Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама "Жаңа буын оқулықтары"

Баяндама "Жаңа буын оқулықтары"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министірлігі
















Баяндама

Жаңа буын оқулықтары







Бастауыш сынып мұғалімі: Байтикова Жанна Алпамышевна
















ШҚО, Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кенті,

Р.Марсеков атындағы орта мектеп,

2016 жыл


Жаңа буын оқулықтары.


Жалпы білім беретін мектеп реформасының қайсысы болмасын, оның мүлтіксіз жүзеге асырылуы сапалы оқулыққа тікелей байланысты. Себебі, мектеп оқулығы барлық оқу үрдісінің өзіндік озық үлгісі болып табылады. Ол оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар, жұмыстың әдістемелік тәсілдерін, жалпы бағытын және оқытушы мен оқушының көңіл-күйін анықтап отырады.

Кез келген ғылымда оқулықтарды даярлаудың өзіндік әдіснамасы қалыптасқан, яғни оқу әдебиеті құрылымы мен мазмұнын іріктегенде ғылыми теорияға негізделіп, дидактикалық, логикалық-психологиялық талаптарға сай құрастырылуы қажет.

Қазақстан егемендік алғанға дейінгі кезеңде бізде мектеп оқулықтарын даярлау тәжірибесі тек жеке оқу пәндері бойынша ғана болатын. Олардың кейбіреулері бірнеше рет қайта басылды. КСРО тарағаннан кейін ғылым мен практика дамуының жоғары деңгейіне сәйкес келетін, соның ішінде базистік оқу жоспарының инварианттық бөліміне енген негізгі оқу пәндерінің барлығын қамтитын жаңа буын оқулықтарын даярлау өзектілігі арта түсті.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің қолындағы оқулықтың негізгі білім беру идеясы – еліміздің оқу стандарты талаптарына сәйкес, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, білім мазмұны Отанымызда тұратын халықтардың жетістіктері мен тәжірибесін қамтуын да қажет етеді.

Қазіргі кезеңде “Жаңа буын оқулықтары”, “ХХІ ғасыр оқулықтары”, “Компьютерлік оқулықтар” деген тәрізді жоғары қарқынды және үдемелі сөздерді көбірек естиміз. Әрине, бұған да негіз жоқ емес. Бірақ ол үшін мұғалім мен оқушыға қажетті терең ойластырылған оқу құралдары кешендерін даярлау керек. Мұндай кешенді құраушылардың негізі оқулық болып табылады. Осыған байланысты мынадай маңызды сұрақ туындайды: бүгінгі оқулық қандай болу керек? Бұл сұраққа жауап іздестіруде біз тәжірибелі педагогтардың пікірлері мен бақылаулары нәтижесінде берген ұсыныстарын және қазіргі қолданыста жүрген оқулықтарды сараладық. Олардың талап-тілектері мынаған саяды.

Біріншіден, оқулық жоғары дәрежелі маман мен мектепте тәжірибесі бар оқытушымен, яғни мұғалім-практикпен бірлесе отырып жазылуы керек. Екіншіден, баланы оқытудан бұрын оқулық тәжірибелік сынақтан өту қажет. Ол бағдарламаға сәйкес, балалардың психологиясы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, кез келген сыныптағы оқушыға керек ақпаратты қамтуы тиіс. Үшіншіден, мұғалім оны “аударып” отырмауы үшін оқушыға оқулықтың тілі түсінікті болуы тиіс. Ал кейбір қазіргі оқулықтарды оқығанда автордың теориялық-әдіснамалық мәдениетінің толымсыздығын, мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған оқу кітаптарын жазуға дайындығының қажетті деңгейде болмауын, мұндай күрделі жұмысқа әзір еместігін байқаймыз. Олардың тілінің күрделілігі сонша, кітаптың мәтіні автордың диссертациялық жұмысына ұқсастығы көрініп тұрады. Мысалы, тарих оқулығының тілі ғылыми монографиядан, болмаса жоғары оқу орындары оқулығынан айырмашылығы аз. 5-11 сынып оқушыларына бірімен-бірі шатасып жатқан, жүйесіз сөйлемдерден тұратын, ұзақ тізбекті саяси-географиялық атаулар ұсынылады. Мәтіндегі ғылыми, кейде шет тілдік терминдер түсініктемесіз беріліп, сан, атау, фактілер мен оқиғалардың көптігі оқушының қабылдауына қиындық тудырып, оқулықты анықтама кітапқа айналдырып жібереді. Оқыту әдістемесін тарихи мазмұнмен көмкеру бағыты байқалады. Авторлар пән мазмұнына көбірек көңіл бөліп, оқулықты дайындауда педагогикалық, көбінесе әдістемелік тәсілдерді ескере бермейді.

Әсіресе, жаңа буын оқулықтарында этникалық бағыт сипат алған. Сараптаулар көрсетіп отырғандай, тарих бойынша материалдар мазмұнын іріктегенде бір авторлар тарихи тұлғаларға көбірек көңіл бөлсе, екіншілері, өлкетану материалдарына, үшіншілері, әлеуметтік-экономикалық тарихқа, төртіншілері, мәдениет мәселелеріне көбірек тоқталады. Мұндай жағдайда, қандай оқулық оқу процесінде қолданылса, мектеп түлегінің де қалыптасуы сол авторлардың түрлі көзқарастары мен әлеуметтік бағыттарына байланысты болып шығады. Тарих пәні оқулықтарында тарихи оқиғалар баяндалғанмен, олардың себеп-салдарын түсіндірмейді. Авторлар оқиғаларды сипаттаумен шектеледі. Мұндай бағыт оқушының тарихи ойлау білігі мен дағдыларын қалыптастырмайды. Тіпті бұл тарихи фактілер мен құбылыстардың өзара байланысын көру мен терең талдауға үйрете алмайды. Сөйтіп, оқулық ойлауға емес, еске сақтауға ғана бағытталады.

Содан тарих оқулықтарының теориялық-әдіснамалық өзегі әлсіз шығады. Қоғамдағы тарихи білім мен өзіндік таным мәселесі бойынша жаңа ақпарат берілмеген, ежелгі дүние, орта ғасыр, қазіргі кезеңге байланысты мәліметтер жоқтың қасы.

Осылайша, 3 проблема өзгеріссіз қалып отыр: іріктеу, материалдың мазмұны және құрылымы.

Мектептегі тарих пәні мазмұнында мынадай мәселені ескеру қажет деп білеміз:

бірінші, қоғам өмірі аспектілерінің арақатынасы. Меңгеру нысаны тек қана саяси, дипломатиялық немесе әскери тарих мәліметтерін ғана емес, өткен дәуірдегі негізгі өмір аспектілерін қамтуы;

екінші, мазмұнның бағыты экономика, саясат, адамгершілік, дүниетаным, өнер, қоғамдық қозғалыстар және т.б. өзара байланыстары мен өзара әсерін түсінуін қамтамасыз етуі керек;

үшінші, мазмұнға қойылатын талаптар оқу айналымына “адам факторы” және әр кезеңдегі тарихи үдерістердің әртүрлілігі мен көпқырлылығын, күрделілігін көрсететін тарихи фактілерді енгізуге сұранып тұр;

төртінші, тарихты оқытудағы гуманизация, адам рөлін терең де ауқымды тұрғыда қарастыруды көздейді.

Оқытушы өзінің қоғам және балалар алдындағы жоғары жауапкершілігін сезінуі, сондай-ақ мектептегі оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз етудегі оқулықтың мәнін терең түсінуі қажет. Қазақстанда мектеп оқулықтарының теориялық-әдіснамалық проблемаларын зерделеумен айналысатын және барлық білім беру деңгейлеріне, соның ішінде 12 жылдық мектептерге арналған оқу әдебиеттері, оқу-әдістемелік кешендер (электрондық кітаптарды қосқанда) дайындау, сараптау, саралаумен айналысатын “Оқулық” республикалық ғылыми-практикалық орталығының құрылуы көңіл қуантады. Әрине, бұл мәселе педагогика ғылымы зерттеулерінің бағыттары екені даусыз, әсіресе әдістеме төңірегінде. Біз мынадай сұрақтарды қарастыруымыз керек: мектеп оқулығы қандай болу керек? Оқу материалы мазмұнын іріктеу және оны құрастыру қандай принциптерге негізделеді? Мектеп оқулықтарының сапасын бағалау өлшемдері қандай? “Кері байланысты” қамтамасыз ететін және оқулықтар сапасы жөніндегі біздің ой-пікірлерімізді жүйелеуге мүмкіндік беретін механизмдер қандай? Мектеп типіне, сыныптарға байланысты әр пән бойынша қанша оқулық қажет және ол бір жағынан оқушының таңдау мүмкіндігін, екінші жағынан құндылық мәнін қамтамасыз ете ала ма? Оқулықта не болуы қажет, ал мұғалімге арналған әдістемелік құрал нені қамтуы қажет?

Оқулықта пәндік мазмұнға сәйкес, міндетті түрде шығармашылықты дамытуға бағытталған тапсырмалардың үлес салмағының көп болуы, оқушының стандартты емес жағдайдағы тапсырманы орындауы, олардың өзгермелі өмір жағдайында білімін шығармашылықпен қолдану біліктерін дамыта түседі. Мұндай талаптар мынадай өмірлік жағдайларға тікелей байланысты:

біріншіден, қазіргі кезеңде оқушылардың оқу мотивациясының ашық прагматикалық бағыт алуы. “Оқулық” орталығының зерттеулері бойынша оқушылардың 62,5 пайызының оқу мотиві – “Болашақта қызықты, қоғамдық маңызды, жоғары ақылы жұмыс табу”; респонденттердің 15,5 пайызы ғана “Білімді өз бетімен алуға үйрену” мотивін көрсетті. Бұдан шығатын қорытынды – мектеп оқушыларының оқу білігінің төменге қарай даму жағдайын көрсетеді;

екіншіден, оқушылардың құндылық бағыттарының төмендеу тенденциясының байқалуы, әсіресе жеке тұлғалық бейнедегі “мәдениетті және білімді адам”, “шығармашыл, жоғары білікті маман”, сондай-ақ “өмірде өз дегеніне жеткен адам”, “өзінің жағдайын жақсартуға қабілетті адам”, “тәртіпті, еңбекқор маман” мәні артуда.

Оқу құралындағы ақпарат пәндік мазмұнды берумен қатар, жүйелі сипатта болу керек. Оқулықтарда теориялық материалдың оңтайлы берілуі, оның кесте, сызба, басқа да көрнекіліктермен толықтырылуы өте қажет. Сонымен қатар, тапсырмалар жүйесі, жаттығулар топтамасы күрделену деңгейлеріне сай, өзіндік жұмыстар мен шығармашылық, проблемалық талаптармен сабақтасып жатуы маңызды.

Жаңа буын оқулықтары ыңғайлы, қызықты да әдемі, өзіндік ерекше сипатта, пәндік оқытудың көшбасшысы бола отырып, оқу материалын ақпаратты таратушы ғана емес, оқушы мен мұғалімге көмекші және өзіндік білім алу, білім көзін табуға бағытталуы тиіс.

Жаңа буын оқулықтарын қолға ала отырып, ашып қарағанда, қызықты мәлімет пен қажетті ақпаратты (тиімді, әрі ғылыми) тез тауып, мәтіндік формада, одан тыс компоненттерді іздеуде оңтайлы болуы қажет.

Қазіргі оқулықтарда білімнің практикалық сипатының басым болуы маңызды. Егер бала білімді өмірде қолданудың мәнін түсінбесе, оны меңгеруге де қызығушылығы болмайды.

Қазіргі өмірлік жағдайлар баланың оқу-танымдық, жеке тұлғалық қажеттіліктерін бар мүмкіндігінше қанағаттандыруын талап етеді. Бірақ, өкінішке қарай, мектеп бала үшін негізгі, тіпті жалғыз білім беру көзі болып қала беруде. Бұл мақсатта мұғалімді көп ақпаратты қамтитын электрондық оқулықтармен алмастыруға да болады, бірақ компьютер педагог бола алмайды. Себебі, онда оқушыны сезіну мүмкіндігі жоқ. Сондықтан болашақ оқулықтар кітап, компьютер және адам мүмкіндіктерін өзара сабақтастыратындай дәрежеде болуы керек. Әрине, баланы мұндай әмбебап құралмен оқыту үшін мұғалімнің де дайындығы болуы тиіс. Жаңа буын оқулықтары қажетті ақпараттарды, яғни “интеграцияланған” білімдерді қалыптастыруда, пәнаралық байланысты көрсететін, мысалы: географияны биологиямен, физиканы химиямен, т.б. қоршаған орта шындығымен ұштастыруды қамтамасыз етуі қажет.

Осы мақсатта оқулық авторлары оқушының материалды белсенді қабылдауын қамтамасыз етуі керек. Балалар не үшін оқып жатыр және қалай, неге қажет және оны кейін қалай қолдануға болатынын түсінуі тиіс. Мысалы, математика пәніндегі әр тарау оқылған материалды бекітумен аяқталады. Олар негізінен бір типті. Оларды стандартты емес, дамытушы тапсырмалармен алмастыру орынды болар еді.

Жаңа буын оқулықтары “вариативті” болуы тиіс, себебі, мұғалімнің әртүрлі дайындықтағы балалармен жұмысы жеңілдейді. Жаңа буын оқулықтарының мазмұны тек қана “ақпаратты” беруші ғана емес, оқушыларды түрлі іс-әрекетке жетелейтін, дамытатын, практикалық, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды қамтуға бағытталуы қажет.

Әрбір оқу пәнінде адамгершілік құндылықтардың көрініс беруі маңызды. Мысалы, биология оқулығында баланың қоршаған табиғатқа сүйсінуі, орманның тұңғиық сұлулығын, ашық аспан әлемін, даланың жұпар иісін, құстардың сыңғырлаған әдемі үні мен туған жер табиғатының тамаша болмысын жан дүниесімен сезінуге жетелейтін тапсырмалардың берілуі маңызды. Өйткені, мұндай сезімдерсіз балалар адамгершілік тұрғыда “саңырау және соқыр” болып қала бермек.

Білім беруде нақты рухани-адамгершілік құндылықтар құраушыларын табу, оны сараптап, әр оқушыға сезіндіру күрделі мәселе. Ол педагогтың талмай, үздіксіз еңбек етуі арқылы ғана жүзеге асады.

Бүгінгі күні оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы мен ықпалды бірлігін бейнелейтін оқулықтар қажеттілігі туындап отыр, бұрынғы кезеңде бұл талаптар оқыту үрдісін басқарушы мұғалімге жүктелетін. Бұл заңдылықтарды оқытушы білгенімен, адам мүмкіндіктерінің табиғи күшіне тәуелді. Сондықтан дайындық деңгейлеріне байланысты мынаны ескерте кетсек дейміз. Оқушылардың даралық ерекшеліктері, денсаулық жағдайының нашарлауы, мектеп сабақтарына қатыспауды жиілету немесе үйде сабаққа мүлдем дайындалмау – мұның бәрі оқулықтың жаңа түрін, тиімдісін құрастыру қажеттігін айғақтайды.

Қазіргі қоғамдағы өмір сүру деңгейлері ТМД елдерінің ғалым-әдіскерлерінің бірлесе отырып, әртүрлі (ғылыми білім және мәдениет) кәсіби мамандардың: физиологтар, психологтар, дидакт ғалымдар, әдіскерлер, оқулықты көркемдеуші суретшілер, ақындар мен жазушылар, сондай-ақ озат мұғалімдерден құралған уақытша ұжымдық бірлестіктерді құрудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Мұның өзі жаңа буын оқулықтары оқушының психикалық үдерістері мен қалыптарын, яғни ойлау, еске сақтау, қабылдау, зейін, бақылау, т.б. танымдық қызығушылықтарын дамыту мен қалыптастыруда мұғалімге көмекші болуы қажеттігін көрсетеді. Әсіресе, кітаппен жұмыс істей білуге көңіл аудару маңызды, бұл мәселені шешу жаңа буын оқулықтарының басты назарында болуы керек.

Оқулықтың жаңа қызметі оның құрылымдық ерекшелігінің болуын талап етеді. Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, ол әртүрлі және өзгермелі сипатта болуы тиіс.

Оқу материалын беруде оқытудың проблемалық және түсіндірмелі-иллюстративтік, яғни безендіру әдістерінің күрделі комбинациясын ескеру, әсіресе оқулықта міндетті түрде автор мен оқушының түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынасы қарастырылуы маңызды. Бастысы, барлық тапсырмалардың жауап кілттерінің берілуі, олар екі түрлі қызмет атқарады: бірінші, мұғалімнің тексеруін күтпей-ақ, оқушы өз жұмысының сапасын анықтауы. Бұл оның қызығушылығын оятып, маңызды психологиялық механизмдердің бірі — өзін-өзі бақылауын қалыптастырады; екінші, оқушы тапсырманы өз бетімен орындай алмаса, оны дайын күйінде игере алады.

Осылайша, жаңа буын оқулықтарында материалдарды ұсыну 2 деңгейде жүзеге асады: алғашқыда — проблемалық, кейіннен — түсіндірмелі-иллюстративтік.

Оқулыққа тағы бір тәсіл ретінде даралық элементті енгізуді жүзеге асыру нәтижесінде бала өз бетімен білім алудан – дайын күйдегі білімді меңгеруге мүмкіндік алады және керісінше. Сонымен қатар, оқушының жауаптарды өзіндік тексеруі мұғалім бағасынан қорқуын, яғни жүйке жүктемесінен сақтайды. Бұл өте маңызды, себебі физиологтар мен психологтардың зерттеулері қазіргі кезеңде “жасқаншақ” балалар санының өсіп отырғанын көрсетіп отыр.

Жоғарыда біз жаңа буын оқулықтарының негізгі жалпы талаптарына тоқталып өттік. Оқулық дайындауда авторлардың оқулықты бағалау өлшемдерін білуі маңызды болып табылады. Бір мақала көлемінде әр өлшемнің мазмұнына тоқталуға мүмкіндік болмайды, сондықтан біз оны жалпы атап өтсек дейміз.

Оқулықты бағалаудағы маңызды өлшемдерге мыналар кіреді:

бірінші, жалпыадамзаттық құндылықтар мен халқымыздың этномәдени ерекшеліктерінің көрініс беруі; екінші, пән бойынша білім беру мемлекеттік стандарт талаптарына бағытталуы; үшінші, оқу материалының түсініктілігі; төртінші, оқушының ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттың болуы; бесінші, ұрпақтың болашақ өміріне бағыттылығы; алтыншы, оқу-танымдық іс-әрекетін жетілдіретін материалдардың қамтылуы; жетінші, өзіндік бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағдарлануы; сегізінші, өмірлік маңызды біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы; тоғызыншы, шығармашылық сипаттағы және дамыту тапсырмаларының болуы; оныншы, оқу материалының практикалық бағыттылығы, яғни теория мен практиканың тығыз байланысы, т.б.

Осы он қағида орындалса, оқулықтың оңалары күмән туғызбайды.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров225
Номер материала ДВ-367435
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх