Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Научные работы / Баяндама "Жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізу барысында кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Баяндама "Жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізу барысында кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары"

библиотека
материалов

Жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізу барысында кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары

Педагогика жүйесі ғасырлар бойы өзінің даму сатысынан өтіп келеді. Педагогика ғылымының негізгі міндеті – адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімді жүйелендіру болып табылады. Сонымен педагогика – адам тәрбиесі, оның заңдылықтары мен механизмдерін зерттеумен айналысатын ғылым. Тәрбие сөзі бұл жерде барынша кең үғымды білдіреді, яғни тәрбие білім беру, оқыту және даму сынды тәрбие компонентерін құрайды. Ұстаздың үздік қасиетінің, шын мәніндегі абырой-беделінің тәрбиелік күші оқушының бойында білімге, жаңашылдыққа, ізгілікке деген ынтасын оятуында, бар ықыласымен оятуында. Педагогтың қалыптасуы, дамуы, даралық сипатта болады. Ол бірден шебер бола алмайды, сондай-ақ, педагогтың барлығы шеберлік шыңына шықпайды. Көпшілік педагогтар шебер болу үшін сан-алуан уақытын, әлеуетін жұмсайды. Өкінішке орай олардың дені шеберлік деңгейіне көтеріле алмай, қалып қояды. Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» деп аталады. Қазіргі заманғы өркениет талаптары білім берудің мазмұны мен формаларын жетілдіруді қажет етуде. Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Педагогтық мамандықты таңдаған әрбір маман үшін педагогикалық іс-әрекет барысында шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту жолдарын меңгеру үшін оның психологиясын білу, екінші жағынан, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін терең білу және оны қолдана білумен сипатталады. Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз-жүйелі процесс, педагогикалық іс-әрекетке табысты нәтижеге жеткізетін, кәсіптік ұстанымды қалыптастыратын жол. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері - педагогикалық білім бірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімділігі, жағдаяттарды меңгеру болып табылады. Педагогикалық міндеттер педагогикалық шеберліктің түпқазығы. Өйткені педагогикалық міндеттер - педагогикалық жағдаяттар қарастыру, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу, жағдаятты қарастыру, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу, жағдаятты талдаудан басталады. Педагогикалық шеберлік ең алдымен педагогтың жекелеген мамандыққа байланысты пәндерді меңгеру деңгейіне байланысты қалыптасады.

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп Абай атамыз айтқандай, оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Жасөспірімдердің ұжымы дегеніміз - әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан күрделі қауымдастықтың жиынтығы. Бұлардың күрделілігі - олардың тұрақсыздығы, өздерінің іс-әрекеттеріне сын көзбен қарамауы, басқалардың, әсіресе мұғалімнің әр уақытта сынауында. Мұғалімнің жасөспірімдердің сеніміне кіруі оңай емес. Жасөспірімдер мүғалімді төмендегідей қасиетіне қарап құрметтейді, сыйлайды.

  1. Әділдігі

  2. Сабақты қызықты өткізуі

  3. Көңіл бөлгіштігі

  4. Талап етушілігі

  5. Бірсөзділігі

  6. Тапқырлығы.

Осы келтірілген алты қасиеттің біреуі мұғалімнің бойында болса, жасөспірім ол мұғалімге сенім артады. Бірақ егер де мүғалім балаға бір әділетсіздікті көрсетсе немесе бір рет оның көңілін қалдырса, онда ол алғашқы көзқарасын өзгертеді. Себебі жасөспірім айтқан сөзге беріктікті, тұрақтылықты қалайды да, мұғалімнің іс-әрекетіне түпкілікті баға бере алмайды. Осыған қарап айтарымыз мүғалімнің жасөспірімнің сенімінен шығып кетуі одан да тез. Сондықтан мұғалім қиын бір жағдаятқа тап болғанда одан ұтымды шығып кетудің жолын қарастырғаны жөн.

Мұғалімнің көп жағдайда оқушыға қойған талабы оқушының көңілінен шықпауы мүмкін. Осыдан барып қарсылық шығады. Мұғалім әр уақытта ұстаздық әдепті сақтап, түрлі жағдаятты шешіп, шатақ, текетіреске бармаған жөн. Мұғалім баланы айқаймен жеңбейді, ұжымның тамырын басып көріп, өзінің қатесіне орынды баға беріп қана балалар ұжымын ақылмен басқарады.

Мұғалім тәрбие жұмысын жүргізу барысында, іс-әрекетті жүргізудің төрт кезеңі бар.

Бірінші кезеңге - мұғалімнің оқушылармен оқу - тәрбие жұмысын жүргізуді ұйымдастыруы, оның шәкірттерді сол жұмысқа жұмылдырудағы ұстаздық қабілеті жатады. Сонымен бірінші кезең – мүғалімнің көңіл-күйі, қас-қабағы, балаларды оқу-тәрбие жұмысына жұмылдырудағы ұстаздық қызметке қабілеттілігі болып табылады.

Екінші кезеңге – мұғалімнің балалар тексеруінен сүрінбей өтуі немесе оның психологиялық тұрақтылығы жатады. Бұл жерде мұғалімнің балалар сынына әсері, шыдамдылығы, ерік, қажыр-қайраты, жігері, қайсарлығы, табандылығы, айтқан сөзін, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуі, талапты орындатуы керек.

Үшінші кезең - мүғалімнің ұстаздыққа деген құнды бейімділігін тексеруден өткізу. Мәселен, мүғалімнің талап ете білуі, мейірімділігі, бір беттілігі, әділдігі, ілтипаттылығы, қайырымдылығы, адалдығы, ізгі ниеті сияқты қасиеттерін балалар тексеруден өткізеді. Әрине, бұл тексеріс әр түрлі жастағы балалар арасында әр түрлі жағдайда өтеді.

Төртінші кезең - мүғалімнің пәнін, тәрбие жұмысын жете білуі, әдістемелік дайындығы. Осы кезең де балалардың назарынан тыс қалмайды. Төртінші кезең мұғалімнің оқушылармен танысу барысындағы қорытынды тексеруден өтуі болып табылады. Бұл кезеңдер әр мұғалімде әр түрлі жағдайда, әр түрлі мерзімде өтуі мүмкін. Жалпы тәрбие әдістері педагогикалық қатынас арқылы іске асады.

Педагогикалық қатынас - күрделі процесс. Оған көптеген адамдардың қатынасы, балаға ықпалы жатады. Ұстаздық қызмет, ұстаздық қызметті ұйымдастыру, балаларды ұжымда тәрбиелеу, балалардың өзара қатынасын ұйымдастыру, бала тәрбиесіндегі қолданылатын әдіс, тәсілдері, құралдары болып табылады. Мұның бәрі педагогикалық (ұстаздық) қатынас арқылы іске асады, ұстаз баланы соған тәрбиелейді. Өсіп келе жатқан адамға толық іс-əрекет мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет əрекет тəсілдерімен қаруландыру, тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу жəне əр тұлғаның болмысындағы табиғаттан берілген нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып салу - əрбір тұлғаның даму процесін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы. Сонымен, оқушы дамуының маңызды жағдаяттарының бірі – оның меншікті өз əрекет –қызметі. Əрқандай іс-əрекет оқушы ықылысымен орындалып, шартты түрде белсенді болуы қажет. Орындаған ісінен шəкірт лəззат жəне қанағат табуы лəзім. Белсенді іс ешқашан шаршатпайды. Ұстаздың үздік қасиетінің, шын мәніндегі абырой-беделінің тәрбиелік күші оқушының бойында білімге, жаңашылдыққа, ізгілікке деген ынтасын оятуында, бар ықыласымен орындатуында. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» екендігін есінен бір сәт те шығармай, сапалы оқыта отырып, саналы тәрбие берсе, жақсыдан үйретіп, жаманнан жиретіп, адами қасиеттерді баланың бойына сіңіруге бағытталған тәлімді тәрбие бере отырып, заманауи талаптарға сай біліммен қаруландырса, сөйтіп тұлғалы азаматты қалыптастыра, ұстаздың кәсіби міндетінің шешіліп, азаматтық борышының ақталғаны.





Автор
Дата добавления 21.05.2016
Раздел История
Подраздел Научные работы
Просмотров124
Номер материала ДБ-093054
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх