Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баяндама: «Бала еңбегі – адамгершілік және эстетикалық тәрбие негізі»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Баяндама: «Бала еңбегі – адамгершілік және эстетикалық тәрбие негізі»

библиотека
материалов

«Бала еңбегі – адамгершілік және эстетикалық тәрбие негізі».


Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі (Ыбырай Алтынсарин)
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Жаз мезгілінде үлкендермен қатар балалар да табыс тапқысы келеді. Жарнамаларға еліктеп, ата-аналарынан жасырынып тыйым салынған жұмыс түрлерін жасайтын да осы ұзақ мезгіл. Зерттеу бойынша бала еңбегін пайдаланатын топ көбіне-көп қараусыз, қадағалаусыз, тұрмыс жағдайы төмен отбасындағы, мүгедек, жетім балаларды жұмысқа тартатыны дәлелденіп отыр. Сондықтан кәсіпкерлер есіне бала еңбегі құқығы қорғалуында мынадай баптардың бар екендігін естеріне салғым келеді.Қазақстан Республикасының 16-шы бабында баланы ауыр, зиянды немесе еңбек жағдайы қауіпті қара жұмысқа қабылдауға тыйым салынатындығы қарастырылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында 18 жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртібі де белгіленген. Ал, бала еңбегінің ең ауыр түрлері құлдық, жеңіл жүріспен айналысуға пайдалану, қарама-қайшы қызметтер, денсаулығына зиян келтіретін жұмыстар жататынын естен шығармауымыз керек. Міне, осы айтылғандарды әрбір ата-ана жадында ұстаса, балаларының адал, жас ерекшелігіне сай қызмет етуі олардың саналы адам ретінде қалыптасуына жол ашады. Сөзімді түйіндей келе, біз отбасымыздың бір мүшесін немесе сыныптағы бір оқушыны тәрбиелеп жатқан жоқпыз. Біздің қолымызда болашақ ел азаматы тұр. Егер біз сәл қателессек, бүкіл қоғам азап шегеді. Сондықтан балаларымыздың еңбек құқығының қорғалуына, елі үшін еңбек етуіне ат салысайық.

Еңбек үстінде балалар белсенділік, тапқырлық, қайсарлық, нәтижеге жетуге ынталылық көрсетеді, олардың бойында шама-шарқына қарай ересектерге қолғабыс тигізу ниеті қалыптасады. Н.К.Крупская балаларды еңбекте біріктіруге ерекше мән берген, «балалардың бірлескен жұмысын ерекше бағалау керек – бұл ұжымдық еңбектің бастамасы. Баланың күші осы ұжымдық еңбек үстінде әсіресе жақсы өрістейді» деп атап көрсетті. Баланың мүмкіндіктерін, оның өзімен тән ерекшеліктерін ойынмен байланысын мұқият ескеру керек дейді ол.

А.С.Макаренко еңбек тәрбиесі туралы еңбектерінде балалардың тұрмыстық еңбегінің қарапайым түрлерінің маңызды рөлін ашып берді, сол еңбекте олардың мінез – құлқында дербестік, жауапкершілік, өзін - өзі ұйымдастыру, мақсат қоюшылық қалыптасатынын атап көрсетті. Еңбек ете білетін балалар еңбек бейнетінің қадірін біледі, басқа адамдардың да еңбегін құрметтейді, көмекке зәру кісіні тез байқайды. А.С.Макаренко еңбектерінде балалардың еңбегін ұйымдастыру, бірте –бірте оның мазмұныны күрделендіріп, баланың өзін ұйымдастыруда қойылатын талап дәрежесін көтере түсу туралы ұсыныстар айтылады, баланың отбасында тұрақты еңбек міндеттері болуының, олардың ортақ іске қатысуының маңызы атап көрсетіледі. Баланы жастайынан еңбекке баулу - бала бойында адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, оларды риза ету үшін еңбектенуге үйретеді.

Сонымен, бүгінде ата-аналардың отбасы өмірін дұрыс ұйымдастырып, балада ұнамды қасиеттерді қалыптастыру үшін ең алдымен отбасының негізгі қызметі туралы түсініктері болуы қажет. Отбасының қызметін зерттеген ғалым-педагогтар (Г. К. Байдельдинова, В. И. Гребенников, Б. Ж. Қоянбаев және т.б.) өз еңбектерінде әртүрлі деңгейде қарастырған. Онда басым көпшілігі отбасы негізінен ұрпақ жалғастырушылық және тәрбиелік қызмет атқарады дейді. Ал ғалым педагог В. И. Гребенников отбасы қызметін бес топқа, яғни ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелілік, қарым-қатынастық және бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру деп бөледі. Әлеуметтанушылар (М. Тәжин, Б. Аяғанов) өз зерттеулерінде: «Қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі қызметі: дүниеге ұрпақ әкелу; оны әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу; экономикалық, яғни балалардың есею геніне дейін көмек беру; сексуалдық қызмет, яғни қоғамда жыныстық қатынасты реттеу» деп көрсетеді. 
Жоғарыдағы авторлар қөзқарастарын саралай келгенде В. И. Гребенников ұсынған отбасы қызметі өзге ғалымдар көзқарастырын толыққанды түрде қамтығандай. Оны төмендегідей құрамда керсетуге болады: 

Краткое описание документа:

«Бала еңбегі – адамгершілік және               эстетикалық тәрбие негізі».

    Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі (Ыбырай Алтынсарин)
        Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру.
Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
         Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
          Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

         Жаз мезгілінде үлкендермен қатар балалар да табыс тапқысы келеді. Жарнамаларға еліктеп, ата-аналарынан жасырынып тыйым салынған жұмыс түрлерін жасайтын да осы ұзақ мезгіл. Зерттеу бойынша бала еңбегін пайдаланатын топ көбіне-көп қараусыз, қадағалаусыз, тұрмыс жағдайы төмен отбасындағы, мүгедек, жетім балаларды жұмысқа тартатыны дәлелденіп отыр. Сондықтан кәсіпкерлер есіне бала еңбегі құқығы қорғалуында мынадай баптардың бар екендігін естеріне салғым келеді.Қазақстан Республикасының 16-шы бабында баланы ауыр, зиянды немесе еңбек жағдайы қауіпті қара жұмысқа қабылдауға тыйым салынатындығы қарастырылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында 18 жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртібі де белгіленген. Ал, бала еңбегінің ең ауыр түрлері құлдық, жеңіл жүріспен айналысуға пайдалану, қарама-қайшы қызметтер, денсаулығына зиян келтіретін жұмыстар жататынын естен шығармауымыз керек. Міне, осы айтылғандарды әрбір ата-ана жадында ұстаса, балаларының адал, жас ерекшелігіне сай қызмет етуі олардың саналы адам ретінде қалыптасуына жол ашады. Сөзімді түйіндей келе, біз отбасымыздың бір мүшесін немесе сыныптағы бір оқушыны тәрбиелеп жатқан жоқпыз. Біздің қолымызда болашақ ел азаматы тұр. Егер біз сәл қателессек, бүкіл қоғам азап шегеді. Сондықтан балаларымыздың еңбек құқығының қорғалуына, елі үшін еңбек етуіне ат салысайық.

        Еңбек үстінде балалар белсенділік, тапқырлық, қайсарлық, нәтижеге жетуге ынталылық көрсетеді, олардың бойында шама-шарқына қарай ересектерге қолғабыс тигізу ниеті қалыптасады. Н.К.Крупская балаларды еңбекте біріктіруге ерекше мән берген, «балалардың бірлескен жұмысын ерекше бағалау керек – бұл ұжымдық еңбектің бастамасы. Баланың күші осы ұжымдық еңбек үстінде әсіресе жақсы өрістейді» деп атап көрсетті. Баланың мүмкіндіктерін, оның өзімен тән ерекшеліктерін ойынмен байланысын мұқият ескеру керек дейді ол. 

       А.С.Макаренко еңбек тәрбиесі туралы еңбектерінде балалардың тұрмыстық еңбегінің қарапайым түрлерінің маңызды рөлін ашып берді, сол еңбекте олардың мінез – құлқында дербестік, жауапкершілік, өзін - өзі ұйымдастыру, мақсат қоюшылық қалыптасатынын атап көрсетті. Еңбек ете білетін балалар еңбек бейнетінің қадірін біледі, басқа адамдардың да еңбегін құрметтейді, көмекке зәру кісіні тез байқайды.  А.С.Макаренко еңбектерінде балалардың еңбегін ұйымдастыру, бірте –бірте оның мазмұныны күрделендіріп, баланың өзін ұйымдастыруда қойылатын талап дәрежесін көтере түсу туралы ұсыныстар айтылады, баланың отбасында тұрақты еңбек міндеттері болуының, олардың ортақ іске қатысуының маңызы атап көрсетіледі.  Баланы жастайынан еңбекке баулу - бала бойында адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, оларды риза ету үшін еңбектенуге үйретеді.  

          Сонымен, бүгінде ата-аналардың отбасы өмірін дұрыс ұйымдастырып, балада ұнамды қасиеттерді қалыптастыру үшін ең алдымен отбасының негізгі қызметі туралы түсініктері болуы қажет. Отбасының қызметін зерттеген ғалым-педагогтар (Г. К. Байдельдинова, В. И. Гребенников, Б. Ж. Қоянбаев және т.б.) өз еңбектерінде әртүрлі деңгейде қарастырған. Онда басым көпшілігі отбасы негізінен ұрпақ жалғастырушылық және тәрбиелік қызмет атқарады дейді. Ал ғалым педагог В. И. Гребенников отбасы қызметін бес топқа, яғни ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелілік, қарым-қатынастық және бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру деп бөледі. Әлеуметтанушылар (М. Тәжин, Б. Аяғанов) өз зерттеулерінде: «Қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі қызметі: дүниеге ұрпақ әкелу; оны әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу; экономикалық, яғни балалардың есею геніне дейін көмек беру; сексуалдық қызмет, яғни қоғамда жыныстық қатынасты реттеу» деп көрсетеді. 
Жоғарыдағы авторлар қөзқарастарын саралай келгенде В. И. Гребенников ұсынған отбасы қызметі өзге ғалымдар көзқарастырын толыққанды түрде қамтығандай.
Оны төмендегідей құрамда керсетуге болады: 

Автор
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров758
Номер материала 503226
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх