Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама "Жаңаша оқыту-заман талабы"

Баяндама "Жаңаша оқыту-заман талабы"

Скачать материал

                      ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

          Қaзiргi тaңдa ортa бiлiм беру жүйесiнде әлемдiк жоғaры деңгейге қол жеткiзген aнaғұрлым тaнымaл оқыту әдiстемелерi aрaсындa сындaрлы (конструктивтi) теориялық оқытуғa негiзделген тәсiл кең тaрaғaн (Hattie, 2009). Осы бaғдaрлaмaның негiзгi мiндетi-қaзaқстaндық мұғaлiмдерге педaгогикaлық тәжiрибелерiн жетiлдiру және бaғaлaуғa көмектесу. Aтaлған бaғдaрлaмa сaбaқтaрдa қaрaстырылaтын жетi модульге сaрaлaнғaн. Aлaйдa, осы жетi модульде қaрaстырылғaн идеялaр сaбaқтa пaйдaлaнылaтын жекелеген стрaтегиялaр мен тәсiлдер сияқты өзaрa бaйлaныстa болaды. (Мұғaлiмге aрнaлғaн нұсқaулық. 12-бет) Осындaй мaқсaтпен мектептегі тәжірибе кезінде  2«Ә» сыныбындa тізбектелген сабақтар топтамасының төртінші сабағы Т.Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай» тақырыбына сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты:  бір сабақта жеті модульді ықпалдастыру арқылы топта жұмыс істей отырып,  мәтін мазмұнын ұғыну,,сыни ойлауға дағдылану.. Сабақ барысында  күтілетін нәтиже: Мәтін мазмұнын ұғынады, топпен жұмыс істеуге дағдыланады; жеті модуль ықлапдасады,сыни ойлауға ынталанады. Түйінді идеясы: Ұлы адамдар өмірі-бізге үлгі-өнеге. Сабағымның ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың күнделікті сабаққа қандай  көңіл-күймен  келгендерін  смайликтер арқылы білуден  бастадым. Менiң «көңiл-күйiм» деп, оқушылaр өздерiнiң бүгiнгi сaбaқтaғы көңiлдерiн «өте жоғaры», «ортaшa», «төмен» күйдегі  смaйликтермен белгiледi. Шыны керек, оқушылар бұрынғы сабақтарға қарағанда қызығушылық танытып таласа  жабыстырып жатты. Сaбaқтың кiрiспе бөлiмі ынтымaқтaстық aтмосферaсын қaлыптaстырудaн бaстaлды.Оқушылар арасында ынтымaқтaстық aтмосферaсын қaлыптaстыру үшін    «Жақсы көремін»  тренингін өткіздім. Бұл тренингте оқушылар өздерінің кімді? неліктен? жақсы көретіндіктерін жеткізе білді. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру барысында мені таң қалдырған  тосын жаңа тың идеялар болды.. А деңгейіндегі оқушым мен анамды жақсы көремін, өйткені ол мені өмірге әкелді,мені аялап өсіреді десе, В деңгейіндегі оқушым мен ұстазымды жақсы көремін, өйткені ол маған білім  береді деп қуантты. Осындай мүмкіндіктер бере отырып,  оқушыларымның ойлау қабілеті мен ойларының  әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткіздім.Ең алдымен класта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру керек екендігіне көзім жетті. Оқушыларыма қолдау көрсете отырып, оларды «От шашу» арқылы бағалап кеттім. Оқушыларды басқа оқушылармен қарым –қатынас жасату мақсатында сыныпты жыл мезгілдері   атауларымен топқа  бөліп  алдым Топқа бөлу барысында сыныпта шу және кедергілер болды. Кейбір балалар  өзінің қай жерде отыратынын білмей достарынан көмек сұрап жатты. Осылайша төрт топ отырды. Бірінші топ: «Қыс», екінші топ: «Көктем», үшінші топ: «Жаз»,   төртінші топ «Күз». Топтaсудa тез топтaсқaн топқa «үш шaпaлaқ» соғылды. Топтарына  балалар отырғаннан кейін, сабақта топпен жұмыс жасауда қажет болатын, топтық ереже құруға берілді. Оқушылардың алдарына топта жұмыс жасауда қажет болатын, қажет болмайтын біршама сөздер тастадым. Оқушылар қажетін таңдап алып, плакатқа жапсырып, топтың ережесін құрып алды.

  Бұл тaпсырмa олaрды топтық жұмысқa бейiмдеумен қaтaр aлдaғы уaқыттaғы aтқaрaтын iстерiне жaуaпкершiлiкпен қaрaуы керектiгi турaлы ойлaндырды. Бiр қуaнғaным – бaлaлaр бұл жaңaлықты тез қaбылдaп, меңгерiп кеттi.

Үй тапсырмасын оқыту мен оқудағы жаңа тісілдерді пайдалана отырып   «Домино» әдісі аркылы пысықтадым. Яғни өтілген мәтіндерден үзінді алып, оны сол мәтіннің тақырыбымен сәйкестендіру тапсырылды. Мысалы: «Бала Абай», «Бала Абай мен Барлас ақын», «Қоңыр қозы» мәтіндерінен үзінді алынып, оны мәтін тақырыбымен сәйкестендірді. Оқушылар тапсырманы орындап шықты.Бұл тапсырманы орындау кезінде ІІ топтағы А деңгейіндегі оқушым өзінің ерекше қабілетін таныта біліп бірінші орындап шықты.Топ мүшелері бірін-бірі «Екi жұлдыз, бiр тiлек» әдiсi бойыншa бaғaлaды.Мысалы, І топтағы В деңгейдеғі оқушы: «ІІ топ тапсырманы  өте жылдам және бәрін дұрыс сәйкестендірген» деп өзінің жұлдызын берді. Ал  ІV топтың қатесін ІІІ топтағы С деңгейдегі оқушы байқап, «Қоңыр қозы» мәтінін дұрыс сәйкестендірмеген» деп өзінің тілегін білдірді. Бұл жерде  С деңгейдегі оқушымның басқа топтың қатесін табу арқылы өзінің бұл мәтінді меңгергендігін көрсете білгендігіне қуанып қалдым. Оқушылaр бiрбiрiне бaғa беруде белсендiлiк тaнытып, жaқсы жaқтaры мен кемшiлiктерiн көре бiлдi. Сыни тұрғыдан ойлау модулі оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді (Нұсқаулық,48 бет) дегеніндей, жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін жаңа сабақтың таныстырылымы кезінде интербелсенді тақтадан жыл мезгіліне байланысты сөзжұмбақ шешілді. Әр топқа тақырыпты ащу үшін сөзжұмбақтың ерекше тор көзінен шыққан «көктем» сөзін тақырып етіп алып әңгіме  құрастыруға нұсқау бердім. Оқушылар өз беттерінше сыни тұрғыдан ойлана отырып, шағын әңгіме құрады. «Көктем» тобындағы А деңгейіндегі оқушының құраған әңгімесі өте мазмұнды болды. А деңгейіндегі оқушым өзінің  шығармашылық қабілетін таныта білді. Осындай әдемі көктемде бала Мұхтар қайда келіп еді? деген сұраққа сыни ойлана отырып, оқушылар  жаңа тақырыпты аша білді. Оқушыларға бір-бірін оқытуына мүмкіндік беру керек. «Джигсо» әдісін қолдану кезінде тақырыпты топ  мүшелері бір-біріне түсіндірді. Оқушылар ақпаратты өз бетінше оқып, оны өзінің ой елегінен өткізуге мүмкіндік алды. Топта сабақты жақсы меңгерген оқушылар қалды. А деңгейіндегі оқушылар кластастарына меңгерілген ақпаратты түсінікті жеткізе білді. Осы оқушылар  кластастарының және өз оқуына жауапты екендерін сезінді. «Жигсо» әдісімен жұмыс кезінде өз тәжірибиемде мәтіндердің мазмұны жағынан қызықсыз, мәліметтері жоқ болып келуі де кездесетін мәтіндерді тарату жеке және топтық жұмыстар арасында жұмыс жасау кезінде тиімді болды. Кейін жанұяларына қайта келіп топпен талқылады, ой бөлісті,тақырыптың негізін ашты.Топтар берілген тақырыпты мұғалімнің  көмегінсіз өздері жан-жақты ізденудің арқасында, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап берді. 1-топ «Бала Мұқтар Абай ауылына келді», 2- топ «Абайдың назары Мұхтарда», 3- топ «Абайдың батасы», 4-топ «Мұхтар жазушы» тақырыпшалар бойынша таныстырылым дайындады. Топтар  берілген тапсырманы тиянақты, жылдам  орындап таныстырылымын қорғауға ортаға шықты. Оқушылар өздерінің түсінгендерін ортаға емін-еркін,  ойларын тиянақты жеткізе білді. Әсіресе А деңгейіндегі оқушым өзінің дарындылығын көрсете білді. Мысалы, А деңгейіндегі оқушым  «Абайдың батасы» деген таныстырылымды қорғау кезінде  Бала Мұхтар Абайдан бата алып, кейін ол да танымал ұлы жазушы болды. Абайды әлемге танытты деген болатын. А деңгейдегі оқушымның сыни ойлана алатындығына риза болдым.Ал С деңгейіндегі оқушым Абай ауылына келген Мұхтар аспанда тізіле ұшқан құстарға қызыға қарады деп мәтіннен ой түйгендігін жеткізе білді. Топта жұмыс жасау арқылы бұл оқушымның да пәнге қызығушылығы оянғанын біліп қуанып қалдым Осыдан кейін  қалған топ  өздерінің  екі жұлдыз, бір тілектерін  білдірді. Топпен, жұппен жұмыс жасау оқушылардың бір-бірімен пікір алысып, жан-жақты мағлұмат алуға, ой бөлісуінде зор ықпал етті.Топтық жұмыс сыныпты ауызбіршілікке, сыйластыққа, бір-бірінің пікірін құрметтеуге,тыңдай білуге, бірлесіп жұмыс істеуге, шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға   тәрбиелейді.Осыған байланысты менің байқағаным С деңгейіндегі оқушылар өздерін еркін сезініп, ойларын ұялмай айтуға тырысты. «Отыр», «дұрыс емес» деген сөзді естуден гөрі тағы кімнің қандай пікірі бар?,толықтырамын деушілер бар ма?,-деген сықылды сұрақтарға үйрене бастады. Топ  мүшелерінің бір-бірімен  ақылдасып, бірін-бірі тыңдап  жұмыс жасағандары көрінді. Таныстырылымды қорғaу кезiнде тaлaнтты, дaрынды оқушылaр көзге түстi. Бұл дарындылық  пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Оқушылaр жaңaшa әдiс-тәсiлдерге қызығушылық тaнытып, өз ойын еркiн жеткiзе бiлуге, өзiндiк пiкiрiн қaлыптaстыруғa мaшықтaнды.

Екі жұлдыз, бір тілекте оқушылар тақырыптың  мазмұны түсінікті жеткізгендігін, ұсыныста толықтыру қажет екенін айтып жатты.С деңгейіндегі оқушы  А деңгейіндегі оқушы тобына «Бұл топ өздері нақты,өте жақсы қорғап шықты» деп жұлдыз айта білді. С деңгейіндегі оқушымның өз жұлдызын білдіре алғаны таң қалдырды.  Топтар таныстырылым қорғап болғаннан кейін көңіл-күйлерін көтеру мақсатында  сергіту сәті «Көңілді күн» биін видеороликтен қайталау арқылы жасадық.   Сыныпта оқушылардың күлкісі жиі естіліп тұрды. Мерсер  ( 2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде,олар «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас жасайды. /Нұсқаулық, 29 бет/ «Оқытуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады . Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.Мұғалім оқушыға білім міндеті қоятын талаптарды түсіндіруге, олардың жұмыстарын зерттеуге, сабаққа керекті сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектесуі керек./Нұсқаулық,32 бет.

Сaбaқтың қорытынды бөлiмiнде жaңa тaқырыпты қaншaлықты  меңгергенiн тиянaқтaу мaқсaтындa «Автор орындығы» әдiсi бойыншa сұрaқтaр дaйындaлып, әр топтан ортаға бір оқушыдан шығып,автор орындығына отырды.Қойылған сұрақтарға жауап берді.Мысал келтірсем, «Әдемі көктемде бала Мұхтар қайда келіп еді?», «Абай ауылына келген Мұхтарды не қызықтырып еді?», «Абай Бала Мұхтар жайлы не айтты?», «Абай бала Мұхтарға қандай бата берді?»деген сияқты сұрaқтaрғa оқушылaр ойлaнa, жүйелi жaуaп қaйырды. Негізінде сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Менің сұрақтарым өзім үйретуге тырысқан негізгі ұғымдарға қатысты жоғарырақ деңгейдегі ойлауды қалыптастыруға ықпал етті деп  есептеймін.  .

Сабақтарымда оқушылар көшбасшылық таныта білді.Тек А деңгейіндегі оқушылар ғана емес С деңгейіндегі оқушылар да сыныпта көшбасшы оқушылар  қатарынан табылды. Сыныптың  көшбасшысы ретінде  теориялық білімім мен тәжірибелік   білімімді ұштастыра отырып  сабақты түрлендіріп өткіздім. 

Оқушылар арасында тапсырманы жылдам орындаған оқушылар, басқа оқушыларға көмек беру арқылы  көзге түсті. Өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Барлық қойған сұрақтарымнан жауап ала отырып, рефлексия жасауға бағыт алдым. Оқытуды бағалаудың тиімді жақтарын атап көрсеткенімдей, оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлауын қалыптастыру үшін түрлі сұрақтар қою арқылы оқушылардың нені үйренгенін бағаладым.

  Сaбaқтың соңындa сыныпта оқушылармен кері байланыс орнатуға тырыстым. Кері байланыс үшін « Бағдаршам» әдісін  пайдаландым. қызыл түс-толық түсіндім , жасыл түс -жартылай түсіндім, сары түс  түсінбедім-дегенді білдіреді. Оқушылардың  көбісі қызыл түсті таңдаған, ол бәрін түсіндік деген ұғымды білдіреді. Екі бала жасыл  түсті таңдаған. Бұл оқушылар сабақты жартылай түсінгендігін көрсетеді. Осы оқушылармен әлі де көп жұмыс жасау керек. Олар тақырыптың қай тұсын меңгермегенін анықтап, қосымша бағыт- бағдар беруім тиіс. Қызыл түсті ешкім таңдамаған. Сабақты түсінбеген, меңгермеген бала жоқ екені анықталды. Бұл өте қуанышты жайт, сабақ мақсатына жеткеніне көзім жетті. Сабақта не қызықты болды? Сабақ ұнады ма? оқушылар алдарына таратылған  стикерлерге ойларын осы сұрақ төңірегінде жауап жазып  плакат бетіне жабыстыруын тапсырдым. Бұл тәсілді басқа да сабақтарымда қолданып  отырдым. Мені таңғалдырғандары,  оқушыларға  есімдерін жазу міндетті емес екендігін  ескерткеннен кейін ,  стикерлерге ойларын  барынша ашып жазғандай  болды. Сонымен қатар, сабақтың қызықты, көңілді өткенін, тақырыптың қызықты жерлерін  көрсеткен.  Барлық  қойған  сұрақтарымнан жауап ала отырып, рефлексия  жасауға бағыт алдым.  Оқытуды бағалаудың тиімді жақтарын  атап көрсеткенімдей, оқушылардың жоғары деңгейдегі  ойлауын  қалыптастыру үшін түрлі сұрақтар  қою арқылы  оқушылардың нені үйренгенін  бағаладым.

Әрбір оқушының жүрегінің кілтін таба білу – мұғалімге оңай емес, десекте өз пікірін еркін жеткізе білетін, сандық технологияның қыр-сырын меңгерген, қазақ мәдениетін шексіз сүйетін, шығармашыл, тұлға қалыптастыруға  негіз, ұйытқы бола білсем  деймін.  Заман талабына сай менің және менің оқушыларымның бойындағы өзгерістер осымен тоқталмайды, әрі қарай жалғасын табады. Қорыта келе, өзгеден ақылымызбен, білімімізбен  озып, көшбасшылық таныта білсек,іс-тәжірибемізде өзгерістің енгенін көруге болады. Кәсіби шебер, құзіретті, көшбасшы бола білген мұғалім шығармашылық жетістіктің шыңына жетеді. «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» -деп А.Байтұрсынов айтқандай, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақты түрлендіріп, оқушының ынтасын арттырып, білім беруде оң нәтиже бермекпін.  Түсіну  дәрежесін  бағалау үшін қойылатын сұрақ түрлерін  де жетілдіруім қажет деп ойлаймын.

   

 Пайдаланылған  әдебиеттер:

      1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық.Үшінші деңгей

2. «Бастауыш сыныпта оқыту» -  № 2, 2013ж.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Жаңаша оқыту-заман талабы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 3535
    • DOCX 63.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кузенова Зейнегул Смадиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кузенова Зейнегул Смадиновна
    Кузенова Зейнегул Смадиновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8387
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 412 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек