423212
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5 480 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1 400 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до 28 февраля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Баяндама "Имандылық отбасынан басталады"

Баяндама "Имандылық отбасынан басталады"

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі

Баяндама

«Имандылық отбасынан басталады»

Баяндамашы: Кезенбаева А.К

Имандылық отбасынан басталады.

Адамның адамшылдығы-ақыл,

ғылым, жақсы ата,жақсы ана,жақсы

құрбы,жақсы ұстаздан болады.

Абай

Отбасы-адам баласының алтын діңгегі.Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап,осында ер жетіп,отбасының тәрбиесін алады.Сондықтан да отбасы-адамзаттың аса қажетті,әрі қасиетті алтын мектебі.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы-шағын мемлекет,

Мен-президент,сен – премьер,

дегені бар.Шындығында да,отбасы- кіші бір мемлекет,яғни үлкен мемлекеттің кішкентай бір құрымдас бөлігі.Ертең үлкен қамалдарды бағындыратын,елі үшін еш нәрседен тайынбайтын,жұртына қамқор,патриот азамат осы отбасынан шығады.Ал оны біздің халқымыз ертеден-ақ білген.Сол үшін де «Жақсылықты алдымен анаңа жаса», «Бала-бауыр етің», «Әке-асқар тау,ана-бұлақ,бала-жағасындағы құрақ» деген сияқты мақал-мәтелдерді ұрпағына аманат етсе керек.

Қазақ отбасында әуелі әке,содан кейін шеше,бұлар-жанұя мектебінің ұстаздары.Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері баланың «әдепті бала» болып өсуі.

Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым «Әдепті бол,тәрбиесіздік етпе,көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке,имандылыққа баулып өсірген.Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында,өздігінен тіл

алғыш,адал,тиянақты,ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді,өзгелерге,әсіресе үлкендерге,сыпайылық танытуды,ешкімді мұқатпауды үйреткен.Сонымен қатар,балаларының ер-азамат болып,халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Отбасының ұйытқысы,берекесі,мейір-шапағат көзі-ана.Бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен,қамқорлығымен,ана жанын қас-қабағынан,жанарынан танығыштықпен нығая,биіктей береді.Мұның өзі,бір жағынан,үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық.Балалар үшін әке беделі аналарының сөзі,іс-қимылы,қас-қабағы арқылы қалыптасады.Аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет.Қазақ әйелдері үшін басты міндет-отбасы беріктігін сақтау,бала тәрбиелеу,ерлерін барынша сыйлау,рухани қолдау көрсету болып табылады.

«Әке көрген оқ жанар,шеше көрген тон пішер » дегендей,отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» деп қыз баланың тәрбиесіне аса үлкен назар аударған.Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алады.Ол ерінің адал жары,ана болу,отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне,шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге,қонақты лайықты қарсы алуға,туыстарын сыйлап қадірлеуге үйреткен.Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауаптан. Сондықтан «Шешесіне қарап қызын ал»-деген.

Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы-мейіріммен,жақсылықпен өтелмен.Бала-ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы.Ұл-қыз ата-анасын қуанышқа бөлеп,бақытқа жеткізу үшін,ең әуелі,әдепті болу керек.Әдепті болып өскен бала ата-анасының қас-қабағына қарап,қал жағдайларын айтқызбай аңғарады, әр нәрседен көңілдерін тауып,мерейлерін өсіреді.

Бала өзін әлпештеп өсірген ата-анасын дәл солай әлпештеген аялауға міндетті,сәби шағында өзін қалай бағып-қақса,қартайғанда оларды да, солай алақанға салып мәпелеуге борышты.

Балалар естеріңе сақтаңдар!

  1. Жұрттың бәрімен,әсіресе қарт адамдармен қай жерде,қай жерде,қай уақытта болсын амандасып жүр.

  2. Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй.

  3. Өз бойыңдағы сараңдықты,жалқаулықты,менмендікті,пайда-күнем есепшілдікті,қорқынышты жең.Адамға сен,адамды сүй.Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа,біреудің айтқан сөзіне сене салма.

  4. Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама.Оқығаның жақсы-ақ,бірақ ең бастысы іспен дәлелде.

  5. Қарапайым бол!

  6. Сәтсіздіктеріңізді емес,қуанышты күндеріңізді жиі еске түсіріңіз.

  7. Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қараңыз.

Отбасы берекесі-имандылықтан басталады

Имандылық дегеніміз не?

Имандылық-адамның қоғамдағы,күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш,қадір,қасиет,адам бойындағы адамгершілік,ізгілік,кісілік белгісі.Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына-мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген.Адамның жарық дүниеге келуі,өсуі,ержетуі,тіршілік етуі,қартаюы,ата мен баланың қарым-қатынасы,үлкендік пен кішілік,сыйластық,әдептілік пен арлылық,инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашанда назардан тыс қалмаған.

Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі,ұлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сұру салтына айналған.Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп,барша адамгершілік қағидалардың,имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.

Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр,өңінен жылу кетпейтін,әрдайым жақсылық жолын ойлайтын әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.

Қоғамның қуат тірегі-отбасы.Сол отбасының бекем болуы көбіне әйел адамдарға байланысты.

Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп,бірдей құқық берді.Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді.Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе,ол жәннатқа кіреді деп есептейді.Мұндай көзқарас әлбетте,әлемде тыныштық пен берекет,бақыт болып,ұрпақтың жалғасуына,адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті.Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес,бірін-бірі толықтырып,кемелдендіріп отыратын жаратылыстар.Иманды ерлер мен иманды әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады.

Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі:

1.Отбасы-болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек-арқауы.

2.Отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттың дәстүрлі жалғастырушы.

3.Отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші,елжанды азамат тәрбиелеу.

4.Отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі,бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады,сондықтанда туған үйдің жылуы-оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,мәңгі есінде жүреді.Ақын сөзімен айтқанда «Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі»,-десек артық емес.Жеке адамның бойындағы ар-ұяты,ақыл-ойы,адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста,мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам болып саналады екен.Сондықтан,отбасы өте қажетті,басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.Отбасы-сыйластық,жарастық орнаған орта.Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасы-тәрбиенің бастауы.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен »- деп елбасы айтқандай әрбіреуіміздің жүрегімізде отбасына деген жылу,сезім орнаса,біздің болашағымыз жарқын болады.Әрқайсымыздың отбасымыз берекелі болсын!

Краткое описание документа:

Общая информация

Номер материала: 387829

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG

Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Основы системы профилактики безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних в соответствии с федеральным законодательством»
Курс повышения квалификации «Организация работы по профилактике суицидального поведения подростков»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Профессиональная этика в психолого-педагогической деятельности»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическое сопровождение при подготовке к конкурсам профмастерства WorldSkills Russia»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс профессиональной переподготовки «Педагогика и психология в системе специального образования»
Курс повышения квалификации «Профилактическая работа в ОО по выявлению троллинга, моббинга и буллинга среди подростков»
Курс повышения квалификации «Когнитивно-поведенческая терапия детей и подростков»
Курс повышения квалификации «Обучение без стресса. Психосоматика»
Курс повышения квалификации «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическое сопровождение детей с синдромом дефицита внимания и гиперактивности (СДВГ)»
Курс профессиональной переподготовки «Семейная психология»
Курс повышения квалификации «Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.