Инфоурок Другое КонспектыБаяндама "Тәуелсіздікке алып келген желтоқсан оқиғасы"на казахском языке

Баяндама "Тәуелсіздікке алып келген желтоқсан оқиғасы"на казахском языке

Скачать материал

Тәуелсіздікке алып келген желтоқсан оқиғасы

Осы жала желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуда. Осы аралықта көптеген деректердің көздері ашылып, бұл оқиға түрліше айтылды. КСРО кезінде көтерілісті қаладағы бұзақылардың әрекеті ретінде көрсетуге тырысты, кейініріек көтерілісті «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде танылды. Көптеген деректер жасырын қалып, кейінірек олардың көздерін жою мақсатында КОКП ОК-нің бұйрығымен жағылып жіберілді.

1991 жылы КСРО құлағанан кейін, көтеріліске қатысқандардың көпшілігі ақталып, көптеген деректердің көзі ашылды. Оқиғаға «көтеріліс» ретінде танылып, тәуелсіздікке бағытталған, ұлтты біріктіруші оқиға ретінде танылды. Көптеген тарихшылар Алматыдағы желтоқсан оқиғасы КСРО-ның құлауына әсер еткен негізгі оқиға болды деп есептейді.  Алайда бұл шын мәнінде тәуелсіздікке бағытталған оқиға ма еді, 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы КСРО ның құлауына қаншалықты әсер етті және бұл оқиға қанадй мәнде болғаны туралы осы мақалада талқылап көреміз.

Көтеріліс себебі

Ресми деректер бойынша желтоқсан толқулары СОКП ОК-нің бас хатшысы С. Горбачевтың ұлт басшысы – Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтің орына, бұрындары Қазақстанда жұмыс істемеген Ульяновск обком партиясының бірінші хатшысы Генадий Колбинмен алмастыру шешімінен кейін басталған. Жергілікті халықты Қазақстанға басшылық етіп басқа ұлт өкілін тағайындау наразылық тудырдты. Бұны олардың алаңға шыққандағы «Өзін-өзі басқаруды талап етеміз!», «Әр халыққа – өз көшбасшысы!», «37-сі болмайды!», «Ұлыдержавалық алаңғасарлыққа тоқтау салу!» деген жазуы бар плакаттарынан байқауға болады. Оқиға 16 желтоқсан күні бейбіт шеру ретінде Жаңа (Брежнев) алаңында басталған. 17 желтоқсан күні шерушілердің саны 20 мыңға дейін көбейіп, кейінен көтерілісшілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қанды қақтығысқа айналды. Ресми деректер бойынша оқиға барысында екі адам қайтыс болған, бейресми деректер бойынша – 174 адам қайтыс болған.

Плакаттардағы ұрандарға қарап, оқиғаның ұлттық және саяси мәнге ие болғанын көреміз. Көтерілістің себебі ретінде басқа ұлттың тағайындалуымен қатар, советтік жүйеге қарсылық әрекеттер де көрініс тапқан. Оқиға болған жылдары ресми түрде көтеріліс ұлтшылдықтың көрінісі ретінде жарияланған.  Колбиннің тағайындалуына дейін, Қазақстан тарихындағы 22 бірінші хатышының тек 4 ғана этникалық қазақ болған. Бұл тағайындалуға дейін елде халық тарапынан бұндай наразылық тудыртпаған. Не себепті дәл осы тағайындау ұлттық сана сезімнің оянып, көтерілістің тууына себеп болды?

Сталин қайтыс болғаннан кейін, КСРО-дағы биліктің әлсіреуі байқалды. Елдердегі бірінші хатшы лауазымына, сол елдердегі титулдық этностар тағайындала бастады. Бұл өз кезегінде орталық биліктің әлсіреп, одақтас елдердегі өзін-өзі басқарушылыққа алып келді. Қазақстанда, әсіресе оңтүстік аймақтарда, қазақтардың табиғи өсімі жоғары болған, бұны 1970, 1979, 1989 жылдары өткізілген санақтардан көруге болады. Қазақ жастары жаппай оқуға, қалаларға ағыла бастады. Осы жайттар одақтас елдердегі ұлттық сана сезімнің оянуына әсер етті. Салдарынан 70-80 жылдары КСРО да ұлтаралық шиеленістер көрініс таба бастады (1972 жылғы Каунастағы бұзақылық, 1978 жылғы Грузиядағы жаппай шеру, 1980 жылғы Минскідегі оқиға, Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы).

КСРО билігіне Горбачевтің келуімен «қайта құру» саясаты басталды. Ол елге жариялық, сөз және басылым бостандығы саясатын енгізіп, елді демократияландыруға тырысты. Горбачев КСРО-да жаңа тағайындаулар жасай бастады, бұл тағайындаулар ҚазақКСР-н да айналып өткен жоқ. Қонаевтан кейін билікке Назарбаевтің келуі күтілген болатын, алайда оның орнына Горбачевтің командасында болған, Қазақстанға еш қатысы жоқ – Колбин тағайындалды. Қазақ билігіндегі қалыптасқан жүйені бұзу арқылы, бұл тағайындау қазақ элитасының наразылығын тудыртты. Сол себепті желтоқсан оқиғасын саяси пиғылы бар деп тұжырымдауға болады.

Ұлтаралық шиеленістің негізгі белгісі – шиеленіскен топтар этникалық белгісіне қарай бөлінеді. Желтоқсан оқиғасын елдегі екі негізгі этностардың – қазақтар мен орыстардың қақтығысы ретінде қарастырылады. Алайда, кеңестік кезеңде құпия болған деректердің ашылуымен, желтоқсан оқиғасына қазақтардан басқа, басқа да ұлт өкілдерінің қатысқандары анықталды. Ішкі істер министрлігінің анықтамасында алаңда ұсталғандардың арасында 26 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 қырғыз, 4 өзбек, 4 кәріс және бірнеше (қарақалпақ, грузин, шешен, грек, украин, башқұрт) ұлтының өкілдері болғандығы анықталды. Алайда Орталық Комитеттің қатаң нұсқауымен олардың басым көпшілігі сол күні-ақ қамаудан шұғыл босатылып жіберілді. Осыдан кейін-ақ көтерілісшілер кілең қазақтар болып шыға келді. Сондықтан бұл оқиғада саяси себептер басым болған деп тұжырымдауға болады.

16 желтоқсан күні шерушілер Колбиннің кетіп, оның орнына билікке қазақты немес қазақстандықты тағайындауды талап еткен. Олар Колбиннің орнына нақты кандидаттарды ұсынған, олардың ішінде қазақтармен қатар орыстарда болған. Сол себепті оқиғаны қазақ ұлтшылдығының көрінісі деп қарастыруға негіз жоқ.

16 желтоқсан күні таңғы сағат 8-де, Колбиннің тағайындалуынан кейін шерудің бірден ұйымдасқан түрде басталуы, шерушілердің қолында жазулары бар плакаттардың болуы, шерудің алдын ала ұйымдастырылғанын көрсетеді. Колбиннің тағайындалуы, билік басындағы шектеулі адамдардан басқа ешкім білмеген. Оқиғаға қатысқандардың айтуынша, көтерілісті ешкім ұйымдастырған жоқ, ол кенеттен болған, бұл ұлттың сананың көрінісі. Бұл тұжырыммен келісуге болады, алайда тағайындалудан кеінгі бибіт шерудің керек жабдықтармен ұйымдасқан түрде басталуынан, оқиғаның саяси себептерін байқауға болады. Шеру жайлы сыбыстың қалаға бірден таралуы және оның құқық қорғау органдармен күштеп басылуы, шерудің 200 шақты адамы бар топтан, 20 мыңға жуық адамы бар басқарылмайтын тобырға, артынша қанды көтеріліске айналуына себеп болды.

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Тәуелсіздікке алып келген желтоқсан оқиғасы"на казахском языке"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.03.2016 4364
    • DOCX 16.6 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанова Айгул Темирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куанова Айгул Темирхановна
    Куанова Айгул Темирхановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19914
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе