Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баяндама:12 жылдық білім беруде қазақ тілі пәнінен шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Баяндама:12 жылдық білім беруде қазақ тілі пәнінен шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыру

библиотека
материалов

12 жылдық білім беруде қазақ тілі пәнінен шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыру


Қ.Ү.Жақыпова Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

  Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл түрі көптеген елдерде қолданыс тауып келеді. Себебі білім беру қызметіне жаңаша қарау, жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалау, оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерін, нысандарын іздестіру талап етілуде. Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге  ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсат аясында бүгінде мектеп әрбір балаға жеке адам ретінде қарап,  құзыретті, ой-өрісі кең, еркін әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын, креативті, белсенді, жауапкершілігі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы басым тұлға ретінде тәрбиелеуге, ал педагог баланың бойынан өзіне тән нәрселерді тауып, оның құзыреттілігінің  дамытылуына көмек беруге бет бұрды.

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдылық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою .

Мұндағы мақсат - психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-әрекеті деңгейімен, білімді өздігінен ізденуге ұмтылушылығымен, өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруімен , яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін сезінуімен ерекшеленуге тиіс.

Білім негізі - бастауышта деп аталатын басты қағида негізі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері арқылы қаланады. Оқушы бала Абай тәрізді әдебиеттің алтын арқауы халық ауыз әдебиетімен , баланың тілі арқылы ойын дамытуға құрылған қаламгерлердің шығармаларын танысу мен оқуды алғашқы «Әліппе» , «Әліппенің серігінен» басталып, «Ана тілі», «Әдебиеттік оқу» оқулықтарына ұласады. Қазақ тілі салалары бойынша алғашқы түсінік «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» сабақтарында қалыптасады.

12 жылдық білім жүйесінде оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық құрылым ерекшеліктеріне байланысты қазақ тілі сабақтары 3 кезеңге сай ұйымдастырылады:

  1. Мотивациялық бағдарлау кезеңі.

  2. Операционалдық –орындаушылық кезең

  3. Рефлексиялық –бағдарлау кезеңі.

Мотивациялық бағдарлау кезеңінде оқу міндеттері қойылып айқындалады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалармен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Соның негізінде оқушыларға жаңа материал проблемалық сұрақ арқылы беріліп, танып-білу мотивациясы қаланады.Яғни оқушылардың осыған дейінгі алған біліимдері негізінде жаңа тақырыпта меңгеруге дайындығын бақылау, жаңа материалды меңгертудің алғы шартын қалыптастыру жүргізіледі:

-өткен материалды қайталай отырып, жаңа материалды қабылдауға дайындық:

- жаңа материалға негіз болатын түсінік белгілер туралы ойларын жинақтату;

- стандартты емес тапсырмалар беру;

Бұл оқушының өтілейін деп отырған тақырыптың қаншалықты да проблемалы екенін түйсініп, оны тануға деген ынтасын арттыра түсері сөзсіз.Сабақтың алғашқы кезеңі оқушыны осындай өз бетімен ізденетін әрекеттерге итермелеуі керек.

2.Операционалдық –орындаушылық кезең жаңа материалды оқушының тарапынан теориялық тұрғыдан танылады.Осыған дейінгі кезеңде жасалған жұмыстардың барлығы осы саты үшін қызмет етеді, оның нәтижесі мен жемісі осында айқындалады.Білімді, теориялық ұғымды танытуды мұғалім ұйымдастырғанмен, енді оны тану оқушының мақсатына айналып, ол орындаушылық мазмұн алады, яғни оқушының оқу- танымдық белсенді әрекеті осы кезеңде толық жүзеге асады.Мұғалімнің мұндағы негізгі қызметі – оқушының оқу-танымдық әрекетін қарапайым сабақ түрінде, диалектілік процесс негізінде жалпыдан нақтыға өту сипатында ұйымдастыру.Аталған кезеңде төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
- жаңа материалды, ұғымды меңгеру мақсатында түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындалады;
- соның негізінде оқушы бір нақты теориялық шешімге келіп, тұжырым жасайды;

- оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды;
- жаңа танылған теориялық нысан туралы жалпы ереже, анықтама шығарады.
Нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушы:

- берілген ереже-анықтаманы тәжірибеден өткізеді, оның ақиқаттылығын тексереді;

- жекелеген тапсырмаларды орындау барысында ережеге қатысты ескертулерді анықтайды;

- жалпы ережеге сәйкес мысалдарды тауып, оларды түсіндіреді;

- түрлі тапсырмаларды орындап, теориялық білімін бекітеді, тексереді еркін қолданады. - әдебиеттік оқу пәнінен әдеби –теориялық ұғымдарды, автор мен көркем шығарманың жанрын, тақырыбын деңгейлік тапсырмалар негізінде меңгереді.

3.Рефлексиялық – бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады.Ол үшін:

- тақырып тұрғысында сұрақтар қойылады;

- арнайы тапсырмалар беріледі;

  1. -тексеру жұмыстары жүргізіледі.
    Бұл кезеңнің дәстүрлі оқытудан ерекшелігі оқушы өзінің осал тұстарын анықтап, өз -өзіне іштей баға береді, өзінің не туралы білгеніне саналы тұрғыдан келіп, саралайды. Осыған жеткізу үшін мұғалім сабақ тақырыбына байланысты жалпылама сұрақтар беріп, рефлекcиялық жаттығу- тапсырмалар арқылы тексереді, оқушыларға ережелерді түйіндетеді,

Жоғарыда аталған 3 сабақ кезеңі оқушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда колледж директоры педагогика ғылымдарының докторы Ш.Х. Құрманалинаның жетекшілігімен шешуші құзыреттілікке бағытталған сабақ жоспарының жаңа үлгісі жасақталып, қолданысқа енгізілді. Мұнда алдымен пән аты , сыныбы, уақыты, сабақ тақырыбы көрсетілгеннен кейін, сабақтың құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері айқындалады.Ақпараттық құзыреттілікте тақырыпқа сай материалды жинақтау, құрылымдау арқылы меңгерту болса, коммуникативтік құзыреттілікте жаңа метериалды ауызша-жазбаша қарым-қатынаста дұрыс қолдануын қалыптастырады, проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыруда оқушының нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекетін проблема қою және оны педагогикалық технологиялар қолданып шешуін ұйымдастыру болып табылады.Әрі қарай, сабақ типі, әдісі, педагогикалық технологиялар көрсетіліп, сабақтың пәнаралық байланысы, қолданылатын көрнекіліктері нықталады.Сабақ барысында сабақтың әр кезеңі бойынша мұғалімнің қызметі, оқушының қызметі, күтілетін нәтиже нақты көрсетіліп отырады. Бұл сабақ берушінің сабақ барысын жоспарлағанда жалпылама әрекеттен гөрі нақты іске көшуін талап етеді. Сабақ барысында мұғалімнің тапсырмасына сәйкес оқушыдан күтілетін жауап, күтілетін нәтиже айқын көрсетіледі.

Ақпараттық құзыреттілік білім алудың ең негізгі көзі оқулық арқылы беріледі. А.Байтұрсынов : «Оқу құралының ең ұлығы- бала оқытатұғын кітап, оның жақсы болып баланың жанын қинамасына жазудың тәртібі болу шарт», -деген болатын. Оқулық- оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына , оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп баяндайтын құрал десек те, қазақ тілінің негізі қаланатын бастауыш, жоғары класс оқулықтарында дидактиканың ғылыми принципінің талаптары сақталмайтынын көруге болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін деректер келтірейік. 4-класс оқулығы бойынша берілген күрделі сөздердің бір түрі «Біріккен сөздердің жазылуы» тақырыбы бойынша жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады. Мысалы: Сарыадыр, Шиліөзен.

Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады. Мысалы: Торайғыр, Мырзәлі. Кейбір біріккен сөздер өзгерген қалпында айтылуы бойынша жазылады деп, жаздыгүні, қыстыгүні, қолғап, Қарагөз, Телғожа, Амангелді сөздері ережеге байланысты мысал түрінде беріледі. Осы оқулықтың 69- бетіндегі ереженің алдында проблемалық сұрақ түрінде берілген 1-жаттығудың шарты: Кісі аттарын оқып, түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске ұшырап, біріккен сөздерді бір бөлек көшіріп жаз. Қандай түбірден біріккенін айт. Алдыңғы түбірдің қандай дыбысқа аяқталып тұрғанына , келесі түбірдің қандай дыбыстан басталатынына назар аудар. Айтылуы мен жазылуын салыстыр. Жаттығуда берілген жалқы есімдер: Нұргелді, Әбдіқадыр, Қаламқас, Жиенқұл, Жанғали, Айғыз, Бердіқожа, Қарагөз, Әбілқайыр, Айнамкөз. Екінші сыңарлары ортақ Қарагөз, Айнамкөз сөздері екі түрлі жазылған. Бердіқожа сөзі морфологиялық принциппен жазылған. Ереже мен жаттығу жазылған арасында бірізділік сақталмаған.

5-жаттығудың шарты: Сөйлемді оқып, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің қайсысы бірге, қайсысы бөлек жазылады? Жаттығудан үзінді келтірейік. Жарысқа қазақтың қара(көз) қыздары жарысқа қатысты. Қара(көз) –шығарманың басты кейіпкері. Қаракөз сөзі екі жаттығуда екі түрлі принциппен жазылған. Күрделі сөздің бір түрі біріккен сөзге байланысты ереже мен жаттығулар арасында алшақтық бар. Бұл оқушыға тайға таңба басқандай жол көрсететін оқулық мазмұнына сын болып табылады. Оқулық - оқушылардың ана тілінен білім беретін, сауаттылығын қалыптастыратын, тапсырмаларды өз бетімен орындауға жетекшілік ететін негізгі құрал. Қазақ тілінен берілетін білім сапасының көрсеткіші оқулыққа да байланысты болса, ал пән мұғалімдеріне осындай екіұшты жағдайларда ғылымилық принципті ұстанып, кемшін тұстармен жұмыстануды қажет етеді.

Жалпы білім беретін мектепке арналған пән бағдарламасында тілдің 3 түрлі білімдік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында теориялық тақырыптар аясында: 1. Тілдік терминдердің ішкі мағынасына мән бере оқыту. Қазақ лингвистикасының атасы А. Байтұрсынов тілдік терминдерді жалпыхалықтық тілде бар сөздерден жасағанын мұғалім үнемі жадында ұстап, мысалы: «көсемше» негізінен күрделі етістік құрамында негізгі сөзді білдіріп, етістікті бастап тұратын бастаушы сөз болғандықтан көсемше аталуын түсіндіргені абзал. Себебі термин сөздерде тілдік категорияларды негізгі белгілері беріледі. Сабақ барысында жалаң анықтамадан термин сөздің сырын оқушымен бірігіп ашуға ұмтылу қажет.

2. Тіл ерекше құбылыс ретінде өз бойына ұлттық құндылықтарды сақтаушы, жеткізуші екенін таныту. «Етістіктің болымсыз түрі» тақырыбын тыйым сөздерді мысалға алып, оның мәнін түсіндіруде ұлттың болмыс-бітімінен хабардар ету, «Сұрау есімдіктерін» риторикалық сұрақтарға жауап іздеген асыл діңгек жыраулар мен ділмарлар сөздерімен байланыстыру .

Әр тақырыптың астарындағы құндылықтарға мән бере оқыту арқылы тілдің табиғатын ұлттық бітімімен байланыстыруға көмектеседі. «Қаратпа сөздер» мен «Тәуелдік жалғау» тақырыптарын бір-бірімен байланыстырып, қарағым, шырағым , қалқам, айнам, Баукең, Өзағаң сөздерінің эмоциональды-экспресссивті мәнін аштыруға болады. Әр теориялық тақырыпты этнолингвистикамен сабақтастыруға болады.

3. Сөйлеу әрекетінің тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім секілді барлық түрлерін өзара сабақтастыра қолдану нәтижесінде ойы ұшқыр, сөзі дәйекті қарым-қатынас әдебін қалыптастыру мен сөйлеу мәдениетін үйренуге басымдылық беру.

Сабақта педагогикалық технологиялардың ұтымды әдістерін талғап, таңдап қолдану да нақты нәтиже берері сөзсіз.

4. Берілген оқу материалын, алынған ақпаратты модульдей білу. Ол үшін қазақ тілінің әр саласын тірек кестелер арқылы түсіндіру, оқушымен шығармашылық одақ құрып, кестелер құрастыру, өтілген тақырыптың негізігі түйінін табуға көмектеседі, аз уақыт ішінде меңгеруге жағдай туғызады.

5. Қазақ тілі сабақтарын пәнішілік, пәнаралық бірліктер негізінде оқыту. «Тұрақты сөз тіркестері» тақырыбы антоним, синоним, омоним, морфология, синтаксис салаларымен сабақтастыру тақырыпты жан-жақты ашуға көмектеседі.

Құзыреттілік - оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі десек, Ғұлама Абай: «Әр нәрсенің өлшеуіші бар, өлшеуінен асса жарамайды»,- деп айтқанындай, жоғарыда айтылғандарды бір-бірімен тігісін білдірмей, жымдастыра пайдаланғанда, баба тілі –ана тілінің құзыреттілігін қалыптастыруға әбден болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Г. Ж. Наменова.12жылдық білім беру жүйесіне көшу //12 жылдық білім. А., 2008,      № 12, 40 - 52 б.

2.Ш.Х.Құрманалина «Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігінің сапасын бағалау»А,2006

3.А.Байтұрсынов «Тіл тағлымы» А, 1989

4. Қазақ тілі 4-класс А, 2010


This article discusses three ways of solving competencies on the lessons of the Kazakh language in 12 years of education and focuses on the aggregate of cognitive, educational, communicative language activities.



В статье рассматривается пути решения трех компетентностей на уроках казахского языка в условиях 12 летнего образования и уделяется внимание совокупности познавательной, образовательной, коммуникативной деятельности языка.



Краткое описание документа:

       Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл түрі көптеген  елдерде қолданыс тауып келеді. Себебі білім беру қызметіне жаңаша қарау, жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалау, оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерін, нысандарын іздестіру талап етілуде. Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге  ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 

Автор
Дата добавления 09.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров490
Номер материала 374903
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх