Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Статьи / Баяндама жинаққа "Жаңа бағдарлама – сапалы оқытудың тиімді тәсілі"

Баяндама жинаққа "Жаңа бағдарлама – сапалы оқытудың тиімді тәсілі"


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m52c885fb.jpg

Қызылорда қаласы №218 орта мектептің бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Мырзалиева Индира Кемалиевна





Жаңа бағдарлама – сапалы оқытудың тиімді тәсілі


«Мектептің тірегі де, тіреуі де – оқыта білетін мұғалім»

А.Байтұрсынов


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Сондықтан да қазіргі таңдағы басты мәселелардің бірі жастарға сапалы білім беру. [1]

Қазіргі таңда қоғамның дамуы жас ұрпақтың білімімен өлшенеді. Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады. Демек, білімді ұрпақ қалыптастыру үшін, білім беруде оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңашыл идеяларды қолдануды талап етуде.
Осы орайда, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған, орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген оқыту әдістемесі сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл Кембридж тәсілін ерекше атап өтуге болады. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған үшінші деңгейлі курста Кембридж әдісінің теориялық негізін оқып, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіп, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін меңгердім. Ал, қазіргі таңда, аталған Кембридж бағдарламасының жеті модулін өз сабақтарымда мүмкіндігімше қолданудамын. Бағдарламаның жеті модуліне тоқталар болсам:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Бағдарламаның жеті модулін өз сабақтарыма кіріктіру нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға болатынына көз жеткіздім. Осыған орай, жеті модулге қатысты туындаған пікірлерімді білдіре отырып, өз іс-тәжірибемде жүргізілген жұмыстарға тоқталайын.
Мұғалімнің әр модульді шебер түрде қолдана білуі оқушының оқуы мен оқуға қызығушылығын одан әрі шыңдап, білімге деген ынтасын оятатыны анық.
Мен өз тәжірибемде «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің» сыныптағы диологтік әңгімені дамыту бөліміне көбірек көңіл бөлемін. Себебі менің алға қойған мақсатым «оқушы мен оқушы», «мұғалім мен оқушы» арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту. Диологтік әдіс-тәсілдерді қолданып топтық, жұптық жұмыстар ұйымдастыра отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырамын. Топтық жұмыс барысында оқушылар кез-келген тапсырмаларды ынтымақтаса отырып орындайды. Ынтымақтастық оқу- оқу мен оқытудағы білім беру тәсілі. Бұл проблемаларды шешуде, тапсырмаларды орындауда бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы. Топтағы оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, пікір таластырады, яғни осы әнгіме арқылы оқуды жүзеге асырады. Ал, топ құру әртүрлі әдіспен, ойын түрлері арқылы да жүзеге асырылады.
Диологтік тәсіл оқушыларды сындарлы сөйлеуге қалыптастырып, білімге құштарлығын дамытады. Бірлескен оқу әрекетінде оқып үйренудің тиімді жолын қолдану, оқушының өз іс-әрекетіне сыни көзқараспен қарап, логикалық ойлау қабілеттерін, іскерлігін қалыптастырады. Жұппен және топпен жұмыс істеу кезінде оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттері де дамиды. Сонымен бірге бір-бірінен үйрену, бір-біріне үйрету арқылы білім алу мүмкіндіктеріне ие болады.
Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 51-бет) деп нұсқаулықта көрсетілген.
Сондықтан да мен, өз іс-тәжірибемде «Сыныптағы диалогтік әңгімені дамытуды» көбірек пайдаланамын. Сабақ барысындағы көптеген тапсырмалар оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы диалог негізінде құрылған. Диалогтің дұрыс жүргізілуі оқушылардың ой-өрісінің дамуына, тіл байлықтарының артуына септігін тигізеді. Сыныпта топқа берілген есептерді шығаруда оқушылар диалогтік қарым-қатынас орната отырып, бір-бірлеріне үйретеді. Есептер шығару барысында әр уақытта қабілетті, жылдам, ойлау қабілеті жоғары, дарынды оқушылар суырылып алдыға шығып,сабақ барысындағы берілген әр тапсырманы орындауда ерекше қабілеттерімен көзге түсіп, өз тобында көшбасшылық таныта түсетінін байқадым. Олар өздерін мұғалім ретінде сезініп, топтағы білім деңгейлері төмен немесе орта оқушыларға қалай оқыту керектігін үйретіп, топ жауапкершілігін мойындарына алады. Осындай дарынды, ойы жүйрік оқушыларға қосымша шығармашылық жұмыстар, деңгейлі тапсырмалар беріп, білімдерін шыңдауға тырысамын.Сабақ барысында білім деңгейлері төмен, баяу қабылдайтын оқушылар осы балаларға ере отырып, қалай оқу керектігін үйренулеріне жол ашылады.
Осы орайда, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден-бір тәсіл
ол - топтық жұмыстарды ұйымдастыру керек екендігін түсіндім. Топтық жұмыс барысында оқушылар кез келген мәселелерді ортада талқылап, оның шешу жолдарын бірге тауып, біріне-бірі үйретіп, бір-бірінен үйренулеріне мол мүмкіндік алады екен. Сондықтан да топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін топқа берілетін сұрақтар мен тапсырмалар бірсарынды болмай, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыратындай болуы керектігін ұқтым. Сонымен бірге оқушылар топтық жұмысты жүзеге асыруда тиімді қарым-қатынасқа түсу үшін топ ережесін құрып, оны тапсырмалар орындау барысында басшылыққа алып отыру керектігін ескертуді қолға алып отыруға тырысамын.

Сол сияқты оқушылар бір-бірімен диалог жүргізу барысында өзара пікір алмасып, ой бөлісіп және өз идеяларын еркін, ашық түрде жеткізуге тырысады.

Выготский оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ ( Мұғалімге арналған нұсқаулық,39-бет) деп нұсқаулықта көрсетілгендей оқушылар «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, олардың ойлау қабілеттерінің дамитындығы белгілі.

Нұсқаулықтағы Л.Выготскийдің диалогтік оқыту барысындағы айтқан ой-пікірлерін ескере отырып, оқушылардың білім деңгейлерінің дамуына ықпал ететін сұрақ түрлерін түрлендіріп жасауға мән бердім. Сұрақ қоюдың түрлі техникаларын дұрыс пайдалана отырып оқушыларға маңызды сұрақтар қоя білсең, олардан да мәнді жауап алуға болатынын түсіндім. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, берілген жауаптарын дәлелдей отырып өз ойларын ашық жеткізе білулерінен олардың білім дәрежелерінің кішкене болса да жоғарылылағанын байқадым. Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың сөйлеу мәдениеті дамып, ойларының шыңдала түсетіні айқын. Бірақ, әлі де болса оқушылар бір-біріне сұрақ қою, сұраққа жауап беруде «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысанынан арыла алмай келе жатқанын байқадым. Себебі математика сабағында оқушылар «есеп шығарып, оның жауабының дұрыстығына» ғана мән беруге дағдыланып қалғаны түсінікті.
Жалпы оқытудың әдістерінің арасында бұрыннан қолданыста жүргендері де бар.
Соның бірі «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модуліне тоқталғым келеді. Сыни ойлау- өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, оның шешімін өзі айқындайды.
Ол – әр жеке тұлғаның кез келген жағдайда мәселені ойлап, оның мәнін зерттеп, өз айын ашық, еркін ортаға жеткізе алуын айтады.

Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді.
«Сыни тұрғыда ойлауды дамыту» жобасы мұғалімдер алдына оқу үрдісін үш кезең бойынша ұйымдастыруды талап етіп отыр. Әрбір кезеңде көрініс беретін стратегияларға тоқталып өтейін.

І. Қызығушылықты ояту
Ой қозғау

Болжау

Жұптасып ойласу

Т кестесі

Миға шабуыл

Топтастыру

Конверт сұрақ

ІІ. Мағынаны тану

«Не білемін?, Не білгім келеді? Не білдім?»

Джиксо І

Джиксо ІІ

Бір-бірімен пікір алмасу


ІІІ. Ой толғаныс

Еркін жазу

Венн диограммасы

Блумның сұрақ қою өлшемі

Сұрақ қою және қайтадан сұрақ қою

Балық қаңқасы

Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге де үйретеді. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады.
Ендеше, дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінде оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса, ал сындарлы оқыту теориясы негізінде қамтылған сабақтарда оқушы білімге өзі жетеді, ал мұғалім тек қана бағыт беруші.
«Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету» модулі бойынша «Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту » әдісін қолдану арқылы оқушылар тыңдаушыдан белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыт-бағдар беруші.
Қорыта айтқанда, оқу үрдісіне оқытудың жаңа бағдарламасын енгізу нәтижесінде, сабақта «мұғалімнің сөйлеуінен» гөрі «оқушының сөйлеуіне» негізделген белсенді сыныптың көрініс табары сөзсіз.
Белсенділік орын алған сыныпта төмендегідей жағдайлардың көрініс табатындығын айтуға болады.
-Оқушылар топтасып жұмыс жасайды

-Оқушылар мұғалімге, сыныптастарына сұрақ қояды
-Оқушылар бір-бірлеріне түсіндіреді
-Оқушылар бір-бірінен үйренеді
-Мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар береді
-Мұғалім оқушыларды мұхият тыңдайды
-Оқушылар арасында пікірталас туындайды

-Оқушылар өздерін еркін ұстайды
-Оқушылар өз ойларын еркін айтады

Жалпы алғанда, сыни тұрғыдан ойлау жүйесімен жұмыс істегенде оқушылар бойынан өз-өзіне деген сенімділік байқалып, кез-келген ортада еркін сөйлеуге, пікірталас жүргізе білуге, сабақта белсенді шығармашылық пен пәнді терең меңгеруге жұмыс істей білуге дағдыланады және сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар әр уақытта белсенді болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым 2012 жыл






Автор
Дата добавления 03.05.2016
Раздел Математика
Подраздел Статьи
Просмотров236
Номер материала ДБ-064036
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх