Инфоурок Начальные классы КонспектыБаяндама "БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР "

Баяндама "БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР "

Скачать материал

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, КММ №44 орта мектеп

Бастауыш сынап мұғалімі Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы

 

 Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

 Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері арасындағы алдыңғы 50 мемлекеттің бірі болу мақсатында: бәрі де мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектептен берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосатынын ескерген.

Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту, оқу іс - әрекетінің негізгі компоненттерін игеру. Мектеп – келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдар киелі ұя.

«Қыран  түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғам тірегі.         

Қазақстан Республикасының  жоғары педагогикалық  білім беру тұжырымдамасында  «Жаңа  формация мұғалімі – кәсіби дағды мен  педагогикалық  дарыны қалыптасқан , жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ізгілігі мол әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен  зерттеуші ретінде қарайтын ақпараттық технологияны  толық меңгерген, коммуникативтік,  бір сөзбен айтқанда  толыққанды  құзырлы адам. Қазіргі инновациялық технологияларды қолдану  оқушылардың ой өрісін, қиялын еркін дамуына, танымдық қабілетінің дамуына, жан - жақты білім алуына жағдай жасайды. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін  инновациялық технологияларды тиімді қолдану қажет. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа, баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Яғни  әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану; Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру; Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру деп ойлаймын.

Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алу, талдап, зерделей білу құзіреттіліктерін қалыптастыру үшін жаңа техналогияларды қолданамын. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Осы орайда сабақтарымда өзім оқып келген жеті модульді ықпалдастыра отырып жоспарлаймын. Яғни олар:  «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер»,  «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Тaлантты  және дарынды  балаларды оқыту»,  «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытa», «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Сабағымды Блумның ( білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау)  таксономиясына салып құрамын. Атап айтқанда    жобалау технологиясы; саралап даралап оқыту; дамыта оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту;  деңгейлеп оқыту технологиясын сабақ барысында тиімді пайдалану арқылы мынадай нәтижелерге жетуге болады.

Инновациялық технология нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3. Олардың  әрқайсының деңгейін анықтай аламын.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аламын.

5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретемін.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігін арттырамын.

7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген  кәсіби сенімін қалыптастырамын.

8. Оқушы өзіне және өзгеге баға беруге машықтанады.

Сол себепті де жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір         шарты  -  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолдана отырып, оның нәтижесін көрудемін. Атап айтсам әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі, математика сабақтарында оқушыларды топқа бөліп, өз беттерімен жұмыс жасап, ізденуге еркіндік беріледі. Дүниетану сабақтарында сарамандық жұмыстарды топпен жасағанда оқушылар қызығады. Бір-бірімен пікірлесуге, ынтымақтастыққа машықтанады. Мысалы әдебиеттік оқу сабағында  «Суретші ата» тақырыбын өткенде, алдымен әр оқушы  өзін   еркін  және  қауіпсіз сезінуіне жағдай жасалды. Сабақты  жақсы көңіл-күймен бастап, оларға да жақсы көңіл-күй сыйлау үшін сыныпта ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда  оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, «Жүректен жүрекке»  тренингі өткізілді. (1-сурет)

Мақсатым: Оқушылар арасындағы тұлғааралық байланыс орнату болды. Олардың бір-біріне айтылған тілектері өте жақсы, жағымды болды. Мәселен мынадай тілектер болды: «Сен әдемісің, саған бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін, өте ақылдысың, сабақта белсенділік таныта біл, өте жақсы баға ал,  әрқашан күлімдеп жүр! Жүзіңнен күлкі кетпесін» дегендей тілектер айтылды.

              1-сурет                                 

Келесі кезеңде оқушылар бірлесе отырып жұмыс істеу үшін бой бойымен тұрып, топқа бөлініп отырды. Төрт оқушыдан тұратын үш  топқа  бөлінді. Әр топқа неліктен шағын топтардың осылай бөлінудің мәні неде деп  ойлайсыздар?, шағын топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады? деген сұрақтар  қойылды. (2-сурет)

 Топтардың назарын аудару және сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін ең алдымен оқушылар Алтын ережені» қайталап шықты. Алтын ережені балалардың өздері  құрады. Мысалы онда сабаққа кешікпеу, үй тапсырмасына дайындықпен келу, бір-бірімізді тыңдау, топта тату болу деген  сияқты

 ережелер болды. (2-сурет) Ережені қайталап алғаннан кейін «Қыран», «Сұңқар», «Тұлпар» деп топтарына ат. Негізгі бөлімде жаңа сабақты бастамас бұрын  сыныптың білім деңгейін анықтау мақсатында «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтар қойылды. Онда кубиктің қабырғаларына сұрақтар жазылып, қай сұрақ түссе  соған жауап береді. Мысалы: Шара кім?

               2-сурет         Күләштің қандай өнері болған? Шара неше жасында атақты биші атанған?т.б Үй  жұмысына дайындықтарын тексеру барысында оқушыларға алдын ала


қазақтың әнші, биші қыздары туралы қосымша ақпарат жинақтап келуге тапсырма берілді.

(3-сурет) Оқушылар интернеттен үлкендердің көмегімен Шара Жиенқұлова туралы мәліметті жазып әкелді. Сыныптағы дарынды оқушылар бірден қағазға

шығарып әкелген ақпараттарын көрсете білді.

                                                  Осындай шығармашылық тапсырмалар орындауда

           3-сурет                                оқушылардың бойында көшбасшылық  қасиеттерді де байқауға болады. Формативті бағалау сабақтың әр іс- әрекетінде жүргізіліп отырады. Үй тапсырмасын тексергеннен кейін оқушылар өз жұмыс барыстарына рефлексия жүргізді. Онда «Сезім ағашы» арқылы  жүргізді, ағашьың макетіне ұнаса қызыл түсті алма, ұнамаса жасыл түсті алма ілді.

Бағалаудан кейін  «Блум» таксономиясының білу, түсіну сатысында Әбілхан Қастеев туралы слайд көрсетілді. (4-сурет)  Өлеңнің мазмұны оқушыларға топта талдауға берілді. Оқулықтағы өлеңмен танысып, топта талдау жасады. Әр топ бір-біріне сұрақ қойды. Сұрақ қою барысында үндемейтін            

оқушылардың да қолкөтеріп қатысқаны байқалды

  4-сурет                             Мысалы: Суретші жайлауды неге жасыл бояуға теңеп тұр? Аспанда қандай түске теңеуге болады? деген сияқты сыни сұрақтар қоя білді. Сұрақ қойып өз ойларын жеткізе отырып, сабақтың мақсатын аша білді.  Бастауыш сынып оқушыларына ой қозғау мақсатында, ойларын жинақтауға бағыт беріп отыру керек. «Сұрақты  оқушылардың  білім  алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. 

       Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Осыны негізге ала отырып   оқытуда диалог рөлін арттыру мақсатында, әзірленген іс-әрекет  «Суретші не істейді?», «Көк аспан дегенді қалай түсінесің?», деген сияқты түрткі  сұрақтар қойылды. Сонда «Аспанның түсі көгілдір болғандықтан, көк аспан дейміз» деп жауап берді және жердегі әдемі гүлдерді тау етегін кілемге теңейміз деп өзінше дәлелдеп кеткен оқушылар болды.  Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар ( «+», «-», қызықты ) әдісі арқылы өзін-өзі бағалады. Бұл әдісте қосу – жағымды, алу – ұнамағаны, сабақтағы қызықты кезін жазады.

       Топтағы өзара қарым - қатынас оқуда маңызды рөл атқарады. Оқушылармен жұпта немесе топта жұмыс істегенде  олар «мұғалім-оқушы»  түріндегі өзара іс қимылға  қарағанда  мейлінше «симметриялы»  болып табылатын іс  қимылға  тартылады.(5-сурет) Осылайша  негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды  сипаттауда  түрлі        

                           5-сурет            мүмкіндіктерге ие болады» Осыны  ескере  келе, «Топтық әңгіме» барысында    оқушылар    сұхбаттасып, өзара бір-біріне сұрақ  қойып, әрекетке түсуі ұйымдастырылыпп отырылды. Жауапты толық алу үшін оқушыға уәж туғызып, мадақтап отыру керек. Сен сұрақ қоя ғой, жақсы!, тамаша! Деген сияқты  мақтаулар айтылып отырды. Осындай жұмыстардан кейін оқушыларда белсенділік артып, алдағы уақытта өздерін бұдан да жақсы нәтижемен көрсете білетініне сенімділік білдірді. Бұл стратегияның мақсаты: өз бетімен білім алуға, өзін-өзі реттеуге дағдыларын қалыптастыру болатын. Қолдану сатысында дәптерге орындауға  деңгейлік тапсырмалар берілді.

   Сыныптағы қабілеті жоғары деген оқушыларға логикалық тапсырмалар орындауға берілді.

(6-сурет) Онда суретшінің қатесін табу, артық затты белгілеу, адасқан әріптерден сөздер құрау т.б тапсырмалар берілді. Суретші, өнер сөздеріне дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрап жазуға тапсырмалар берілді. Оқушылар өз беттерімен жеке тапсырмаларды жауапкершілікпен  орындап, 6-сурет                                бағалау парағына өзін- өзі бағалай білді. Бастауыш сыныпта сергіту сәтін міндетті түрде өткізу керек, себебі біріңғай тапсырма орындаудан  бала тез жалығып, шаршағыш келеді.

 

 

Дәптермен жұмыстан кейін сергіту сәтін өткізгенде экраннан ұлтымыздың «қара жорға» биі  қойылды.(7-сурет) Талдау сатысында балалар ақпараттық технологияны қолдана отырып, тапсырмалар орындады.

Онда интербелсенді тақтада екі тапсырма орындалды.1-ші тапсырмада интербелсенді

           7-сурет             тақтамен  жұмыс, әр топтан  балалар шығып сәйкестендіру тапсырмасын орындады.(8-сурет)  2-ші  тапсырмада Суретшіге не қажет? Сөздердің ішінен қажеттісін жұлдызша арқылы белгілеп берді. Тапсырманы орындаған сайын мадақтап отыру  және аса шыдамдылық керек. Сабақ барысында АКТ-ны орынды пайдаланып отырса, оқушылардың бойынан технологияны сабақта жүйелі пайдалана алуға қалыптасқандарын байқауға болады.  Жинақтауда топтарға  Қастеев туралы постер жасатылды.

8-сурет                            Онда ұялы телефон пайдалану арқылы «Досыңа қоңырау шал» әдісін қолданылды. Әбілхан Қастеевтің атақты суретінің атын

 білу үшін балаларға телефон пайдалануға рұқсат берілді.(9-сурет). Ақпарат жинап болған соң, әр топтан бір спикер шығып, жұмысты қорғады. Топтар бір-біріне сыни сұрақтар қоя білді. Топтар бір-бірін  «Бағдаршам» арқылы   бағалады. Сабақ соңында оқушылардың өздері қойған бағалары  жинақталып, ортақ бағасы шығарылды. Бағалау парағына өз –өздеріне баға қойды.

              9-сурет                  

                  

 

      Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Конфуцийдің «естігенімді ұмытармын, көргенімді есіме сақтармын, ал өз қолымен жасағанда түсінемін» дегендей жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың құзіреттіліктері, алған білімдерін өмір пайдалануы артады деп ойлаймын.

 

 

Түйіндеме

 

      «Ұстаз-ұлы тұлға»  Осы бір сөздің түп төркінінде  үлкен ой жатыр.Жаңа ғасырдың жан - жақты, талантты құзыретті тұлға тәрбиелеу,  қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

    Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа ғасыр білекке емес - білімге, күшке емес - епке тоқтаған заман.Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.

       Егеменді ел болып, « ел межесі - елулікке ену» басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек.

    Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан - жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды-машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбиеде инновациялық технологиялардың үлесі зор екендігіне көзіміз жетуде. Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді.

          ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады.  Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

2.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы.

3.     Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 - №2

4.     Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 - №2

5.     Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – 14

6.     Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар

7.     Битуова Т. //Мектеп – 2006 - №10 – 1б

8.     7.«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасының Президенті

9.     Н.Назарбаевтың 28.02.2007 ж. Қазақстан халқына Жолдауы

10.  Л.В.Занков Развитие школьников в процессе обучения. М:1967

11.  Н.Байсеркеева. Дамыта оқыту технологиясы // Ұлағат № 2 2008

12.  3-ші деңгей, модульдік оқыту технологиясы. Нұсқаулық

13.  Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі №1 2014

14. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі №6 2014

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы

КММ №44 орта мектеп. Қарқаралы қаласы Мади 1үй, тел: 87214731888

Автордың мекен- жайы: Қарқаралы қаласы, М.Әуезов көшесі 29/1

үй тел: 87214731933

araylym.kystaubaeva@mail.ru

Баяндама тақырыбы: «Бастауыш мектептің педагогикалық үрдісіндегі инновациялық технологиялар»

Керекті техникалық құралдар: Интербелсенді тақта

 

 

 

 


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:



 Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

 Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері арасындағы алдыңғы 50 мемлекеттің бірі болу мақсатында: бәрі де мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектептен берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосатынын ескерген.

Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту, оқу іс - әрекетінің негізгі компоненттерін игеру. Мектеп – келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдар киелі ұя.

«Қыран  түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғам тірегі.         

Қазақстан Республикасының  жоғары педагогикалық  білім беру тұжырымдамасында  «Жаңа  формация мұғалімі – кәсіби дағды мен  педагогикалық  дарыны қалыптасқан , жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ізгілігі мол әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен  зерттеуші ретінде қарайтын ақпараттық технологияны  толық меңгерген, коммуникативтік,  бір сөзбен айтқанда  толыққанды  құзырлы адам.Қазіргі инновациялық технологияларды қолдану  оқушылардың ой өрісін, қиялын еркін дамуына, танымдық қабілетінің дамуына, жан - жақты білім алуына жағдай жасайды. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін  инновациялық технологияларды тиімді қолдану қажет. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа, баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Яғни  әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану; Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру; Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру деп ойлаймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 680 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2015 2111
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кыстаубай Арайлым Аскербеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 117517
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1469 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе