Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Баяндама "Түзеу мектеп оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру".

Баяндама "Түзеу мектеп оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру".


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Арқалық түзеу мектебінің

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Батырбекова Гулайым Жандильдиновна

Еңбек өтілі- 35 жыл





Түзеу мектеп оқушыларының байланыстырып

сөйлеу тілін қалыптастыру.



Тіл-өте күрделі құбылыс.Оны есте ұстау үшін тілдің құрылысы мен жүйесін меңгеріп,оның заңдылықтарын саналы түрде ұғыну қажет.Әр адам қарым-қатынас жасау нәтижесінде тілді бірте-бірте меңгереді.Олай болса ерте жастан тілін дұрыс жетілдіріп жақсы тәрбие алған болса өзінің даму дәрежесіне сәйкес тіл заңдылықтарының элементтерін меңгереді.Бала тілінің дамуы оның сөздік қоры мол болған жағдайда ғана жақсы нәтиже береді. С.Рахметова тіл дамыту деп –балалардың сөздігін байытуға,сол сөздерді дұрыс қолдана білуге,өз ойларын,пікірлерін екінші біреуге сөйлемдер арқылы ауызша, жазбаша жеткізе білуге,яғни балаларға тілді бір-бірімен пікір алысатын қатынас құралы етіп пайдалана білуге үйрету жүйесін айтамыз деп көрсетеді. Демек тіл дамыту оқыту үрдісінде тілдік құралдарды қарым-қатынас ретінде орынды жұмсай білуге жаттықтыру болып есептеледі. Ал қазақ тілі пәнін оқытудағы тіл дамыту бұл мұғалімдердің оқушыларды лексикалық,грамматикалық және орфоэпиялық пен орфографиялық нормалары мен заңдылықтарын үйретумен қатар, қарым-қатынас жасау мен сөйлеу мазмұнына орай тілдік құралдарды орынды пайдаланып,ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білу дағдылары мен икемдіктерін қалыптастыру үшін жүргізілетін әрекет.

Тіл – қоғамдағы адамдардың өзара пікірлесу қарым –қатынас жасауы болып табылады. Бұл әр адамға қоғам өміріне еркін түрде араласуы үшін тілді сауатты түрде қолданып үйренуді міндеттейді. Белгілі психолог ғалым Л.С.Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде балалардың өсу, жетілу,даму ерекшеліктеріне талдау жасай отырып балалардың жеке заттарды біліп қана қоймай,оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қалай неден жасалатынын, не үшін қолданатынын түсінуге тырысып соны жетік білгісі келетінін атап айтқан болатын.Бала алғашқы сөзді түсіне бастағаннан ақ оның ортамен тілдік қатынасы қалыптаса бастайды. Бала тілінің шығуы оның психикалық дамуына нақты әсер етеді.Айтылған әрбір сөз баланың ақыл-ойының дамуына әсер етеді. Яғни баланың психикалық дамуындағы басты көрсеткіш оның сөйлеу тілі болып табылады. Танымдық реттеушілік коммуникативті қарым –қатынас функциясын орындайтын сөйлеу тілі баланың интелектісін дамыту каналы болып табылады. Яғни баланың таным әрекетін түзетуге жағдай туғызады және қоршаған ортамен өзара жағымды әлеуметтік қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз етеді.Түзетушілік оқыту және тәрбиелеу үрдісінде ерекше мәнді зияты зақымданған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыруға бағыттау керек. Арнайы оқытуда негізгі зейін оқушылардың әдеби тіл ережесімен құрылған әңгімелеу немесе ойын еркін жеткізу,сұраққа толық тиімді жауап беруіне аударылады. Кез-келген тақырыпты баяндағанда оқушылардың өз ойын толық мазмұнды және лексика-граммарикалық құрылуын талап ету керек. Қазіргі таңда арнайы педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі түзеу мектебі оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілін дамыту және жетілдіру болып есептеледі. Байланыстырып сөйлеу тілі-бұл сөйлеу әрекетінің ең күрделі түрі. Байланыстырып сөйлеу тілі-өзіне тән белгілерімен, жүйелілікпен,бірізділікпен баяндау ерекшеліктерімен сипатталады және өз ойын жеткізудің толық нәтижесі болып табылады. Сонымен байланыстырып сөйлеу тілі дегеніміз-логикалык бір ізді және грамматикалык дұрыс құрылған белгілі бір тақырыптың нақты кең түрде баяндалуы.Зияты зақымдалған оқушылардың әңгімесінің мазмұнының құрылуы мен баяндауының жетістігі көбіне олардың таным әрекеттерінің ерекшелігімен анықталады. Сонымен қатар таным әрекеттерінің жетіспеушілігі оқушылардың байланыстырып сөйлеуінде көрініс табады. Зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілінің өзіндік ерекшеліктерімен дамитынын және олардың оқу үлгеріміне әсер ететіні жайлы төмендегі ғалымдардың В.Г.Петрова,Р.И.Лалаева, Ю.А.Круглованың зерттеу жұмыстарынан көруге болады.Осы мәліметтерге сүйенер болсақ авторлардың айтуы бойынша зияты зақымдалған оқушылардың ауызша және байланыстырып сөйлеу тілінің жетістігі коммуникативті жағдайлардың ерекшеліктерімен анықталатын сөз мотивациясына тәуелді.Эмоционалды қарым-қатынас жағдайында сөйлеу тіліне жағымды әсер ететін ішкі сезім пайда болады. Осындай шарттарда сөйлеу тілі әрекетінің кезеңдері табиғи және қиындықсыз өтеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде түзеу мектеп оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілі баяу дамып, сапалы ерекшеліктерімен сипатталатыны туралы айтылған. Түзеу мектебі оқушыларының сөйлемді байланыстырып айтуы үшін үнемі жағдай жасап,ынталандырып,қосымша сұрақтар арқылы тиянақтап отыру керек. Зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін зерттей келе оларды арнайы оқытусыз байланыстырып сөйлем құрауды меңгере алмайтыны анық. Зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуы баяу жүзеге асады.Әңгімені баяндау кезінде оқушылар өздеріне жеңіл түрде баяндап әңгіменің мазмұнын кедейлендіреді, тілдік формасы жеңілденеді, мәтіндегі сөздер өздерінің күнделікті тілдерінде қолданатын сөздермен алмастырады. Зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тіліндегі кемшіліктер сөйлеу тілінің мазмұнында және оның грамматикалық құрылымында кездеседі. Оларға тән бұзылыстар; - Кезектіліктің бұзылуы

-Логикалық байланыспауы

- Сөздік қордың аз болуы

Түзеу мектебі оқушылары тақырыпты баяндау барысында тақырыпты толық ашпау,себеп-салдарын толық көрсетпеу,әңгіме көлемін қысқарту сияқты кемшіліктер кездеседі. Тіл дамыту мәселесі-күрделі әрі ұзақ жүргізілетін процесс.Сондықтан сабақ барысында мен мына мәселелерді мақсат етіп аламын. Олар белгілі бір тақырыпты оқытуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту,мәтінде кездесетін жаңа сөздерді үйрету,мағынасын ұқтыра отырып өзінің айтар ойын ауызша толық жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру, сөз бен сөзді байланыстыруға,сөйлем құруға үйрету.

В.А.Сухомлинский баланың ойы мен тілін дамытудағы сөздің мәніне тоқталып «Сөз- ең маңызды педагогикалық құрал,оны еш нәрсемен алмастыра алмайсың» деген болатын.

Сөздік әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін дамытуға байланысты әрекет жасайды. Мұғалім өзінің баяндауын басқа әдіс тәсілдермен ұштастырады.

Мұғалімнің сөзі әсерлі,тартымды, сенімді,сонымен қатар дауыс ырғағы мен қимылы,бет-әлпеті құбылысы мәнерлі болуы тиіс. Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады:егер олар бір нәрсені түсінбесе,онда мұғалім шәкірттерді кіналамай,оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек.Мұғалім баламен сөйлескенде ашуланбай,күйгелектенбей сабырлылықпен сөйлеп,шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен,қарапайым тілмен түсіндіруі керек» деген болатын.Олай болса толық қанды тілі дамыған,кез-келген ортада өз ойын тиянақты ,нақты жеткізе алатын оқушы дайындау мұғалімнің басты міндеті екенін естен шығармайық.




























Автор
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров157
Номер материала ДБ-023264
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх