Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Баяндама "Жаңа білімге - заманауи көқарас"

Баяндама "Жаңа білімге - заманауи көқарас"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

ЖАҢА БІЛІМГЕ – ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС

Альмаханова Гульназ Макеновна

Заречный мектеп-балабақша кешені” ММ


Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі баршаға мәлім. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша өз тәжірибемді әрі қарай жетілдіріп, жаңашыл,заманауи идеяларды игердім. Сондықтан мен оқушыларға оқуды емес, қалай оқыту керектігін үйретіп,соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды деген сөзді басшылыққа алып, Сабақ беруде жеті модульді ықпалдастыра өткізу-негізгі мақсатымның бірі. Александердің «Балалар күннен – күнге қолжетімділік артып, келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек» деген сөзін ескере отырып, сабақтарымды осыған негіздей жоспарлауға тырысамын.

Сөзімнің дәлелі ретінде өзімнің тәжірибе кезеңінде өткізген сабақтарым туралы айта кетуді жөн көрдім. Тәжірибеге өзім жетекшілік ететін 2 «А» класындағы дүниетану пәнін алдым.Тізбектелген төрт сабағымның бірінің тақырыбы – «Жануарлар мен өсімдіктердің қызыл кітабы». Сабақтың мақсаты : жануарлар мен өсімдіктердің құрып кету себептерін анықтау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қандай іс-шаралар жүргізуге болатыны туралы өз идеяларын ұсыну, өзін өзі, бір-бірін бағалай білуге және өз бетінше ізденіп білім ала білуге үйрену, табиғатқа ұқыпты қарауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Сыныптағы атмосфера – бір қатар факторлардың, олардың ішінде ең негізгілері – тұлға аралық қатынастар мен оқушыларды оқыту үдерісіне тарту негізінде сыныпта қалыптастыратын атмосфера. Осыған орай сабақтың ұйымдастыру кезеңінде ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында «Табиғат маған не береді?» тренингінен бастадым.Өзгеше әрекетпен жасалуы оқушылардың көңіл-күйін көтерді. «Табиғат маған не береді?» атты тренинг кезінде балалардың ойларының сан алуандығы байқалды. Атап айтсақ, Али «табиғат күннің жылуын береді» десе, Динара « Киім, азық – түліктің бәрін табиғаттан аламыз» деді. «С» деңгейлі Бақдәулет атты оқушым « Табиғаттан білім аламыз» деп өз ойымен ерекшеленді. Бұл стратегияның да оқушыны сыни ойлануға жетелейтініне көз жеткіздім. Жалпы ынтымақтастық атмосферасын орнату – балалардың көңіл – күйіне оң әсер ететіні, ал көңілді отырған балаланың білімді зор ықыласпен қабылдайтыны анық. Дегенмен , бұл стратегияны жүзеге асыруда балалардың бірден ашылып сөйлемеуі, бір – бірін қайталау сияқты қиындықтар кездесті. Осы қиындықтарды шешу үшін өз ойларын ашық айтып, әдемі сөйлеген оқушыларды мақтай , мадақтай отырып, басқа оқушыларды да соларға ұқсауын сұрадым. Кейде өзім сөздерін бастап беріп отырдым.

Сонымен қатар сабағымды жинақтап және оқушыға жауапкершілікті сезіндіру үшін топқа бөлуді дұрыс деп ойлап,топтастырдым. Топқа бөлуде де балалардың сыни ойлануларын, тапқырлықтарын байқағым келді. Сондықтан мен бірден топтың аты бойынша емес, топ атауының ерекше белгілеріне байланысты топтастырып отырдым. Топқа бөлінгеннен кейін оқушыларда келіспеушіліктер кездесті, мен оларға әдемі жылы сөздер айта отырып күндегі сабақта әр топқа  ауысып отыратынын туралы ескертіп айтып,жайлап бір жүйеге келтірдім. Сонымен қатар топтық тапсырмаларда оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты әрқайсысының тапсырманы өзі орындағысы келетіндігі қиындық туғызды. Сол үшін тапсырма топқа арналса да, әр топ мүшесі қатысатындай етіп жоспарлауды ұйғардым.Топқа бөлінудің өзі олардың тірек білімдеріне сүйенуді талап етті.Әр топқа өз топтарының атаулары мен белгілеріне байланысты өзара диалог құруға ұсынылды. Нәтижесінде: бұл жерде оқушылар бір-бірімен өткен тақырыпта алған білімдерін жетекші сұрақтар арқылы пысықтап, «Бұл қандай жануар? Ол жануарлардың қай түріне жатады? Ол туралы тағы не білесің? Ол немен қоректенеді?» деген сұрақтар төңірегінде талқылау жүргізіп,ойларын ортаға салды. Бір-бірінің жауабын тыңдап, бірін- бірі толықтырып, пікірлесіп, жұптық әңгімелесу көрініс тапты. Диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда,моқыту жеңіл болмақ.(МАН) Демек, аталған әдістер арқылы « Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді, сыныптағы диалогтың маңызы, қалай оқу керектігін үйрену» модулі көрініс тапты.

Сабақтың мазмұнын ұғыну мақсатында «Балық қаңқасы» әдісін қолдандым. Мақсатым - жануарлар мен өсімдіктердің құрып кетуі проблемасы төңірегінде ойларын тыңдау . Стратегия көздеген нәтижеме жеткізді. Балалар проблеманының себептерін анықтады, «оны шешу үшін не істеуге болады?» деген сұрақ бойынша ойларын ортаға салды. Мысалы « азықтарын таба алмағандықтан, адамдардың ұқыпсыз қарауынан азайып бара жатыр» деген сияқты пікір айтса, оны шешу үшін « оларды қорғаймыз, құстарға ұя жасаймыз» деп ағынан жарылды. Бұл тәсіл «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің көрініс табуына себепші болды.

Әрбір жұмыс барысын бағалау үшін, олар топ үшін де, өзі үшін де смайликтер жинақтады. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін бір смайликтен беріліп отырды. Балалар смайлик алу үшін де сабаққа белсене араласып, тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысты. Осы сабағымды оқыту үшін және оқуды бағалау модулін тиімді пайдалануға тырыстым.Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау түрі оқыту үшін бағалау екенін біліп,сабақ барысында формативтік бағалаудың бірнеше түрлерін пайдаландым. Сабақ соңында нәтижесін жиынтық бағалау арқылы шығардым. Бағалауда кездескен қиындықтардың негізгісі – оқушыны нақты әрі әділ бағалау. Сол кедергіні шешу мақсатында критериалды бағалауды көбірек пайдаланамын деп шештім.

Оқушыларға сабақ соңында эссе жазу тапсырмасы берілген болатын. Содан соң жазған жұмыстарын көршісімен алмастырып, оқушылар сыни ойланып, диалогқа түсіп, бір-бірін бағалады.Топ ішінде талантты және дарынды балалар көрініс тапты. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Талантты және дарынды балаларға қатысты бұл ойлауды,талқылауды мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе болып отыр.Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып,бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «Дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуі тиіс деп осы сөзді басшылыққа ала отырып, талант туа біткен қасиет болса, дарынды оқушы біліммен дамиды. «Әрбір оқушы – дарын иесі, тек сол дарындылықты көре білу мұғалім шеберлігіне байланысты» дегендей, басқа да оқушыларымның дарындылығын анықтауым керектігін түсіндім. Сол үшін көп ізденіп, шеберлігімді шыңдауым керек.

Сабақ барысында қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктер туралы бейнекөрсетілім көрсеттім. Оқушыларға анық әрі қызыға қарады. АКТ-ны (интер тақта, ноутбук) пайдалану тиімділігі – мағынаны түсінуде басты көрнекілік, оқушылардың өзара әрекет етуі, өз бетінше білім алуына, жаңа материалды игеруде қызықты материалдар көрсетуге мүмкіндік береді және оқушыларға бағыт – бағдар беріп, олардың зейінін сабаққа аударып, тірек сызбалар және көрнекілік суреттер арқылы тақырыптың мазмұнын ұғынды және тақырыпты түсінуге бағытталды. Сабақ барысында «Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану » модулінің маңыздылығын тереңірек түсінгендей болдым. Сондықтан да алдағы сабақтарымда аталған модульді өз деңгейінде қолданамын деп ұйғардым.

Танымдық даму баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Дәлірек айтқанда танымдық даму оқуға деген қабілеттілік,сондай-ақ зейін,сөз сөйлеу дағдылары,ойлау негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. ( МАН ) Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары ретінде:

- оқытудағы бихевиористикалық тәсіл

- оқытудағы танымдық тәсіл;

- оқытудағы гуманистик тәсіл;

- оқытудағы әлеуметтік – жағдаяттық тәсілді қарастырсақ, бұл тәсілдерді іске асыруда зейінін шоғырландыру, есте сақтау, сөйлеу, ойлау,ой жүгірту,шығармашылық дағдыларын дамыту сияқты жұмыстарды қамтимыз.Сондықтан мен де сабақтарымда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуды мақсат еттім.

Психологиялық тренинг кезінде, «балық қаңқасы» әдісі бойынша жұмыс істегенде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойлау, сөйлеу, зейін сияқты дағдыларының дамуына мүмкіндік берілді. Сол сияқты оқулықтан тыс ұсынылған жануарлар туралы қызықты мәліметтердің де естерінде жақсы сақталатындығы байқалды. Сол себепті, мен сабақтарымда әртүрлі оқулықтан тыс қызықты мәліметтер енгізіп отырдым. Демек, аталған жұмыс түрлері балалардың жадысын дамытуға әсерін тигізеді. Осы сабақ барысында топтарға өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін ереже құрастыру керек болатын. Бұл жұмыста балалардың қызығушылығы артып, тапсырмаларды шығармашылықпен орындап шықты. Бұл арқылы оқушының шығармашылық қабілетімен қатар ойлау дағдысын да жетілдіруге болады. Дегенмен, балалардың есте сақтау, сөйлеу дағдыларын әлде де жетілдіру керек екенін байқадым. Сол үшін жадыны дамытуға, зейінін шоғырландыруға, сөйлеу машықтарын дамытуға арналған әдіс – тәсілдерді көбірек жинақтап, тәжірибеме енгізуім керек деп шештім.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров8
Номер материала ДБ-388874
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх