Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама "Жаңа ғасыр әдістері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама "Жаңа ғасыр әдістері"

библиотека
материалов

Алматы облысы C:\Users\Mr-X\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20150917_142310.jpgC:\Users\Mr-X\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20150917_142310.jpg

Қарасай ауданы

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

Кенжебаева Тоғжан Каразимовна

Жаңа ғасыр әдістері

Келіп жеткен мыңжылдықтың алғашқы ғасырында өркениет адамзат баласына ақпарат алудың жаңа технологияларын ұсынды. Жас буынға дүниетаным білімі мен тәрбие беретін мектеп ондай жаңалықтардан өзін оқшауламай, керісінше озық технологиялармен, озық әдістермен қаруланып жатыр. Қайткен күнде де ең ірі өлшем, әрі басты мақсат – осы заман талабына сай азамат тәрбиелеп өсіру.

Оқушыны бүгінгі күнде болып жатқан жаңалықтар қызықтыратыны түсінікті. Бұл ұстаз қауымының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды да тың бағытта өзгертті. Ақпараттық технологияларды дәріс беру барысында қолдану жаңа материалды енгізу үшін де, бекіту үшін де, қорытынды сабақта бақылау үшін де тиімді қолданыла алады. Осы орайда өзге мектептердегі сияқты біздің ұжым арасында да біліктілікті арттыру шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ұстаздың білім беру процессінің бірегей субъектісі, ал оқушының – объектісі болған заман артта қалды. Ендігі жерде ұстаз да , оқушы да оқу процессінің субъектілері болып табылады. Коммуникативті, интерактивті әдістердің мәнісі де осында. Яғни ұстаз бұрынғыша бәрін білуші, бәрін де дұрыс істеуші және жалғыз қадағалаушы емес, оқушыға құндылықтар әлемінде өз бетінше жол табуға көмектесетін бағыт беруші, серік роліне көшті. Балаға өздігінше жұмыс істеуге, ізденуге мүмкіншілік беру барлық материалды дайын күйінде ұсынудан гөрі тиімдірек нәтиже көрсетіп жатыр. Мәліметтер жинау бойынша көбіне оқушылар алғырлық, зеректік танытады. Шегі жоқ, орасан зор көлемді тарихи, ғылыми, іс-тәжірибелік , мәдени, шығармашылық деректермен алмасу біржақты ғана өтпейді. Мұғалімдердің де оқушысынан көп жаңалықтар үйреніп жатуы қалыпты көрініс. Мұны классикалық мағынадағы дидактика мен заманауи өзгерістердің дұрыс үйлесімін тапқандығы деп атар едім. Осындай үйлестіктен сусындап шыққан түлектер қандай өмір саласында болмасын өз орнын табады деп сенемін.

Мектепте болашақтың іргетасы қаланады, яғни, білімді де, саналы жеке тұлға тәрбиеленеді.Сондықтан да қазіргі заман талабына сай , мектептегі оқыту үрдісі шығармашыл, жүйелі білімді, өз бетімен шешім қабылдай алатын мұғалімдердің қолында болуы керек.Иә, білім мен тәрбие беру әр ұстазға да жауапкершілікті, жаңашыл болуды жүктейді.Мұғалім жаны жаңалыққа құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін болуы тиіс.Сонда ғана егемен еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың бойына білім мен ілім нәрін сіңіріп, оларды Отанын сүйетін, халқын қадірлейтін үлкен азамат етіп тәрбиелей аламыз.Осы орайда «Нашар мұғалім жаңалықты хабарлап қана қояды, жақсы мұғалім оны табуға үйретеді» деген сөз бекер айтылмаса керек.Ендеше, Қытай даналығының «Маған айт – мен ұмытып қаламын, маған көрсет – мен есте сақтаймын, маған өзіме істеуге бер – мен үйренемін» деген сөзі барлық оқушылардың, жас өркендердің талабы екенін естен шығармайық.Осы талапқа сай еңбек ете алсақ қана болашақтың алдында бетіміз қызармасы анық.Сонда сапалы білім, саналы тәрбие беретін жиырма бірінші ғасыр ұстазының тұлғасы қандай болуы керек? Бұл сұрақ қай қоғам, қай кезеңде де өзекті болған. «Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін меңгерген, психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог болуды қажет етеді,» - деп көрсетеді педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Сарыбеков.

Ендеше, ұстаздар қауымы, білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағытын ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне мән берейік, жаңа технологияларды меңгеріп, сапалы білім беруге күш –жігерімізді аямайық!

Осы деңгейлік бағдарламадан білім алған мұғалім ретінде алған білімімді тәжірибеде қолданғанда бұл бағдарламаның тиімділігіне көзім жеткен тұстардың болғанын айтып бөліскім келеді.Бұл, әрине, әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданған жағдайда іске асары сөзсіз.

Көшбасшы ретінде мектебіміздегі 20 мұғаліммен бірге даму жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатқанын, ілгері жылжу бар екенін айта аламын.Мектебімізде өткен 2015-2016 оқу жылында ҰБТ нәтижелерінде «2» бағасын алған оқушы болмағаны оның бір дәлелі.Алдағы мақсат та оқушыларды білімнің биік шыңына жетелеу.

Топтық жұмысты топ мүшелеріне бөліп бергенде өз кезегіне келгенде Р. есімді сабақта мүлдем сөйлемейтін оқушының тыңғылықты жауабын естігенімде төбем көкке жеткендей болды.Мұғалім үшін бұдан артық қуаныш жоқ екенін ұстаздар қауымы түсінері хақ.Ал бұған басқа оқушылар да қуанды. Оқушылардың бал-бұл жайнаған жүздері өз еңбектері арқылы білім алғаны оқушыларға қуаныш сыйлайтынынан хабар берді.

Жалпы, менің бір түйгенім: бір әдісті күнделікті қолдана беру де оқушыларды тез жалықтырады екен. Қосымша тапсырмаларды ретімен, түрлендіріп берген сайын оқушылар әр қырынан көріне бастайды.

Бұл үшін жеті модулдің стратегияларын түгел үйреніп, жүйелі пайдалану керек, соның арқасында дарынды оқушылардың дарыны ашылып, сапалы білім беріп, табысты оқуға қол жеткіземіз деген ойдамын.

Бұл бағдарлама тиімді, бірақ ойландыратын тұстары да бар.Шет елдердің білім берудегі жетістіктерін үлгі етуіміз керек-ақ, бірақ біздің ұлттық құндылықтарымызды да ұмытуға хақымыз жоқ.Ата-бабамыз ұрпағына білім мен тәрбие беруде қолданған тиімді әдіс-тәсілдері де баршылық.Болашақта біздің арамыздан да сол әдіс-тәсілдерді жүйелеп, шет елдерге үлгі ететін сәттің туатынына сенімдімін.











Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров252
Номер материала ДВ-281111
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх