Инфоурок Биология КонспектыБаяндама: "Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы"

Баяндама: "Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы"

Скачать материал

Баяндама

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (ДБІ)

Дайындаған:Терект коллед арнайы п2н окыт Уразгалиева К.У.

«Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түйінің ойдағыдай, нәтижелі

орындауға көрінетің адамның жеке қасиеті» деп жазады.

Ә. Тәжібаев.

Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог мамандарға үлкен жүк артады. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың технологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетек меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына қөмектеседі.

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім. Олар: Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы. П.М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясының негізгі мақсаты, нақты жолдары 1) өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; 2) есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; 3) Тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру. «Деңгейлік саралап оқыту» технологиясы тұжырымының ерекшелігі: мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады, білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмалары орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.

Ғылыми ақпарат көлемін қысқа мерзім ішінде қарқынды меңгеруді қамтамасыз ететін ұтымды оқыту әдісін қолданудың жолдарын әдістемелік тұрғыда негіздеп, практикада пайдалану – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған мәселе. Мамандыққа бағыттап оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздерін басшылыққа алу талапқа сай дұрыс таңдап алуды қажет етеді. ЖОО студенттерін мамандыққа бағыттап оқыту ауызекі тілді меңгертумен қатар кәсіби тілдесімді еркін жүзеге асырады.

Оқытудың дәстүрлі жүйесі бойынша мұғалім оқушыға дайын, тиісті оқу материалының белгілі бір мөлшерін беріп, одан соң оны пысықтап, дайын үлгі бойынша жаттығулар орындаумен шектелетін. Бұл жағдайда оқушылар императивтік-атқарушылық қызмет атқаратын. Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып, оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісіне енгізіліп, оңды нәтижелер беруде. Олар – модульдік, деңгейлік, жаңаша жаңғыртып оқыту, дамыта оқыту, даралап, саралап оқыту, ойын арқылы оқыту, оздыра оқыту, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиялары. Аталған технологиялардың ішінде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне «Электромонтер» мамандығына қатысты дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) арқылы оқытудың маңызы ерекше.

ДБІ арқылы мамандыққа бағыттап оқыту барысында тіл үйренушілердің білімдік, танымдық қажеттіліктері толық қанағаттандырылып, оқу үрдісінде тілді игеру мүмкіндігі дамиды, өз мамандығына деген ынтасы оянып, қызығушылығы артады. Мұнда сөйлесім әрекетінің – тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім түрлері бір-бірімен байланысып, қатысымдық бағытта мамандыққа баулып оқытуды қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін ДБІ технологиясы арқылы үйретудің тілдік қатынасты жүзеге асыруда тигізетін септігі мол. Бұл ретте тіл үйренушілердің тек кәсіби бағыттағы тақырыптармен шектелмей, әдебиет, баспасөз материалдарынан мамандықтары жайында қажетті ақпаратпен танысуларына көңіл бөлінеді. Мұнда баяндама, реферат, шағын мәліметтер даярлау, түрлі тақырыпта шығарма жұмыстарын жазу, мәтінмен жұмыс түрлері, мәтінді диалогке, керісінше, сұхбатты монологке айналдыру, берілген жағдаятқа қатысты тапсырмалар орындау, сөздікпен жұмыс, түрі өзгертілген тапсырмалармен жұмыс сияқты т.б. амал-тәсілдер кеңінен қамтылады.

ДБІ технологиясы арқылы ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін оқыту болашақ электриктердің өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, қарқынды түрде дамуына жол ашады.

Технологияның міндеттері:

  • Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін ДБІ технологиясы арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;

  • дидактикалық бірліктерді ірілендіру ұғымының мәні мен мазмұнын ашу;

  • ДБІ технологиясына негізделген кәсіби бағыттағы қазақ тілін оқытудың бағдарламасын тәжірибеден өткізу;

  • болашақ «Электромонтер» мамандарының ДБІ технологиясы арқылы оқытуда орындалатын тапсырмаларды айқындауы;

ДБІ технологиясы – ғасыр идеясы ретінде оқытудың тұтастығын қамтамасыз ететін, яғни жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, әсірессе, интеллектуалды болып жетілуіне мүмкіндік туғызатын оқыту технологиясы негізінде танылған. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын математика, физика пәніне қатысты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым – П.М.Эрдниев. Ол: Ірілендірілген дидактикалық бірліктер – логикалық жағынан әр түрлі элементтерден құралған, ортақ ақпаратқа ие бола алатын оқу процесінің «клеткасы» - деп топшылайды. Ол оқу процесінің клеткасы ретінде «математикалық жаттығуларды» қарастырады және «оқу мен оқытуды» біртұтас бүтінге біріктіретін оқытушы мен оқушы әрекеттерін атайды.

Ғалымның айтуынша, ДБІ-ге негізделген оқыту технологиясы әр оқушының бас сүйегіндегі орасан зор психо-физиологиялық (қорларын) резервтерді оятып, іске жұмылдырады. Іріленген тақырыптарға көшу барысында өзара байланысты біртектес ұғымдарды бірге топтастыра қарастырғанда, оқушылардың санасында олар туралы мүлде «жаңа» білім пайда болады. Бұл «жаңа білімге» ДБІ-дің нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, бір элементтен екінші элементке көшу барысында студенттер олардың арасындағы өзара байланыс ақпаратына көз жеткізеді. Тек бір-бірімен байланысты бірліктерді ірілендіру көлемінде топтастырып қолданғанда ғана берілген ақпарат нәтижелі болады, тез қабылданады.

ДБІ технологиясының негізгі ерекшелігі – мұнда оқушылар оқу ақпаратын іріленген мазмұнда жинақы қабылдайды және есте берік сақтайды.

ДБІ теориясымен мына мәселелер тығыз байланысты: оқу материалдарын тірек схемалар мен сигналдар арқылы қабылдау және жазу идеясы (В.Ф.Шаталов); ғылыми теорияларды және олардың құрылымдық элементтерін бөліп қарастыру (Б.С.Гершунский); сабақ құрылымының тұтастығы мен дамуына қатысты оқыту мен оқудың актілері (Г.Д.Кириллова). Ғалымдардың пікірінше, «құрылымдандыру» ұғымы – оқу материалдарының құрамдас элементтерін біріктіреді (ұғымдар, заңдар, идеялар, ұстанымдар). Оларды оқушыларға жеткізу және меңгерту белгілі бір байланыстар мен қатынастар арқылы тізбек түрінде болады.

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мамандыққа баулып оқытуда дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын қолдану өзара бір-бірімен байланысты, ұқсас лексика-грамматикалық единицаларды бір мезгілде жүйемен оқытып үйретуге мүмкіндік береді.

ДБІ технологиясы арқылы оқытудың ұтымдылығы – алдын-ала қарастырылған ішкі байланыстары бар тапсырмалар жүйесі. Ірілендіру ұстанымына негізделген белгілі бір жаттығулар жиынтығы, олардың қатаң түрдегі бірізділігі студенттердің қазақша сөйлеуге үйрену барысында тілдік құралдарды саналы түрде және берік меңгеруге жетелейді.

ДБІ технологиясы арқылы «Электромонтер» мамандығына қатысты тақырыптарды игерту кезінде бірліктерді ірілендіру мазмұны төмендегідей ұстанымдарға негізделді:

  1. Бірізділік

  2. Жүйелілік

  3. Сабақтастық

  4. Тұтастық

  5. Шоғырлылық

Аталған ұстанымдар тиімді жүзеге асырылуы үшін сабақта мынадай талаптарды

орындаған дұрыс:

  1. Іріленген тапсырмаларды орындау барысында олардың барлық құрама бөліктері бірізділік негізінде жүзеге асырылуы шарт (бір сабақтың шеңберінде).

  2. «Бір мезгілде» оқытуда өзара байланысты мысалдар мен тапсырмаларды орындау кезінде аз уақыт арасында аяқтау қажет.

  3. Берілген тапсырманы орындау барысында студенттің ойы басқа нәрсеге бөлінбегені дұрыс.

  4. Бір мезгілде орындалатын тапсырма үйге немесе ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Тек осындай жағдайда ғана 15-20 минут аралығында операциялар белсенді фазада жүзеге асырылып, жұмыстың табысты болуына себебін тигізеді.

Өзара бір-бірімен байланысты біртектес білімдерді бір мезгілде қарастыру: біріншіден, білімді бөлшектеп емес, тұтас қабылдауға мүмкіндік береді; екіншіден, терең және сапалы білім меңгеруге жол ашады.

1.1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т.Қ.Оспановтың жетекшілігімен жазылған математика оқулығы «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» (ДБІ) – математикалық білім технологиясының теориясына негізделіп жасалды.

2.Оқушының ақыл ойының дамуы, математикалық ой – өрісінің кезеңі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр. Оқушының білім санасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің рөлі зор. Ал оқулықтағы білімнің теориялық жағы бала санасында жетекші орын алып әр есепті өзі талдай білетін, математикалық ой – өрісін жаңа дамыған баланы тәрбиелеу әрбір ұстаздың өз қолында. Әр ұстаз оқушының білім сапалығына аса назар аудару қажет.

3.Жаңа информациялық технология білім беру саласын дамытуға оқыту құрамы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу процесін даярлауға оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты-ақпараттық білімдік кеңістікті оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру.

4.Педагогикалық жүйенің деңгейлік әдістері меңгерудің даралап оқытуын талап етуге негізделген. Деңгейлік даралап оқытуды меңгеру кезінде деңгейлік өзіндік және бақылау жұмыстарын, сол деңгейлік жұмыстарға сәйкесінше талаптарды (үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) жетілдіру көзделген.

5.Үйренушілік деңгей міндетті минимум, ал қалған деңгейлер оқушының дербес талап-сұранысына байланысты лайықты білімді, дағдыны, шеберлікті шындауына мүмкіндік береді. Оқу процесін ұйымдастырудың деңгейлік даралаудың негізі әрбір үйренушіге өзінің динамикалық дамуын, сонымен бірге даму жолының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық. Алматы: Сөздік-словарь, 2005. -72-б.

  2. Эрдниев П.М. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике. – Москва: Просвещение, 1986. -260с.

  3. Лысенкова С.Н. Методом опережающего обучения. –Москва: Просвещение, 1988. -180 с.

  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Астана, 2004. -390-б.

Эрдниев П.М. «Укрепление дидактических единиц» Начальная школа. 1987. 15-16 бет.

  1. Б.А. Тұрғынбаев «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы, 2000 ж 63-68.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог мамандарға үлкен жүк артады. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың технологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетек меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына қөмектеседі. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2015 24438
    • DOCX 24.1 кбайт
    • 283 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уразгалиева Кулан Утепбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27497
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 45 регионов

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 32 регионов

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе