334651
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДошкольное образованиеКонспектыБаяндама "Тәрбиеші болу бақыт"

Баяндама "Тәрбиеші болу бақыт"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 бөбекжай-бақшасы

Тәрбиешісі Меден Тілеужан

Тәрбиеші болу-бақыт.

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие сіңіру, болашаққа жарқын бағыт-бағдар беру, келешекке кемел боларлық ақыл-парасат меңгерту аса жауапты іс екені мәлім. Сондықтан да жауапкершілік жүгі ауыр осынау қажырлы іске бой ұрған әрбір маман қоғам арасында үлкен құрметке ие болатындай дәрежеге иек артуға тиіс. Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиешілік. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі. Қалаған ісіңе ғашықтық пейілмен қарай білсең, өмірден өз орныңды тапқандығың! Мұндай философиялық қағида бағзыдан қалыптасқан жоғары адагершіліктік ұғымдармен астасып жатыр. «Кәсібің – нәсібің» дейді қазақ даналығы. Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам алдыңдағы құрметіңді еселей аласың. Ал, тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді. 

Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.

Педагог К.Гельвеций: «Тәрбиеші – балаларға ересек әлемге есік ашатын сиқыршы. Тәрбиешінің білімі мен біліктілігіне тәрбиеленушілерінің болашағы тәуелді», деген екен бір сөзінде. 

ТӘРБИЕШІ! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз деп танимын. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз. Өйткені, біз жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін сіңірудеміз. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды жұғысты етудеміз. Даңқты қаһарман Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту -  бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту» деп ескерткен болатын. Біз осынау қауіптің болмауына бас-көз болып, тіліміздің, діліміздің жас ұрпақ бойына бай әрі қазыналы қалпында сіңірілуіне күш салудамыз.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай,  менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он үш жыл болған екен. Қиындығы мен қызығы, ауартпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиленушімніңбойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Тәрбиеші болу – әр балаға екінші ана болуға парапар еңбек. Анадай мейірім мен қамқорлық таныту, аялы сөздермен ілтипат білдіріп, ізгіліктерге бағыттау біздің күнделікті еңбегімізде өріліп жатыр.  Сондықтан да бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл – бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, бүлдіршіндерді жан-тәнәмен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін жұмыс. Ұлы педагог Г.Песталоцци: «Егер де сүйе білмесең, тәрбиелеу құқыған жоқ», деген екен.

Ал В.Сухомлинский:«Баланың  шығармашылық қабілеті мен  дарынының бастауы - саусақ  ұштарында», дейді. Осындай қағидаларды басшылыққа алған мен өз тәжірибемде: «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін  бейнелеу өнері арқылы дамыту» тақырыбы бойынша жұмыс жүргізудемін. Тәрбиешілік жолдағы басты мақсатым -  бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың констркутивтік, танымдық, шығармашылық, іскерлік  қабілеттерін дамыту.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына серпін беріп, негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.

Халқымызда «Жас келсе - іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші-ұстаз, бақытты жанмын деп білемін.

Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Біз бақшадағы бүлдіршіндерді жақсылық атаулыға тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді тәрбие беруге әрдайым жауаптымыз.

«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев.

Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін  ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Он жылдан аса тәрбиешілік еңбекте жүріп түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен басыбүтін бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын.
        
«Ұстаз...   Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көреген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарын да, жат адамдарды да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп, Әл-Фараби айтып өткендей, біздің балабақшаның тәрбиеші-педагогтары осы қабілеттерді ұстаздық жолында бірге алып жүрген жандар деп айтсам қателеспеймін. Біздің балабақша ұжымы аз ғана уақыт ішінде биік белестерден көрініп    жақсы жетістерге жетіп, еліміздің болашағы кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеуде.

        Жұмысымдағы алдына қойған түйінді мәселем - балалардың танымдық қабілетін жан-жақты дамыту, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайту және де ана тіліне деген сүйіспеншілікті ояту.

         Мемлекеттік стандарт талаптарын орындау барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің саяхат, ойын, пысықтау, кіріктірілген түрлерін жиі қолданып, жақсы нәтижелерге жету

Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсыновтың  «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген пікірінде үлкен ой жатыр.

         Қисық біткен талды жастайынан түземес, буыны қатқан соң оның көлеңкесі де қисық болып тұрады. Ал, ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім азаматтың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» деген екен.    Балабақша ұжымы аз ғана уақыт арасында жақсы жетістерге жетіп, еліміздің болашағы кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеуде.

        «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» Абай Құнанбаев айтқанда, адамгершілікті, иманды, тәрбиелі адам- кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.

Общая информация

Номер материала: ДВ-425233

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени педагога-воспитателя с учетом требований ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Познавательное и речевое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде»
Курс повышения квалификации «Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Личностное развитие дошкольника в социальной среде в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Онлайн-конференция Идет регистрация