Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Статьи / Баяндама Жеке тұлға тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің байланысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Баяндама Жеке тұлға тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің байланысы

библиотека
материалов

Қ.М. Дурумбаева

167 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі


Жеке тұлға тәрбиелеудегі отбасы мен

мектептің байланысы

Жеке тұлғаны қалыптастыру оның дамуының нәтижесі, белгілі-бір тұтастыққа, қалыпты қасиеттерге және сапарларға ие болатындығын білдіреді. Бұл сапалық қасиеттердің жасөспірімдердің бойында тиянақты қалыптасуы отбасы мен мектептің біріккен ынтымақтастығын қажет етеді. Жасөспірімдердің ара-қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орын алатын рухани байлықты байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс-әрекет пен қарым-қатынас тұрғысынан қарасақ, біздің халықта бұл мәдениет әр адамның әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан. Қарым-қатынастың, іс-әрекеттің байлығы адам тұлғасының орынды сапалық қасиеттерінің қайнар көзі болып табылады. Мектепте, отбасында бұл қарым-қатынастар тәрбиенің басты, пәрменді және жетекші құралына айналуы қажет. Сонда ғана отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі ынтымақтастық ықпалы, әсері және бірлестігі біліне бастайды.

Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарға, барлық жұртшылықты қалыптастырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Отбасы мектеп байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Мұнда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылырдың бос уақыты, оқу-тәрбие жұмысы талқыланады және тәрбие жұмысын жақсартудың нақты шаралары белгіленіп, бірігіп атқарылатын іс-әрекеттер айқындалады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жеке байланыс формаларының бірі-мұғалімдердің оқушылардың үйіне барып, жағдайымен жеке танысуы, күнделікті өмірімен тұрмысымен жақын танысу, оқу-тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға әке-шешелерімен әңгіме өткізу, пікір алмасуы.

Мектеп пен отбасы бірлестігінің және ынтымақтастығының тағы бір формасы – педагогикалық нәсихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беріп, тәрбиенің қиын мәселелері төңірегінде олардың сауатын ашу, тәрбие салаларының жаңа технологияларымен хабардар ету.

Ата-аналар және халық бұқара арасында психологиялық және педегогикалық білімді насихаттаудың қазіргі таңдағы орны өте ерекше. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде үлкен ықпал етеді. Сондықтан да ынтымақтастықтың бұл формасы бірлескен тәрбиені жүргізуде жетекші орын алады. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шефке алуды, балалар тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата-аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын, пікірталастарда, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.

Мектептің, отбасының бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заман талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге, халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау. Бұл жерде де мектеп пен отбасының біріккен ықпалы, ынтымақты түрдегі тәрбиелік жұмыстары алдыңғы қатарда болуға тиісті.

Жастардың өнегелі тәрбиелерінің басты белгісі – үй және тұрмыстық шаруашылығын басқару тәсілдерін, жеке адамның ізгі қасиеттерін білу. Олар өмірден күнделікті жұмыстағы тәжірибеден әдептілік ұғымдарды үйренеді. Ата-ана мектеппен ақылдасып, кездесіп осы қасиеттердің берік қалыптасуына жағдай жасауы орынды.

Міне, осындай бірлескен ынтымақтастық негізінде жасөспірімдердің бойында қазіргі заман талабына сай ізгілік, адамгершілік қасиеттерін орнықты және берік қалыптастыруға болады.




Автор
Дата добавления 26.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Статьи
Просмотров149
Номер материала ДБ-054756
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх