Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "12 жылдық мектеп педагогының кәсіби құзырлылылығы"

Баяндама "12 жылдық мектеп педагогының кәсіби құзырлылылығы"

Скачать материал

 

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ПЕДАГОГЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫ

 

Байсеркеева Нурпия Сатыбалдиевна

«Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Жалпы орта білім беруді 12 жылдық жүйеге көшіру – дәл қазіргі таңда Қазақстандық әлеуметтің назарын аударып отырған көкейкесті мәселелердің бірі екені белгілі. Әлемдік білім беру кеңістігіне енудің бірден – бір жолы осы болып отыр.

Еуропа Кеңесінің Декларациясына сәйкес дүниежүзілік тәжірибеде 12 жылдық жалпы орта білім беру ісінің басым екендігін осыдан аңғаруға болады. Оны әлемнің 216 елі мойындаған.Әлемдік білім кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа жүйе деп отырғанымыз сондықтан.

Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа бағдарламаға көшу идеясы. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі.

Бәсекеге қабілетті ел азаматтарының білімін қалыптастыруға кірісіп отырған кезеңде білім мен ғылымды қоғамның жедел жаңару тетігіне айналдыра білуге тиіспіз. Сондықтан да, бүгінде жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен қатар жеке тұлғаның рұхани құндылық қасиеттерін қалыптастырып оқыту біз үшін аса маңызды болуға тиіс.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деп тегін айтпаған.

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл – білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

12 жылдық орта білімге көшу мәселесі оңайлықпен келмейді. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе.

Мен өзіме: «12 жылдық білім беруге мұғалім дайын ба?» деген сұраққа былай деп жауап берер едім. Ол үшін әр мұғалім қалай дайындалуы керек?

1. Мұғалім өз білімін көтеруі керек.

2. Мұғалім – жаңашыл болуы қажет

3. Ақпараттық оқытудың әдіс – тәсілдерін меңгерген, қашықтықтан оқыту (он лайн) білетін

4. Интерактивті оқыту тәсілін меңгерген болуы керек.

Сонымен қатар 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді 

12 жылдық білім беруге көшудің көздейтін мақсаты – біздің еліміздегі білім беруді халықаралық білім беру кеңістігіне енгізу, яғни халықаралық білім беру талабына сәкестікте болу. Мұның нәтижесінде еуропалық мемлекеттер қабылдаған орта білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру, білім сапасын көтеру.

Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу - әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ  

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сай білім беру мәселесі республикамызда ғылыми – педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжрибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен байланысты мәселе болып отыр.

Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой - өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжрибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден – бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжрибе дәлелдеп отыр.

Мұғалімдер еңбегі туралы Ж. Аймауытовтың пікіріне жүгінсек: «... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп мүғалімдерге үнемі ізденімпаздықпен, шығармашылықпен атқаратын қызмет екенін айтып кеткен. Ғалымның өз заманында айтып кеткен құнды ой – тұжырымдары бүгінде XXI ғасырдың басында мұғалімдерге қойылып отырған талаппен үндесіп отырғанын айқын көреміз.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.. Білім бастауы – бастауыш мектептен берілетіні белгілі. Президентіміздің Жолдауындағы отандық білім беру жүйесінің инновациямен жұмыс істеуі туралы тапсырмасын негізге ала отырып, Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімдері де өздерінің оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды қолданудың аясын кеңейтуде. Яғни мектебімізде бастауыш сыныптың өзінде – ақ мұғалімдер интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды пайдаланып сабақтар өткізуде. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіріп және әдістері мен бірлігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бірнеше бастауыш сынып мұғалімдері өз білім – білік, әдіс – тәсілдерін жетілдіру мақсатында «Деңгейлік курстардан» өтіп өз білімдерін жетілдіріп келді. Олар атап айтқанда Нурелова Әсем, Шулғаубаева Назгүл және Нысанбаева Эльвира сияқты бастауыш сынып мұғалңмдері мен қатар 25 басқа да пән мұғалімдері.

Қазіргі таңда осы аталған мұғалімдер мектепте әр түрлі ашық сабақтар мен қатар, семинарлар және ашық есік күндерін өткізіп, бүкіл мектеп мұғалңмдерін өздерінің әдіс – тәсіл, жаңалықтарымен бөлісуде. Осы мұғалімдердің арқасында курстан өтпеген мұғалімдер де осы жаңа технология элементтерін өз сбақтарында пайдаланып, оқушылардың білім – білік, дағдыларын арттыру мақсатында жұмыс істеуде, бұл технологиялар ерекшелігі, жеке тұлғаны өз бетінше жұмыс істеуге және өз ой – пікірі мен көз қарасын ашық айтуға, сыни тұрғыдан ойлауға және сөздік қорын дамытуға мүмкіндік беретіні дәлелденуде. Мұғалімдер өз сабақтарында осы курстан үйренген әр түрлі стратегияларды өз сабақтарында қолданып, жетілдіруде.

Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұндағы негізгі мақсат – қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін – өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Білім мазмұнын жаңартудағы бұл үрдіс барша педагог қауымға, ата – анаға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектепке баланы 6 жастан қабылдау дұрыс жолға қойылған, бұл жастағы балалардың білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым екендігін байқадық. Ол үшін білім беру саласында мұғалімнің оқытудың озық технологияларын пайдалануы маңызды. Бұл жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, адамгершілік, рухани қалыптасуына, өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл – амал, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс - әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланады.

Тұлғалық – бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет. Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған принципі тұлғалық – бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру, пәнаралық байланыста оқыту және т. б. Нәтижеге бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық – нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы. Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық – бұл оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеттерінің құралы десекте шыны керек, соңғы жылдары шыққан оқулықтардағы кейбір әттеген – айлар тек оқушы емес мұғалімге де түсініксіз, әсіресе бастауыш сыныпқа араналған математика пәніндегі кейбір олқылықтар.

12 жылдық білім беруде әдебиеттік оқу пәні бойынша бастауыш сыныптарда оқушыларға білім берудегі  басты құрал оқулық екенін ескерсек, оның мазмұны балалардың ғылыми дүниетанымын дамытудағы білімін кеңейтуге, өзіндік көз қарасын қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз.

Әдебиеттік оқу пәнінің жалпы мақсаты – оқушылардың дұрыс түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіру, әдеби сауатын ашу. Сауатты оқушы – кітап оқуға әдеттенген, кітапты өзін қоршаған әлемді білуге және өзін - өзі танудағы құрал ретінде пайдалана алатын, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыруға, ізденімпаздыққа үйретуге, шығармашылық іс - әрекетті қалыптастырып, жоғары сыныптардағы әдебиеттің жүйелі курсын оқып білуге дайындау.

Ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәні туралы Ж.Аймауытов: «Ана тілі – халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі»,- деп текке айтпаған.

Осы оқулықтағы білім мазмұнын оқушыға меңгертетін басты тұлға мұғалім десек, оның еңбегі жөнінде Мағжан Жұмабаев: «Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қаласа өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек», - деп бекерге айтпаған.

Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан – жақты талқылануда. Мұндағы біздің басты ұстанымымыз – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан – жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.

Бірінші сынып оқушысын мектеп өміріне енгізу ең таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейінгі «Мен бәрін де мектептен үйренемін» деген үмітін ақтау бүкіл мектеп ұжымы мен ата – ана, туған – туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа – баланың сауатын ашуы, тілін сындыруы. Яғни баланың ойын толық айтуымен қатар оқуға, жазуға үйренуі. Сауаттылыққа үйретуде балаға әріп таныту мен дыбыстарды ажыратуды меңгерту, тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты игерту мұғалімнен ерекше дайындықты және үлкен жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің III съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа буыны білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл – уақыттың талабы» деп бекерге айтпаған. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениетпен сусындату қазіргі мектеп мұғалімдерінің басты міндеті болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Бұл орайда жаңашыл педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады. Атап айтқанда:Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Занковтың «Дамыта оқыту» жүйесі, Эрдниев «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, С. Ковалевтың «Ойын арқылы оқыту» технологисы т. б. Бірінші сынып оқушыларын оқуға ойындар арқылы қызықтыруға болады. Ойын баланың ойын қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның – ойлауын тыйғаның», - деп бекерге айтылмаған.

Оқушының әр қадамы ойынмен ғана алға жылжиды, дамиды, жетіледі. Ойын баласы ойнап жүріп өседі, жетіледі. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді. Мұндағы ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, қайталау және пысықтау. Ойын кезінде баланың ортамен қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті артады, мінез – құлқы қалыптасады. Ойынды ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болады. Бала ойын үстінде ілімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.

Бастауыш мектептегі оқытудың ең басты міндеттерінің бірі – балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Баланың логикалық ойлау қабілетін, оның есеп шығару ерекшеліктерінен байқауға болады. Мысалы: көптеген 5 – 6 жасар балалар өздерінің арасындағы балалар ішінде ең күштісі  кім екенін оңай салыстыра алады. 6 жасар балалармен жұмысты ұйымдастыруда, олар шаршап қалмас үшін математика сабақтарында жаттығу есептерін ойын ретінде жиі өткізген қызықты. Ойын оқу үрдісін ширатып, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырады, мәліметтерді дұрыс түсінуге көмектеседі. Бұл баланың зерігушілігін де жойып, оқушылардың білімін, шығармашылық ізденупаздығын және зерделілігін, ынтасын арттырып, оқуға қызығушылықтарын қалыптастырады.

Оқу әрекеті – баланың дамуының басты шарты, оқу үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі, оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу, танымдық белсенділіктерін арттыру құралы.

Оқу әрекеті баланың ақыл – ойын дамыту жұмысымен тығыз байланысты. Қазақ тілін оқытуда оқушының тиісті бағдарламалық материалдар бойынша сапалы білім алуы, олардың сол мақсаттағы ақыл – ой әрекетінің белсенділігі мен саналылығына байланысты екені белгілі. Баланың ақыл – ой қабілетін тәрбиелеу – оқыту жұмысының басты міндеттерінің бірі. Мұғалім бала ойының қалай болса солай дамуына жол бермей, дұрыс тәрбиелеп отыруға тиіс. Ол үшін мына жайттарды ескеру керек:

Өз ойын дәлелдеп айта білуге үйретуде баланың ой тізбегінің дұрыc логикалық жолмен құрылуын қадағалау, баланың ой жұмысын тәртіпке салып отыру, баланың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде оқушының белсенді ақыл – ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығын қоштап отыру. Ұлы педагог К.Д. Ушинский «Кімде – кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен, оның ой қабілетін дамытуы тиіс», деп текке айтпаған. Яғни мұғалім баладан сұраққа жауап алу мақсатында, мүмкіндігінше баланың сол сұраққа толық тұжырымды жауабын айтуын қадағалап, жетелеп отыруы қажет.

Ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Әр нәрсені ақылға салып шешу үшін бақылағыш және іс - әрекеттік тәжрибесі мен білімі, тіл байлығы болу керек. Мектеп оқушысының негізгі кәсіби ой дүниесі арқылы ұғыну, меңгеру, еске сақтау, нені қалай еске сақтауды және нені қашан еске түсіруді ойластыру.

Оқытудың мәні баланың жаңаны оқып, үйренуіне негізделеді. Сондықтан да баланың ақыл – ой дамуының жаңа сатыға көшу мүмкіндігін айқындайтын жуық арадағы даму аймағы оқу мен даму үшін мәнді. Бұл орайда дамыта оқыту жүйесінің маңызы зор.

Оқушы ақыл – ойының даму дәрежесі өзара байланысты, өзара сабақтастығы бар, бірін – бірі толықтырып тұратын ғылыми білім дағдыларының жүйесін меңгеруі мен оларды тәжрибе тұрғысында көрсете білу шеберлігінен көрінеді. Яғни оқушының тиісті фактілердің, құбылыстардың мазмұны мен маңызын дұрыс ұғынып, оларды бұрынғы қалыптасқан білімдері негізінде түсіндіре білуі, оқу жұмысының әр түрлі жағдайында, әр алуан жағдайда өздігінен ізденуі мен белсенділік көрсете білу мүмкіндігінен байқалады. Баланың дамуы бүкіл оқу – тәрбие жұмысында: білім алуда, дағдыларды қалыптастыруда, оқуға деген ынтасын қалыптастыруда белсенді түрде жүзеге асырылады.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында грамматикалық ұғымдарды және емле ережелерін меңгеру үстінде балалардың тілдік материалдарға талдау жасау, салыстыру, топтау, тілдік құбылыстарының негізгі белгілерін анықтау, қорытынды жасау дағдылары қалыптасады, соның нәтижесінде ақыл – ой қабілеті мен тілі дамиды. Дамыта оқытуда теориялық білім маңызы зор.

Оқушы ақыл – ойының даму деңгейін оның тиісті фактілерге анализ, синтез жасау қабілетінен байқауға болады. Қазақ тілін оқыту процесінде бала грамматикалық ұғымдар мен құбылыстардың еркшеліктеріне талдау жасай отырып, олардың негізгі белгілерін ажыратады. Оқушының ой - әрекеті сол дараланған белгілермен элементтерді топтастыру арқылы қаралып отырған грамматикалық ұғымдар мен құбылыстардың жалпы қасиеттерін айқындаумен, яғни синтез жасаумен өзекті байланысты. Мысалы, түбірлес сөздерді түсіндіру барысында оқушы берілген сөздердің мағынасы мен дыбыстық құрамы жағынан ұқсас бөлшектерін, түбірін табады,(талдау) содан соң ол сөздердің барлығына тән жалпы сипатын анықтайды (жинақтау).

           Оқушының аналитикалық – синтетикалық (талдау - жинақтау) ой әрекетінің дамуы оның теориялық білімінің сапасына ғана әсер етіп қоймай, сонымен бірге, практикалақ дағдыларының сапасына да әсер етеді. Аналитикалық – синтетикалық ой әрекеті салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Салыстыру – оқу процесінде оқушылардың үздіксіз орындайтын ақыл – ой әрекеті. Ол туралы К.Д.Ушинский барлық ойдың негізі салыстыру екенін айтқан.

Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы саналы меңгеруі үшін сөздердің, сөйлемдердің немесе сөйлем мүшелері мен сөз таптарының өзара ұқсастығы мен өзгешеліктерін, фонетикалық, морфологиялық белгілері мен семантикалық мағыналарын салыстырудың маңызы зор.

   Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12 жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр.12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін - өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек.

Қазіргі таңда 12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асады. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен бірге білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды.

Алты жасар бала үшін жаңа рөл оқушы, жаңа әрекет – оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым – қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін қажет етеді.

12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болмақ. Яғни, бес жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық дене және физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге аспақ..

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауында біздің мұғалімдердің алдына үлкен мақсаттар қойғаны белгілі Ол - жеке тұлғаның және қоғамның «Парасатты экономиканың» қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру. Яғни, бізден жеке адамдардың, қоғамның және еңбек рыногының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР – да біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құрау болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттың кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік бар.

Мектеп баланың дамуындағы негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан – жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой - өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан – жақты дамып, өз ой – пікірін еркін жеткізе алатын болады.

Бұдан біз Ахмет Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ, кейінгі жылдары ресей ғалымдары В.Давыдов пен Занковтың дамыта оқыту теориясы негізі болған- өз бетімдік танымдық әрекеттің ролін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз.

Бастауыш сыныптарда дамыта оқытуда, оның бағдарлама мазмұнының талапқа сай болуына түрлі мазмұнда көрініс табуын, бастауыштың өзіне тән әңгімесіне сәйкес болуын ескерген жөн.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру, дамыту үшін төмендегідей 3 жұмыс түрі керек:

1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма) өз бетінше жұмыс түрлері.

2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б.).

3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, сурет бойынша әңгіме құрау т.б.).

Бұл жұмыстардың барлығынан көретін нәтижеміз.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                      

Сөздік қоры молаяды

 

 

Тапқырлыққа үйренеді

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында былай делінген: «Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық,, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектісін дамыту» ендеше баршамызға дамыта оқыту технологиясының мәні зор.

Оқушының тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор. 12 жылдық білім берудегі негізгі мақсаты – еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Ал ол мектептің жемісі - өзгермелі қоғамға  бейім, өз қабілеттерін толық көрсете алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де құнды жеке тұлға болмақ. Мектепті бітірген әрбір тұлғаның мақсаты айқын, міндеті нақты,өзінің қажеттілігі қанағаттандыруды көздейтін білім іздеуге қабілетті болуы тиіс. Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» үндеуінде білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсат қояды. Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесін құру және оны жалпы әлемдік деңгейге жеткізу. Бұл мақсатқа үндеуде межелеген бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету арқылы қол жеткіземіз. Бұл бағдарламаның сапасы - әлемнің дамыған елдерінің білім беру жүйесінің бағдарламаларымен салыстыра алатындай жоғары деңгейде ғылым мен білімнің нақты интеграциясын қамтамасыз ету.  

Қорыта айтқанда білім жүйесін ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижесінде оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын, сенімділігін, өзіндік жұмыс істеуін белсенділігін және шығармашылық іс - әрекетін дамытуға мүмкіндік жасалынып, ал мұғалімге берілетін материалдың төрт формасын ғана емес, сабақ өту әдістерін түрлендіруге мүмкіндік туды. Дидактикамен мұғалімнің еңбегін жеңілдетіп, сабақтың сапасы мен нәтижесін көтерді. Тестік тапсырмаларды орындау кезінде ықшамды, әрі ұтымды нәтижеге қол жеткіздік.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында атап көрсеткеніндей, адамзат қоғамы аса жылдам қарқынмен дамып келеді. Өркениет көшінен қалмай, ғылымы мен білімі озық елдердің қатарында боламыз десек, заман талабын ескеріп, соған сәйкес қадам жасауға тиіспіз.   

 

                                    Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Ж. Аймауытов Психология. Алматы 1995, 78 – бет
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы
  3. Бастауыш мектеп № 5 – 6 – 2007 жыл
  4. Елбасы жолдаулары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "12 жылдық мектеп педагогының кәсіби құзырлылылығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 1153
    • DOCX 85.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсеркеева Нурпия Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61645
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек