Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Статьи / Баяндама "12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби – педагогикалық сипаттамасы"

Баяндама "12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби – педагогикалық сипаттамасы"

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби – педагогикалық сипаттамасы


Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің

Химия пәні мұғалімі .

Орынбасар Әлия Жақсылыққызы

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі атап көрсетілген «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлықты сөзі – оны іске асырушы мамандарға бағдарламалық сілтеме. Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады. Отандық мектептер білім берудегі үздіксіздік тұрғысынан артта қала бастады. АҚШ мен Англияда т.б. білім беру уақыты 12-13 жылды құрады. Көп уақытқа дейін біздің мектептер ұжымдық сипатқа негізделген бірегей стандартқа ұмтылды, нәтижесінде оқушының өз болмысын тану, белсенділігі мен инициативасы, шығармашылық әлеуетін дамыту толымсыз болып шықты.

Сондықтан қазіргі қоғам талабына сай, баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр.

Білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті тек қана қосымша бір немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру екендігін түсінетін уақыт жетті.

Сондықтан әлемдегі білім беру ісінің даму жағдайына талдау жасай отырып, ерекше үміт күттіретін тенденциясын көрсетуге болады:

мектеп жүйесіндегі демократизация;

мектеп тәрбиесінің гуманистік бағыты;

оқушылардың шығармашылығын, дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігін дамытуға бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану;

ұлттық-мәдени, рухани құндылықтарды пайдалану;

оқыту жүйесін модернизациялау;

тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет;

жаңа техникалық құралдарды пайдалану;

мектептегі және мектептен тыс уақыттағы оқыту мен тәрбиелеуді

кіріктіру.


Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді. Қазіргі таңда білім мен ғылым - әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да – мектеп. Расында да мектеп қоғамның дұрыс бағытта дамып, өркендеуіне өз үлесін қосумен қатар, қоғамдық қарым – қатынастар жүйесіне ықпал етіп, елдің тарихи дамуына әсерін тигізетін орда болып есептеледі.Сол себепті тәрбие ошағы – мектептің дұрыс бағытта дамуын үнемі қадағалау, оған өзгерістер енгізу бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Жалпы білім беру мазмұнының жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктілер мен дағдылардың иесі ,жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім мен тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болады. Сонымен қатар қай мемлекетті айтар болсақ, негізгі тірегі – білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені айқын. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Осыған орай қазір Республикада білім берудің жаңа жүйесі жасалынып әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында елеулі істер атқарылуда, атап айтқанда:

  • білім парагдимасы өзгерді;

  • білім беру үлгісінің жаңа үлгісі ( моделі ) жасалынды.

  • білім берудің ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы қабылданды;

  • жаңа мазмұн мен оқу кешендері дайындалды.

  • 12 жылдық білім кеңістігіне ену жүйесі жоспарланды.

Жаңа заман маманы қазіргі кезде озық идеяларды игерген, сауатты шығармашыл, сонымен қатар, онда адами қабілеттері дамыған болуы мақсатында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жоспарлануда

12 жылдық білім беру жүйесіндегі мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге,

өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.Осы мақсаттан келесі міндеттер туындайды:

-тәрбиелеу және дамытушылық іс - әрекетін ұйымдастыру;

-құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;

-оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.

Білім берудің жаңа парадигмасының педагогикалық мәні мұғалім мен оқушы оқыту процесінің субъектілері және инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті іске асырушы ретінде сипатталады. Бұл:

- 12жылдық мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері теориялық модельдің негізгі сипаттамасымен айқындалады.

- 12жылдық білім берудің жаңашылдық сипатына байланысты оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылып, жүйеленген сипаттамасының болуы .

- 12 жылдық білім жүйесі жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығының қалыптасу деңгейлері олардың оқу-танымдық іс-әрекетке қойылатын дидактикалық талаптар жиынтығын жүзеге асыру мүмкіндіктері арқылы анықталады.

- 12 жылдық мектеп мұғалімі мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі шығармашылық оқытуды ұйымдастыру технологиясы арқылы нақтыланады.

- 12 жылдық білім жүйесі оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру – тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру шарттарын, білім берудің жаңа парадигмасын, жалпы орта білім беру жүйесінің даму тенденцияларын есепке алады.

- Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру - теориялық-әдіснамалық негізде анықталған ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі мектептің алға қойған мақсаты мен міндетін орындай отырып, жалпы білім беретін мектеп жағдайында жеке тұлғаны тәрбиелеу қазіргі заман талабына сай болып отыр.

Осыған орай 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби дамуы, педагогикалық шеберлігі қалай қалыптасуы қажет деген сұраққа жауап іздеуіміз қажет. Бұл тұрғыда мұғалімдерге қандай талап қойылады.?. Барлық мұғалімдер білікті , кәсіби мамандар. Дегенмен , жаңа білім парадигмасының өзгеруі жаңа талаптар әкелуде.. Кейбір мұғалімдер ескі үлгіден шыға алмай қалды. Біздің алдымыздағы міндет – мұғалімдердің ой - өрісін өзгертіп, кеңейту, педагогтар мен басшылардың креативтік ойлауын өзгерту, олардың қалыптасқан кәсіби әрекетіне жаңа көзбен қарауына қол жеткізу.

12 жылдық білім беру әдіснамасы-шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде сипатталады. Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет.

Әлемдік білім кеңістігіне енудің жаңашылдық стратегиясына сәйкес, мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңға қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің кәсіби жетілуі негізінде маңызды бес бағытты бөліп көрсетеміз: философиялық-танымдық бағыт; дидактикалық-психологиялық бағыт; педагогикалық-әдістемелік бағыт,педагогикалық-инновациялық бағыт; акмеологиялық бағыт.

Сонымен, психологиялық-педагогикалық және философиялық зерттеулерді талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.

12 жылдық мектеп мұғалімі шығармашылық қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы – сырқы шығармашылық өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады.

Тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы. 12 жылдық оқу процесінде оқушылардың шығармашылық сипаттағы тапсырмаларын жүйелі түрде ұйымдастыру және оны болашақтағы кәсіби бағдарымен сабақтастыра зерттеу мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігіне де байланысты. Өз пәнін жетік меңгерген және оның мазмұнын жаңа біліммен үнемі толықтыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуі, өз болмысын терең зерделей отырып, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына өзінің қолтаңбасын қалдыруына, рухани тұрғыда терең түсінуі мұғалімнің ішкі құндылық бағдарына байланысты.

12 жылдық мектеп мүғалімінің кәсіби – педагогикалық дамуын зерттеу мәселесі күрделі және сан қырлы болғандықтан, болашақта мынадай бағыттары ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерделенуі қажет деп есептеймін:

  • 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық құзырлылығын қалыптастыру; жаңа типті мектептерде оқушылардың креативтілігін дамытудың педагогикалық шарттарын айқындау;

  • ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сай жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;

  • білім берудің жаңашылдық бағытына сәйкес оқушыға инновациялық-креативті білім беру;

  • 12 жылдық мектептерде оқушылардың шығармашылық әлеуетін рухани-мәдени құндылықтары негізінде қалыптастыру;

  • жаңаша білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетінде әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру;

  • оқушылардың шығармашылық қызығушылығын дамытуда мектеп пен отбасы тәрбиесінің сабақтастығын жетілдірудің өзекті мәселелері т.б.

Осы орайда әрбір педагогтың іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Кәсіби міндеттерді шешу кезең – кезеңмен жүзеге асады.

Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекет алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі [3, 408 б.]. Осы орайда педагогикалық құзірет өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.

Ал педагогикалық құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті. Ал педагогикалық біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Педагогика пәнінен білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері // Оралдың ғылым жаршысы. - 2007. - №4 (5). - Б.35-41

Осы орайда 12 жылдық мектеп мұғалімі - кәсіби педагогикалық құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман.

Кәсіби педагогикалық құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған мұғалім, педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды. Кәсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кәсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады. Педагогытың кәсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық және инженерлік интегралмен анықталады.

Сонымен, білім берудегі инновациялық процестерді жүзеге асырып, дамыту – бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы объект деп қарамай, оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, оқу-тәрбие жұмысын осыған лайық өзгерістерге сай, қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты – міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, шығармашылық деңгейге жету.

Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының жариялылығы заман талабына сай білім беру мен ұлттық оқу-тәрбие процесінің гуманистік сипаты жаңаша оқытудың әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасауға болады, мұны ескермей мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес.

Аhello_html_23a601.gif.К. Маркова көрсеткендей, «кәсіп – бұл адам белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруін және оған сәйкес қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы деген» Л.М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс-әрекет- қарым-қатынас - тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды және мұғалім тұлғасы пирадимасы былай қалыптастырады.





















Өзіне назар аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін анықтаушы субъектілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған

П.Ф. Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды

Сондықтан, кәсіптік парыздылықты меңгерген педагог қана оқушылардың психикалық күйлерін жете түсініп, жәрдем көрсете алады. Осыған байланысты зерттеушілер тарапынан педагогикалық деонтологияға үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті мен іс-әрекетінен жоғары кәсіпқойлығы байқалады.

Қорыта айтқанда 12 жылдық мектеп мұғалімі - кәсіби педагогикалық құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Устемиров К. Шаметов Н.Р. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. Алматы

2005.- 432 с. 3.Ғ.М.Кертаева. «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға – жаңа мектеп.

Педагогика пәнінен білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері //

Оралдың ғылым жаршысы. - 2007. - №4 (5). - Б.35-41

2.Павлодар, 4.Білікті маман даярлау – басты мақсат // Бастауыш мектеп.

- 2006. - №7. - Б.11-13.

3.Қ.М. Нағымжанова. Оқыту технологияларын таңдау және мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті. Ж.К. Аубакирова. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық негіздері. // «С. Аманжолов оқулары - 2005» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен 2005. - [3, 408 б.].

4.Педагогика пәнінен білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері // Оралдың ғылым жаршысы. - 2007. - №4 (5). - Б.35-41


























Тіркеу формасы



  1. Тегі, аты – жөні ( толығымен ) --------------------------------------------------------------------

  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ----------------------------------------------------------------

  3. Мекеме, лауазымы ------------------------------------------------------------------------------------

  4. Мекен – жай ( индекс көрсету міндетті) ---------------------------------------------------------

  5. Телефон ( қалааралық байланыс кодымен , ұялы ) -----------------------------------------

  6. Е- mail ( міндетті) -------------------------------------------------------------------------------------

  7. Факс -------------------------------------------------------------------------------------------------------

  8. Мақала тақырыбы------------------------------------------------------------------------------------

  9. Секция ----------------------------------------------------------------------------------------------------

  10. Керекті – техникалық құралдар ------------------------------------------------------------------

  11. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі ( ия, жоқ) ------------------------------------------

  12. Жарна төлеу квитанциясы -------------------------------------------------------------------------

Мен

hello_html_4390c080.gifПленарлық баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.

hello_html_4390c080.gifСекция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.

hello_html_4390c080.gifКонференцияда тыңдаушы ретінде қатысуды қалаймын.



Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып » бөліміне «ТарМПИ конференциясына »------------------------------------------------- - дан ( баяндамашының фамилиясы )» көрсетілсін.












Автор
Дата добавления 06.11.2016
Раздел Химия
Подраздел Статьи
Просмотров22
Номер материала ДБ-324626
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх