Инфоурок / Классному руководителю / Видеоуроки / Баяндама: "Заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Баяндама: "Заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру"

библиотека
материалов

Заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру

Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы-өмір сүрудің басты заңдылығы болса,осы үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру - ұстаздың міндеті екені даусыз.Сынып жетекшісі ретінде осы қағиданы берік ұстана отырып , «ыстық қайрат дегеніміз – спортқа баулу, нұрлы ақыл-санасына білім нәрін құю, жылы жүрек – эстетикалық, адамгершік тәрбие беру» - деп түсінемін.

І. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы мақсатым:

Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы оқушы дүние танымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып,иманды,қайырымды,білімді , салауатты оқушылар тәрбиелеу. Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы болғандықтан,біздің сыныптағы тәрбие үдерісін төмендегідей бағытта жүргізіп отырамын.

1.Саяси және құқықтық мәдиниет тәрбиесі. Мұнда оқушылар ғылыми жобаларға мәдиниет, өнер аясына бейімдеу.

2.Ұлтжандылық тәрбиесі. Жеке тұлғаның мүмкіндігі мен қалауын әлеуметтік талаптарын ескере отырып, бейімділігін қабілеттілігі мен қызығушылығын дамыту.

3.Рухан-адамгершілік тәрбиесі. Оқушылардың жеке және қоғамдық түсінігін дамытатын танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.

4.Патриоттық тәрбие. Оқушылардың бойындағы ұлтаралық және этникалық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Бұл бағыттардың барлығы оқушыны тек білімге емес ,әр оқушының қабілетіне байланысты шығармашылықтарын шыңдауға бағытталған. Осы бағыттарды міндетіме ала отырып оқушы тұлғасынының қалыптасуына ықпал етіп бағыт-бағдар беру өз міндетім деп есептеймін. Сонымен бірге тәрбие жұмысына ата-аналарды көбірек тарту мұғалім мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі. Бұл бала тәрбиесіндегі бірліті қамтамасыз етеді. Ата-аналармен жұмыс барысында мынадай міндеттер атқарылады:

1.Әлеуметтік міндет: Бұған баланы қорғау,әлеуметтік көмек көрсету жатады.

2.Мұғалім әр оқушының дара ерекшеліктеріне қарай диагностика жүргізу.

3. Баланың жақсылық пен жамандықты айыра білуге бағытталған жұмыстар

Осындай жұмыс жүргізу барысында ата-аналардан арасында сауалнама жүргізу арқылы отбасы тәрбиелігін зерттеп, олардың жауапкершілігін арттыруға болады.Өзім жетекшілік ететін сыныптың ата-аналарын бала тәрбиесі жөнінде қызықтыру мақсатымен анкеталық сұрақ жүргізіп отырамын. Мысалы: «Балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?», «Бала кезіңізде қандай ұлттық ойындарды ойнадыңыз, балаңызға үйреттіңіз бе?» - деген сияқты сауалнамалар арқылы ата-аналарды ынталандырып жауаптарын білдім. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды педагогикалық үдерістің белсенді мүшесі ету – оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлікпен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбие жұмыс жоспарымда:

1.Оқушылардың отбасымен танысу,зерттеу.

2.Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру мақсатында сабақтарға қатыстыру.

3.Сыныптағы тәрбиелік шараларға ата-аналарды тарту жұмыстары қамтылған.

Осы мақсатта әр оқушымның отбасымен жеке танысып, тұрмыс жағдайы, толық отбасы,толық емес отбасы, ата-анасының жұмыс орны жайында мағұлмат жинақтадым және балалардығ оқу үлгерімі жөнінде байланыс дәптер арқылы жұмыс жүргізіп отырамын. Сыныптағы тәрбиелік шараларға ата-аналарды қатыстырып отырамын. Мысалы: «Толағай » отбасылар сайыстарына Бекмағамбетовтар отбасы қатысып үшінші орынды иеленсе, «Қош келдің - әз Наурыз!» атты тәрбиелік шараларға ата-аналар ұйымшылдықпен қатысып, оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнінде көптеген мағлұмат берді.

Сыныптағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін, жыл сайын мектебімде өтетін «Зерде» ғылыми жобаларға оқушыларымды қатыстырып отыамын. Мұндағы негізгі міндетім- оқушылардың шығармашылық іскерлігін арттыру және жоғары дәрежедегі зерделі тұлғаны дайындау, жеке тұлғаға жан-жақты жағдай жасап бағыт беру болып табылады. Осындай жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін көрсете бастады. 2014-2015 ші оқу жылында Махсутова Асылай «Асқабақтың пайдасы» жөнінде жобасын қорғап ІІ-ші орын алса,Бастауыш сыныптар оқушыларына арналған респуликалық олимпиада орталығы ұйымдастырған математика олимпиадасында Әсетқызы Зейнеп алғыс хатпен марапатталса, Махсутова ІІ ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен бірге Фариза Оңғарсынова апамыздың туған күніне арналған «Өлең, мен сені аялап өтем», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайыстарында жүлделі ІІІ-ші орынға ие болды. Оқушылар өз қабілеттерімен қызығушылықтарына қарай мектебіміздегі әртүрлі үйірмелерге қатысады Мысалы: спорттық күрес үйірмесіне қатысып 2014 – ші жылы Қалалық жасөспірімдер арасында өткен еркін күрестен Қайрош Аллан І-ші орынды иеленсе, 2015-ші жылдың қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысында өткен республикалық турнирда еркін күрестен І-ші орынды иеленіп келді.Сонымен бірге желтоқсан айында еркін күрестен қалалық турнирден Зарипов Алихан,Тулемисов Айдын атты оқушыларым ІІ – ші орынды иеленді.

Жаңа білім бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес,оның тұлғасын білім арқылы дамуын көздеп отыр.Олай болса халқымыздың мәдениетін әдебиетін, өнерін таныту арқылы тәуелсіз еліміздің білімді, ұлттық тәрбиемен сусындаған жеткіншкетерін тәрбиелеп шығару ұстаз міндеті екені белгілі. Оқушыларымның бойына халқымыздың қымбат қазынасын,асыл қасиеттерін сіңіре білу менің ұстаздық парызым.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-090712

Похожие материалы