Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Баяндама "Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы мұғалім"
  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жаңаша мектепке- қазіргі заманғы мұғалім»



Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңдағы мектептің жаңашыл мұғаліміне қойылатын басты міндет – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі таңда мұғалім болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.

Қазіргі мектеп мұғалімі жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық   шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеуметтік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады. Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан инновациялық түрлі тәсілдерін, педогогикалық білімдерін үнемі жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайлана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. Қазіргі кезде жаңашыл мұғалімнің жеке басына көптеген ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек. Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алшақтық болмау керек. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Заман талабына сай білім мен тәрбие беру – мұғалімнің басты міндеті. Ендеше, жаңашыл мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға болуы қажет. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу – жаңашыл мұғалімнің басты міндеті.

Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».

Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен  өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», – дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады. Демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады», – деп айтқанындай, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады

Қорыта айтқанда, жаңашыл мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс.



101 орта мектебінің

денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Құлмағамбетов Бақытжан



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров156
Номер материала ДВ-421366
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх