялары бар. Әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеге енгізудің маңызы зор. Себебі заманның оқыту технология меңгеру – өте күрделі де ұзақ үрдіс.

Жаңаша оқыту технологияларының ішінде тірек-сызба технологиясы оқушылардың шығармашылығын дамытуда маңызы орасан зор.

В. Ф. Шаталовтың тірек – сызба технологиясы - оқушылардың ойлау іс-әрекетіне, психологиялық тірек жасайды. Ол оқу үдерісіндегі үлгерім, сапалы сабақ, тұрақты білім беруге негізделеді. Шаталов оқу материалын мүлде қайта қарап толықтырады. Ол одан ірі блок жасады. Көп қайталаудан бұл блоктар ''ықшамдалады'' және ''жинақталады''. Оқу материалы схемаға түсіріледі, конспект жасалады. В. Ф. Шаталов қолданған әртүрлі әдістер: түсіндіру, тірек конспектілер (сигналдар), символдар, дыбыстандыру, оқулықпен жұмыстау, тіректі сигналдарды жазбаша қайта жаңғырту, өзара бақылау қағаздарын толтыру т. б. Оқудың мазмұнын байланыстыру және бұл әдісті бір тұтас педагогикалық процеске пайдалану, жаңашылдардың оқушылардың танымдық іс-қимылын сатылы түрде дамуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы В. Ф. Шаталов өзі былай деп жазды: ''Бірінші саты - көпсалалы, білімдарлықпен - жүйелі, эмоциональды түрде таңдаған параграфты мұғалімнің сабақты түсіндіруі. Екінші саты - тірек плакаттары бойынша, оқу материалдарын түсіндіру, дауыстап оқыту, негізгі ұғымдарды әртүрлі символ-дардың көмегімен, кодты шешу арқылы түсіндіру және олардың өзара логикалық байланысын анықтау. үшінші саты, тірек сигналын үйрену, сол арқылы әрбір оқушы үйренеді және альбомдарына жапсырады. Төртінші саты - оқулықпен және үй жағдайында - тірек сигналдарының беттерімен жұмыс істеу. Бесінші саты - келесі сабақта тірек сигналдарын жазбаша еске түсіру. Алтыншы саты - тірек сигналдары бойынша жауап қайтару (жазбаша және ауызша жай дыбыспен, магнитофонды өзара бақылау қағаздары бойынша т. б.) Жетінші саты - бұрын өткен материалды тереңдету және жай қайталау.

Тірек-сызба арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

- білім, білік дағдыны қалыптастырады;

- барлық баланы оқыту;

- оқытуды жеделдету.

Тірек-сызба арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

- ізгілендіру, ерікті оқыту;

- әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Бастауыш мектеп шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әрбір бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата – ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет. Бастауыш сыныптағы оқушылардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық. Тірек – сызба арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық үдерістің қандай кезеңдерден, яғни неден басталып, немен аяқталатынындығын білуді талап етеді. Шығармашылық үдерістің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалақ қасиеттер қалыптасып жатады. Мәселен, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздікті кезеңіндегі «бас қатырулар» табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырса, еңбектің нәтижесі, баланы жоғары көңіл – күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.Шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі керісінше уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды.

Қазақ тілі сабағында тірек-сызба технологиясы арқылы шығармашылын дамытуға берілген шығармашылық тапсырмалар оқушылардың танымдық қабілеті мен ақыл-ойын дамытуға, қисынды ойлауын, қиялын дамытуға, өздерінің ой-пікірін, көргенін, оқығанын мазмұндату арқылы ауызша сөйлеу мен тілін дамытуға қөп қөңіл бөлінеді.


көктем

ериді

табиғат

айлары

ауа райы

жылы

ағаш

құстар

Наурыз











Тірек сөздер беру арқылы жұмбақ құрау.


_ _ _ _ _ _ жұмбақ, Тоны сондай жұмсақ,

_ _ _ _ _ _ қорқақ. Өзі бірақ қорқақ. (Қоян)


_ _ _ _ _ _ домалақ, Резеңке домалақ,

_ _ _ _ _ _ домалап. Тоқтамайды домалап. (Доп)


Бастауыш сынып оқушыларын танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын арттыра түседі.






Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-436040

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG