Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама: Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу (мұғалімдерге)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама: Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу (мұғалімдерге)

библиотека
материалов

hello_html_2bbb7963.gif«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

А.С.Макаренко атындағы орта мектебі



Тамыз кеңесі





Тақырыбы: «Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу»

Секция: жаратылыстану пәндер бірлестігі

Орындаған: география пәнінің мұғалімі

Байтұрсынов Нұрымжан Бақытжанұлы















Арқалық қаласы 2013 жыл


Тақырыбы: «Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу»

... Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды

қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары

мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын

тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”

Н.Ә.Назарбаев



Жоспар


І. Кіріспе
Дарынды балалар – бақытты ғасыр кепілі
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дарынды оқушымен жұмыстың қисындары
2. Дарынды оқушымен жұмысты жүргізу тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды
Тұлғаның жеке дарынын дамытудың маңызы


Мақсаты: Жан жақты білімді іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау барынша қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру;

  • Шығармашылық жеке дарындылығын арртыру;

  • Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;


І. Кіріспе

Дарынды балалар – бақытты ғасыр кепілі.

Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан  ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиев те «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.

Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді. Бұл тақырыпты зерттеудегі өзекті мәселе:шығармашыл, даралық қасиеті бар тұлғаны дамыту. Тума және жүре қалыптасатын дарындардың қабілетін ашу. Лидерлік, тұлғалық, даралық қабілеті бар оқушылардың шығармашылық потенциалының кең ашылуына жағдай жасау. «Бұлақтың дер кезінде көзін ашу». Дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыруды жолға қою мақсатында негіздемелер жасау.

Зерттеу нысаны мен орны:Ашутасты ауылы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің қабілетті және дарынды, шығармашылық жағынан бейімділігіне қарай оқушыларымен жұмыс.

Зерттеудегі мақсат: Дарынды оқушымен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау, әдістемелік бағыт-бағдар дайындау. Дарынды оқушылармен жұмысты насихаттау.

Зерттеу міндеттері: Дарынды оқушылардың  шығармашылығын дамыту жолдарын ашып көрсету. Теориялық және практикалық жасалған тұжырымдарды іске асыру. Дарынды оқушылармен жұмысты әдістемелік, ұйымдастырушылық, тәжірибелік тұрғыда баяндау.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысу. Зерттеу мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерін тәжірибеде пайдаланып сынақтан өткізу. Дарындылығы анықталған оқушылармен жұмыс жүргізіп нәтижелеріне талдау жасау, жұмысты саралау, бақылау, диагностикалау, сараптау.

Зерттеу болжамы: егер зерттеу тақырыбына байланысты дарынды оқушылармен жұмыс жүрсе оқушыда еркін, тұлғалық бейне қалыптасады. Ой еркіндігі артып, даралық қабілеті өседі. Оқушы шығармашылық ізденіске түсіп, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Қоғамдық жұмысқа белсенділігі артып лидерлік қабілеттері еселенеді. Жауапкершілік жоғарылап оқушының қабілет-қарымы күшейеді. Дарынды оқушының өзі бейім нәрсесіне қарай бет-бейнесі айқындалып тұлғалығы артады.

Баяндаманың ғылыми-практикалық мәні бар. Мұнда дарынды оқушылармен жұмысқа зерттеулер жасалып, іс жүзінде шаралар атқарылып, атқарылған жұмыстар жеткен жетістіктерімен берілді.

Экспериментті жүргізу жолдары іс жүзінде тақырыпқа орай тәжірибеде айтылды.

Тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушыларға дүниежүзілік дамыған педагогикалық – инновациялық жетістіктер мен ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру аса маңызды. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін негізгі мақсаттардың бірі: тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы салауатты өмір салтын сақтайтын, ұлтжанды, қоғам талабына сай, шығармашылық қабілеті мол жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Жылдан жылға тәрбие нәтижелерін көріп отырған тәрбие сапасын бағалай білетін ата-аналар өз балаларын тәрбиелік дәстүрлері мол қалыптасқан мектептерге беруге

асығады. «Білікті педагог- білім мен тәрбие кепілі». Тек білікті педагог қана дарынды оқушылардың шығармашылығын дамыта алады. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – тәрбие мен білім алу. Тәрбие арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді. Әсіресе дарындылық қабілеті жоғары оқушылар мұны көбірек қажетсініп, үнемі жаңғырып, ізденіп отырады. Тума дарындар, қабілеттілігі жоғары оқушылар үнемі өз ойын шығармашылығында көрсеткісі келеді. Сондықтан орта білім беру орындарында оқушы дарыны мен шығармашылығын арттыратын үйірмелердің, оқушылар бірлестіктері мен ұйымдарының, клубтарының мол болғаны дұрыс. Оқушыларға сапалы да саналы ұйымдастырылған сыныптан тыс шаралар мен мәдени және көпшілік шаралар игі әсер етеді. Дарынды оқушылармен жұмыста оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын жандандыру көп нәтиже береді.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Дарынды оқушымен жұмыстың қисындары.

Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты балаларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman, 1991):

  • есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

  • өз білімін жетілдіру: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.

  • ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жос-пардың жүзеге асуына тез жетеді;

  • мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

  • икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, де-генмен олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

  • күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;

шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері

бар;

ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Freeman,

1998).

Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді және олар жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты.


Жалпы мектептегі оқушылар контингентінің қоғамдық ұйымдарға қатысын төмендігідей деуге болады

Дарындылықтың интеллектуалдық, шығармашылық, лидерлік түрлері мектептерде анықталуы тиіс. Әр оқушыны жеке зерттемей бұл бағытта жұмыс жасау қиын. Сондықтан әр оқушымен жеке жұмыс жасау оның жан-жақты дамуының кепілі.

Белгілі психолог Н.С.Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттерін көрсетеді.

Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге төмендегідей талаптар қойылады:

- кең пейілді, нақты болу;

- интеллектуалды дамуының жоғары блуы;

- іскерлігімен, қызықтыратын тақырып ауқымы кең болуы;

- белсенді, тынымсыз, мінез-құлық икемі;

- әзілдесе білуі;

- өзін-өзі жетілдіру барысында көзқарасын өзгертуге әзір болуы;

- өзіндік дүниетанымдық көзқарасы болуы;

Дарындылық – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.[7. 48-50 беттерде.]

Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 29,31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың «… жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, …келіседі», «…Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек » делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған «Білім туралы» заңында «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту»[8. ҚР«Білім туралы»Заңы 11 бап]   білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген.

 

ІІІ. Қорытынды

Тұлғаның жеке дарынын дамытудың маңызы

«Құрметті дарынды түлектер, табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта біліңдер. Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде»- дейді Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің бір баларға арнаған сөзінде. Бұл көп нәрсені аңғартса керек. Тұңғыш Елбасымыз дарын иелерінен үміт күтетінін аңғартады. Олай болатын болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан -жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, балалардың дарындылық қасиеттерін дамытуға төмендегідей әр түрлі тәрбиелеу жолдарын кешенді түрде қолдану негіз болады, олар: бала бейіміне қарай тәрбиелеу, шығармашылығын шыңына жеткізетіндей мүмкіндік жасау, нәтижеге бағытталған нақты шара ұйымдастыру, оқушының шығармашылық ізденісін толық жүзеге асыру, интеллектуалдық өрісін арттыру, іскерлік, тұлғалық қасиеттерін дамыту. Баланың дарындылығымен жұмыс оның даму деңгейіне бағытталғаны жөн. Баланың зейіні мен жады, зерделеуі, пайымдауы, анализ және синтездеуге деген қабілеттілігі, өз тұжырымы мен ойын айта, көрсете, іске асыра білуі аса маңызды.

Қазақстандағы қазіргі білім беру реформалары балалардың дарындылығын қалыптастыруды дамыту мәселесін шешуге бағытталған білім беру мекемелерін көбейтуге үлкен көңіл бөліп отыр. Бірақ барлық баланы бірдей дарынды балалармен жұмыс жасауға бағдарланған мектептерде (лицейлер, гимназияларда) оқыту мүмкін емес. Сондықтан барлық орта мектептерде дарынды оқушымен жұмыс жүйелі жолға қойылуы тиіс. Ол үшін төмендегідей шараларды атқаруды ұсынамын:

Біріншіден: Білім беруде (сабақ процесінде) дарындылықты дамытатын әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылуы тиіс;

Екіншіден: Тәрбиелеуде (тәрбие процесінде) дарындылықты дамытатын кешенді, жүйелі шаралар қолданылуы керек;

Үшіншіден: Оқушылардың өз мүмкіндіктерін көрсете алатындай сыныпта, сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру;

Төртіншіден: Қоғамдық ұйымдармен, үйірмелермен, оқушылардың шығармашылық бірлестіктерімен, клубтармен жұмысты дарынды оқушылармен жұмысқа кіріктіре ұйымдастыру;

Бесіншіден: Оқушының дамуына қажетті шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін материалдық – техникалық базаны нығайту және жаңарту;

Алтыншыдан: Дарынды оқушылармен жеке шығармашылық жұмыс атқару.

 «Құрметті дарынды түлектер, табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта біліңдер. Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде»- дейді Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев


Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.  «Бала құқығы туралы конвенция». БҰҰ Бас Ассамблеясы

20.11.1989 жылы қабылдаған;

2.   «Білім туралы» ҚР Заңы. 27.07.2007 жылы қабылданған;

3.   «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы. 8.08.2002 жыл;

4.   «Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін анықтау».

Алматы. 1999ж. Б.Ш.Тұрғынбаева.

5.   Қазақстан Республикасы Конституциясы. 2005ж.

6.  «Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасы». Астана. 2004.

7. «Педагогика тарихы». Алматы. 1984ж. Қ.Бержанов, А.Мусин.

8. «Педагогикалық энциклопедия». І,ІІ,ІV том. Москва. 1966г.

9. «Педагогика және педагогикалық технологиялар». Ақтөбе. 2001ж.

10. «Педагогика». М.Жұмабаев. Алматы. 1993ж.

11. «Сынып жетекшінің шығармашылық үлгісі мен оқушы жастар

ұйымының өзін-өзі басқару міндеттері». Алматы. 2009ж. Авторы:

Қ.Ахметұлы.

 

 


Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу»

... Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды

қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары

мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын 

тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”                      

 Н.Ә.Назарбаев

 

 

Жоспар

 

І. Кіріспе
Дарынды балалар – бақытты ғасыр кепілі
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дарынды оқушымен жұмыстың қисындары
2. Дарынды оқушымен жұмысты жүргізу тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды
Тұлғаның жеке дарынын дамытудың маңызы

 

Мақсаты:Жан жақты білімді  іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған,  адамгершілігі жоғары, дені сау барынша  қабілетті  тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

-          Оқушылардың ақыл ой  қабілеттерін жетілдіру;

-          Шығармашылық жеке дарындылығын арртыру;

-          Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

 

І. Кіріспе

Дарынды балалар – бақытты ғасыр кепілі.

Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан  ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиев те «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.

Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді. Бұл тақырыпты зерттеудегі өзекті мәселе:шығармашыл, даралық қасиеті бар тұлғаны дамыту. Тума және жүре қалыптасатын дарындардың қабілетін ашу. Лидерлік, тұлғалық, даралық қабілеті бар оқушылардың шығармашылық потенциалының кең ашылуына жағдай жасау. «Бұлақтың дер кезінде көзін ашу». Дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыруды жолға қою мақсатында негіздемелер жасау.

Зерттеу нысаны мен орны:Ашутасты ауылы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің  қабілетті және дарынды, шығармашылық жағынан бейімділігіне қарай оқушыларымен жұмыс.

Зерттеудегі мақсат: Дарынды оқушымен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау, әдістемелік бағыт-бағдар дайындау. Дарынды оқушылармен жұмысты насихаттау.

Зерттеу міндеттері: Дарынды оқушылардың  шығармашылығын дамыту жолдарын ашып көрсету. Теориялық және практикалық жасалған тұжырымдарды іске асыру. Дарынды оқушылармен жұмысты әдістемелік, ұйымдастырушылық, тәжірибелік тұрғыда баяндау.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысу. Зерттеу мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерін тәжірибеде пайдаланып сынақтан өткізу. Дарындылығы анықталған оқушылармен жұмыс жүргізіп нәтижелеріне талдау жасау, жұмысты саралау, бақылау, диагностикалау, сараптау.

Зерттеу болжамы: егер зерттеу тақырыбына байланысты дарынды оқушылармен жұмыс жүрсе оқушыда еркін, тұлғалық бейне қалыптасады. Ой еркіндігі артып, даралық қабілеті өседі. Оқушы шығармашылық ізденіске түсіп, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Қоғамдық жұмысқа белсенділігі артып лидерлік қабілеттері еселенеді. Жауапкершілік жоғарылап оқушының қабілет-қарымы күшейеді. Дарынды оқушының өзі бейім нәрсесіне қарай бет-бейнесі айқындалып тұлғалығы артады.

Баяндаманың ғылыми-практикалық мәні бар. Мұнда дарынды оқушылармен жұмысқа зерттеулер жасалып, іс жүзінде шаралар атқарылып, атқарылған жұмыстар жеткен жетістіктерімен берілді.

Экспериментті жүргізу жолдары іс жүзінде тақырыпқа орай тәжірибеде айтылды.

Тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушыларға дүниежүзілік дамыған педагогикалық – инновациялық жетістіктер мен ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру аса маңызды. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін негізгі мақсаттардың бірі: тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы салауатты өмір салтын сақтайтын, ұлтжанды, қоғам талабына сай, шығармашылық қабілеті мол жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Жылдан жылға тәрбие нәтижелерін көріп отырған тәрбие сапасын бағалай білетін ата-аналар өз балаларын тәрбиелік дәстүрлері мол қалыптасқан мектептерге беруге

асығады. «Білікті педагог- білім мен тәрбие кепілі». Тек білікті педагог қана дарынды оқушылардың шығармашылығын дамыта алады. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – тәрбие мен білім алу. Тәрбие арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді. Әсіресе дарындылық қабілеті жоғары оқушылар мұны көбірек қажетсініп, үнемі жаңғырып, ізденіп отырады. Тума дарындар, қабілеттілігі жоғары оқушылар үнемі өз ойын шығармашылығында көрсеткісі келеді. Сондықтан орта білім беру орындарында оқушы дарыны мен шығармашылығын арттыратын үйірмелердің, оқушылар бірлестіктері мен ұйымдарының, клубтарының мол болғаны дұрыс. Оқушыларға сапалы да саналы ұйымдастырылған сыныптан тыс шаралар мен мәдени және көпшілік шаралар игі әсер етеді. Дарынды оқушылармен жұмыста оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын жандандыру көп нәтиже береді.

ІІ. Негізгі бөлім

1.        Дарынды оқушымен жұмыстың қисындары.

Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты балаларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman, 1991):

         есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

         өз білімін жетілдіру: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.

         ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жос-пардың жүзеге асуына тез жетеді;

         мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

         икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, де-генмен олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

         күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;

•               шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері

бар;

•               ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Freeman,

1998).

Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді және олар жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты.

 

Жалпы мектептегі оқушылар контингентінің қоғамдық ұйымдарға қатысын төмендігідей деуге болады

Дарындылықтың интеллектуалдық, шығармашылық, лидерлік түрлері мектептерде анықталуы тиіс. Әр оқушыны жеке зерттемей бұл бағытта жұмыс жасау қиын. Сондықтан әр оқушымен жеке жұмыс жасау оның жан-жақты дамуының кепілі.

Белгілі психолог Н.С.Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттерін көрсетеді.

Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге төмендегідей талаптар қойылады:

- кең пейілді, нақты болу;

- интеллектуалды дамуының жоғары блуы;

- іскерлігімен, қызықтыратын тақырып ауқымы кең болуы;

- белсенді, тынымсыз, мінез-құлық икемі;

- әзілдесе білуі;

- өзін-өзі жетілдіру барысында көзқарасын өзгертуге әзір болуы;

- өзіндік дүниетанымдық көзқарасы болуы;

Дарындылық – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.[7. 48-50 беттерде.]

Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 29,31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың «… жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, …келіседі», «…Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек » делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған «Білім туралы» заңында «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту»[8. ҚР«Білім туралы»Заңы 11 бап]   білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген.

 

ІІІ. Қорытынды

Тұлғаның жеке дарынын дамытудың маңызы

«Құрметті дарынды түлектер, табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта біліңдер. Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде»- дейді Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің бір баларға арнаған сөзінде. Бұл көп нәрсені аңғартса керек. Тұңғыш Елбасымыз  дарын иелерінен үміт күтетінін аңғартады. Олай болатын болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан -жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, балалардың дарындылық қасиеттерін дамытуға төмендегідей әр түрлі тәрбиелеу жолдарын кешенді түрде қолдану негіз болады, олар: бала бейіміне қарай тәрбиелеу, шығармашылығын шыңына жеткізетіндей мүмкіндік жасау, нәтижеге бағытталған нақты шара ұйымдастыру, оқушының шығармашылық ізденісін толық жүзеге асыру, интеллектуалдық өрісін арттыру, іскерлік, тұлғалық қасиеттерін дамыту. Баланың дарындылығымен жұмыс оның даму деңгейіне бағытталғаны жөн. Баланың зейіні мен жады, зерделеуі, пайымдауы, анализ және синтездеуге деген қабілеттілігі, өз тұжырымы мен ойын айта, көрсете, іске асыра білуі аса маңызды.

Қазақстандағы қазіргі білім беру реформалары балалардың дарындылығын қалыптастыруды дамыту мәселесін шешуге бағытталған білім беру мекемелерін көбейтуге үлкен көңіл бөліп отыр. Бірақ барлық баланы бірдей дарынды балалармен жұмыс жасауға бағдарланған мектептерде (лицейлер, гимназияларда) оқыту мүмкін емес. Сондықтан барлық орта мектептерде дарынды оқушымен жұмыс жүйелі жолға қойылуы тиіс. Ол үшін төмендегідей шараларды атқаруды ұсынамын:

Біріншіден: Білім беруде (сабақ процесінде) дарындылықты дамытатын әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылуы тиіс;

Екіншіден: Тәрбиелеуде (тәрбие процесінде) дарындылықты дамытатын кешенді, жүйелі шаралар қолданылуы керек;

Үшіншіден: Оқушылардың өз мүмкіндіктерін көрсете алатындай сыныпта, сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру;

Төртіншіден: Қоғамдық ұйымдармен, үйірмелермен, оқушылардың шығармашылық бірлестіктерімен, клубтармен жұмысты дарынды оқушылармен жұмысқа кіріктіре ұйымдастыру;

Бесіншіден: Оқушының дамуына қажетті шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін материалдық – техникалық базаны нығайту және жаңарту;

Алтыншыдан: Дарынды оқушылармен жеке шығармашылық жұмыс атқару.

 «Құрметті дарынды түлектер, табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта біліңдер. Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде»- дейді Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.  «Бала құқығы туралы конвенция». БҰҰ Бас Ассамблеясы

20.11.1989 жылы қабылдаған;

2.   «Білім туралы» ҚР Заңы. 27.07.2007 жылы қабылданған;

3.   «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы. 8.08.2002 жыл;

4.   «Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін анықтау».

Алматы. 1999ж. Б.Ш.Тұрғынбаева.

5.   Қазақстан Республикасы Конституциясы. 2005ж.

6.  «Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасы». Астана. 2004.

7. «Педагогика тарихы». Алматы. 1984ж. Қ.Бержанов, А.Мусин.

8. «Педагогикалық энциклопедия». І,ІІ,ІV том. Москва. 1966г.

9. «Педагогика және педагогикалық технологиялар». Ақтөбе. 2001ж.

10. «Педагогика». М.Жұмабаев. Алматы. 1993ж.

11. «Сынып жетекшінің шығармашылық үлгісі мен оқушы жастар

ұйымының өзін-өзі басқару міндеттері». Алматы. 2009ж. Авторы:

Қ.Ахметұлы.

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 07.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1255
Номер материала 370314
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх