Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама "Діни экстремизм деген не?"

Баяндама "Діни экстремизм деген не?"

Скачать материал

Діни  экстремизм деген не?

 

«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі. Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай:

-Экстремизм деген не?
Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
-Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
Біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; Екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды;

Үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады;

Төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді;

Бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.

Діни экстремизм өте ауыр әлеуметтік-құқықтық және этно-психологиялық мәселе бола отырып, көпаспектілі болып табылады. Яғни діни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады. 
      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей, « Экстремизм Қазақстанда кең ауқымда пайда бола қоймаған құбылыс, алайда конфессионалдық тұрақсыздықтың бізде де бой көтеруінің белгілі бір қаупі бар. Әрине, егер осы қауіпті өз уақытында сезініп алдын алмасақ » деген екен.

         Осыған орай елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап 2006 жылғы 8 қыркүйекте БҰҰ - ның Бас Ассамблеясы қабылдаған
«Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді. Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр деуге болады.     

         Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез-келген қоғам мен мемлекетке тән. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің күрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б.

         Бұл негізгі факторлармен қоса ғалымдар экстремизмнің пайда болуы және дамуына әсер ететін қосымша факторларды атап көрсетеді. Оларға халықаралық немесе мемлекеттік жүйеде экстремизм көріністеріне қарсы күрестің осалдығы, тұрғындардың, жеке топтардың саяси және құқықтық мәдениетінің төмендігі, мемлекетаралық қатынастың әлсіреуі, әлеуметтік шиеленістің өсуі т.б.

         Бір адамды уаххабқа айналдыру үшін қанша қаражат кетеді? Уақыт ше?.

         18-19 жасар бозбаланың сау күннің аманында үйінен «жиһадқа» аттанып, əке-шешесіне: «мен өлгесін «таза ислам» үкімімен жерлеңдер, жетісі, қырқы деген дəстүрлеріңді жасамаңдар. Мені менің діндес бауырларым ғана жерлесін» деп арыз-насихат жазып кететіндей қылу үшін онымен қанша уақыт жұмыс жасау керек?.. Осыншама мəңгүрттендіру үшін қандай уағыз айтып, қандай кітап оқыту қажет?

         Көп ақша, аз уақыт кетеді. Көшеде жөңкіліп жүрген бір жас адамнан «жиһадқа» дайын «шаһид» дайындау үшін 6-7 ай ғана уақыт керек. Бұған дəлел ретінде кеше Маңғыстауда қарапайым адамдар мен полицияға қарақшылық шабуыл (жиһад) ұйымдастырған 5 уаххабты айтуға болады. «Мұсылман» болғандарына бір жыл да толмаған сол бауырлар үйлеріне жоғарыдағыдай арыз хат тастап жиһадқа аттанған. Кейінгі тексеру барысында олардың дінге тартылғандарына 5-6-ақ ай болғаны анықталып жатыр. Есіңізге сала кетейік, 2008 жылдың ақпан айының 11-і күні Ақтау қаласында екі адам ажал тапқан уақиға болған еді. Онда 5 уаххаб «кəпірлерге» (уаххаб емес қазақтарға) «жиһад» ашып бір полицейді өлтірген еді. Өздерінен біреу «шаһид» кеткен. Ол оқиғада уаххабтар көп қазақ құсап Бекет ата мен Шопан атаға сенетіндігі үшін алдымен таксисті қорлап, кейін оның мəшинесін тартып алған, сосын іздерінен түскен полицейлерге қарулы қарсылық көрсеткен. Бұл туралы егжей-тегжейлі «Үш қиян» газетінде жазылды. Сол уаххабтардың алды 26, кішісі 20 жаста.

Сол бесеудің бірі – Арман Алмағамбетов, 1987 жылы туылған. Уаххабизмге 2007 жылдың ортасында еліктей бастаған. Арман деген атын ауыстырып, «Абдусамат» деген діни ат қойып алған. Осы аз уақыт аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласына барып, діни сабақ алып келген. Бірақ Арманның дін жолындағы күресі ұзаққа созылмады, сол «Маңғыстаудағы майданда» полиция оғынан өлді. Олар мұндай өлімді «бақытты өлім, шаһид кету, жəннатқа бару» деп есептейді.

Уаххабтардың үйлерін тінту барысында Қазақстан баспаларынан жарық көрген діни əдебиеттер тəркіленді. Əсіресе, Алматыдағы «Әл-Баракат», «Кəусар», «Қаблан» баспасынан жарық көрген кітаптар өте көп шыққан.

Ол баспалар бүгінде ашықтан-ашық жұмыс жасап отыр. Олар дайындаған кітаптар Алматы жəне басқа да қалаларда діни дүкендерде еш кедергісіз сатылып жатыр. Діни экстремизммен күрес туралы дүркін-дүркін жиындар өткізіп, қарар-қаулы қабылдап жатқанымызбен, бағыты күмәнді діни баспаларға тиым салуға əлі ешкім асығар емес. Ал, ол баспаларда жарық көріп жатқан кітаптардың қауіптілігі күн өткен сайын дəлелденіп келеді.

Соның бірі, белсендісі – «Әл-Баракат» баспасы. Ол Алматы қаласы, Шмелев көшесіндегі 78-ші үйде орналасқан. Баспаның бар шығыны «Әл-Баракат» Жеке қайырымдылық қорынан төленеді. Ал, қорға қаржының қайдан келетіні белгісіз.Баспаның негізгі жұмысы Сауд Арабиясы, Египеттен келетін уаххабтық əдебиеттерді, журналдар мен осы тақырыпта жазылған ғылыми еңбектерді араб тілінен қазақ тіліне аударып басу. Кітап қылып шығарып, оны тарату. Ал, енді кітаптардың ішіне үңілсеңіз, оның мазмұны экстремистік идеяға негізделгенін ажырату қиын емес. «Ислам тəлімдері» (Авторы Мухаммад Юсуф, қазақ тіліне аударған Е.Нүсіпбеков) деген кітаптың ішінде «Дінсіздік» деген тақырыбында былай деп жазылған. «Ислам дінінен шығып кетудің қауіптері мыналар:

1. Исламды мойындамау.

2. Аллаға күман келтіру.

3. Құдайдан басқа біреуге дұға жасау.

4. Секталарды мойындау, кəпірлер ұстанатын дəстүрді мойындау.

5. Ислам шариғатынан басқа ұстанымдарды тұтыну» (17-бет)

Кітаптың 31 -ші бетін ашсаңыз, уаххабидің негізгі міндеті ашыла түседі. Онда: «Мұсылманда отан жоқ, ол бір Аллаға ғана сиынуы керек. Сондықтан ол умраға, білім іздеуге, дінді қорғау үшін əскери жорыққа аттануға, діннің игілігі үшін басқа мемлекетке эммиграцияға кетуіне болады.» – деп анық жазылған. Әлемдік уаххабшылықтың идеологтары «жиһад» ұғымына мынадай мағына сыйдырады: «Жиһад» бұйрығының мағынасы не? Құдай жолындағы «жиһад» – өзіңді шынайы құрбан қылу. Өзіңді толық жиһадқа арнау – фарз кифаяға жатады. Фарз кифая деген – барлық мұсылманның парызы. Егер фарз кифаяны топпен атқаратын болса, онда басқа мұсылмандардың мойнындағы міндетті алуға болады. Жиһад не үшін бұйырылады? Жиһад – ұлы мақсатқа жету үшін бұйырылған

Ендеше осындай кітаптарды алудан, интернет көздеріндегі уағыздаулардан аулақ болайық.

Есіңде болсын!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!
Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!

Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Діни экстремизм деген не?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Экстремизм деген не?
Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2015 11492
    • DOCX 50 кбайт
    • 107 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Раджанова Жулдыз Раджановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Раджанова Жулдыз Раджановна
    Раджанова Жулдыз Раджановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31926
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 147 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе