Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама: Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары

Баяндама: Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары

Қ.Ү.Жақыпова

қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы


Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр.
Соған орай егемен ел болған елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.
 Себебі алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, айналасымен қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасау мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді.

Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-әрекеті деңгейімен, білімді өздігінен алуға ұмтылушылығымен, өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруімен , яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін сезінуімен ерекшеленуге тиіс болса, білім негізі - бастауышта деп аталатын басты қағида негізі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері арқылы қаланады. Оқушы бала Абай тәрізді әдебиеттің алтын арқауы халық ауыз әдебиетімен , баланың тілі арқылы ойын дамытуға құрылған қаламгерлердің шығармаларымен танысу мен оқуды алғашқы «Әліппе» , «Әліппенің серігінен» бастап, «Ана тілі», «Әдебиеттік оқу» оқулықтарына ұласады. Қазақ тілі салалары бойынша алғашқы түсінік «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» сабақтарында қалыптасады. Әр түрлі ғылым мен білімге алғашқы жол тіл арқылы қалыптасады. Оқығанын түсіне білетін , оны ауызша , жазбаша тілде сауатты жеткізе білу жолдары қазақ тілі арқылы іске асады.

Қазақ тілін меңгеру барысында тілдің үш қызметі бірінші білімдік қызметі тілдің бір-біріне қатысты салаларын ұлттық дүниетаным, болмыс –бітімі мен халықтың аса зор құндылықтарын танып-білу арқылы тілдің танымдық қызметін ұғындырып , тұлғаның пән бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуге, яғни коммуникативтік қызметке ұластыру болып табылады. Әдебиетші ғалым Қ.Бітібаева айтқандай, оқушы өзіне-өзі осы пәндер арқылы еңбек етуге дағдыланады. Сондықтан ана тілі бар ғылымның анасындай болады. Алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге  қолдана алу қабілеттілігі ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады.

Сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлайтын оқытушылар алдында зор міндет, үлкен жауапкершілік тұр. Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру 1-курстан бастап, арнайы пәндік құзыреттілік тіл мен әдебиет салалары бойынша теориялық білімінің болуына негізделеді. Қарастырылып жатқан оқу материалын құрылымдай білу мен мектеп бағдарламасының қай класында қаралатыны жайы айтылып, сұралып, практикалық тапсырмаларды сол оқулықтардан беру нәтижеге бағытталған білімнің алғашқы жолдары болады. Заман талабына сай оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.  Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер етеді.
Қазақ тілі мен әдебиетті оқыту әдістемесі сабақтарында пәндерге тән әдіс-тәсілдерді ұғындыру, пәнаралық байланысқа жіті көңіл бөлу, сабақ түрлерінің ерекшеліктері арқылы шығармашылыққа ұлттық сөйлеу дәстүрін қалыптастыру, сабақ ішіндегі сабаққа назар аудару негізінде сабақтың құрылымын сақтауға, оқу материалын құрылымдауға, бір-біріне пікір айтуға, талдауға жаттықтырады. Әдістемелік басылымдардан ақпарат жинақтатып, жүйелеуге, өңдеуге дағыландыру арқылы ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру. Ақпараттық құзыреттілік негізінде өзіне қажетті проблемаларды шешу құзыреттілігін білу, ол үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер етеді. Оқушылардың кәсіби құзыреттлігін қалыптастыруға колледжде Шалқыма Хайроллақызының жетекшілігімен ұйымдастырылып отырған әрбір байқау машығының алдындағы оқу практикаларының мәні зор. Жоспар бойынша пән бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнымен танысады. Жаңа материалды меңгертуге оқулықта берілген жаттығу, тапсырмалардың аздығына, оқушыларды шығармашылық іздендіру мен деңгейлік тапсырмалардың жоқтығына көздерін жеткізіп, қосымша танымдық материалдар жинақтау тапсырылады. Құзыреттілік мақсат-міндетке негізделген сабақ жоспарларын құрастырады. 2-курстың соңында әр класс бойынша «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінен дидактикалық материалдар жинақталады. Әрбір байқау машығы қорытындыланып, машықкерлердің сәтті шыққан сабақтары көрсетіледі. Бұл да болашақ мамандардың кәсіби жағынан шыңдалуына септігін тигізеді. Сыныптан тыс және тәрбиелік шаралар мамандықтың қыр-сырын меңгеруге, тұлғалық ерекшеліктерін ашуға бағытталады. Кафедрада ұйымдастырылатын студенттердің ғылыми –практикалық конференцияларында оқылатын баяндамаларды, әр пән бойынша өтілетін тақырыпты зерттеу обьектісіне айналдыру жоба технологиясы арқылы мүмкін болады. Ол үшін ғылыми жоба жасауға машықтандыру және қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша ғылыми жоба қорғату курстық жұмыстың өз дәрежесінде жазылып қорғалуына негіз болады.
Кафедра қаладағы мәдени және білім ошақтарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Колледжішілік, қалалық, облыстық, республикалық байқау, конференцияларға қатысып, белсенділіктерін танытып жүр. Колледж директоры, ғалым Шалқыма Хайроллақызының жетекшілігімен болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дәлелдейтін портфолио әр пән бойынша жинақталып, диплом алды машықта айтылған ұсыныстармен жұмыстанып келеміз. Машықтың қай түрі болсын студенттерді кәсіби кәсіби құзыреттілікке бастайтын жол болып табылады. Болашақ маманға жол көрсететін әдіскер-оқытушы өз пәнінің теориясы мен білім беру жүйесі қойып отырған талап-тілектерге сәйкес жұмысын бағыттай білуі өте маңызды.

Болашақ маман қазақ тілінде сөйлей (ойын жеткізе) алатын тілдік тұлға, қазақ тілінде дітін орындата алатын коммуникативтік тұлға, бірнеше тілді меңгерген тілдік-мәдени тұлға тәрбиелеуге бағыт алады.




Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
2. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе»  Алматы-2005
3. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» 
(ғылыми-практикалық конференция материалдары)  Алматы-2010
4. Қ. Бітібаева « Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы, « Рауан» 1997.
5. Қ.Жұмалиев Әдебиет теориясы. Алматы, 1967.    



















Ұсыныс:

1.Оқушылардың құзыреттілікке бағытталған сабақ жоспарларында жіберілген кемшіліктерді жою бағытында жұмыстану.

2. Оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру.















Оқушының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің ролі.

Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр.
Соған орай егемен ел болған елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.
 Себебі алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, айналасымен қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасау мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді.

Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-әрекеті деңгейімен, білімді өздігінен алуға ұмтылушылығымен, өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруімен , яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін сезінуімен ерекшеленуге тиіс болса, білім негізі - бастауышта деп аталатын басты қағида негізі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері арқылы қаланады. Оқушы бала Абай тәрізді әдебиеттің алтын арқауы халық ауыз әдебиетімен , баланың тілі арқылы ойын дамытуға құрылған қаламгерлердің шығармаларымен танысу мен оқуды алғашқы «Әліппе» , «Әліппенің серігінен» бастап, «Ана тілі», «Әдебиеттік оқу» оқулықтарына ұласады. Қазақ тілі салалары бойынша алғашқы түсінік «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі» сабақтарында қалыптасады. Әр түрлі ғылым мен білімге алғашқы жол тіл арқылы қалыптасады. Оқығанын түсіне білетін , оны ауызша , жазбаша тілде сауатты жеткізе білу жолдары қазақ тілі арқылы іске асады.

Қазақ тілін меңгеру барысында тілдің үш қызметі бірінші білімдік қызметі тілдің бір-біріне қатысты салаларын ұлттық дүниетаным, болмыс –бітімі мен халықтың аса зор құндылықтарын танып-білу арқылы тілдің танымдық қызметін ұғындырып , тұлғаның пән бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуге, яғни коммуникативтік қызметке ұластыру болып табылады. Әдебиетші ғалым Қ.Бітібаева айтқандай, оқушы өзіне-өзі осы пәндер арқылы еңбек етуге дағдыланады. Сондықтан ана тілі бар ғылымның анасындай болады. Алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге  қолдана алу қабілеттілігі ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады.

Сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлайтын оқытушылар алдында зор міндет, үлкен жауапкершілік тұр. Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру 1-курстан бастап, арнайы пәндік құзыреттілік тіл мен әдебиет салалары бойынша теориялық білімінің болуына негізделеді. Қарастырылып жатқан оқу материалын құрылымдай білу мен мектеп бағдарламасының қай класында қаралатыны жайы айтылып, сұралып, практикалық тапсырмаларды сол оқулықтардан беру нәтижеге бағытталған білімнің алғашқы жолдары болып табылады. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.  Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер етеді.
Қазақ тілі мен әдебиетті оқыту ә
дістемесі сабақтарында пәндерге тән әдіс-тәсілдерді ұғындыру, пәнаралық байланысқа жіті көңіл бөлу, сабақ түрлерінің ерекшеліктері арқылы шығармашылыққа ұлттық сөйлеу дәстүрін қалыптастыру, сабақ ішіндегі сабаққа назар аудару сабақтың құрылымын сақтауға, оқу материалын құрылымдауға, бір-біріне пікір айтуға, талдауға жаттықтырады. Әдістемелік басылымдардан ақпарат жинақтатып, жүйелеуге, өңдеуге дағыландыру арқылы ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру. Ақпараттық құзыреттілік негізінде өзіне қажетті проблемаларды шешу құзыреттілігін білу, ол үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететеді. Оқушылардың кәсіби құзыреттлігін қалыптастыруға колледжде Шалқыма Хайроллақызының жетекшілігімен ұйымдастырылып отырған әрбір байқау машығының алдындағы оқу практикаларының мәні зор. Жоспар бойынша пән бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнымен танысады. Жаңа материалды меңгертуге оқулықта берілген жаттығу, тапсырмалардың аздығына, оқушыларды шығармашылық іздендіру мен деңгейлік тапсырмалардың жоқтығына көздерін жеткізіп, қосымша танымдық материалдар жинақтау тапсырылады. 2-курстың соңында әр класс бойынша дидактикалық материалдар жинақталады. Әрбір байқау машығы қорытындыланып, машықкерлердің сәтті шыққан сабақтары көрсетіледі. Бұл да болашақ мамандардың кәсіби жағынан шыңдалуына септігін тигізеді. Сыныптан тыс және тәрбиелік шаралар мамандықтың қыр-сырын меңгеруге, тұлғалық ерекшеліктерін ашуға бағытталады. Кафедрада ұйымдастырылатын студенттердің ғылыми –практикалық конференцияларында оқылатын баяндамаларды, әр пән бойынша өтілетін тақырыпты зерттеу обьектісіне айналдыру жоба технологиясы арқылы мүмкін болады. Ол үшін ғылыми жоба жасауға машықтандыру және қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша ғылыми жоба қорғату курстық жұмыстың өз дәрежесінде жазылып қорғалуына негіз болады.
Кафедра қаладағы мәдени және білім ошақтарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Колледжішілік, қалалық, облыстық, республикалық байқау, конференцияларға қатысып, белсенділіктерін танытып жүр. Колледж директоры , ғалым Шалқыма Хайроллақызының жетекшілігімен болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дәлелдейтін портфолио әр пән бойынша жинақталуда, диплом алды машықта айтылған ұсынстармен алдағы уақытата жұмыстанатын боламыз.









































тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мақсаты:

* Қазақ тілінде сөйлей (ойын жеткізе) алатын тұлға – тілдік тұлға;

* Қазақ тілінде дітін орындата алатын тұлға – коммуникативтік тұлға;

* Қазақ тілінде ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген тұлға – тілдік-мәдени тұлға тәрбиелеу.

Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр.

Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.

Осындай ұрпақ



Латын тіліндегі «competens» сөзін ғалым К.С.Құдайбергенова: «құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға, мінез-құлқын ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалы критериі ретінде әлеуметтік және өмірлік көз қарастарды есепке алу қажет» -деп жазса психология ғылымының кандидаты Б.К. Жұмағалиева құзыреттілікті тұлға бойындағы белгілі бір пән бойынша алған нәтижелік білімнің, білім, білік, дағдыларынан көрінуі, ал құзырлылық осы құзыреттілікті тұлғаның пән бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуі деп көрсетеді. [2]
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша  жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге  қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді. Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет еткенде; өмірден өз орнын анықтауға;  өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады. [3]
Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады.»
К.Құдайбергенова: Тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдары:
- білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады;
- тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметік-психологиялық сипаты көрінеді, - деп тұжырымдайды.
Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан  кеңістік жағдайында тіршілік ету қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игеруге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.
 
Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:
1.түйінді құзыреттер 2. жалпыланған пәндік біліктіліктер 3.қолданбалы пәндік біліктіліктер 4.өмірлік дағдылар;
Бұл төрт бағыттың бәрі біздің мектептер үшін өте қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау мектеп түлектерінің құзыреттіліктерін, олардың мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа дайындығын арттыруға себептесетін болады.
 
«Құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы төмендегідей ажыратылады:
А) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады.
Ә) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет.
Б) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде.
Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. 
 Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер –  ақпараттық  құралдар.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: « Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады.» Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы  айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен  анықталады. [4]
Болжау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу, үйлестіру, сәйкестендіру, белсенділігін арттыру, зерттеу.
 
Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер  көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік құзыреттілік –  қажетті  тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді  меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.
Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың  жеке қабілеті мен  әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
 
Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:
 
- бағдарламалық-мотивациялық;
- ізденушілік-зерттеушілік;
- тәжірибелік;
- рефлексиялық- бағалаушылық;
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне  байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Оқушыларды  келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулуға болады деп есептеймін:
• жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
• нақыл сөздердің мәнін ашу;
• мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу;
• жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;           
 
• автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу;
• өлең құрастыру;
• жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;
• көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.

Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны,  осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
 
Ал нәтижеге бағытталған білімді пәндік құзыреттілік тұрғысынан зерделесек, біз адамға тыңдау, түсіну, ойлау, пайымдау, тұжырымдау, пікірлесу сияқты тілдік коммуникативтік біліктіліктерді оқушының өмірлік қажеттілігіне айналдыруы үшін әдебиеттің маңызы зор екеніне көз жеткіземіз. Әдеби білім алған оқушы әдебиетті пән ретінде ғана біліп қоймайды, сол пәндік білім негізінде болмысты танып біледі, одан ақпараттық мағлұматтар алады, эмоциялық құндылық болып табылатын адами қасиеттерді бойына сіңіре отырып, мәдениетті, салауатты қарым-қатынасқа түседі, әдебиеттің жетекші қызметінің жүзеге асырылуына жол ашады. Бұл ретте көркем шығарманы дүниетанымдық, әлеуметтік, тәрбиелік бірлікте қарастырудың мәні артады,
әдебиетті ұлттық құндылық ретінде оқыту қажеттілігі туындайды.
Сөз өнерінің негізінде оқушының дербес шығармалық қабілетін, ұшқыр, шешен сөйлеу шеберлігін дамыту үшін әдеби білім мазмұны көркемдік сипатқа құрылып, оқушы біліктілігін арттыруға негіз болады, сол себепті нәтижеге бағытталған білім моделі бойынша әр пәннен берілетін білім мазмұны мектептің барлық сатыларында нақты көрініс тауып, оқушылардың білімдік құзыреттілікті меңгеруін қадағалайды. Құзыреттілік ұғымы – оқушының белгілі бір кешенді іс-әрекетті орындай алу қабілетін жетілдіруге бағыттала отырып, оқыту жүйесіне қызмет етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында бала бойында жалпы білім дағдысы мен білігін қалыптастыру мәселесі қаралады. Жалпы оқудың білігі мен дағдысын жан-жақты қалыптастырудың маңызы зор екені белгілі. Оқушы бойында білім негіздерін қалыптастыру үшін оның біліктілігін, дағдысын тұрақтандырып, белгілі арнаға түсірмейінше, нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Оқушы белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой иесі. Ол дербес ойланып, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Айталық, «Атаулар көмегімен болжау жасау», « Елеспен жетелеу», стратегиялары оқушының шығармашылық қабілетін ұштауға өте тиімді. « Ой қозғау», «Болжау» әдістерін оқушының ой ұшқырлығын бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдалану жөн. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазіргі оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті қазақ тілінде оқытуға баулу оңай іс емес. Бұл жолдағы қиындықты шешуге « ЖИГСО» әдісі көп көмегін тигізеді. Оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін сурет те салады, сахналық көрініс те қояды, сабақтың осы кезеңі оқушыларды бей-жай қалдырмайды.
Сабақта интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жеткен нәтижелерім мынадай: оқушының білім деңгейі түсінуден басталады да алған білімін қолданып, қорытындылауға дейін жоғарылайды. Қабылдаған жаңа ақпаратты саралап, мәселені өзі шеше алуға мүмкіндік болады.
Әдебиет сабағында оқушының тілдік құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жиі қолданылып жүрген « Оқырман семинары» тәсілі бойынша сызба түрінде талдау жасадым. Сабақта меңгерілетін көркем шығарма мынадай топтардың көмегімен жүзеге асады: [5]
1. Сұрақ қоюшылар.Б.Блумның сұрақ қою өлшемі бойынша қарапайым сұрақтан шығармашылық сұрақтарға дейін қамтылады. Сұрақтар қою арқылы оқушы өз бетімен шығармашылық қабілетін дамытады.
2. Сөз тапқыштар. Қойылған сұрақтарға нақты, дәлелді жауап беру үшін өз бетінше ізденеді, дағыдыланады.
3. Аудармашылар. Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасайды. 4.     Жазушылар. Поэзиялық шығарма болған жағдайда прозаға айналдырып жазады, мәтін бойынша жоспар құрады. 5. Суретшілер. Мәтін кейіпкерлерінен, белгілі бір эпизодтарынан сурет салады.
6. Кейіпкерлерді сөзбен суреттеушілер. Кейіпкердің, оқиғаның, мәселенің суретін сөзбен салады.
Қазақ әдебиеті сабағында оқушының құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды 4 бағытқа бөліп дайындаймын:
- Ақпараттық құзыреттілік
- Қатысымдық құзыреттілік
- Мәдени-танымдық құзыреттілік
- Мәселенің шешімін табу құзыреттілігі
Қатысымдық құзыреттілік бойынша тапсырмалар:
- Отбасы тақырыбында жазылған шығарма беріледі. Берілген шығармадан қазақ халқына тән туыстық қарым-қатынастағы ерекшеліктерді сипаттаңыз;
- Жақын арада сіз оқыған шығармаңыздан өзіңізге қатарлас баланың сол шығарманың басты кейіпкері болғанын білдіңіз. Оның сізден немесе сыныптас достарыңыздан қандай айырмашылығы бар немесе қандай ұқсас жақтары бар. Соны сараптап айтып беріңіз.
- Шығармада кездесетін әндерді қазіргі кездегі әндермен салыстыра отырып, өз ойыңызды айтыңыз;
2. Мәселенің шешімін табу құзыреттілігі бойынша тапсырмалар:
- «Менің атым Қожа» шығармасын немесе басқа да көркем шығармаларды оқу барысында кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне өз бағаңызды беріңіз;
- Экология тақырыбында берілген шығармалар  бойынша оқушының өз ойын тыңдай отырып, « Қазіргі экологиялық мәселелерді қалай шешуге болады?» деген тақырыпта сұхбат жүргізіңіз;
- Топтық жұмыс. Әр топ өзіне ұнаған кейіпкерінің отбасына, Отанына әкелетін жақсылықтары мен зияндықтарын атап, оларға сипаттама береді. Зияндықтарды болдырмаудың себептерін анықтаңыз және т.б;
3. Ақпараттық құзыреттілік бойынша тапсырмалар:
- Шығарманы оқып шығып, жалпы идеясын анықтаңыз;
- Берілген шығарма бойынша жоспар ( жай, күрделі) құрыңыз;
- Баспасөз беттерінен осы автор туралы мәлімет жинаңыз.
- Сол автордың шығармашылығы бойынша тезис дайындаңыз;
- Көркем шығармада берілген аймақты сипаттаңыз;
4. Мәдени-танымдық құзыреттілік бойынша тапсырмалар:
- Шығармадан қазақ халқына  тән туыстық атауларға байланысты этнолингвистикалық сөздерді теріп, жазып, сөздік құрастырыңыз;
- Белгілі бір тақырып бойынша аңыз, ертегілерді жинақтап, жобалар жасаңыз;
- Шығармада кездесетін ұлттық тағамдар атауларын атаңыз және олардың адам денсаулығына пайдасын дәлелдеңіз;
- Шығарманы оқу барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы өз ойыңызды айтыңыз және сараптама жасаңыз;
Оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы тиімді технологиялардың бірі – “Проект технологиясы” болып табылады. Проект технологиясы ХVІ ғасырда Италияның архитектуралық шеберханаларында пайда болған. “Проект әдісі” кітабының авторы бұл технологияны зерттеуші психолог, педагог Вильям Килпотриктің пікірінше “оқыту теориясы бойынша оқушы өзіне ұнамайтын және мәжбүрлеу арқылы орындалған іс-әрекеттен гөрі, өзінің икемі бар іс-қимылды орындау арқылы қажеттілігін қанағаттандырады” деген ой айтады.
 
Проектілеу төмендегідей құзыреттіліктерді дамытады:
 
- арнайы әрекеттің түрі соңғы нәтиже - өнім жасауға бағытталады.
- ғылыми зерттеушілік әрекет тәжірибеге көшеді.
 
- оқушының ойлау қабілеті әлеуметтік тәжірибе арқылы іске асады.
 
Проектінің түрлері:
Тәжірибелік бағыттағы проект. 2.Зерттеушілік проект 3. Ақпараттық проект.
4. Шығармашылық проект.
Проектінің маңыздылығы - өтілетін тақырыпты зерттеу обьектісіне айналдыру. Ол үшін ғылыми жоба жасауға машықтандыру және қазақ тілі пәні бойынша ғылыми жоба қорғату.
Тақырыбы: Тұрақты сөз тіркесі.
Мақсаты: Тұрақты сөз тіркесін еркін сөз тіркесінен ажырата алу, қолдану.
 
Міндеті: Тұрақты тіркестің өзіндік белгісін білу. Еркін сөз тіркесінен ажырата алу. Антонимдес, синонимдес тұрақты тіркестерді білу.
Өзектілігі: Тұрақты тіркестің күнделікті тәжірибелік жұмыста сирек қолданылуы, сөздік қордың аздығы.
Маңыздылығы: Тұрақты тіркестерді зерттеп, зерделеп күнделікті өмірде қолдана отырып, сөздік қорымызды дамытамыз.
 
Гипотеза – егер тұрақты тіркестің мағынасын түсініп жүйелі қолдансақ, тіл байлығымыз дамитын еді.
 
Ғылымилығы – тұрақты тіркестің лингвистика-лексикологияда алатын орнын білу.
Әдіс-тәсіл: теорияны меңгеру, талдау, салыстыру, зерттеу, практикалық жұмыста қолдану, сызбалар.
Проектінің мәтіні:
 
1. Кіріспе: Тұрақты сөз тіркесі туралы теориялық білім алу.
2. Негізгі бөлім:
а) Тұрақты сөз тіркесі мен еркін тіркесті ажырата алу.
ә) Лингвистикада алатын орнын білу.
б) Антонимдес, синонимдес тұрақты тіркестерді ажыратып практикалық жұмыста қолдана алу.
 
3. Қорытынды бөлім: Лексикалық сөздік қорды дамыта отырып, көркем әдеби тілде сөйлеуге машықтану. [3]
Қорытындылай келсек, оқушы құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады. Ол “Проект технологиясы”, “Модульдік оқыту технологиясы”, Қ.Бітібаеваның “Әдебиетті оқыту технологиясы”, Қараевтың “Оқытудың педагогикалық технологиясы” болуы мүмкін, бірақ ең бастысы шәкірт қойылған проблеманың шешімін өзі табуы керек, әрекет жасай білуі керек. “Проект технологиясын” пайдалана отырып, құзыреттілік пен әрекеттілік тұрғыда қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың маңыздылығы сол: оқушы ғылыми зерттеушілік әрекет арқылы теориялық білімді өздігінен меңгереді, ойлау қабілетін әлеуметтік тәжірибеде жүзеге асыра алады, алған білімін ақиқат проблемаларды шешуге пайдаланады, түрлі жағдаятта өзін таныта алады, меңгерілген білім қоғамдағы өмірмен логикалық сабақтастықта, күнделікті өмірде практикалық қолданыста болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
2. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе»  Алматы-2005
3. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
 
(ғылыми-практикалық конференция материалдары)  Алматы-2010
4. Қ. Бітібаева « Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы, « Рауан» 1997.
5. Қ.Жұмалиев Әдебиет теориясы. Алматы, 1967.    

 


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

      Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр.
     Соған орай егемен ел болған  елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқыту өмірлік  зор маңызға ие. Себебі алты жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, айналасымен қарым-қатынасқа  түсуіне жағдай жасау мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді.  

Общая информация

Номер материала: 374908

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>