Инфоурок Другое КонспектыБаяндама: "Жаңа технология элементтерін қолдану"

Баяндама: "Жаңа технология элементтерін қолдану"

Скачать материал

      Біздің  ана  тіліміз - өзінің  мемлекеттік  мәртебесін  абыроймен  атқарып,  міндет  жүгін  қиналмай  көтере  алатын  аса  бай, оралымды да  сұлу  тіл. ХІХ-ХХ ғасырларда  қазақ  тілін  ғылыми  тұрғыда  зерттеген  Еуропа, Ресей  ғалымдарының  өзі:  «Қазақтың  жай  сөзінің  өзі  өлең  боп  құйылып  жатады...» (Радлов) , « Қазақ  тілі – түркі  тілдерінің ішіндегі  ең  таза  әрі  бай  тіл...» (Мелиоранский)  деп   тамсана  таңырқаған.  Қазақ  тілі  түркілік  саф  тазалығын  сақтап  келгенін  ерте  заманғы  Орхон – Енисей  ескерткіштеріндегі  тасқа  қашалып  қалған  жазулар –ақ  анық  аңғартады.  

      «Тіл - ұлттың  жаны»  деген  ұлы  адамдар. Бүгінгі  күні, үшінші мыңжылдық есігін  ашып, табалдырығынан  аттап  кірген  шақта  тәуелсіз Қазақстан  Республикасының  ендігі  болашағы, шығар  биігі  оның мемлекеттік тілі - қазақ  тілінің  де тағдыр-талайына тікелей байланысты  екенін  бәріміз  жан-жүрегімізбен  түсініп, сезінеміз. Ал, тіл  қашанда  ұлт  мәдениетінің , өнер-білімінің  ұлы  қаруы,  алтын  арқауы  саналатындықтан, қазақ  тілінің  келешек  көкжиектері  біздің  білім  беру  ұйымдарымыздағы  қазіргі  таңдағы  оқытылу  жайынан  бастау  алады. Соған орай  ана  тіліміз  бен  әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет  етіп, тілдің  туын  өзіне  лайықты  шыңына  қондыруға  үлес  қосып  келеміз. Бұл – туған Отан, халық  алдындағы , мемлекет  алдындағы, шәкірт  алдындағы  перзенттік  әрі  азаматтық парызымыз.

       Тіл  кез  келген  танымдық  іс - әрекеттердің  құралы,  ойлаудың  формасы  және  оны  дамытудың  негізі  болып  саналады. Сондықтан  да  болашақ  қоғам  иелерін  тәрбиелейтін  жалпы  білім  беретін  мектептерде  оқылатын  қазақ  тілі  пәні  арқылы  тілдің  үш  түрлі  қызметін  танып  біледі.

-  теориялық  мәселелердің  практикалық  дағдының  базасы  болатынын        

   пайымдауға  үйрететін  білімдік  қызметін;

-  жалпы  адамзат  жинаған  тарихи-мәдени,  рухани  мұраларды  тіл     

   арқылы  меңгеруге  болатынын,  өз  ойын  жеткізудің, өзін-өзі  тану         

   мен өзгені  танудың  бірден-бір  құралы  тіл екендігіне  көз  жеткізетін   

   танымдық  қызметін;

-  алған  білімді практикалық  тұрғыда  қалай  қолдану  іскерліктерін      

   жетілдіруге бағыттайтын  коммуникативтік  қызметін.

     Қазақ  тілін  танымдық  тұрғыдан  оқытудың қайнар көзі – тілдік  материалды  әдебиетпен  сабақтастырып,  пәнаралық  байланыстың  негізінде  ғылым  мен  білімді  өзара  тоғыстыра  отырып,  жеке  тұлғаның  рухани  әлемін  байыту,  баланың  өзіне  тән  көзқарасы  мен  пікірін  қалыптастыру.  Ашық  әңгіме,  ойлы  сұхбат,  пікір  еркіндігі,  әдебиет  қағидаларын  қазақ  тілі  сабағында  пайдалана  білу, кейіпкерлердің  әдемі  қасиеттерін  оқушы  бойына  сіңіріп,  оны  өмірмен  ұштастыра  алу,  дүниені,  ортаны,  адамды  жан-жақты  зерттеп  тани  білу,  тілдік  материалдар  арқылы  сыртқы  қоршаған  ортаны  оқушы  өз  ой-санасымен  зерделей  отырып,  тілдік  қатынасқа  түсу – барлығы  оқыту  жүйесін  жаңаландырып,  білім  беру  үрдісін  тереңдете  түседі. Қазақ  тілі  сабағында  сөз  бен  сөйлемді, тұрақты  тіркес  пен  мәтінді  меңгерту  үшін  оқушыға  ой салу,  ойланту,  өз  пайымын  тіл  арқылы  дәл, нақты, шешен  жеткізе  білуге  жетелеу  көп  ізденісті  қажет  етеді.  Осы  тұрғыдан келгенде  ұстаз Қанипа  Бітібаеваның «Ой  салу-ұстаз  тарпынан, ойлану-шәкірт  тарапынан,  ойланту- ұстаз  тарапынан,  шешімге  келу- оқушы  тарапынан  болу  керек» деген  пікірдің  психологиялық  жағынан  дұрыс  тұжырым  екендігін  атай  кеткен  жөн.  Өйткені  таным  үдерісі, біріншіден,  ұстаз  бен  оқушының  бірлескен  әрекеті  арқылы  іске асса,  екіншіден,  олардың  әрқайсысы  жеке  тұлға  ретінде  түрліше  әсерге  бөленеді.

       Қазақ  тілін  танымдық  тұрғыдан  оқыту  мынадай  мәселелерді  қамтиды:

1.        Қазақ  тілі  пәнінің  білім  мазмұнын  бағдарламаға  сәйкес  тілдік 

    қағидаларды  басшылыққа  ала отырып,сабақтың  білімдік  мақсатымен       

    қоса  танымдық  мақсатын  жүзеге  асыруға  ықпал  етеді. Бұл  оқушыны 

    адам жанын  түсінуге,  адами  қасиеттерді  меңгеруге  жетелейді.

2.        Сабақ  барысында  жеке  тұлғаның психологиялық  жай-күйін ескере  отырып,  есте  сақтау  қабілетін, жадысын,  кез  келген  ақпаратты  қабылдау  дағдысын,  дәлелді  мысал  келтіре  алу  қабілетін  жетілдіру  тілдік  материалды  дамыта  оқытумен  байланысты. Берілген  тақырып  ішінен  ең қажетті,  ең  пайдалы  нәрсені  сұрыптап,  таңдай  білу  оқушының  ойлау  қабілетін  ұштап,  соған  сай  әрекет  етуге  жетелейді.

3.          Сабақтағы  материал  сынып  шеңберінен  шығып,  табиғи  ортамен  тығыз  байланысты  бола  келіп,  бала  өсіп  жетілетін, әсер  алатын  күнделікті  қоғамдық  өмірмен  астасып,  ұштасып  жатса, теориялық  білім  практикамен  жалғасып,  баланың  ой-өрісін,  сана- сезімін  кеңейтеді.

4.          Тілдік  және  қатысымдық  бірліктердің  мағыналық  ерекшіліктерін  нақты  мысалдармен  түсіндіріп,  әр  сөздің  мағыналық  реңкін  тіркес  пен  сөйлем  құрамында  қолдана  отырып  ойды  түрлендіруге   болатын  мүмкіндіктер  жасау,  сөзді  әр  түрлі жағдаятқа  сәйкес  бейнелі  жеткізуге  үйрету  оқушының  танымдық  белсенділік қабілетін  жаттықтырады.

Танымдық  белсенділік  деп  оқушылардың  жеке  және  жас

ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  ұйымдастырылған  таным  үдерісінде  пайда  болатын,  бекітілетін, дамитын  жеке  тұлғалық  қасиетті  тануға  болады. 

      Танымдық  белсенділік  пен  оқушының  дербестігі  бір-бірінен  ажыратқысыз. Оқушының  таным  белсенділігі  оның  білімге  деген  қабілетін  сипаттайды. Ал  басқа  қабілет-қасиеттері  іс-әрекет  барысында  айқындалып  дамиды.  Тиісті  жағдай,  мүмкіндік  болмаса  белсенділік  те  өркен  жая  алмайды.  Сондықтан  да   белсенділікті  арттыратын  әдістерді  мейілінше  дамыту  тәжірибелік  іс-әрекеттің  өркендеуіне,  ақыл-ойға  қозғау  салады.  Мұның  өзі  білім  сапасын  көтерумен   қатар  оны  өмірде  пайдаланудың  жолын  кеңейтеді. Танымдық  белсенділік  көрсеткіштеріне  тұрақтылық,  оқу саналылығы, шығармашылық  қабілеттері,  дәстүрден  тыс  оқу  жағдайларындағы  тәртібі,  оқу  міндеттерін  шешудегі  өз  беттілігі  жатады.

Таным үдерістері,Құлшыну,Қабылдау,Сезіну,Есте сақтау,Ойлау,Өзіндік, пікір түю 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


          Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, құзырлылығы жетілген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.

        Қазақ тілін сапалы оқыту ізденістері  - бүгінгі пән мұғалімін толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Оқушыға ана тілін өз деңгейінде меңгерту оған көп тілді үйренуіне мүмкіндік тудырады. Ана тілінің қыр – сырын терең игерген баланың ұлттық дүниетаным арқылы азамттық көзқарасы мен тұлғалық ұстанымы қалыптасады. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушыға білім мен тәрбие бере отырып алынған білімді қажеттілігіне жарат білу, шығармашылық ізденіс көздерін ашуына бағдар бере білу керек. Қазақ тілі пәнін оқытуда оқушының жан – жақты жұмыс істеу мүмкіндіктеріне жол ашу үшін мұғалімнің алдына мынадай міндеттер қойылады .

Мұғалім алдындағы міндеттер
 


      

 

Сапалы  теориялық білім негіздерін қалыптастыру Оқушының өз бетімен ізденуін ұштау
Ұлттық  дүниетанымға негізделген тәрбие беру
 

 

 

 

 

 

 


    Қазақ тілі сабағы баланың ой - өрісін өсіріп, оған тілдің ұлттық мәдени мұра, тіршіліктің өзегі, танымның көзі екенін сезіндіру қажет. Оқушының таным деңгейі оның сөйлеу тіліне,сөйлемді дұрыс құрастыру, ойын жеткізе білу іскерлігіне тікелей тәуелді Осы орайда қазақ тілі пәнін оқытудың жан – жақты міндеттері айқындалады. Қазақ тілін оқытудың мақсатын орындау үшін танымдық және практикалық бағыттағы бірнеше міндеттер қойылады.

 

Сабақтағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам,  тапбиғат туралы білім негіздерімен қорландыру 

Тіл фактілері арқылы оқушының рухани дүниесін жетілдіру, адамгершілік, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

     «Адам  ұрпағымен  мың  жасайды» дейді  халқымыз.  Ұрпақ  жалғастығымен  адамзат  баласы   мың  емес  миллиондаған  жылдар  жасап  келеді.  Жақсылыққа  бастайтын  жарық  жұлдыз – оқу. «Надан   жұрттың  күні – қараң,  келешегі-тұман»  деп М. Дулатов  айтқанындай,  егеменді  еліміздің  тірегі – білімді  ұрпақ.  Сусыз  құрғақ,  таса,  көлеңке  жерге  дән  ексең  өнбейтіні  сияқты  жас  ұрпағымызды  тәрбиелемесек   өспейді,  өнбейді.  Сондықтан  өз  ұрпағының  өнегелі,  өнерлі,  еңбексүйгіш, абзал  азамат  болып  өсуі  үшін  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  жүргізу - әрбір  ұстаздың  міндеті.  Осы  орайда  елбасы  Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер – бүгінгі  мектеп  оқушылары.  Мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға жүктелетін  міндет  ауыр»  дегені  бар.  Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  білгірі  болу  емес,  жаңалыққа   жаны  құмар,  оқытудың  жаңа  технологияларын  шебер  меңгерген,  білімі  мен  білігі  жоғары  тұлға  болу,  ақпараттық сауаттылық  талап  етіледі.  

      ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүнеие жүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тіл пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алып келеді. Демек, оқушыларға жүйелі білім беруге жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.

        Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны – мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі» дейді Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық.

              Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуДеңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады Қазақ тілі және әдебиеті сабағындағы жаңа технологиялар         

Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі»
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдармаасы
Н. Оразахынова 
«Сатылай кешенді талдау»
М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы»
 

 

 

 

 

 

 


Өзіндік ой – қорытынды жасай білуге дағдыландыруТехнология дегеніміз – белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, білгілі бір  мақсатқа жұмылдырылған алдын – ала ойластырылған ықпал мен әсер. Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.    

Педагогикалық технологиялар – оқу – тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторларының үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.

          Оқушылардың  оқу белсенділігін  қалыптастырудың  бір  көзі – жаңа  технологиялар  қолдану  арқылы  сабақты  түрлендіріп  өткізу.  Қазіргі кезде заман талабына сай білім беру үрдісіне 50 – ден астам жаңа технология қолданылады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтейік:

          Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзін өзгертуші субъекті дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

          Деңгейлеп оқыту технологиясы – қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту үшін тиімді болып табылады. Деңгейлеп  оқыту - әрбір  оқушы өзінің  деңгейінде  оқу  материалын  меңгеруін  қамтамасыз  етеді  және  әр  баланың  танымдық  белсенділігін  арттырады.

               1. Әр  оқушыға  өз  мүмкіндігін  барынша   пайдалана  отырып  білім  алуына  жағдай  жасайды.

               2. Балаларға  бірдей  зейін  аударып,  олармен  саралай  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді.

               3. Оқушының  жеке  ерекшкліктеріне,  өз  эмоциясын  басқара  білуіне  назар  аударады.

              6-сыныпта  «Еліктеу  сөз» тақырыбындағы  сабағымды  өткізу  барысында деңгейлеп  оқыту  технологиясын пайдаланып  көрдім.

Деңгейлік  тапсырмалар

1. Көп нүктенің орнына төмендегі еліктеу сөздердің тиістісін қой.

    Үйдегі жұрттың бәрі ... боп тысқа қарай ақтарылды. Бұл кезде әр жақтан да түн тыныштығын қақ жырып шыққан шошынған шулар естіліп жатыр еді. Сол дауыспен аралас тасты жерде тарсылдатып шапқан көп аттың ... сатылдап қатты қағысып жатқан сойыл даусы да естілгендей болды.

   Тысқа шыққан ер –азамат қарбаласып ... жүгіріп, қақтығысып, жүріп, сойыл қаруларын табысып алып, бірі ілгері, бірі кейін ... етіп аттарына мініп жатты. Алғашқы шу мен жылқы жақтан аттанды естіген ат – айғырлар тықыршақ атып шыдай алмай, басты байлаулы болса да, кермені сүзіп жөнеліп тынышсызданып тұр еді (М. Әуезов)

    Еліктеу сөздер: абыр – дабыр, лек – лек, шақыр – шұқыр, қалбалақтай, дабыр – дұбыр, сатыр – сұтыр.

  2. Бейнелеуіш сөздің астын сыз, жұмбақты шеш. Есіңе сақта!

1. Жылт-жылт  еткен,

    Жылғадан  өткен.

                      Жауабы: _______________

2. Көк көйлекті жеңешем,

    Көлбең – көлбең етеді.

   Желмен ұшып кетеді,

   Жер түбіне жетеді.

                    Жауабы: _______________

3. 297- жаттығу.  Еліктеу  сөздерді  тауып,  қандай  сөздермен  тіркескенін  тап.

( күмп  бердім,  дүр  етті, селк  етті, бұлт-бұлт  етіп, жарқ-жұрқ  етіп)

          8-сыныптың  «Қазақ  тілі» оқулығында  екі жаттығудың  біреуі  деңгейлік  тапсырмалармен  беріледі.

           Бұл  технологияны  пайдаланудың  нәтижесінде  оқушының  пәнге  қызығушылығы  артады.  Оқушыны  алдына  мақсат  қоюға  жетелейді. Жаңаны  бұрынғы  білетіндерімен  ұштастыра  білуге  дағдыландырады.  Сабақ  белсенді  өтіп, таным  қабілеттері мен шығармашылық  серпіліс  туындайды.

            Сатылай кешенді  талдау  технологиясы – оқушыларға  білімді  ғылыми  негізде  сатылай,  жүйелі,  кешенді  меңгертіп  оқыту.    Сатылай кешенді  талдау  технологиясы – тек  қана  білімді  белгілі  бір  көлемде  беріп,  қажетті  шеберлік  пен  дағдыны  қалыптастырумен  ғана  шектелмейтін,  сондай-ақ  білім  алушының  жалпы  тұлғалық  дамуына,  ойлау,  есте  сақтау,  қиялдау  сияқты  танымдық  қасиеттерінің  үйлесімді  дамуына  және  жоғары  деңгейде  жетілуіне  бағытталған  оқытудың  түрі. Қазақ  тілі  бойынша  сөз  ететін  болсақ,  тілдік  бірліктердің  жүйелі  орналастырылуы, тілдің  әр  саласынан  өтілген  материалдарды, ондағы  түрлі  грамматикалық  тұлғалардың  атқаратын  қызметтерін,  тыныс  белгілерінің   қолданылу  ерекшеліктерін  талдап,  саралап,  жинақтап  меңгертуге  негізделеді.  Сатылай  кешенді  талдаудың  өзегі – тірек  сызбалар.  Тіл  білімінің  барлық  салаларынан  өтілетін  материалдардың  негізгілері,  нң  басты  теориялық  мағлұматтары  сызбаға  жүйелеп  орналастырылады.  Әр  саты  бір – бірімен  үндесіп,  бір –біріне сілтеме  жасап,  бірін – бірі  толықтырып,  тұтас  кешенді  береді.  

Мысалы, 7-сыныпта  өткізген  «Есімшенің  сөйлемдегі  қызметі» деген  сабағымда  188-жатығуды  орындау барысында  «шапқанын» сөзіне  оқушылармен  бірге  сатылай  кешенді  талдау  жасап  көрдік.   

 

 

                                                                            Шапқанын

                                                      

                                                         1.Бұл сөз 3 құрамнан тұр. Шап-қан-ын

                                                   2.Тұлғасына қарай:

                                                      Шап-негізгі түбір.             

                                               

                                           3. –қан  есімшенің  жұрнағы

                                

                                   4. –ы  тәуелдік  жалғауының  ІІІ жағы

 

                            5.  –н табыс  септігінің  жалғауы

 

 

                    6. Құрылысына  қарай

                        Дара  етістік

 

            7. Заттық  мағынада  жұмсалған (-ған  жұрнағы  заттық  мағына  беріп           

                   тұр)

 

     8. Сұрағы  Нені? 

 

 

9. Сөйлемдегі  синтаксистік  қызметі – есімше  тұлғалы  толықтауыш

      

       Нәтижесінде  оқушы  бір  сөзге  жан-жақты  талдау  жасай  отырып,  бұрынғы  сыныпта  оқығандарын  еске  түсіреді,  ойлау,  есте  сақтау,  өзіндік  пікір  түю  сияқты  танымдық  қабілеттері  дамытады.

 

       Көптеген  технологиялар  арасында  оқушылардың  оқу  белсенділігін  қалыптастыруға   аса  қолайлы  технология – сын  тұрғысынан  ойлау  жобасы.    Сын тұрғысынан ойлау технологиясы- біріншіден сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке  ойлау болып  табылады. Ал, сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім ойлары мен пікірлерін тәуелсіз құратын болады.  Екіншіден, сұрақтар қойылып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.   Үшіншіден, көңілге қонымды дәлелге ұмтылады, мәселені  шешудің жолын іздеп табады. Ал, оқушы белсенділігін қандай тәсілдер арқылы арттыруға болады деген смұрақтарға байланысты «сыни ойлауды дамыту» жобасы авторларының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады:

-         күтілетін  нәтижелерді нақты айқындау

-         жазба жұмыстарын жиі орындау

-         оқушылардың ой-өрісін дамытатын сұрақтар қою

-         бірлесе оқу тәсілдерін қолдану

-         оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру

     Сын  тұрғысынан  ойлау  сабақтарында   оқушы  өзін -өзі  еркін  ұстап,  өзгеге  сенімін,  жылуын  күшейтеді.  Оқушының  тақырыпты  толық  меңгеруіне,  уақыт  үнемдеуге,  өз  бетінше  жұмыс  жасауына  өте  ыңғайлы. Сондықтан  өз  сабақтарымда  сын  тұрғысынан  ойлау стратегияларын  үнемі  пайдаланып  отырамын. Мысалы,  8-сыныпта  қазақ  тілінен  «Жалаң  және  жайылма  сөйлемдер»  тақырыбын  өту  барысында  үй  тапсырмасын  «Кубизм» әдісі  бойынша  пысықтадым.

«Кубизм» стратегиясы

1.     Сөйлем  дегеніміз  не?

2.     Сөйлем  айтылу  мақсатына қарай  нешеге  бөлінеді?

3.     Сөйлемнің  құрылысына  қарай  қанша  түрі  бар?

4.     Жай  сөйлем  дегеніміз  не? Жай  сөйлемнің  түрлерін  ата.

5.     Құрмалас  сөйлем  дегеніміз  не?

6.     Жақты, жақсыз сөйлем  дегеніміз не?

 

Ал  сабақты  бекітуде  «Венн диаграммасы» әдісін  қолдандым.

 

Жалаң сөйлем

Ұқсастығы

Жайылма  сөйлем

Тұрлаулы мүшелерден  тұрады.

Тұрлаусыз  мүше  қатыспайды.

Жақты,  жақсыз  болады

Жай  сөйлемнің  түрі.

Тұрлаулсыз  мүшелері  қатысады.

 

       Сол  сияқты осы  8- сыныпта «Талғаулы  салалас»  тақырыбын  өткенде  сабақтың  үй  тапсырмасын  пысықтау  және  қорытындылау  бөлімдерінде  «Топтастыру»  стратегиясын  тиімді  пайдаландым. 

-Салалас  құрмалас  сөйлемнің  түрлерін  ата.

Салалас  құрмалас  
        сөйлем
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Салаласа  байланысады                                    баяндауышы тиянақты болады

 

 


                                                                                               әр жай сөйлем

тек жалғаулық                                                                       тәуелсіз ойды

Талғаулы  салаласарқылы                                                                                   білдіреді

байланысады

 

 

 


                                                                                                 бір жай

араларына үтір                                                                         сөйлемдегі

қойылады                         немесе шылауы бір                             әрекет қана

                                           рет  келсе үтір                                     жүзеге асады

                                           қойылмайды

       Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегияларында  оқушы  төмендегідей  нәтижелерге  жетеді.

-         оқушы  өздігінен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  алады.

-         тапсырмаларды  өзі  талдай  алады

-         өз  ойын  анық  жеткізе  алады

-         бір – бірін  бағалайды

-         өз  қателерін  түзетеді

-          жеке  қабілеттері  анықталады

-         бір-бірінен  қалмауға  тырысады

        Топпен  орындалатын  жұмысты  тапсыру  да – маңызды  әдіс. Бұл  әр  оқушының  өзін-өзі  танытуына  да,  өзіндік  қасиеттерін  қалыптастыруға  да әсер  етеді.  Топтық  жұмыстарға  тапсырмаларды  бірігіп  отырып  орындау,  өзара  пікір  айту,  бірге  мәтін  құрау  жатады.  Мысалы,  8-сыныптағы  жоғарыда  келтірілген  сабақтарда  мынадай  топтық  тапсырмалармен  жұмыс  жүргіздім.

Топпен   жұмыс

      Тапсырма.  1. Салалас  құрмаластың   екінші  жай  сөйлемін  тауып,  сөйлемді  аяқта.

                     2. Салаластың  қай  түрі? Түсіндір.

                     3. Сөйлем  мүшесіне  талда.

І топ       Бұл  істің  шындығын  не  көзімен  көрген  айтар,(не  құлағымен           

                                                                                                  естіген  айтар.)

ІІ топ       Сонда я жүрегім  жеңер, (я  білегім  жеңер.)

        Тапсырма:   Жалаң  сөйлемді  жайылма  сөйлемге, жайылма  сөйлемді  жалаң   сөйлемге  айналдыр.

1. Абай – ақын.                                           1.______________________________

2.________________________                  2.Осындайда сен досқа  зар  боласың.

3. Түсуім  керек.                                         3.______________________________

4.________________________                  4. Домбыраның  дауысы  шықты.

5.Арманым  бар.                                         5.______________________________

6. ________________________                  6. Бүгін бізге  тынығу  керек.

    Нәтижесіндежаңа  технология  әдістерін  сабақта  пайдалану  білімді  және  іскерлікті  меңгеруге  әсер  етеді,  себебі  оқушының  танымдық  қабілеттері  білімді  иеленуге  ұмтылдырады. Дамытушылық  рөлі  бар,  яғни  ойлаудың  дербестігін,  қызығуды  және  ынтасын  дамытады.

 

Есте сақтайды,Есіне түсіреді,Пікір пайда болады,    Ойлау,Ой түйеді,Көзқарас қалыптасадыыыы
Өз білімімен бөліседі Ізденеді
Қызығушылық
Зерттейді Ішкі сезімін сыртқа шығарады
Пікір таластырады
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                              

 

 

 

 

 

 

          Осындай жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күннен күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Сондықтан сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану өте тиімді деп ойлаймын.

         Иә, жүйелі қашанда жемісін бермек «Мектептің тірегі де, тілегі де оқыта білетін мұғалім» деп А. Байтұрсынов айтқандай оқытудың озық технологиясын меңгермейінше жас ұрпаққа заман тамабына сай білім беру тиімсіз. Жаңа технология әдістерін тиімді пайдалана білсек мол жетістіктерге жетеріміз сөзсіз. Ол қызығушылықтан бастап тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ беріп, жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады.

          1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді

          2. Ақыл – ойын дамытады

          3. Шығармашылық белсенділігі артады

          4. Тіл байлығын жетілдіреді.

          5. Ұжымдық іс –әрекетке тәрбиелейді.

        Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін және оның жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Осы тұрғыда оқытудың жаңа әдіс – тәсілердін пайдалану тиімді деп әбден айтуға болады. Бұл әдіс – тәсілдер балаларды сауатты жазуға, сөйлей білуге, өз ойларын ауызша – жазбаша еркін баяндауға баулиды, танымдық қасиетін дамытады. Сонымен қатар өзім сабақ берген сыныптарда осы әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану арқасынада оқушылардың пайыз көрсеткіші жоғары болды.  

        Өзімнің мұғалімдік тәжірибемде әр сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруды басты назарда ұстадым. Сондықтан сабақтың типін, әдісін өзгертіп, сабақты өмірмен байланыстырып, оқу үрдісіндегі жаңа технологияны тиімді пайдаландым. Бұл тәсілердің көптеп қолданылуы оқушыларды шаршатып жалықтырмайды деп толық айта аламын.

        Мен өзім сабақ беретін сыныптарда жаңа әдіс – тәсілдерді өз тәжірибемде қолданып жүрмін. Кез  келген әдісті қолдану арқылы жұмысымда оң өзгерістер болғанын байқап жүрмін. Біріншіден, оқушылар өз ойын айта алатын болды, кез  келген нәрсені сыни тұрғыдан ойлауға үйренді. Екіншіден, пәнге деген қызығу арта түсті. Сондай – ақ топтық жұмыстар мен жекелей жұмыстар оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізетініне көзім жетті.

      «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» дейді халқымыз. Жаңа    технологияларды        пайдалана отырып, жас ұрпақтың танымдық қабілетін дамытып, тілге, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру – мақсатым, құнарлы жерге сепкен «білім» егінімнен мол өнім алуға тырысып бағамын.     

 

 

 

                                          

 

                                                         Жоспар

 

 

 

І Кіріспе бөлім

 Қазақ тілі пәнін оқытудың ғылыми – педагогикалық проблемалары.

 

 

ІІ Негізгі бөлім

   1. Жаңа технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі.

   2. Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

 

 

ІІІ Қорытынды бөлім

     Оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Рецензия

 

 

        «Жаңа технология элементтерін қолдану арқылы қазақ  тілі пәнін  оқытуда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбындағы баяндама тақырыпқа сай жазылған. Ғылыми негіздерге сүйеніп, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда жаңа технология элементтерін пайдалану жолдарын әрбір сабақтың ерекшелігінен сай көрсете білген.

        Осы баяндамада көкейкесті мәселелер қамтылып, оқушылардың танымдық қасиеттерін арттыру мақсатында сабақ жоспарлары, көрнекіліктер, оқушылардың ойлау, өз бетімен жұмыс, белсенділік қабілетін дамытатын жұмыс түрлері анық көрсетілген. Қазіргі заман талабына сай терең біліммен шыңдалған тәжірибеге сүйеніп, көмекші әдістемеліктер мен педагогтардың пайымдауларын негізге алып, әрбір оқушының қабілеті мен дайындығына қарай қызығушылығын ұйымдастыру қамтылған.

 

 

 

 

 

Пән бірлестік жетекшісі:                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш қағаз

 

Баяндаманың  тақырыбы:               Жаңа технология  элементтерін қолдану   

                                                           арқылы қазақ тілі пәнін  оқытуда 

                                                           оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.

 

Баяндама авторы:                            Нигметова Самал Әділбайқызы

 

 

 

Жұмыс орны:                                   Атырау облысы, Индер ауданы,

                                                          Б.  Нысанбаев атындағы орта мектеп,

                                                          қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

 

 

Наградалары:         

 

 

 

Мекен – жайы:                                 Атырау облысы, Индер ауданы,

                                                           Көктоғай селосы Ә. Молдағұлова көшесі

 

 

 

Телефоны:                                        28 – 5 – 39

 

 

 

                                                Аңдаухат.

   Баяндама тақырыпқа сай мазмұны ашылып, ғылыми негіздерге сүйеніп жазылған. Жаңа технология элементтерін қолдану арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу, қызығушылық сияқты танымдық қабілеттірін дамыту әдістерін кеңінен көрсете білген. Оқушы бойындағы біліктілігін дамытуда өзекті мәселер қамтылған.

 

 

 

 

                                                 Annotation.

The report is written opened contents and upon scientific basis according to theme. The used elements of new technology is developed pupil’ s think, speak, interest. The comprised main problems of developing pupil’ s knowledge.          

 

 

 

 

 

 

 

                                             

Пайдаланған әдебиеттер.

 

1. Ж. Нұржан. «Қазақ тілін оқыту технологиясы»

                                  Алматы «Ғылым»                              2008 ж

2. «12 жылдық білім»                                                          №1  2006 ж.  

3  «Қазақстан  мектебі»   журналы                                    №3,10,12  2010ж

4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.                              №1, 4   2007 ж.

5. «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» журналы      №2   2007 ж

6. «Қазақ тілінен әдістемелік нұсқау»          9 – сынып            2009 ж 

7. «Қазақстан  мектебі» журналы                                      №3,10,12  2010ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Жаңа технология элементтерін қолдану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 880 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2016 1928
    • DOCX 165.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канапьянова Бахытгуль Мукашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18093
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции