Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама: "Жаңа формация мұғалімі"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Баяндама: "Жаңа формация мұғалімі"

библиотека
материалов

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - ЗАМАНАУИ ҚАЖЕТТІЛІК.



Абдыкасымова Галия Жумановна, жоғары санаттағы, бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған

«Арқалық қалалық білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күнмен жұмыс жасайтын бастауыш гимназиясы» ММ

ХХІ ғасырда, бүкіл ғаламдану заманында, соның ішінде білім беру саласындағы өзгерістердің орын алуына сай мұғалім алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы зор болып отыр. Қазіргі мұғалімдер рухани байлықты бойына жинаған, заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған маман.
Мұғалім бұрын информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы болса, қазіргі заманда керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оқушының өзін - өзі тануына жол ашу, сыни ойлай білетін, өз білімін кез келген ортада қолдана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, бойындағы қасиетті дамыту, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс - тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау - бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден - бір қызмет етуі керек.   Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,»- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Атақты педагог – ғалым В. А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген.

Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар, əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар.

Президенттің халыққа жолдаған Жолдауларында айқындық көрсеткен білімді жетілдіруге арналған әлемдік Кембридж тәсілін енгізу кеңінен қолға алынды. Бағдарламаның жаңаша оқу тәсілдерін меңгеріп, оны іс-тәжірибеде қолдану және мұғалімдердің оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындау керектігі жөніндегі мәселені шешуге бағытталды.

Қазақстан Республикамыздың білім беру жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр –Назарбаев Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті ашылып, мектептер e-learning жүйесіне қосылып, мұғалімдерді жаңа әдіс – тәсілдермен оқытуға үйрететін курстар өтіп жатыр, сонымен қатар мектептердің тиімділігін өлшейтін және арттыратын құралдар жылдан жылға дами отыруда (Ұлттық Бірыңғай тестілеу, мектептердің мемлекеттік аттестациясы, ОЖСБ). Бұл – жаңалықтарды енгізудің көрсеткіштері болып табылады. Қазақстан Республикасындағы білім беру жолдарын дамытудың 2011-2020 жылдарға арнаған мемлекеттік бағдарламасының жобасында елімізде оқитын жастарға сапалы білім беріп, рейтингілердегі білім көрсеткішінің көтерілуі мен еліміздің білім беру жүйесін арттыру үшін ұстаздардың мәртебесін көтеру, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамыту жолдарын қамтамасыз ету, сондай- ақ ұстаздардың еңбегіне үкіметіміздің қолдауы мен ынталандыруын арттыру жолдарына үлкен мән берілген . Соған байланысты қазір Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар кез келген ұстаздың ойлануына анық.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында елімізде деңгейлік курс бағдарламаларын оқыта отырып, жаңа формация мұғалімдерін даярлауда. Бағдарламаның негізгі идесы – «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай дайындайды?» Деңгейлі бағдарлама барлық мұғалімдерді оқу тәжірибесін өзгерту үшін НЕ істеу қажет, осы өзгерістерді ҚАЛАЙ енгізу керектігі туралы қарастырады.

Ұстаз - егемен еліміздің жас өркенін білім нәрімен сусындататын, сапалы тәрбие беретін ірі тұлға. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптың жоғары екенін айқын белгілеп отыр. Соған сәйкес мен өз тарапымнан мұғалім ретінде педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын Қостанай қаласының «Педагог шеберлік орталығының оқытудағы Кембридж тәсілі негіздерін бойынша» шығармашыл пән мұғалімдеріне арналған 3 айлық курсты оқып, сертификатталдым. Кембридждік әдістің теорияларын меңгеріп, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері 7 модульді практикалық түрде қолданып, оның артықшылдықтарына көз жеткізіп жүрмін.

Бүгінгі тaңдa әлeмдeгі білім бeру жүйeсі бір aрнaғa тoғысқaн. Бaтыс eлдeрінің oзық бaғдaрлaмaлaры oқу прoцесіне eніп, eліміздeгі жалпығa білім бeрeтін мeктeптeрдe қoлдaнылып кeлeді. ХХІ ғaсырдa oқушыдaн тaлaп eтілeтін дaғдылaр жaңa дeп aйтуғa бoлмaйды. Мәсeлeн, сын тұрғысынaн ойлaу мeн прoблeмaлaрды іспeн шeшу дaғдылaры eртe зaмaндaғы құрaл жaсaу, aуыл шaруaшылық жeтістіктeрі, вaкцинaны oйлап тaбудaн бaстaп қaзіргі зaмaнғы зeрттeулeргe дeйінгі бүкіл aдaмзaт тaрихының өн бoйындa адaм прогрeсінің сeнімді сeрігі бoлды. Нақтыдaн бaстап кeшенді сaрaптамaлық білімдeрді игeру қaжеттігі дaғдылaры дa бүгін пaйда болғaн емeс. Плaтонның «The Republic» (Республикa) дeген eңбегінде зият дeңгейінің төрт түрі турaлы сөз болaды. Aл ұжымдық жәнe жeке тaбыстaрдың осындaй дaғдылaрдың бoлу, бoлмауына тәуелді бoлуы турaлы қoрытынды шын мәніндe жaңалық. Oсыған байлaнысты мeктептeр сын тұрғысынaн ойлaуға үйрeтуде, әрбір oқушының жекe дaралығынa қaтысты прoблемаларды шeшу үшін ынтымaқтастық жүргізудe өте мұқият бoлғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін мектеп директорлары өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым құзырлы және тиімді мұғалімдердің ат салысқаны құба-құп.

Қазіргі заманның жаңа формациядағы мұғалімі - баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасай алатын рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс орната алатын, білімнің заманауи жаңа мазмұнымен қаруланған, әлемдік бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мұғалім болуға тиіс. 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 4- 5 -бет

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық 5 -6 -беттер

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты // Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы / Ел, 2008. – 12 ақпан[6]

  4. http://kk.wikipedia.org/wiki .

  5. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том

«Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» 30.12.2011.

  1. http://bilimsite.kz/


Тіркелу парағы








  1. Галия Жумановна Абдыкасымова

  2. Бастауыш сынып мұғалімі

  3. А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы

  4. Арқалық қаласы, Маясова 9\1

  5. 8 701 834 24 87; zhumanovna61 @vail.ru

  6. Баяндама тақырыбы: «Жаңа формация мұғалімі-заманауи қажеттілігі». Секция: «Жаңа формация мұғалімінің қалыптасуы»





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-287243

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"