Инфоурок Начальные классы КонспектыБаяндама "Ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде бастауыш сыныптарда оқу үрдісін белсендіру"

Баяндама "Ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде бастауыш сыныптарда оқу үрдісін белсендіру"

Скачать материал

 

 

 

 

 

                                 

                                 Баяндама

 

 

 

 

 «Ақпараттық-коммуникациялық технология   негізінде бастауыш сыныптарда оқу үрдісін белсендіру»

 

 

 

 

 

 

                            

 

                                         Павлодар облысы, Ертіс ауданы,

                                                                Қоскөл ЖОББ мектебінің

                                                                бастауыш сынып мұғалімі

                                                                 Беспаева З.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы  керек. Ол өмірлің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан жолға даяр болуы қажет» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, Мемлекеттік білім беру саясаты әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатын алдыға қойып отыр.Бүгінгі ақпараттық қоғамда ақпаратты сақтап, шапшаң өндеп жеткізе білуі және ақпараттандырудан әрбір адамның хабардар болуы заман талабы. Сол себепті қазіргі таңда мектептердің ақпараттық ағымға бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны білім беру жүйесінде қолдану, соның ішінде бастауыш білім беру жүйесінің оқу – тәрбие үдерісінде кеңінен пайдалану және бастауыш сынып оқушыларында ақпараттық мәдениет негіздерін қалыптастыру бастауыш сынып мұғалімдерінің басты мақсатына айналып отыр.

Ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлау және оны білімденушіге жеткізу үрдісі. Бүгінгі таңда ақпараттық – коммуникацияның жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары өте көп. Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану білімденушілердің өзіндік жұмыс түрін дамытуға ықпалы зор. Оқушылардың өзі - өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау жұмыстарына негізделген оқыту мүмкіндігін қарастырады. Оқыту үрдісі – екі жақты үрдіс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына , олардың өз еркімен  амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни, оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау және меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін белсендіруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның келесі түрлері қолдануда.

-         Интерактивті тақтаны пайдалану:

-         Компьютерлік ойындар, компьютерлік бағдарламалар:

-         Ақпараттық – анықтамалық жүйелер:

-         Электронды оқулықтар:

-         Телекоммуникация құралдарын пайдалану:

-         Мультимедиялық бағдарламалар және т.б.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиясын басқару оқу – тану міндеттерін шешуге және оқу жұмыстарын даралауға арналған құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін, әрі соған ыталандыратын біріңғай ақпараттық білім беру ортасын құру міндетіне иіреді.

Ғалым В.Красильникованың берген анықтамасына сүйенсек, ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – танымдық іс - әрекеттерді сүйемелдеуді және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар негізінде құрылған оқытуға қажетті психологиялық – педагогикалық шарттар, қазіргі оқыту технологиялары мен  бағдарламалық - әдістемелік құралдар жиынын бере алатын және білім алудың материалдық рухани жағдайларын жасай алатын көп аспектілі, толыққанды, әлеуметтік – психологиялық нақты орта.

 

Бастауыш сыныпта ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдануға келесі факторлар себепші болып отыр:

-         бастауыш мектептен бастап оқушылардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, бүгінгі ақпараттық қоғамға бейімдеу:

-         Бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениеттіліктерін қалыптастыра отырып, оларды әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне еркін енуге даярлау.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны бастауыш мектептегі дәстүрлі әдістемемен үйлесімді байланыстыру арқылы және оларды оңтайлы, тиімді пайдалану

негізінде бастауыш мектептің төменгі мазмұндағы негізгі мақсаттарын шешуді қарастырады:

1.Коммуникативті, әлеуметтік құзырлығы және шығармашылық алгоритмді ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқу үрдісінде өзіндік жұмыс істеу дағдысы мен белсенділіктерін арттыру негізінде бастауыш сынып оқушысының тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оның ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру.

2. Бастауыш мектепте оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру. Бастауыш мектеп оқушысының танымдық іс - әрекеттерінің белсенділігін, оқуға деген ынтасын дамыту.

3. Бастауыш мектептің біртұтас ақпаратты кеңістігін құрастыру.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның өзгеше мүмкіндіктері рефлексия, салыстыру, синтездеу, талдау, байланыстарды, заңдылықтарды анықтау,топтасып өзара әрекетке бару сияқты қабілеттерді қоса алғанда ептілік пен дағдыны дамытуға мүмкіндік береді. Аталған технология сабақты әртүрлі әдіс – тәсілдермен ұйымдасты-

руда оқушылардың өз бетімен пән мазмұнын оқып ұйренуде, осы пән бойынша қосымша ақпараттық анықтамалық хабар алуда толық мүмкіндіктер беретін, дидактикалық, әдістемелік, ғылыми ақпараттық материалдарды жинақтаған оқу үрдісінде заман талабына сай қолданылатын қажетті құрал болып табылады.

Бастауыш сыныпта ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану пәндерді оқыту сапасын арттыру, білім беруді ақпараттандыру жүйесі түрінде іске асады.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін қолдануға мүмкіндіктер туғызады:

-         Интерактивтік сұхбат. Ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жү-зеге асырылады. Бұл арада сұхбат мәтіндік бұйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып отырады;

-         Нақты объектілерді басқару;

-         Экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің, құбылыстардың, процестердің үлгілерін басқару;

-         Оқу процеінің нәтижелеріне автоматтық бақылау, өзіндік бақылау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу.

Ақпараттық қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға, сонымен қатар түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге және алған  мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.

Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технология білім сапасын арттыру жұмыс-

тарының мысалы ретінде, тек білім беру тәсілдері ғана емес, білім беру саласын автоматтандыруды да атауға болады. Ұстаздардың уақытын тиімді пайдалануға дәл және нақты ендірілген ақпараттар негізінде тиісті сараптама жасалуына мүмкіндік беретін сөзсіз.

Қорыта келгенде, жалпы жаңа технология оқушыны белсенді әрекетке жеткізетін, танымдық белсенділігін арттырып, өз мүмкіншілігіне жол ашатын, өмірге көзқарасы,

адамгершілік қасиеті жоғары, білімді ұрпақ тәрбиелеудің көзі. Ақпараттық – коммуникациялық технология – бұл оқу үрдісінің жаңа компьютерлік бағдарламалар негізінде жасалынуы, мультимедиялық ақпараттармен толықтырылуы, соңғы үлгідегі ақпараттық – коммуникациялық мүмкіндіктерді пайдалануы болып табылады. Ақпараттық

қатынас технологиясының өзгеше мүмкіндіктері рефлексия, салыстыру, синтездеу,талдау,

байланыстарды, заңдылықтарды анықтау, топтасып өзара әрекетке бару секілді қабілеттер-ді қоса алғанда ептілік пен дағдыны дамытуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандырусыз ұйымдастырып, жоспарлау мүмкін емес.

Ақпараттандырудың бірден – бір жолына оқу үрдісінде электронды оқулықтардың кең ауқымды қолдануын айтуға болады. Бұл – дәстүрлі оқулықтардың барлық жетістіктері мен

компьютерлік технологияны бір –бірімен байланыстыру арқылы жасалған білім берудің қажетті құралы.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану арқылы оқушы өзінің психо – физиологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес, дербес бағдарлама арқылы жұмыс жасауына мүмкіндік алады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология оқушылардың сабақты әртүлі әдіс-тәсілдер-

мен ұйымдастыруды, өз бетімен пән мазмұнын оқып үйренуде,осы пән бойынша қосымша ақпараттық анықтамалық мәлімет алуда толық мүмкіндіктер беретін, дидактикалық,әдісте-

мелік, ғылыми ақпараттық материалдарды жинақтаған оқу үрдісін қоғам талабына сай ұйымдастыруда қолданылатын қажетті құрал болып табылады.

 

                            Сабақ жоспары. Қазақ тілі – 4 сынып

Сабақ тақырыбы: Мен (бен, пен) және шылаулары

Сабақ мақсаты: Оқушылардың сөз табы шылау туралы түсініктерін кеңейту; мен, (бен, пен) және  шылауларымен таныстырып, жазылу емлесін дұрыс қолдана білуге үйрету; өз ойларынан сөйлем құрап жазуға машықтандыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту;

туған тілінің қыр – сырын ұғындыра отырып оны қадірлеуге, қастерлеуге, адалдыққа тәрбиелеу.

Сбақта қолданылатын әдістер, технологиялар: ақпараттық – коммуникациялық техноло-

гия, интерактивті тақтану пайдалану, семантикалық карта.

1 слайд. «Ойландырар он сұрақ».

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде бастауыш сыныптарда оқу үрдісін белсендіру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы  керек. Ол өмірлің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан жолға даяр болуы қажет» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, Мемлекеттік білім беру саясаты әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатын алдыға қойып отыр.Бүгінгі ақпараттық қоғамда ақпаратты сақтап, шапшаң өндеп жеткізе білуі және ақпараттандырудан әрбір адамның хабардар болуы заман талабы. Сол себепті қазіргі таңда мектептердің ақпараттық ағымға бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны білім беру жүйесінде қолдану, соның ішінде бастауыш білім беру жүйесінің оқу – тәрбие үдерісінде кеңінен пайдалану және бастауыш сынып оқушыларында ақпараттық мәдениет негіздерін қалыптастыру бастауыш сынып мұғалімдерінің басты мақсатына айналып отыр.

Ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлау және оны білімденушіге жеткізу үрдісі. Бүгінгі таңда ақпараттық – коммуникацияның жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары өте көп. Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану білімденушілердің өзіндік жұмыс түрін дамытуға ықпалы зор. Оқушылардың өзі - өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау жұмыстарына негізделген оқыту мүмкіндігін қарастырады. Оқыту үрдісі – екі жақты үрдіс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына , олардың өз еркімен  амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни, оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау және меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін белсендіруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның келесі түрлері қолдануда.

-         Интерактивті тақтаны пайдалану:

-         Компьютерлік ойындар, компьютерлік бағдарламалар:

-         Ақпараттық – анықтамалық жүйелер:

-         Электронды оқулықтар:

-         Телекоммуникация құралдарын пайдалану:

 

-         Мультимедиялық бағдарламалар және т.б.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.05.2015 1045
    • DOCX 43 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Беспаева Зауреш Космановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Беспаева Зауреш Космановна
    Беспаева Зауреш Космановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 14055
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1472 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 285 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе