Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Баяндама Жастардың азаматтық қасиеттерін тәрбиелеу – тәрбиенің маңызды мәселесі.

Баяндама Жастардың азаматтық қасиеттерін тәрбиелеу – тәрбиенің маңызды мәселесі.

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:


МКҚК «Қарақия кәсіптік колледжі»







Баяндама

Тақырыбы: Жастардың азаматтық қасиеттерін тәрбиелеу – тәрбиенің маңызды мәселесі.





Безымянный.bmp



Өткізген БӘД оқытушы – ұйымдастырушысы:

Дастанов Айдар Есетұлы





2015-2016 оқу жылы

Жастардың азаматтық қасиеттерін тәрбиелеу – тәрбиенің маңызды мәселесі


Балалар мен жастар ұйымдастырының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп-жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматың, патриотың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.

Өкінішке орай қазіргі кезде көптеген жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарап, рухсыздық пен әлеуметтік жетілмегендік, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіпті агрессивтікті байқатады. Сонымен қатар құндылық бағдарлар, іс-әрекет түрткілері, қоршаған әлемге деген қатынас, өз қабілет-бейімдері мен Қазақстан тағдырына деген көзқарастар өзгереді. Жастардың көптерінде білімге, еңбекке, әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметке және адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылықтар жоғалған.

Жастар арасындағы бұндай жайға жол беруге болмайды, өйткені бұл жай Қазақстан республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тура қатер туғызады. Әскери борыштарды орындауда бұл жай ерекше өткір байқалады. Жоғарыда айтылған жағдайдың себебінің бірі патриоттық азаматтық тәрбиенің рөлі мен стратегиялық қызығушылықтары мемлекеттік идеология мен тәрбие жұмысының жалпы принциптерін жасап шығару, тәрбие үрдісі мен жастар саясатының барлық жақтарына әсер беріп арттыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде білім және тәрбие беру саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан тұлға евразиялық мәдениет пен евразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы адамзаттық бастауы қайбір ағартушылық бағдарлама мен идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті адам. Адамгершілік тәрбиенің мазмұнын тәжірибеде іске асыру жастарды өмірде бағыт алып, ізгіліктік пен демократияның мұраттарын қорғай білуге үйретуге жағдай туғызады.

Әлеуметтік ішкі жүйе ретінде тәрбие, азаматтық қоғам институты азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие деп біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік – саясаттық, құқықтық, экономикалық, экологиялық, моральдық – этикалық білімдерін, тәжірибелік іс-әрекет адамдарын қалыптастыру жүйесі мен процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік қасиеттер қалыптасады. Тәжірибелік іс-әрекетте өсіп жатқан адам оның әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттер мен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан процестердің бәріне де белсенді әсер береді. Егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында біздің республикамыздың азаматтық тәрбие жүйесі үшін біз өз тәжірибемізді жинақтауды ерекше көкейтесті мәселе ретінде санауымыз қажет.

Азамат тәрбиесінің келелі мәселелерін қайта қарастыруға қоғамдағы идеологиядан бас тарту жайы ерекше әсер берді. Бұрын түрлі құбылыс, түсініктер, өзінің ішкі, сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан, бәрі бірге қосылып қарастырыла берді. Оған себеп идеология мен саясат бір болды да догматикалық көзқарастар басым орын алды. Осыған орай азаматтық көптеген қасиеттер қоғамда, көбінесе саяси сипатпен, басым белгілен нұсқауларға тәуелді талданып құрылымданды. Жаңа заман азаматтық тәрбиенің құрылымын, компоненттерін, тіпті тәрбиенің өзін де саяси коньюктурадан жеке алып қарастыруға жағдай жасады. Ерекше айта кететін жай жоғарыда айтылғандар әсіресе азаматтық тәрбие мәселелеріне өте қажетті нәрселер.

Азаматты қалыптастыру мәселелері ішінде ерекше өзектісі біздің республикада азаматтық тәрбие жүйесінде жаңа стандарттарды зерттеп дайындау. Біздің республикамыздағы қазіргі азаматтық тәрбие жүйесі бүгінгі күнде ұлттық менталитеттің және әлеуметтік ортаның көпұлттылық ерекшеліктері мен өзгешеліктерін толық есепке алып байқатпайды десек артық болмас. Әрине, бұрын азаматтық тәрбиенің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектері, сонымен қатар, оның стандарттары зерттеліп дайындалған жоқ деуге болмайды.

Азаматты тәрбиелеу жүйесі өз мәнін қазіргі замандық педагогикалық жүйеден алады, бірақ кеңес Одағының бұрынғы республикасы егемендік пен тәуелсіздік алғаннан соң өздігімен дами бастады. Тіпті бүгінгі күн шындығы, ондағы өзгерістер бұл негіздерді қайта қарастыруды талап етеді. Бұл талапты тағы бір айқындаушы себеп – кеңес педагогикасындағы азаматты тәрбиелеу жүйесі басқа құндылықтарда құрылған, кей жағдайда тіпті жаңа өзгерістерге мүлдем келіспеді, өйткені Қазақстан халықтары мен қазақ халқының ерекшелік, өзгешеліктері бар. 1980-1992 жылдар аралығында Москва қаласында тәрбиенің жалпы мәселерін зерттейтін ҒЗИ аспирантурада оқып жүрген кезімде мен өзімнің диссертациялық зерттеуім бойынша жоғары сынып оқушыларының азаматтық белсенділігін қарастырып Қазақстандағы отбасы ерекшеліктерін белгіледім. Ресеймен, оның орта региондарымен және Қиыр Шығыспен салыстырғанда Қазақстандағы ата-аналар балаларының азаматтық белсенділігінің қалыптасуына жоғарырақ әсер беретіні сол кезде дәлелденді.

Азаматтық белсенділікті зерттегенде біз азаматтық белсенділікті тұлғаның интегралдық қасиеті деп анықтағанбыз. Оның негізі тұлғаның адамгершілік қасиеттері, ой-санада бекіген азаматтық сенімдері. Олар барлық халық, қоғам мүддесі үшін саналы мақсатқа бағытталған белсенді әрекетте байқалады. Осыған сүйене отырып тұлға өзінің азаматтық ілкі бастаулары маңайына барлық басқа негізгі сипаттамаларды жинап қоса алады деуге әбден болады. 

Тәрбиенің басқа бағыттарынан азаматтық тәрбие өзінің көпқырлығымен ерекшеленеді. Тұлғаның өмір мен іс-әрекетінің бір ғана бөлігінде белгілі азаматтық қасиеттерді дамытып қалыптастыруға болмайды. Біз белгілендей азаматтық бейне, дұрысырақ айтқанда, азаматтық белсенділік тұлғаның өмірі мен іс-әрекетінің және барлық тәрбие жұмысының нәтижесі болады, яғни, азаматты тәрбиелеу тұлғаның барлық жасампаз іс-әрекетімен шектеледі.

Жоғарыда мысал ретінде келтірілген сипаттамада бір ерекше маңыз бар – ол азаматтық сенімдер. Олар байқалатын іс-әрекетте міндетті түрде саналы болуы керек. Тек қана саналы түрде орындалған азаматтық борыштар мен міндеттер халықпен бірлік сезімін, Отанның гүлденуі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікті туғызады.

Сондықтан, әлеуметтік-педагогикалық түсінік ретінде азаматтық тәрбие мәселелері мазмұнын зерттеуді сана категориясын қарастырумен байланыстырған жөн.

Жеке бастың бір көрінісі ретінде даралық сана, оның психикалық аспекті тек қана ара-қатынаста қалыптаса алады. Яғни, өзіндік сана үшін тұлғаның ұстамы саналы түрде белгіленген болуы керек. Сана арқылы дара тұлға объективті ақиқаты қоршаған әлемді, ондағы өз орнын түсініп біледі. Тұлғаның өзіндік санасы үшін адамның мінез-құлқының маңызы ерекше. Яғни, өзіндік сана «даралық мәнге» ие болады да, ол арқылы қоғамдық және даралық сананың ара-қатысы анықталады, іс-әрекет себебі, адам, оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны, әлеуметтік, азаматтық ұстамы бағаланады. Тұлғаның жетілгендігі оның байланыстарды аңғару дәрежесіне, азаматтық ұстамына, белсенділігіне, қоғамда белгілі орын алуға тырысуына тәуелді.

Бұл жерде ерекше тоқталып кететін жай: кездесетін қоғамдық сана даралық санаға белгілі әсер береді. Ол рухани, эмоциялық, әлемге деген қатынастар жүйелері түрінде болады да, көніл-күйлер, идеялар, елестер, көзқарастар, мұраттар, қоғам мүшелерінің ұмтылыстары арқылы көрініп топтық немесе жалпы қоғамдастықтарда танылған болады, яғни байқалады. Осыған сүйенсек қоғамдық сана саяси, экономикалық, діни, құқықтық, адамгершілік, экологиялық, ғылыми және басқа әрекет түрлерінің лайықты өрісінде негізделеді. Бірақ қоғамдық, жалпылама сана иланғыштыққа, консерватизмге бейім, сондықтан оны азаматтық деуге болмайды. Көпшіліктен азаматтық сананы бөлу үшін қоғам қатынастарында белгілі идеалға жету жолдары мен құралдарын іздеуші потенциалды күштер, азаматтық сана иелері болады. Олар жеке топтардың, дара тұлғаның қызығушылықтарынан биік тұрады, барлық қоғамның қызығушылығын қорғайды және әрқашан жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған болады. Азаматтық сана адамзатты дамуға жетелеп, қажет кездерде сақтап қалу үшін мақсатты өзгертуге бастайды. Ол қоғамдық пікір арқылы байқалып соның көмегімен дамиды.

Азаматтық сана қоғамдағы түрлі тіршілік әрекеті, қоғамдық қатынастар арқылы іске асады. Тұтас жүйе құратын азаматтық қатынастар азаматтардың ұмтылыстары, мұраттары, көзқарастары, өлшемдері мен олардың өзіндік пен қоғамдық игіліктерді түсінуінен тұрады. Бұл жүйе қоғамның азаматтық, әлеуметтік қызығушылықтарын байқатып дара тұлғаның әлеуметтік мәнді қасиеттерінің қалыптасуына әсер береді. 

Өзінің мәні бойынша адамның азаматтық тәрбиесі тәрбие жүйесіндегі қоршаған орта көріністері және негізгі компоненттерімен байланысты жалғыз ғана бағыт болғандықтан азаматтық сананың құрылымы түрлі дәуірлерде әр түрлі болды. Азаматтық тәрбие тарихпен терең тамырлас. Өйткені, азаматтылық идеясы өткенде қалай дамығаны туралы білімсіз қазіргі қоғамдағы азаматтық тәрбие мәселелерінің ғылыми шешімін табуға болмайды. Біздің қоғам азаматтарын қалыптастыру мен тәрбиелеу мәселелерін ғылыми түрде шешуіміз үшін негізгі тарихи байланысты есте сақтай отыра мәселенің әр сұрағын тарихта белгілі құбылыс, түсінік қалай пайда болды, ол дамуында қандай басты кезеңдерден өтті деген тұрғыдан қарастыру керек. Және де құбылыс, немесе түсініктің даму жолын, оның бүгінде қандай болғанын көру үшін мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық құрылымға, тарихи дәуірге сай қарастыру керек.

Бірнеше тарихи кезеңдер барысында философиялық-педагогикалық ой-пікір халыққы, Отаны үшін туған адам қандай болуы керек деген сұраққа жауап іздеді. Философ-ойшыларды мазалаған тағы бір мәселе өзіндік пен қоғамдық арасындағы байланыстар және олардың бірлігі қандай. Нақты тарихи жағдайларға байланысты бұл мәселеде белгілі бірлік жоқ. Дұрысырақ айтқанда, олардың арасындағы басымдық және оның жағдайы туралы сөз қозғауға болады.

Азаматты тәрбиелеу мен қалыптастырудың көпғасырлық тарихы дәлелдеуінше өзіндік пен қоғамдық арасындағы басымдық немесе бірлікті анықтайтын көрсеткіш ретінде жалпы адамзаттық түсініктер, яғни, ешқашанда жойылмайтын құндылықтар бола алады. Әр халықтың дамып қалыптасу жолында ұрпақтан ұрпаққа берілетін жалпылама құндылықтар оның жинақтаған өз тәжірибесінен анықталып отырады. Сондықтан бүгінгі азамат тұлғасының басым қасиеттерін анықтау үшін азаматтық тәрбие мәселелеріне байланысты нақтылы деректерді тарихи тұрғыдан қарастыру қажет. Бұл деректердің әр бөлшегін саналы ойлап талдау жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Өйткені, дара тұлғаның азаматтық, ұлттық санасының ерекшеліктерін және оның өзіндік қызығушылықтарын есепке алмай қарастыру негізінде «азаматтылық» дегенді мемлекетке қызмет ету деп санау салдарында ғылыми ізденістерде пайда болған ақ дақтарды жою үшін аталған тарихи шолу бізге өте қажет. Шын мәнінде адамды мемлекеттік қызығушылық пайдасына немесе тұлғаның өз қызығушылығына сәйкес тәрбиелеу қажет пе деген сұраққа жауап іздеу пайдалылық мәдениеті мен жеке бас байлық мәдениеті арасындағы мәселені шешуге әкеп тірейді. Өзіндік педагогикалық теорияның, оның философиялық негіздерін (бұның кажеттілігі туралы профессор Ә. Нысанбаев көп жазады) құруды ойластырған Евразиялық континентте тұратын біздер үшін бұл мәселе төңірегінде Шығыстағы адам тәрбиесі процесінің ерекшеліктері бар ма деген сұрақты шешу қажет. Тарихи-педагогикалық талдауға сүйене отырып ия, бар деуге болады. 

Дәлелдің негізгі объектісі ретінде біздің, мектептің және білім беру жүйесінің өзіндік тарихи даму жолын қарастыру керек. Екі ғасыр тоғысында тарих бізден өткенді сынды көзбен қарастырып ойлануды талап етеді. Бүгін адам үшін білімнің маңызды мәні тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру арасындағы қайшылықтарды айқын байқатады. Азаматтық тәрбие мәселелерін шешу ұлттық және аймақтық өзгешіліктерді есепке ала отырып азаматтық қасиеттерді тәрбиелеу ерекшеліктерімен байланысты қиындықтар шын мәнінде жоғарыда аталған қайшылықтарды шешуге тіреледі.

Бір педагогикалық теорияда (кеңестік) дамығандықтан қазақстандық педагогикалық теория мен практика көп уақыт азаматтық тәрбие мәселелерінде технократикалық педагогикалық парадигма негізіндегі батыстық стандарт-үлгілерді пайдаланды.

Батыста, Европада және Шығыста, Азияда тұратын адамдар арасында белгілі айырмашылықтар бар. Бұл даусыз, дәлелдеуді қажет қылмайтын нәрсе. Айқын деректерде негізделген көптеген ғылыми зерттеулер тұлғаны қалыптастыру процесінің ерекшеліктері, оның әлеуметтік даму ортасымен, ұлтымен, тәрбиесінің отбасылық бастауларымен байланыстырады.

Қазақстанның педагогикалық ғылымында бұндай зерттеулердің пайда болуына ұрпақтар арасындағы тарихи байланыстардың, түрлі тарихи кезеңдердегі тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру процестерінің бірлігі мен бірізділігі туралы принциптер мен заңдылықтардың қайта жаңдануына тура әсер берді.

Шығыстағы ағартушылық бағдарлама мен идеология әрқашан адамзаттық адамгершілік құндылықтар мұраттармен басшылық жасайтын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. ХХ ғасыр адамзат ақыл-ойының ұлылығын көрсетумен бірге оның осал тұтастарын да байқатты. Бұған адамды тек өзі үшін ғана пайда іздеуге, рухани-адамгершілік өлшемнен айрылған ақыл-ой сананың адасуына, есерлікке жол ашатын артық рационализм әсер етті. 

Қазақстанның географиялық орын алысын, ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып қазақстандық педагогика жас ұрпаққа адамзат жинақтаған прагматикалық білімдерді берумен шектелмеуі керек. Қайта бағыт пен күштің көбі ұрпақтар арасындағы жойылған байланыстарды қайта жандандырып, тұлғаның азаматтық қасиеттерін тәрбиелеу және қалыптастырудағы тарихи тәжірибе мен рухани-педагогикалық мұраттарды қайта өмірге әкелуге жұмсалуы қажет.

Азаматтық тәрбиенің мақсаты азаматты қалыптастыру болғандықтан бұл түсінікті қарастыра отырып «азамат» деп саяси құқықты, өзіндік, қызығушылықтарын қоғам қызығушылықтарымен байланыстыра алатын мемлекет пен қоғам мүшесін айтамыз. «Азамат» түсінігі демократиялық жүйелерде ғана емес демократиялық емес жүйелерде де болады. Әр кезде сол қоғамды, мемлекетті басқаратын адамдар тобының қызығушылықтарын іске асыратын құрал ретінде мемлекетке оған толық ие адам қажет. Сондықтан, адам өмірі жағдайын көбінесе өз тарабынан белгілейтін «мемлекет» түсінігі тұлғаның дамуы мен қызметін өзі шешеді.

Жоғарыда айтқандарды қорыта келе жастардың азаматтық тәрбие жүйесіне қоғам мен мемлекет жағынан көп қолдау қажет екенін тұжырымдаған жөн. Азаматтық тәрбиенің қоғамдық-мемлекеттік жүйесінің мақсаты - өзіндік қызығушылықтарымен қатар қоғамдық-мемлекеттік қызығушылықтарды іске асыруға бағытталған әлеуметтік маңызды іс-әрекетке жастарды тәрбиелеп қосу. Бұл әрекеттің негізі ғылыми тұрғыға, заман талабына сай жоғарғы оқу орнында болашақ педагогтардың тұтас педагогикалық даярлау процесінде іске асырылады. Тұлғаның қажетті сана түрлері (құқықтық, саяси, экономикалық) дамыған адамгершілік сезімдерімен байланыса отырып әлеуметтік маңызды іс-әрекетте азаматтық ұстамын көрсете алуға қабілеті бар азамат тұлғасын өмірге әкеледі.

Мемлекет азаматтық тәрбиеге қатысуы үшін:

- әлеуметтік маңызды іс-әрекетке жас азаматтарды даярлау үшін мемлекеттік бағдарлама, стратегияны жете зерттеуді;

- педагогикалық күштердің интеграциясына, басқаруына, барлық дәрежелерде олардың қызметтерінің келісуіне қажет құрылымдарды ұйымдастыруды;

- жоғарғы оқу орындарында болашақ мұғалімдердің даярлаудың тұтас педагогикалық үрдісіне жүйелі түрде қарап студенттердің бойында нағыз азаматтық қасиеттердің қалыптасуын қадағалауды; 

- қоғамдық белсендік іскерлікке, қоғамдық ұйымдар қызметіне жан-жақты қолдауды, халықаралық азаматтық байланыстардың дамуы үшін құқықтық және басқа жағдайларды қамтамасыздандыру қажет.

Біздің көп милиондық мемлекетіміздің азаматтары мемлекеттен нақты осыларды күтеді, өйткені, азаматтық тәрбие жетістігінің басты талабы, жағдайы отбасының, мектептің және мемлекеттік қоғамдық басқару ұйымдарының педагогикалық күштерін қосуға байланысты. Әрқашан есте сақтайтын нәрсе: нағыз азаматты тек қана нағыз азамат тәрбилей алады. Басқару ұйымдарының міндеті азаматтар құқықтарының орындалуын қамтамасыз етіп қолдау, заңдардың орындалуын бақылау. Оларсыз азаматтық қоғамды қалыптастыруға болмайды.

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров165
Номер материала ДВ-412525
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх