Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыБаяндама " Тәуке хан"

Баяндама " Тәуке хан"

Скачать материал

Әз Тәукенің  алтын ғасыры

 

           Қазақ халқының тарихы соқпақты, соқтықпалы болғанын білеміз.Қазақ халқын мың өліп, мың тірілген деп жатады. Қазақ хандығының 550 жыл толуын атап өту туралы Елбасының ұсынысы Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы, рухани кеңістігіндегі үлкен елеулі дүние деп бағалауға болады.Осыдан 550 жыл бұрын қазақ хандығы құрылып,оны Керей мен Жәнібек хандардың бастауымен құрылып,оны жалғастырушы ретінде әз Тәукені де  жатқызуға болады.Осы орайда Тәуке ханның Қазақ хандығына өз үлесін қосқаны жайлы айтылмақ.

        Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде Тәуке (1680- 1718) ел ағасының жасы –елулерге келіп, ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын.Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, одан шығып, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өз әкесі Жәңгірден ғана емес, қазақтың бұдан бұрынғы өткен ұлы хандарынан да ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген қолбасшы, ақылды реформатор екенін танытатын қасиетті де осы өзіндік жаңа жолмен жүруінде еді.Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.

         Бұл орайда, Тәуке ханның ел үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айырықша назар аударады.Бірі- елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, сырттан анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны.Екіншісі –елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси – құқықтық тәртіпті орнықтыруы.Тәуке хан қазақ тарихында « Әз Тәуке», « адамзаттың данасы» деп аталды. Тәуке хан тағына отырған соң Қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады.Хандық билігін кұшейтуге бағытталған реформалар жүргізді. Феодал шонжарлардың өкілдері мен билерден құралған « хандық кеңестің» және « билік кеңестің» рөлін арттырды.Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиналысын ( құрылтайын) ашып отырды.Тәуке хан ішкі феодалдық енжарлықты жою үшін, беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты.Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен дау – шарлар билер кеңесінде, қазақ арасында абыройы күшті Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер алдында шешілетін болды.Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, бірлік – берекесін алар ішкі дау – жанжалды, қуғын –сүргінге ұрындырар барымтаны тиып, елді ыдыратпай ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, игілікті бір бағытта   іс –қимыл жасауы кезінде Қазақ хандығының жағдайын күрт жақсартып,сыртқа абыройын асырады. Жұрт ерді ер қолдаса – береке, ханды ел қолдаса мереке еенін көреді.Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалады.Әрине, бұл ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті деген ұғымды білдірмесе керек.Тәуке хан билік құрған  кезде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген емес. Сонау 1681 жылы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоқтудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп,Сайрам қаласын қоршағанынан бастаған шабуылдар ілегі кейін оның немересі Цеван Рабтан билікті қолға алған кезде де тиылған жоқ.Ұзақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717-жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғанына тарихи деректер куәлік бере алады.Сондықтан бұл арада қазақтар сыртқы жаумен соғыспай мамыражай күн кешкен екен деп тұсіну жөн болмайды. Мәселе басқада.

  Бұл арада мәселе ішкі тыныштықтың орнауында, халық арасында ырыс қазығы – ынтымақтың берік қағылып, ағайын аралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл- ойының жиналып, бәрінің бірігіп, ортақ мүдденің абыройын жоғары көтеруінде.

  Тәуке хан қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың ғұрып – әдет заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы « Қасым ханның қасқа жолы», « Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтап, дамыту негізінде « Жеті жарғы» заңын жасады. Онда қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілмегенімен, жинақ ( Заңдар жинағы) феодалдық құрылысты күшейтуге бағытталды. Бұл заң халық арасында « Тәукенің жеті жарғысы» деген атпен кеңінен танымал.Тәуке ханның ел ішіндегі тәртіпті бір жүйеге келтіру мақсатында жасаған бұл саяси-құқықтық шаралары қазақ халқы үшін тарихи маңызы ерекше конституциялық ескерткіш болып табылады.Сондықтан да оны зерттер, танып – білуге де ерте-ақ көңіл бөліне бастаған.Жалпы «Жеті жарғыны» зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп. Толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.Дегенмен бұл нұсқаның (« Жеті жарғыны»)өзі не қазақтардың өздері тарапынан кезінде хатталып қағазға түспеген. Сол себепті оның қанша бап. Қанша тармақтан тұратыны да әлі күнге белгісіз.ХІХ ғасырдың басында қазақ арасында болып, олардың әдет –ғұрпын, салт – дәстүрін зерттеп білуге арнайы тапсырмамен келген орыс шенеуніктерінің ел аузынан жазып алып қағазға түсірген үздіктері ғана.Оның алғашқысы – 1804 жылы Жаппас руының биі Көбек Шүкірәлиев дегеннің айтуымен қағазға түскен он бір бап. Оны 1820 жылы Г.Спасский « Сібір хабаршысының» (« Сибирский вестник») бірінде басып шығарды.Екіншісі А. Левшин атақты « Қырғыз – қазақ немесе қырғыз – қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы» атты еңбегінің үшінші томындағы тнографиялық хабарларға беріледі. Мұнда ол -34 бап. Бірақ бұл да « Жеті жарғының» толық түпнұсқалық қалпын бере алмайды. « Жеті жарғының» шығу негіздері жөнінде де тиянақты бір пікірге келе алмай, әрқайсысы өз болжамдарын алға тартумен келеді. « Жеті жарғы» сөзі « киелі жарғы» деген мағынада қолданылған. Қазақтың дәстүрлі таным –түсінігінде орнықққан «жеті ата», « жеті жұрт», « жеті қат жер», « жеті қазына», «жеті көк» т.б. деп келетін тұрақты тіркестер бар. Мұның бәрі де « ең киелі», «ең шегіне жеткен», « ең күшті» деген мағынада қолданылады.Демек, « жеті жарғы»сөзі сандық мағынаны емес, мәндік мағынаны білдіріп, « киелі жарғы» дегенге саяды.Тәукенің « Жеті жарғысынан» кейін біртұтас қазақ халқы өз тағдырының тізгіні өз қолында екенін сезінді. Халық өз ішіндегі тәртіп пен сыртқы қорғанысқа ең алдымен өзі жауапты екеніне мойын ұсынды.

Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын бір жерге қосты, жеке – жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың даралануына тежеу салып, қазақ хандығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, қазақ хандығын едәуір күшейтті.Бұл тұста едәуір қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары Тәуке ханға тәуелді болды. Тәуке хан қырғыздарды олардың өз биі Қоқым Қарашор арқылы, қарақалпақ тайпаларын олардың өзі биі Сасық би арқылы басқарып отырған. Бұл іс жүзінде жоңғар феодалдарының шабуылынан қорғануды негіз еткен қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының әскери – саяси одағы сипатында болған.

Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда- саттық қарым –қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бұхара хандығымен бейбітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда -   саттық жасауға тырысты.Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып,тату көршілес қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елші жіберген. Қаз дауысты Қазыбек бидің жоңғар ханына айтқан мына сөзінен Қазақ хандығының мақсаты айқын аңғарылады:

« Сен темір де мен көмір

Еріткелі келгемін.

Екі еліктің баласын,

Теліткелі келгемін.

Егесетін ел шықса,

Иеліткелі келгемін.

Тұтқыр сары желіммен,

Жабысқалы келгемін.

Жаңа үйреткен жас тұлпар

Шабысқалы келгемін.

Танымайтын жаттарға

Танысқалы келгемін.

Қазақ – қалмақ баласы

Табысқалы келгемін.

Табысуға келмесең

Тұрысатын жеріңді айт,

Сен қабан да мен арыстан

Алысқалы келгемін».

 

Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтардың бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.Әр екі жақ өз жақтастарын сайлап, соғысқа дайындалып жатты.

Тәуке хан Ресеймен дипломатиялық және сауда байланысын орнатты. Ол жоңғар феодалдарының шапқыншылығының қорғану үшін Ресейден әскери қару – жарақ сатып алмақ болды. 1694 жылы хан ордасында орыс елшілері Скибин мен Трошинді қабылдағанда Тәуке елшілерге: « Түрік сұлтанының немесе қызылбас (парсы) шаһының менен, Тәуке ханнан несі артық? Олар да мен сияқты ғой» депті.Бұл Тәуке ханның Қазақ хандығын өз тұсындағы патшалықтардың ( Түркия, Иран т.б.) ешқайсынан осал санамайтындығын көрсетеді.

Алайда,Тәуке хан Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған кұшті мемлекет етіп құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халықтың басым көпшілігі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық – феодалдық қатынас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүмкін емес еді, оған Қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүмкіндік бермеді.Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда қала берді.Әрине бұл бұрын – соңды Орта Азия өңірінде тарих сахынасына шыққан көшпелі халықтардың бәріне ортақ жағдай еді.

Қорыта келгенде, ақылы асқан әз Тәуке хан бұл дүниеден өтер кезінде « Қазақтың ұраны – бірлік» деп көзін жұмған екен.Иә, содан бері екі жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл өсиет қазақ халқына әлі де көкейкесті, саяси, кономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелерді шешуде Қазақстанның күн тәртібінде тұрған мәселе.Шапса тұлпардың тұяғы сынатын, ұшса сұңқардың қанаты талатын, Алтайдан Атырауға дейін созылған қазақ даласының территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігі үшін жан аямай тер төгіп, қасық қаны қалғанша ішкі сепаратистік әрекеттер мен сыртқы шапқыншылықтарға тойтарыс бере білген данышпан бабамыз әз Тәукенің қазақ халқына сіңірген еңбегі, атқарған қызметі өлшеусіз.

            Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар –ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт –азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас.Елдің  біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан –сұлтандар,батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тарақты Ақселеу  Көшпелілер тарихы.Алматы 1995ж.

2.Қазақ тарихы журналы  № 6 1995ж.

3. Егемен Қазақстан газеті.

4.ҚазКСР тарихы.

5.Н. Мыңжан « Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы 1994 ж.

6.Қазақтар .Салғараұлы Алматы 1995 ж.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама " Тәуке хан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2017 989
    • DOCX 23.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Cулейменова Молдир Болатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27888
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 332 человека из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 39 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 25 регионов

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе