Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Баяндама. 12 жылдық оқытуға өту жағдайында ғылыми -əдістемелік қызметті басқару үлгісі

Баяндама. 12 жылдық оқытуға өту жағдайында ғылыми -əдістемелік қызметті басқару үлгісі


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m4ac5d449.gifhello_html_m1b9134e9.gifhello_html_360eba13.gif

12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУҒА ӨТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ ҮЛГІСІ


Шалғынбаева Айнұр Сабырбекқызы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай орта мектебі



Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы 12 жылдық білім беру жүйесін іске асыруға бағытталып отыр. Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келеді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби-педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Олай болса, тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асыру, қазіргі педагогикалық технологияларды пайдалану, эксперименттік жұмыстар- әдістемелік қызметтің де өзгеруін талап етеді. Әдістемелік қызмет- мұғалімдердің өз кәсіби шеберлігі мен ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығын жетілдіру бойынша атқаратын жүйелі жекелей немесе топтық жұмысы. Ол талдау, бағалау дағдысын қалыптастыруға, педагогикалық қызметті жобалауға бейімдейді, мұғалімдерді шығармашылық ізденіске жетелейді.

12 жылдық білім берудегі оқу процесінде ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру мен басқару мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты болмақ. Ал ғылыми-әдістемелік қызмет -оқу үрдісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуды және білім беру үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етеді. Сонымен қатар білім беру үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дамытуға, педагогикалық ұжымның мектептегі түрлі инновациялық қызметтері мен құрылымдарын үйлестіруге бағытталуы қажет.

Негізгі мақсаты: педагог мамандардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, білім беру үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді, педагог мамандардың әдістемелік оқуын ұйымдастыру мен үйлестіру. Ал міндеттеріне келер болсақ:

-білім беру жүйесін дамытуға және талдау-диагностикалық, тәжірибелік қамтамасыз етуге, білімді қайта құру бағдарламасын іске асыруға, инновациялық және тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыруға бейімдейтін ақпараттық-әдістемелік кеңістік құру;

- мұғалімдердің педагогикалық бастамаларына қолайлы жағдай туғызу;

-мұғалімдердің білім беру үрдісінің педагог-ұйымдастырушы ретіндегі сана-сезімін қалыптастыру;

-білім мазмұны мен құрылымын жаңалауға, білім мекемелері мен педагог қызметкерлердің шығармашылығын дамытуға қатысу;

- білімнің жаңалықтары мен жаңаша іс-әрекеттерінің, зерттеу және тәжірибелік жұмыстарының тиімділігіне талдау жасау, оны ендіру;

- барлық құрылымдық бөлімдердің инновациялық қызметтерін үйлестіру, зертхана, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігіне талдау жасау, сонымен бірге олардың жұмысын жетілдіру,

- мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық дайындығын (ғылыми-теориялық, әдістемелік) және ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын, педагогикалық шеберліктің әдістерін жетілдіру.

Бұл мақсат-міндеттерді жүзеге асыратын ең басты органы ретінде ғылыми-әдістемелік кеңес болып саналады.




Ендігі кезекте ғылыми-әдістемелік қызмет түрлеріне тоқталайық:

1.Эксперименттік жұмыстар мен ғылыми зерттеулер:

эксперименттік аландары;

авторлық және балама бағдарламалар жасау, оларды сынақтан өткізу;

зерттеу тақырыбы бойынша теориялықт\материалдарды оқып-үйрену;

ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар жұмыстарына қатысу;

2.Әдістемелік құжаттар дайындау:

оқу жоспары мен бағдарламалар әзірлеу;

әдістемелік ұсыныстар;

сауалнамалар;

ережелер (байқаулар мен көрмелер, шығармашылық жұмыстар және т.б)

диогностикалау әдістемесін жасау;

3.Педагогикалық іс-тәжірибені жалпылау және тарату:

шығармашылық топтар жұмысы;

шығармашыл мұғалімдер жұмысын жүйелеу және жалпылау;

зерттеу нәтижесін рәсімдеу (баяндама, мақала, монография, кқрнекі құрал т.б)

оқу үрдісіне енгізу, тарату;

шебер кластар өткізу,

педагогикалық шеберхана;

педагогикалық кеңестерде сөйлеу;

семинарлар өткізу;

4.Мұғалімдердің біліктілігін көтеру:

әдістемелік тақырып бойынша жұмыс;

жеке консультатциялар;

ғылыми-әдістемелік тақырып бойынш жұмыс;

тәлімгерлік;

кәсіби шеберлік байқауларына қатысу;

авторлық семинарлар;

ашық сабақтар;

дөңгелек үстелдер;

білім көтеру курстары;

мұғалімдердің біліктілігін арттыру жолдарын болжау, ұсыныстар жасау.

Төмендегі кестеде мектептің оқу-әдістемелік құрылымы көрсетілген.

Оқу-әдістемелік құрылым



Педагогикалық кеңес




Ғылыми-әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес



Мониторингі қызметі

Ақпараттық қызмет

Оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасарлары



«Парасат» сынып жетекшілер бірлестігі

«Шебер ұстаздар» шығармашылық орталығы


Әдістемелік бірлестіктер




Ресурстық орталық

«Шабыт» шығармашылық

орталығы

«жас мамандар» мектебі




Сонымен қатар ғылыми-әдістемелік жұмыс шығармашылық сипатта құрылады. Әрбір білім беру ұйымдары өздерінің мақсат , міндеттеріне сәйкес ұжымның шығармашылығын арттыратын, нәтижелілікті қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді таңдап, әдістемелік қызметтің өзіндік моделін жасайды. Әдістемелік қызмет республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік деңгейлерде де ұйымдастырылады.

Қазіргі жаңалықтардың көбі –біздің қазақстандық білім беру жүйесі үшін тың дүниелер. Білім берудің мақсатты бағдарларының өзгеруіне орай білім беру жүйесінің басшы және әдістемелік қызмет мамандарына деген талаптар да өзгеруде. Білім берудің жаңа жүйеге көшуі педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мақсаты, мазмұны мен технологиясы мәселелерін қайта қарауды қажет етеді. Әдіскерлердің, педагогтардың жаңа ұғымдағы білім сапасын жобалау және қамтамасыз ету қабілетін анықтайтын кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Құзыретті мұғалімдерді қалыптастыру үшін алдымен басшылар мен әдіскерлердің өздері де белгілі бір құзырлылықтарды меңгеруге ұмтылғаны жөн. Олар қоршаған ортаның талабына сай өздерінің көзқарасын өзгертуі тиіс. Білім мазмұнын жаңартудағы басты мақсат та осыны көздейді. Басшылар мен әдіскерлер қазіргі ақпарат ағымы әр 18 айда еселеніп отырғанына және өмірдің қарқындап өзгеріп жатқанына мән беруі керек. Басқару мен әдістемелік қызмет мемлекеттің даму стратегиясына негізделеді, яғни адамның тұлғалық әлеуетінің дамуына, өзіндік бағдарының айқындалуына септігін тигізуге ұмтылады.. Басқару мен әдістемелік қызмет мұғалім мен оқушы, мектеп басшысы арасында тығыз байланыс орнатуға құрылғаны жөн.

Тәжірибелі әдіскер, әдістемелік қызмет жайындағы бірнеше мақалалардың авторы А.Қойшыбаева «Әдістемелік жұмыстарды инновациялаудың кәсіби біліктілікті арттырудағы орны» тақырыбындағы мақаласында: «Ғылыми-теориялық модель-іс-әрекеттің бағдаршамы»,- дей келе, әдістемелік жұмыс құрылымының макро- модельдік бағыттарын төмендегідей етіп алуды ұсынады:

-мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін білім мазмұнын беру, жетілдіру;

-оқытудың, тәжірибе жинақтаудың жаңа педагогикалық, психологиялық, денсаулық сақтайтын оқыту технологияларын енгізу, оқу, практикада қолдану сапасын арттыру;

-оқу-материалдық, нормативтік-құқықтық базаны сауатты қолдануды ұйымдастыру;

-кадрлардың кәсіби, мәдени біліктілігін арттыру;

-ғылыми-шығармашылық жұмысты жандандвру, «Дарын», «Ізденіс» т.б.мектептері;

-әдістемелік кабинет, «Әдістемелік қызмет» мектебі жұмыстарын тиімді жүргізу;

- білімді бақылау мен бағалаудың тиімді жолдарын іздестіру, тәжірибеге ендіру;

- ұжымішілік бақылау және сапаға баға берудің обьективті өлшемдерін жетілдіру;

-кәсіби даярлықтағы ақпараттық-коммуникациялық білім мен мәдениетті жетілдіру.

12 жылдық білім беру жағдайында әдістемелік қызметті ұйымдастырып, жүзеге асыруда әдіскер төмендегі құжаттарды басшылыққа алғаны жөн:

- Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

- 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты даму концепциясы аясында Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалау, 14.11.2006 ж, №211;

- 12 жылдық білім берудің тұжырымдамасы мен стандарты;

- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары;

- Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы, 11.07.1999 ж,№151-1;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Авторлар құрамы: К.Н. Шәмшиденова,А.К.Құсайынов,А.К.Шер,К.Е.Жахина, К.Ж.Қожахметова,М.Е.Демеуова );


- Қазақстан Респубдикасы Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беру проблемалары ғылыми-практикалық орталығының «12 жылдық

білім »журналдары және т.б.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан мектебі. 2012ж №

  2. Әдіскер мұғалім. 2012ж №5

  3. Мектеп директоры. 2011ж №2

  4. 12 жылық білім беру тұжырымдамасы.

  5. «12 жылдық білім беру жағдайындағы әдістемелік қызмет моделі» әдістемелік көмекші кұрал.Жүнісханова Қ.Қ. – ББЖКБАРИ Тілдерді дамыту орталығының меңгерушісі
















































1.ҒӘК білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру Ережесіне сәйкес жасалды.

2. ҒӘК тәжірибелік-ізденіс, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын білім беру ұйымдарында құрылады. ҒӘК жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және ғылыми-әдістемелік кеңес туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3. ҒӘК-ң құрылу және жұмыс істеу тәртібін, құрамы мен өкілетін педагогикалық кеңес анықтайды. Кеңестің төрағасына директор орынбасарының бірі сайланады және төрағасы педагогикалық кеңесте педагогикалық ұжым мүшелерінің ашық дауысымен 1 жыл мерзімге сайланады. Кеңестің төрағасы мен құрамы мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіліп отырылады.

4. ҒӘК қызметі мектептің даму ерекшелігімен, ағымдағы оқу жылындағы жұмыстардың мақсат, міндеттерімен анықталады. Білім беру ұйымының даму жобасына сәйкес білім беру үрдісінің педагогикалық сараптамасына, жобалауы мен жоспарлауына негізделеді. Негізгі мазмұны:

- білім беру үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттерін айқындау, білім беру үрдісін, оның ішінде жаңашылдықты дамыту жөніндегі стратегиялық маңызды ұсыныстарды қарастыру;

- оқу жоспарларына енгізілген даму бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын, факультатив сабақтарының бағдарламаларын сараптау және бағдарлама түзуді ұйымдастыру;

- мектептің даму бағдарламасына сәйкес білім беру үрдісінің концепсиясысын жасау мен түзетулер енгізуді ұйымдастыру;

- ғылыми-әдістемелік қызметтің жағдайы мен нәтижесіне талдау жасау;

- ғылыми-әдістемелік қызметтің құрамына, құрылымына, жұмысына өзгерістер енгізу, жетілдіру туралы ұсыныстар беру, оны жүзеге асыруға қатысу;

- мектептің тұтас дамуына әсер етуші кешенді жаңашылдық және ізденушілік барысы мен нәтижелеріне сараптама жасау;

- мектептегі инновациялық іс-әрекеттерді (жаңалықты іздеу және меңгеру, тәжірибелік-зерттеу, ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру, авторлық оқу бағдарламалары мен жаңа педагогикалық технологиялар жасау, оны сынақтан өткізу, т.б.) ұйымдастыруға, іске асыру мен бағалау және келісім беру;

- өз білімін жетілдіру арқылы педагогтардың кәсіби шеберліктерін дамыту бойынша бағдарлы жұмыстар ұйымдастыру;

- инновациялық іс-әрекеттер, зерттеу жұмыстары, кәсіби өзін-өзі жетілдіру мәселесі бойынша педагогтарға кеңес беруді (өз күшімен немесе білікті мамандарды шақыру арқылы) ұйымдастыру;

- кешенді зерттеу жобаларының барысы мен нәтижесіне бақылау;

- уақытша шығармашылық ұжым, топ (УШҰ) құру жайлы ұсыныс беру,

- педагогттардың инновациялық қызметіне бағалау мен қызығушылығын арттыру бойынша ұсыныс беру, оның ішінде аттестаттау барысында;

- кәсіби және таным әрекеттерінің диагностикалық қызмет жүйесін құру;

- озық іс-тәжірибені анықтау, зерттеу, таратуды ұйымдастыру;

- педагогикалық пікірлер қоры мен педагогикалық озық тәжірибе деректерін қалыптастыру,

- ғылыми-практикалық конференциялар мен пед.оқу, көрмелер ұйымдастыру,

- БЖИ курсқа жіберілген педагогтардың құрамын қарастыру;

- жас мамандардық стажерлық практикасының сапасы туралы тұжырымдама.

Негізгі формалары:

- оқу мен тәрбие әдістемесі, жалпы педагогика мен психология сұрақтары бойынша мектептегі әдістемелік, ғылыми, инновациялық қызметтерге, ғылыми-практикалық семинарлар, кеңес отырыстарына, дөңгелек үстелдер, әдістемелік байқаулар, көрмелер, әдістемелік күндер, апталықтар мен онкүндіктердің өтуіне жетекшілік ету;

- әдістемелік бірлестік, шығармашылық топ, семинарлар жүйесін қалыптастыру;

- озық педагогикалық іс-тәжірибені анықтау, зерттеу және тарату;

- курстық қайта даярлауды жобалау, жоспарлау және ұйымдастыру;

- білім беру ұйымын дамыту бағдарламасын іске асыру мазмұны мен нәтижесі жазылған ҒӘК мүшелерінің баяндамаларын тыңдау, жаңаша оқыту әзірлемелерінің сараптамасының нәтижесін қарастыру және оларды ендіру мен жариялау жайлы ұсыныс даярлау;

- жұмыс оқу бағдарламаларын жасау, типтік оқу бағдарламасының жобасын дайындауға қатысу, эликтивті курстардың оқу бағдарламасы мен тестілеу тапсырмаларын және басқа да оқушылардың білімін тексеру материалдарын жасау мен сараптау;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, инновациялық оқу бағдарламаларын апробациялауға көмек көрсету мен бақылау және жаңа педагогикалық әдістер мен технологияларды іске асыру;

- инновациялық, эксперименттік, жұмыс бағдарламаларын сараптау және оны педагогикалық кеңеске талқылау мен бекіту үшін ұсыну;

- әдістемелік құралдар мен бағдарламаларға және басқа да әдістемелік қызмет құжаттарына талдау, оларды баспаға ұсыну және қолданысқа ендіру.

Жұмыс тәртібі:

Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмысы ағымдағы оқу жылының жұмыс жоспарына сай жүргізіледі. Жоспарды ҒӘК–тің жетекшісі құрастырады, мектептегі педагогикалық кеңесінде қаралады, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директоры бекітеді.

ҒӘК қызметіне мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы мен мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес мектеп директоры мен оның әдістемелік қызмет, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары бақылау жасайды.

ҒӘК атқарылған жұмыстары бойынша педагогикалық кеңеске есеп береді, отырыстарда қабылданған шешімдер мен оның орындалуына жауапты болады. ҒӘК-тің шешімі кеңес мүшелерінің 2/3 немесе жартысынан көпшілігі дауыс бергенде заңды болып табылады. ҒӘК-те қабылданған шешім барлық қызметкерлерге міндетті болып есептеледі.

ҒӘК отырысы қажетіне қарай тоқсанына немесе екі айда бір рет өткізіледі, отырыстың күн тәртібі бір апта бұрын жарияланады. Отырыста талқыланатын әрбір сұрақтарға шешім қабылданады және хаттама журналында тіркеледі. Шешімдерге ҒӘК жетекшісі қолын қояды, хаттаманы кеңес хатшысы толтырады. Кеңес хатшысының қызметін бір жылға тағайындалған мүшелердің бірі атқарады.

Барлық ҒӘК отырыстары ашық өткізіледі, кеңеске кез келген педагог дауыс беру құқығымен қатыса алады. Әдістемелік кеңестің отырысы, егер де үштен екі құрамы қатысқан болса, заңды болып саналады. Қажетті жағдайда әдістемелік кеңес шешімі жабық дауысқа салу арқылы қабылданады.

ҒӘК отырысына өзіне қатысты сұрақтар қаралған жағдайда педагогикалық ұжымның басқа да мүшелері шақырылады. ҒӘК шешімі қолданыстағы заңдарға сәйкес қабылданады және егер қарсылық болса, мектептегі педагогикалық кеңесте қайта қаралуы мүмкін. ҒӘК атқарған жұмыстары мен қабылданған шешімдері жөнінде педагогикалық ұжымды хабардар етіп отырады.

Құрамы мен ұйымдастыру құрылымы:

Әдістемелік кеңес құрамына төмендегі педагог қызметкерлер өкілдері кіреді:

- ӘБ жетекшілері

- оқушылардың ғылыми қоғамы мен шығармашылық ұжым жетекшілері,

- мектептердің даму бағдарламасына сай бірлесе жұмыс істейтін жоғары оқу орындарының оқытушылары арасынан алынған иновациялық және зерттеу жобаларының жетекшілері;

- тұрақты шығармашылық-бастамашыл топтар төрағалары;

- жоғары санатты мұғалімдер.

ҒӘК мүшелерінің барлық мүшелері педагогикалық кеңесте бекітіледі.

ҒӘК мүшелерінің міндеттері мен құқықтары:

- Мектепке ендіруге ұсынған педагогикалық инновацияларға эксперттік бағалау жүргізу, оларды енгізу барысына әдістемелік көмек көрсету, ӘБ жоспарын, семинарлар, конференциялар жоспары мен жұмыс бағдарламаларын қарастырып, бекіту;

- педагог қызметкерлерді аттестаттауға қатысу;

- педагогикалық кеңесінің отырысын дайындау мен өткізуге белсене қатысу, қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалау;

- педагогикалық кеңесіне жылдық отырысының тақырыптарын ұсыну;

- мектеп әкімшілігі мен мектеп кеңесіне түрлі мадақтауларға лайықты педагогтар кандидатурасын ұсыну;

- жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, қатысқан сабақтарына талдау;

- мектепішілік бақылау кестесін құрастыруға қатысу.

ҒӘК-тің мектепішілік басқару мүшелерімен өзара байланысы:

ҒӘК пен әкімшілік:

Мектеп әкімшілігі ғылыми-әдістемелік кеңес қызметі үшін ыңғайлы жағдай жасайды, шешімдерінің орындалуына ықпал етеді, педагогикалык ұжымда кеңестің абыройын нығайтады.Мектеп әкімшілігі кеңесінің мүшелері басқарушылық құзырлылығын көтеруге ықпал етеді.

Ғылыми-әдістемелік кеңес әкімшілікке әдістемелік жұмыстарды басқаруға, педагогикалық ұжымда шығармашылық жағдай жасауға көмектеседі.

ҒӘК пен педагогикалық кеңес:

- педагогикалық кеңес ҒӘК төрағасын ашық дауыс беру арқылы сайлайды;

- қажетті жағдайда мерзімінен бұрын ҒӘК мүшелерін оның құрамынан шығарады немесе алдын ала сайлау өткізеді;

- ҒӘК жұмысының негізгі бағыттарын бекітеді;

- қажетті жағдайда ҒӘК мүшелерінің орындаған жұмыстары туралы есебін тыңдап, бағалайды.

ҒӘК педкеңесті өткізу және қабылданған шешімінің орындалуын бақылау үшін шығармашылық топтарға көмек береді.

Ендігі кезекте ғылыми-әдістемелік кеңестің негізгі құжаттар тізімін ұсынамын.

Ғылыми-әдістемелік кеңесте келесі құжаттар болу қажетті:

- ҒӘК-ті құру мен ҒӘК-тің жетекшісі тағайындау туралы бұйрық;

- ҒӘК ережесі;

- ҒӘК мүшелері мен жетекшілерінің міндеттері;

- өткен жыл жұмысының талдауы, әдістемелік жұмысының проблемалары мен бағыты, мақсаты, жаңа оқу жылының міндеттері, ағынды оқу жылы жұмысының жоспары;

- ҒӘК мүшелері ӘК мүшелері туралы мәліметтер банкісін құру: сапалық және сандық құрамы (жасы, білімі, мамандығы, пәні, жалпы еңбек өтілі және педагогикалық, кәсіби санаты, марапаттаулары, атағы, мекен-жайы, үй телефоны);

- педагогикалық тәжірибенің мекен-жайы;

- конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық есептер, іскерлік ойындар, ашық сабақ және т.б. өткізу кестесі;

- ағымдағы жылдағы мұғалімдердің санатын көтеру кестесі мен болашақ жоспары;

- мұғалімдердің ағымдағы жылда санатын көтеру кестесі мен болашақ жоспары;

- мұғалімдердің кәсіби қажеттілігі туралы мәлімет, бағдарламалар (факультатив, үйірме, пән бойынша бейімделген);

- оқу бағдарламалары туралы мәлімет және оларды пән бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (пән бойынша, жекеше, факультативтік сабақтар, пән бойынша үйірме);

- әдістемелік апталық, басқа да іс-шаралар жоспары;

- ҒӘК отырысының хаттамалары.

Қорыта келе мынадай пайымдаулар ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан- білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуіне сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Ендеше, білім беру ұйымдарында әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқу сапасын арттырудың бірден-бір кепілі болса, бұл ел болашағының тізгінін берік ұстайтын білімді ұрпақты тәрбиелеудің бірден-бір жолы.















































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстан мектебі» журналы 2010ж №4

  2. «Мектептегі кітапхана» журналы 2011ж №2

  3. «Әдіскер мұғалім» ғылыми-әдістемелік журналы 2011ж №6







Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров206
Номер материала ДВ-387035
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх