Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама "Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі"

Баяндама "Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі"

Скачать материал

Баяндама

 

Тақырыбы: Жаңартылған  білім беру мазмұнындағы бастауыш   мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі.

Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын.  Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр.  Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі.  Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің  «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына,  олардың жан- жақты дамуын, рухани  бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады. Қазіргі кезде заман талабына сай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілеті мол   тұлға қажет. Ондай тұлға жалпы орта білім беру арқылы, немесе мектеп арқылы даярланады.

XXI ғасыр талаптарына  сәйкес  мектеп оқушылары бүгінгі заманда және келешекте қол жетімді табысқа жету үшін, бұрынғыдан да анағұрлым дағдыларды  меңгеруін қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі өзгерістердің бірі- жаңартылған білім беру мазмұнына көшу болып табылады және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қарастырылып,енгізілуде  Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне,ұйымдастыру қабілеттілігіне,шеберлігіне байланысты.Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістердің білім беру саласы шет қала алмайды.

Осыған байланысты бағдарламаның мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынша  білім  беруді жаңарту  және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың жауапкершілікті түсіну  мен олардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруде  және 6ілім беру үдерісіндегі  көптеген мәселелерді  шешуге қосқан үлесіне байланысты.

Бағдарламаның міндеттері:

               *бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының      құрылы­мымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсат­тарымен таныстыру;

  *бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес ке­летін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

    *бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

     *мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағ­дыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер

*мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;

* бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

*бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;

*мұғалімдердің орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.

Сонымен қатар, мұғалім мен оқушының тұлғалық -бағдарлы өзара қарым-қатынасы маңызды орын алып отыр. Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің  қалыптасуына ерекше мән беріледі.  Сондай-ақ білім   беру факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік  ортаның кipiгyi  көзделеді.

Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары

Рухани құндылықтар

Дағдылар

v  Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

v  Қарым-қатынас жасау қызметі;

v  Өзгелердің мәдениетін және көзқарастарына құрметпен қарау;

v  Жауапкершілік;

v  Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету:

v  Сын тұрғысынан ойлау

v  Білімді шығармашылық  тұрғыда  қолдана білу қабілеті

v  Проблемаларды шешу қабілеті

v  Ғылыми -зерттеу дағдылары

v  Қарым-қатынас дағдылары(тілдік дағдыларды қоса алғанда)

v  Жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті

v  АКТ саласындағы дағдылар

Білім беру бағдарламасы              Үйлесім: Оқушылардың табысын арттырады

 

 


Оқыту тәсілдері                                    Бағалау

Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және критериалды бағалау
жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты пайдалану

Оқу бағдарламасы

Оқу жоспары

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Оқу мақсаттары

Оқу мақсаттарына негізделіп ұсынылған жаттығулар

Оқу мақсаттарын қалыптастырушы бағалауға қатысты шешімдерді қуаттау

БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Бағдарлама алты негізгі пəндерді қамтиды:

 · Қазақ тілі;

· Сауат ашу;

· Əдебиеттік оқу;

· Математика;

· Жаратылыстану;

 · Дүниетану.

 Осы пəндердің əрқайсысын оқыту бірнеше бөлімдер арқылы ұйымдастырылған. Кейбір бөлімдер əрбір пəнді зерделеу кезеңдерін көрсететін болса, ал кейбір бөлімдер тек қана 1-сыныпта, 2-сыныптан 4-сыныпқа дейін немесе 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін оқытылады.

Дағдылар  тобы

Тыңдалым

Сипаттама

Оқу бағдарламасының  мақсатына  сәйкес әр түрлі  тыңдалым  стратегиясының пайдалана отырып, әр түрлі тыңдалым тұпнұсқасының және түрінің мазмұнын  түсіну

Оқылым

Оқу  бағдарламасының  мақсатына сәйкес оқылымның әр түрлі  стратегиясын пайдалана отырып, оқу үшін әр  түрлі мәтіндер  түрінің  мазмұнын  түсіну

Жазылым

Оқу  бағдарламасының  мақсатына  сәйкес бөлшектеріне  және оқиғаларына  көңіл бөліп, әр түрлі жазбаша мәтіндерді  жасау

Айтылым

Оқу  бағдарламасының  мақсатына  сәйкес ресми, спецификалық  стилін тиімді және сауатты қолдану

Жаңартылған  білім беру бағдарламасы

Ұзақ мерзімді жоспар:

*оқу мақсаттарын ортақ тақырыптық бөлімдерге топтастырады;

*алдыңғы жұмыспен, оқу мақсаттарымен өзара байланыс орнатуға және оқытудың одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді;

*бөлімдер арасындағы теңестірілген және басқарылатын байланысты орнатуды қамтамасыз етеді

Орта мерзімді жоспар:

* мұғалімдерге өз сабақтарын жоспарлауға қажетті бөліктерді (деталь)ұсынады;

* сабақ беруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы мүмкіндік жолдарын анықтайды;

* оқытудың кіріспе, дамыту мен бекіту тәсілдерін және негізгі ресурстарын ұсынады;

* бағалаудың мүмкіндіктерін анықтайды;

* тілдік қабілеттерді жетілдіретін талаптарды анықтайды.

Қысқа мерзімді жоспар:

* оқытуды ұйымдастырудың үдерісін: жаппай оқыту, топтық, жұптық жұмыс, жеке жұмысты анықтайды;

* оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады

* бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және оқушының оқу мақсатына жетуі туралы кері байланысын ұсынады.

ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ

СЫНДАРЛЫ  ОҚЫТУ   –оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда  тиімді  пайдалана  білу. Оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ -( белсенді  оқу) белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді.

ЗЕРТТЕУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН  ОҚЫТУ МЕН ОҚУ -сыныпта қолданудың көптеген тəжірибелік модельдері бар. Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі «Əлеуметтік ықпалдастырылған зерттеу моделі» деп аталады.Модель əртүрлі 7 зерттеу кезеңін қамтиды.

Ретке келтіру, зертеуге дайындық, Зерттеу, сұрыптау, алға ілгерілеу, байланыс орнату, шара қабылдау.

Критериалды бағалаудың маңызы

Ø  Мұғалімдер : Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға

Ø  Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға

Ø  Сабақ берудің сапасын арттыруға

Ø  Оқушының  жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға

Ø  Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

q  Оқушылар: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға

q  Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін  түсінуге

q  Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге

q  Сыни ойлауына,еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға

q  Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін  түсінуге

q  Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге

q  Сыни ойлауына,еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

 

Қалыптастырушы

Қалыптастырушы   бағалау (Formative-күнделікті)

Жиынтық

Жиынтық  бағалау (Summativ/қорытынды)

Оқыту  барысында

Тақырыптың немесе тараудың  соңында 

Кері байланыс  береді

 Қорытынды  тұжырым береді

Оқушыларға  өз жұмысына  түзетулер жасауға  көмектеседі

Оқушыларға өздерінің  нені үйренгендігін  көрсетуге  мүмкіндік   береді

 Мұғалімдерге  өз жұмысын  жоспарлауға    көмектеседі

Меңгере алмаған  тақырып бойынша жоспарлай отырып жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді

Ата-аналар өз баласының білім деңгейінің нақтылығын  байқайды.

Білімнің жетістігін, кемшіліктерін байқауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада оқу мақсаттарын тиімді қолдану жəне мониторинг жасау үшін кодтық белгілеу енгізілді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты,екінші жəне үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағида­ты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.  Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды.

·        Белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);

·        Бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);

·        Таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу);

Негізгі ерекшеліктері:

·        Оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды:

·        Әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі:

·        Жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейінгі алынған ақпарат тұрғысына қарастырылады.

·        Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-əрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.

Оқушылар  алға ілгерілеу шамасына қарай бір сынптан екінші сыныпқа ауысқан сайын бұл тақырыптарды анағұрлым тереңірек түсінеді және онымен байланысты тиісті тұжырымдамаларды  қолдануға мүмкіндік береді.

1 сынып

Қосу және алу элементтерін білу.

2 сынып

Оқыған және жазған кезде қосу және алу элементтерінің атауларын пайдалану

3 сынып

Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және алу (ондықтарды ауыстыру арқылы)

 4 сынып

 Оқыған және жазған кезде қосу, алу, көбейту және бөлу элементтерінің атауларын пайдалану

 

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында нақты пән бойынша оқушылардың меңгерген білім мен білік дағдыларын келешекте өмір жолында шығармашылықпен  пайдалану,жетістікке, көздеген мақсатына  қол жеткізу жолында өмір бойы білім алуға жетелейді. Біздің болашағымыз жас ұрпақ. Ұрпақтарымызды білімді, мәдениетті де саналы да сапалы  етіп тәрбиелеу үшін,  күш – жігерімізді салып аянбай еңбек  етуге   міндеттіміз.

 

 

«№48 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама   

Тақырыбы: Жаңартылған  білім беру мазмұнындағы бастауыш

             мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                Бастауыш сынып мұғалімі:  Амренова А.А.

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  1. Баяндама
  2. Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі.
  3. Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 517 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.10.2017 4704
    • DOCX 31 кбайт
    • 54 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амренова Айгерим Айтахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амренова Айгерим Айтахметовна
    Амренова Айгерим Айтахметовна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4766
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 684 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 276 человек