Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Баяндама "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде"

библиотека
материалов



Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде


А.Е.Жақаева

Теректі АБББ,

әдіскері



«Адамға екі нәрсе керек тегі,

Бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»

(Ж.Баласағұни)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Бұл күндері қазақ тілінде жер бетінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Егер қазақ тілінің түркі тілдер тобына кіретінін, әлемдегі 30-ға жуық түркі тілдерінде 200 миллионға тарта адамның сөйлейтінін ескерсек, қазақ тілін ұғатын, түсінетін, оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана   алатындар саны тіпті  көп.

Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»,-деп атап көрсеткен еді. Егер құнарлы тілдің құнын түсіріп, күнделікті қолданыс аясын кеңейтуге өзіміз үлес қоспасақ, өзгелерден қалай талап етеміз.

Еліміз егемендігін алып, өз алдына ел болып, етек-жеңін жиғалы 22 жыл да аққан жұлдыздай зымырап өтте шықты. Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болғанына 24 жыл толды.

Мемлекеттік тіл-тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды тіл арқылы үйренеміз.

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мемлекеттік тілді игеру-әрбір азаматтың ізгілікті борышы» деген сөзі Қазақстанда тұратын әрбір азаматты ойландыруы тиіс. Тіл-адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Елімізде тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Тіл туралы Заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуы үшін бағдарламалар жасақталғаны, мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы мектептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Мемлекеттік тілді меңгерту жолында тіл мамандарына артылар жүк ауыр.

Тіл-қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасатыны анық. Ана тілін сүйген адам туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйері хақ. Ал, бұлардың бәрі-адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-ана тілі.

Тіл туралы сөз қозғалғанда, бұл мәселенің ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуды жеке бөліп алмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы жан-жақты қарастырылып отырған мәселе-орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту болып отыр. Осыған орай алдымызда тұрған мақсат-өзге тілді ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қадір-қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігетін тәуекелге баратын тұлға қалыптастыру. Бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі. Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев,И.В.Маманов,Ғ.Бегалиев,С.Жиенбаев,Ш.Бектұров,К.Сариева, А.Жүнісбеков,Ф.Р.Ахметжанова,М.Жанпейісова,Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева.

Мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне үйрету-аса күрделі ізденісті қажет ететіні анық. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін қалай меңгертпек керек немесе мемлекеттік тілімізге деген құрметтерін қайдан байқасақ болады деген ой санамызда шарықтары анық.

Біздің мақсатымыз өзге ұлт өкілдерін қазақ қылып шығару емес, оларды мемлекеттік тілді түсініп, әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу.

Алайда уақыт талабын орындау мақсатында мектептер мен қоғамдық орындарда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Оқушыға тәрбие беру мен қатар тілді меңгертуде де отбасы мен мектептің орны ерекше екенін атап өткен жөн.

Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Коммуникативтік әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», деген анықтама береді. Коммуникация термині латын тілінен аударғанда- байланыс, қатынас, араласу, ойлармен, деректермен бөлісу деген мағынаны білдіреді.

Коммуникативтік әдісті пайдаланудың тиімді жолы –оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай  бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес екені белгілі.

Мектеп практикасынан біз нені байқаймыз? Жалпы білім беру мектебін бітіруші пән бойынша үздік бағаларға ие болғанмен, бірнеше мың сөзді меңгергенімен, сөздіктер мен оқулықтарды қолдана алғандарымен бірақ, қазақ тілінде емін-еркін сөйлей алмайды.

Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай қазақ тілін оқытудың жаңа жолдарын іздеу мәселелері де әр кезеңде өз дәрежесіне сай сұраныста болады. Қазіргі ХХІ ғасырда мемлекеттік тілді оқытып үйрету мәселесі жаңа бір белеске көтерілді. Қазақстанның өркениетті елдер қатарынан орын алуы елдегі білімнің, ғылымның даму деңгейіне тікелей қатысты.

Ел егемендігінің басты сипаттарының бірі-мемлекеттік тіл болғандықтан, білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытып үйрету сапасы Қазақстан Республикасының болашағын айқындауға маңызды ықпал ететіндігі даусыз.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жас ұрпаққа қазақ тілінің мәртебесі мен маңызын, сөз құдіретін насихаттап тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жаңа инновациялық технологиялармен жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану айтарлықтай жетістіктерге жеткізері анық.

Қазіргі қоғамдағы мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Өзге тілді оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Осы жерде әр мұғалім жұмыс барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрғаны жөн. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушылардың білім деңгейінің өсуін байқауға болады. Мемлекеттік тілді үйретудегі басты мақсат-тіл дамыту болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мәселе-оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, жаза, оқи білуге үйрету болып табылады.

Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгертуде ауданымыздағы атқарылған жұмыстарға тоқтала кеткім келеді. Күні бүгінде 42 білім ошағының 3 орыс тілінде және 13 аралас тілде оқытады. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің саны-37. Жоғары білімді-35, арнаулы орта білімді-2 мұғалім. Оның ішінде жоғары санаттысы -3, І санаттысы -13, ІІ санаттысы -12, санатсыз-9 мұғалім бар. Ағымдағы оқу жылында ОПКБА және ҚДИ-да қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курсқа 6 мұғалім, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жаңа форматты деңгейлі оқытуда 10 мұғалім III деңгейді, 1 мұғалім II деңгейді және 3 мұғалім І деңгейді оқып бітірді.

Ауданымыздағы тәжірибелі мамандардың жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ҰБТ-ден мектептер арасындағы көрсеткіш жыл өткен сайын артып келеді. Соңғы 3 жылды салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ: 2011 жылы орташа балл 19,3 болса, 2012 жылы 20,5 болды. Ал 2013 жылдың көрсеткішінде 21-ге жетіп отыр.

Аудан мектептері арасында мемлекеттік тілді үйренудің оң көрсеткіштері байқалады. Өзге ұлт өкілдерінің аудандық шараларға қатысу деңгейі де жоғары. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін Абай оқуларынан 8-сынып оқушысы Стасюк Ольга ІІ орынды жеңіп алды. Ал Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген облыстық «Абай оқулары» байқауында Н.С.Маноли екінші рет қатысып ІІІ орын иеленді. Атап айтар болсам №1 Федоров, Приречен, Покатиловка, Магистрал, №1 Подстепный, Ақсуат, Шаған жалпы орта білім беретін мектебінен аудандық іс-шараларға өзге ұлт өкілдерінің оқушылары жие қатысып отырады.

Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту жолында жұмыс жүргізіп жатқан тіл мамандары алдындағы баланы Отанымызды, елімізді қастерлеп, қазақ халқының салт-дәстүріне сыйластықпен қарайтын етіп тәрбиелеу.

Ұлы ғалым А.Байтұрсынов былай деген екен «Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзіне қажетті әдісті тауып, пайдалана білу керек». Бұл дегеніміз мемлекеттік тілімізді меңгерген саналы ұрпақ тәрбиелеу шебер маманның қолындағы іс.




Краткое описание документа:

Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде

 

А.Е.Жақаева

Теректі АБББ,

әдіскері

 

«Адамға екі нәрсе керек тегі,

Бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»

(Ж.Баласағұни)

 

            Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Бұл күндері қазақ тілінде жер бетінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Егер қазақ тілінің түркі тілдер тобына кіретінін, әлемдегі 30-ға жуық түркі тілдерінде 200 миллионға тарта адамның сөйлейтінін ескерсек, қазақ тілін ұғатын, түсінетін, оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана   алатындар саны тіпті  көп.

Автор
Дата добавления 20.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров886
Номер материала 139314
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх