Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама : «Бастауыш сыныптардағы информатика пәнін қамтамасыз ету жолдары»

Баяндама : «Бастауыш сыныптардағы информатика пәнін қамтамасыз ету жолдары»


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m6e64b5e2.gifҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі



ОҚО Сайрам ауданы Құтарыс ауылы

30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі











Тақырыбы:

«Бастауыш сыныптардағы информатика пәнін қамтамасыз ету жолдары»











Бастауыш сынып мұғалімі: Жусипова С.Ж



Бастауыш сыныптардағы информатика пәнін қамтамасыз ету

жолдары

Бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында өскелең ұрпақтың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылатын «Информатика» пәніне жете мән берілуде. Соған сәйкес орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі қазіргі әлемдегі ақпараттық білім мен технологияның мән- мағынасына сәйкес артып отыр.

Информатика пәні бастауыш сыныптардан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы.Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Білім беруді жаңарту - үнемі алға қарай ұмтылумен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең- кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт- дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігі әр педагогтың,әр ата- ананың сапалы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.

«Информатика негіздері» журналының 2008 жылы жарықкөрген №5 басылымында А.Хамзина, Г.Молдағалиева және Г.Кабдисалиева ұсынған «Бастауыш сыныпта информатиканы енгізудің қажеттілігі» атты мақалада: «Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағыныа дамыту, сөйлеу және жүріс -тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр- түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемелекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:

1) Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;

2) Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;

3) Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.

Ал жоғарыда кқрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады» - делінген.

Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

  • бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

  • ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

  • бастауыш мектеп оқушыларынң ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігін даярлау.

Бүгінгі күні республика көлемінде бастауыш сыныптарға арналған біраз информатика пәнінің вариативті оқулықтары мен оқу құралдары жасақталып, эксперимент жүзінде қолдануда. Солардың бірі ТМД елдерінің зерттеулері мен тәжірибелерін негізге ала отырып, С.Т. Мұхамеджанова, Ж.Ы.Сардарова, Ш.К.Нұрманбетовалардың авторлығымен жасақталған әдістемелік құрал.

Жасақталған оқу құрал мұғалімдерге бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқыту әдістерін қарастыруға негізделген әдістемелік құрал болып табылады.

Сонымен қатар, 2004 жылы қазақ және орыс тілдерінде Білім және Ғылым Министірлігі ұсынған «Ақпараттық мәдениет негіздері» оқу әдістемелік кешені шықты. «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәні - дәстүрлі мәдениетті өркениеттік мәдениетпен біріктіре, кіріктіре оқытатын жаңа пән. Оқу әдістемелік кешен төрт бөлімді жұмыс дәптерінен және мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдан тұрады.Дәптердегі тапсырмалар деңгейленіп, үш деңгейге бөлініп құрастырылған. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар мемлекеттік стандарт деңгейінің ең қажеттіміндеттерін қамтыса, келесі екі деңгей оқушылардың осы алған білімін өздігінен тереңдетіп дамытуға, жүйелеп, қорытынды жасауға арналған.

Бірақ, дегенмен де Қазақстанның болашақ білімді азаматтарын даярлауда бұл оқулықтармен ғана білім беруіміз жеткіліксіз болар. Сол мәселелерді қарастыра келе, Macromedia Flash бағдарламалық ортасында және Power Point бағдарламасының қатысуымен электрондық құрал әзірленді. Қағаз оқулықпен салыстырғанда, электрондық құралдың «интелектісі» жоғары, себебі компьютер оқытушы әрекетінің кекйбір аспектісін оған еліктеп қайталай алады (білім деңгейін дәл анықтау, керекті жерде түсінік беру т.б)

«Ақпараттық мәдениет негіздері» электрондық құралын әзірлеуде басты назарда ұсталынған талаптардың бірі информатика пәнін оқытудың эргономикалық талаптары. Яғни, информатика сабағында бала компьютермен шектеулі уақытта ғана жұмыс істеуіне болады. Бұл талап бойынша:

1 сыныпта - 10 минут;

2- 3 сыныпта - 15 минут;

4 сыныпта - 20 минут ғана компьютердің алдында отыруға рұқсат етіледі. Осы қатаң талапты ескере отырып оқушы әр сабақтың 15 минутын компьютерде.қалған уақытын жұмысы дәптерін пайдалану арқылы меңгеруге болады. Электрондық құралда осыған аса назар аударылды.

Сонымен қатар, 2- сыныптың жас деңгейіне, қабылдау қабілеті ескеріліп, қаріп түрінің анық көрінуі, сөйлемдердің неғұрлым түсінікті, қысқа болуы қамтамасыз етілді.

Төменгі сынып оқушыларының қабылдау деңгейінің төмен болатынын ескере отырып, тақырыпты есте сақтау мүмкіншіліктерін арттыру мақсатында сурет-кескіндерді пайдалану арқылы түсіндіру қарастырылды.

Құрғақ жаттаудан гөрі белсенді әрекет барысында алған білімнің әлдеқайда жемісті болатынын ескеріп, тапсырмалар ойынмен ұштастыра отырып берілген. Мақсаты - әр баланың өзіндік қабілетінің жан- жақты ашылуына мүмкіндік туғызу, қолайлы жағдай жасау..

Электрондық құралдың құрылымына тоқталатын болсақ, электрондық құрал информатика пәнінің оқу бағдарламасы ескеріле отырып 34 сағатқа негізделіп құрылды. Әр сабақта: оқу залы, ойна, демал, көмек бөлімдері қарастырылған.

Оқу залында оқушылар тақырыпқа байланысты негізгі ұғымдармен танысады. Ал, ойна бөлімінде, ойын технологиясын негзге ала отырып жасалынған тақырыпқа байланысты тапсырмалар құрылған. Демал бөлімінде, садбақтан тыс, басқа сабақтармен байланысы бар логикалық, қызықты тапсырмалар, логикалық есептер енгізілген. Егер электрондық құрал мен оқушы арасындағы интерфейсте түсініспеушілік болған жағдайда оқушы көмек бөліміне жүгіне алады.

Сонымен қатар, электрондық құралды безендіру жағынан ұлттық тәрбиеге біраз көңіл бөлінген. Яғни, қазақтың оюлары, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, кейіпкерлердің өздері қолданылды.

Білімнің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек білімге ғана тән. Қазақстан елінің өсіп қркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуының ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Бүгінгі мектептің мақсаты - әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу. Сондықтан, оқушы тұлғасын дұрыс әзірлеу үшін сапалы оқулықтар қажет.






ӘДЕБИЕТТЕР

1. Хамзина А. Бастауыш сыныпта информатиканы енгізудің қажеттілігі /А.Хамзина, Г.Молдағалиева, Г.Қабдисалиева //Информатика негіздері. - №5(2008). - С.8 бет.

2. Ибашова Ә. Информатиканы бастауыш мектептен бастап оқыту / Ә. Ибашова, Ж.Қадырбаева // Информатика негіздері. - №5(2003). - С. 29 бет.

3. Хамзина А.О. Информатиканы оқыту ерекшеліктері. / А.Хамзина.// Бастауыш мектеп. - №2(2008). - 5- 8 бет.


Краткое описание документа:

Бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында өскелең ұрпақтың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылатын «Информатика» пәніне жете мән берілуде. Соған сәйкес орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі қазіргі әлемдегі ақпараттық білім мен технологияның мән- мағынасына сәйкес артып отыр.

 

              Информатика пәні бастауыш сыныптардан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы.Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Автор
Дата добавления 30.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров433
Номер материала 465956
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх