Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама. "Жаңа технология әдісі бойынша сабақты тиімді өткізу тәсілдері"

Баяндама. "Жаңа технология әдісі бойынша сабақты тиімді өткізу тәсілдері"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

« № 17 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Абишева Маржан Бектургановна

Жаңа технология әдісі бойынша сабақты тиімді өткізу.

Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.

М.Жұмабаев.

Қазіргі уақытта еліміздің білім кеңістігінде болып жатқан реформалар Қазақстанның болашақ мектебінің мазмұны мен сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Міне, мен де бір топ тыңдаушылармен ІІІ деңгей біліктілік арттыру курсында жаңа Бағдарлама аясында өз білімімді көтеріп,дәріс алып, тәжірибемді бастадым.

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел- уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (ІІІ деңгей. Мұғалімге арналған нұсқаулық 6 бет)

21 ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен оқушыларды қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.

Біз, мұғалімдер, оқушылар істеуге тиіс нәрселер ғана емес, сонымен бірге оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз бетінше жұмыс істеуге көмектесуіміз керек. Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.

Педагогикалық технологияның тиімділігі:
. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
Оқушының жеке қабілеті анықталады;
Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
Өзін - өзі тексеруге дағдыланады.
Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
Орындау қабілетіне қарай бағаланады.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш сынып балаларымен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.

Қазіргі жаһандану заманындағы оқытудың мақсаты – ана тілін құрметтеу, еліміздің тарихын жетік білу, әдет - ғұрпымыздың, салт - дәстүріміздің сан қырлылығын игеру, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары арқылы оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру, ұлттық сана - сезімін ояту, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыру болып айқындалады. Әр оқушыны жеке тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін шыңдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға талаптанған әрбір мұғалім әдебиеттегі көркем мәтінді ұлттық құндылықтармен өзектестіре оқыта отырып, оқушының жан - жақты қабілеттерін дамыта алады.
Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс - тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

 Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол өз шеберлігімізге байланысты.
Оқушының.қызығушылығын ояту - жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену . Бұл оқушының бұрынғы білетін білімі мен жаңа білімін ұштастырудан тұрады.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Жаңа технология арқылы баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян - қолтық қарым - қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір - бірімен ақылдасуы,бір-біріне кеңес беруі, өз алдына мақсат қояды, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларында диалог арқылы көрсете білуі.Диалог әдісін қолдана отырып, талқылау,дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыра отырып білім алады.
Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды, тапсырмалар орындайды. Постер құрастырады. Құрастырған постерлерін қорғайды.Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.
Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды. Бұл әдістің нәтижесі көп. Айтар болсам, ой – пікірін ашық, еркін айту, бір - бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, бұл білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір - біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады. Сондықтан, ең жақсысы - балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге, бір - бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастырады..
Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл - ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек».

Дәстүрлі оқыту әдісі менің ойымша, бізді балаларды есту мен тыңдаудан айырған сияқты.Мен мұны тақырыпты диалогтік оқыту кезінде байқадым. Тақырыпты айтып, мақсатын өзіміз айтып, үй тапсырмасын тексеріп,сұрақтар қойып, ол сұрақтың көбіне өзіміз жауап бердік. Немесе үлгерімі жоғары оқушылар жауап берді,ал төмен оқитын оқушылар сол отырысы отыратын кездері көп болды.

Менің курстан түсінгенім,біз неге сабағымызда жоғары нәтижеге үнемі қол жеткізе алмағанымыз, оқушының атқаратын функцияларын өзіміз орындадық.

Менің қазіргі сабақтарымды қызықты, мәнді етіп өткізу үшін диалогтік оқыту әдісі көмекке келді деп ойлаймын.Мен тренерлерімді тыңдай келе, біздің сабақтарымыз диалогтен құрылу керектігін түсіндім.

Тәжірибе кезінде өзімнің сөздік қорымнан «жоқ, дұрыс емес», «жауап дұрыс емес» деген сөз тіркестерін алып тастауға тырыстым. Оның орнына «рахмет,жауабың үшін», «жақсы, бұл сенің өз ойың», «кім басқаша ойлайды?» сөз тіркестерін қолдануға тырыстым.Сол кезде ғана оқушы өз ойын еркін жеткізе алады және ойын тыңдай білетін мұғалім мен жолдастары бар екенін біледі.

20131008_11510620131008_11225520131007_12464720131010_124031


«Күздің кереметі» тақырыбындағы бір сабағымда постер құрастырды. Постер құрастырған кезде оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, өз идеяларын дәлелдеуге, ол ойларын постерға түсіруге мүмкіндік алды. Қасындағы жолдастарында түрлі идеялардың болатындығын түсінді. Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынып, бір – біріне сұрақ қойып, топта зерттеушілік әңгіме жүргенін байқадым. Постерды құрастырып болған соң, өз араларында қалай жұмыс жасағандарын талқылап жатқандарын байқадым. Әр топ өз араларынан бір оқушыны шығарып, ол оқушы жақсы қорғап шығады деп сенім артты. Әр топтан шыққан оқушылар өз топтарын ұятқа қалдырмау үшін барынша тырысып, постерды қорғады. Оқушылар өздері қай топтың жақсы қорғағанын айтты. Оқушыларға бұл сабақта, әсіресе, екінші топтың постері ұнады. Олар қолдарын соғып , өз мадақтауларын білдірді. Топтарынан бір оқушыдан шығып, постерды қорғаған кезде әр топ мүшелерінде қалай қорғар екен, келесі топтан қалып қоймасақ екен деген ой болды. Менің ойымша бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, білуге деген бәсекелестікке итермелейді және ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиелейді. .

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясы, сыныпта жүргізілген диалогтік оқу,менің сабағымды жандандырып, қызықты етіп өткізуге көмегін тигізді. «Шеңбер» әдісі үй тапсырмасын сұрау кезінде таптырмас әдіс болды. Сабаққа дайын емес оқушы өткізіп жібереді, бұл жерде оның дайын еместігін байқаймыз. Келесіде ол оқушы міндетті түрде дайындалып келеді. Мұны өз тәжірибемнен байқадым.

Топтық жұмыс барысында оқушы жұппен, топта талқылайды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе алдыңғы сабақтарда үндемей отырған оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетіледі. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Оқушының өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді. Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру мұғалім құзырындағы іс. Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр. Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей. Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр», – деген. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол, педагогикалық-психологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген ұстаз болуы қажет.

Жаңа технология негізінде менің көзім жеткені, әр сабақ сайын оқушылардың сұрақтарға жауап беруі, сөйлемдер ойлауы, тапсырмаларды орындауы нәтижелі болды. Оқушылар жұптық, топтық жұмыс жасауға, жолдастарының пікірін тыңдай білуге, үлгерімі төмен оқушыға көмек көрсетуге үйрене бастады. «Көш жүре түзеледі» дегендей қай жұмысты бастаған кезде де уақыт керек, шыдамдылық керек. Алдағы уақытта әр сабағымды жүйелі жоспарлап, жеті модулді ыңғайластыра, кіріктіре отырып жұмыстанатын болсам, нәтижеге жетемін деген ойдамын.

Бүгінгі күнде мен өзімнің алдыма басты мақсат етіп, оқушыларды білімді өз бетінше таба білуге және сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрету болды. Оқушыларымның ойын тыңдай білу, сонымен қатар өз пікірімді ұштастыра білу. Менің көмегіммен алған оқушыларымның барлық білімі, білігі жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарған заманда бейімделуге көмектеседі деген ойға келдім.

Тапсырамаларды да оқушылар меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.Нәтижеге қол жеткізу үшін:
1 Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
2. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет

3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек
4. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін - өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан – жақты білім алуына көмектеседі. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болып, оларды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде. Бала өз күшіне сенсе үлкен жетістіктерге жетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Н.Ә.Назарбаев Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы.

2.Қазақстан Республикасының білім туралы заңы.

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші(негізгі)деңгей.

4.Бөрібаев Б, Балапанов Е «Жаңа ақпараттық технологиялар» 2003

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров399
Номер материала ДВ-435360
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх