Инфоурок Начальные классы ПрезентацииБаяндама. "Жобалау әдісі-бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен нәтижелі дағдыларын дамыту құралы ретінде"

Баяндама. "Жобалау әдісі-бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен нәтижелі дағдыларын дамыту құралы ретінде"

Скачать материал

Ақжайық аудандық білім бөлімі

Еңбекші негізгі жалпы білім беретін мектебі













Баяндама

Тақырыбы: «Жобалау әдісі – бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен нәтижелі дағдыларын дамыту құралы ретінде»



Дайындаған:Ергалиева Б.К.





















Чапаев, 2015жыл

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсетті. Қазіргі заманның осындай  ерекше талабын орындау да өзінің өткір ой – өрісімен, шабытты шығармашылығы мен ордалы білім мекемесінің мақтауға да, мақтануға да лайық ұстаздар қауымы талмай еңбек ете бермек. 

Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты       Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың  2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық  ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды.

Осы Ұлттық жоспардың мақсатын орындау – ең алғаш мектептегі бастауыш сатыдан басталады.

Бастауыш саты –

Бұл  оқушы  тұлғасы  мен  санасының  қарқынды  дамитын  құнды, қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақ-параттың мәнісін түсіне алмапты.Бір қызығы,олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық,өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет»

Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Соңғы жылдардың ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы мен нәтижелі дағдыларын дамыту құралы ретінде әр түрлі жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан - жақты қалыптасқан, бәсекелестікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:
Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде.
Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау.
Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.
Сондықтан қазіргі таңда шығармашыл ұстаздар қауымы жобалау әдісін қолданып жүр.
Алдымен жобалау әдісі дегеніміз не деген сұраққа жауап беріп көрейін.
Европа тілдерінде
«жоба» сөзі латын тілінен алынып, projectus «алдыға лақтырылған» деген мағынаны білдіреді, «сөйлеуші», «көзге түсуші», яғни бір объектінің, бір істің прототипі, прообразы сияқты, осы іс — әрекет жоба жасауға әкеледі. Жоба әдісі оқушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған білімнің интеграциясын пайдалануы керек.
Демек, жоба әдісі оқушылардың білімділік ситуацияға түсіп, өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс - әрекетін ұйымдастыруы.

Жобалап оқыту технологиясының тарихы.
Жобалап оқыту технологиясы өткен ғасырдың басында АҚШ - та дүниеге келген. Оны проблемалар әдісі деп те атаған, америка философы әрі педагогы Дж. Дьюи, және оқушысы У. Х. Килпатри ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды. Бұл жерде өмірден алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз білімін пайдалана алатындай болу керек. Мұғалім ақпарат көздерін қайдан алуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс - әрекеті арқылы алған білімін пайдаланып, шешім жолдарын ұғындыруға жетелейді. Немесе теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды. Жобалап оқыту технологиясы орыс педагогтарының да назарын аударған. Жобалап оқыту идеясы Россияда Америка педагогтарымен параллель келген. Орыс педагогы С. Т. Шацкий 1905 жылы оқу үрдісінде жобалап оқыту технологиясын пайдаланды.

Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады:

Жобалау әдісінің кезеңдері
І. Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс - әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс - әрекет келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алынған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV. Рефлексивтік бағалау кезеңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
V. Қорытынды.
Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, олардың танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым - қатынастар арқасында қоғам дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері арттырылады.

Жобалау әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары
Жобалау әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т. б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалау әдісінің кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық тапсырмаларды білім стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық тапсырмаларды оқушылар орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру тәжірибе жүзінде мүмкін емес.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық -педагогикалық ерекшеліктері абстрактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді. Сондықтан сабақта өзіндік жұмыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа негізделген хабарламалар, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс. Осылардың бәрі жоба өніміне жатады. Өзінің іс - әрекетін жоспарлауды тек қана кейбір оқушылар ғана істей алады. Басқаларға көмек керек. Жоба тақырыптары тікелей пәндік мазмұнымен байланысты. Себебі көрнекілік - образды ойлау, қоршаған әлемге қызығушылық - бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауда нақты пән бойынша алған білімге сүйенеді.
Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата - аналарды да қатыстыруға болады.

4-сыныпта Әдебиеттік оқу пәнінен Ш.Сариевтің «Тәуелсіздік монументі» өлеңімен танысқан кезде осы жобалау әдісін пайдаландым. Оқушыларды екі топқа бөлдім. Әр топқа тапсырмалар берілді. Жоба «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» деп аталды. Сабақ барысында екі топқа тәуелсіздік ұғымы, тәуелсіздіктің тарихы, тәуелсіздік монументі т.б. туралы сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сабақ соңында оқушыларға осы тақырыптар бойынша толығырақ мәліметтер жинап келуге тапсырма берілді. Әр топ өз тапсырмаларын қызығушылықпен орындады. Әр оқушы жобаға көтеріңкі көңіл - күймен қатысты. Келесі күні көрген, білген, естіген ақпараттарын суретке салып, өз ойларын қағаз бетіне жазды. Осы жасаған жұмыстың нәтижесін фотосуреттерге түсіріп, түрлі слайдтар жасадық. Оқушылармен бірігіп жұмыс жасаған ата - аналардың көмегі зор болды.

Бастауыш сыныпта жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек талап етеді. Сонымен қатар басында айтылған мәселелерге жауап тапқан сияқтымын
Оқыту үрдісінде өздігінен жұмыс орындаулары жоғары деңгейде.
Берілген тапсырманы дұрыс қабылдау және оны толық жүйелі түрде орындау.
Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алады.


Қорытынды
Жобалар жасау арқылы балалар өздерінің жеке қызығушылақтарын көрсетуге ұмтылады. Мұғалім ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Мұнан кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді. Бұл жағдайда әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар жинақтайды. Нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша жоба әдісі нәтижесіне жетеді. Мен өзім танып - түсінген нәрселердің маған не үшін қажет екенін, оларды қай жерде, қалай қолдану керек екенін білемін – міне, жоба жасау арқылы оқытып - үйрету әдісі туралы замануи ұғымының негізі осындай. Бұл - академиялық білім мен прагматикалық қабілет арасындағы байланысты табуға тырысатын көптеген білім беру жүйесінің назар аударып отырған мәселесі.

















Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.

2.     Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

3.     Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. Алматы, Ғылым, 1998ж – 437 бет.

4.     Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. Ү том. Алматы, Ғылым, 1999ж – 301 бет.

 








Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама. "Жобалау әдісі-бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен нәтижелі дағдыларын дамыту құралы ретінде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 832 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 2693
    • DOCX 23.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ергалиева Батима Каленовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ергалиева Батима Каленовна
    Ергалиева Батима Каленовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8007
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1102 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 835 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 377 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек