Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баяндама "Инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын және шығармашылық деңгейін арттыру"

Баяндама "Инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын және шығармашылық деңгейін арттыру"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Баяндаманың тақырыбы:

Инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың

білім сапасын және шығармашылық деңгейін арттыру

Кайрлиева Ардак Тулеуовна

Атырау облысы

Индер ауданы

Махамбет атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Білім жүйесіне бүгінгі таңда қойылып отырған талап жоғары. Тәуелсіздік туы желбіреген қазақ елінің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтар. Сол жеткіншектердің білім нәрімен сусындауы, тәлімді тәрбие алуына нұр сәулесін шамшырақтай шашып, бала бойына сіңіретін қасиетті де құдіретті мекен мектебі мен жанындай сүйетін мейірімді мұғалімдері екеніне ешкім дау айта алмайды.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»дегендей, еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні секілді, сапасыз білім берсең ол оқушы ешқашан алға ұмтыла алмайды. Әлемдік стандартты меңгеретін білімді ұрпақ жолында мектебімізде инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын және шығармашылық деңгейін арттыруға баса назар аударылуда. Жаңа технологияны сабақтарында қолдану арқылы бәсекеге қабілетті әлемдік кеңістікте білімін көтеру үшін өз бетінше іздене алатын, жан-жақты дамыған ізгілікті, білімді, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап келеді.

Міндеті:

-Мемлекеттік білім стандартының талаптарын орындау;

-Қоғамға пайдалы, жоғары сатылы ұлтжанды азамат тәрбиелеуге жағдай жасау;

-Білімнің деңгейін көтеру;

-Жеке тұлға ретінде дербес ізденуге баулу;

-Ақпараттық технология түрлерін меңгеру, сабақта қолдану;

-Қабілетті жоғары балаларды шығармашылық нәтижеге ұмтылдыру;

- Білім мазмұнын қазіргі заман талаптарына сай кеңейту;

-Білімнің сапасын арттыра отырып, оқушылардың әртүрлі оқуларға, олимпиадаларға, байқауларға, ғылыми жұмыстарға қатысуына қолайлы жағдай туғызу;

- Әртүрлі сайыстар мен байқауларда жеңімпаздар тәрбиелеуге қол жеткізу;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау, жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. [7:7]

Сонда білім сапасы дегеніміз не? Оны қалай көтеруге болады?

Білім сапасы- оқымыстылық көрсеткіштерінің біртұтас жиынтығын бейнелейтін, оқушының өзара әсерінің нәтижесін сипаттайтын, қойылған мақсатқа жету өлшемі ретінде оқудың мақсаты-мен нәтижелерінің қатынасы. Елбасының халыққа жолдауында айтылғандай, білім сапасына да үлкен бәсекелестік керек деп есептеймін. Білім беру сапасы-қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Ұлтымыздың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі-ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе-жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту арқылы олардың бойынан:

-адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды;

-белсенділікті, қабілетті тұлғаны;

-жоғары мәдениеттілікті көре аламыз.

Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан-жақты болуы керек.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін жайттар да баршылық. Дарынды ұстаз К.Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте-бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш-жігерін, тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен. Бүгінгі күні білім сапасын арттыру үшін сабақта не қолдану керек?- деген сұрақ туады. Оған жауап:

Қазіргі инновациялық технологиялар-білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін біз, мұғалімдер қауымы әр сабақта жаңа технологияларды қолдануымыз қажет. Себебі жаңа технологиялардың ерекшелігі-оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни, тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.

Жаңа технологияларды енгізе отырып, біз мыналарды қамтимыз:

-Оқушылардың оқып-үйренуге деген қызығу деңгейін көтеру;

-Білімді жүйелеу;

-Әрбір оқушымен жеке-дара жылы қарым-қатынас жасау арқылы оқуға деген жағымды көңіл- күй туғызу;

-Оқу нәтижесіндегі жетістіктер негізінде оқушының жеке қадір-қасиеті сезімдерінің жоғарылауы;

-Өзара сенім.

Әрине, сабақта технологияны неғұрлым көп қолдану мақсат емес, неғұрлым тиімді қолдану қажет. Сабақта әртүрлі тиімді тәсілдерді дұрыс пайдалана білген мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын Ю.К.Бабанский төрт деңгейге бөледі:

-мұғалімнің сыныппен өзара әрекеті, нәтижеге жетуге ұмтылуы;

-мұғалімнің сабақтағы қызметі яғни, жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;

-оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;

-оқушылармен өзара қарым-қатынаста толық дербестік таныту, оқыту мен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу,оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру.

Ал мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:

1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;

2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;

3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;

4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру. [3:19]

Ал мұның барлығы мұғалімдердің кәсіби шеберлігіне байланысты болмақ.

Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Мен биылғы оқу жылы Атырау Педагогикалық шеберлік орталығынан Кембридж оқу бағдарламасының І деңгей курсын тәмамдап, өз сабақтарымда «Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың» түрлі стратегияларын қолданып келемін. Бұл әдіс оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізуде. Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып , топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтарды ашу барысында жұмыс жасайды. Бірінші деңгейлік оқыту әдіс-тәсілдерінің алдына қойған мақсаты – Қазақстан мектептерінде жан-жақты зерттелген, өзіндік бай нәтижелерге ие болған әдіс-тәсілдер тарату. Оқушылардың білім сапасы деңгейін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық әрекеттердің бір бағытқа қарай бағытталуы, оқушы алған білімін өмірде қолдана білуі, яғни сол арқылы өмірге бейімделуі керек. Бағдарламаның негізгі мазмұнында оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, білімді бағалау жолдары туралы айтылған. Бүгінгі білім кеңістігінде қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

А. Құсайыновтың «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы» еңбегіндегі:

«Өте жақсы америкалық мұғалім зейнетке шыққанда әдістемелерін өзімен бірге алып кетеді, ал жапондық мұғалім бар білгенін артына қалдырып кетеді» деп құнды мысал келтірген. [7: 14] Міне, осыдан мұғалімдер арасында іс-тәжірибе алмасудың ең бір дамыған тиімді тәсілі Lesson Study екендігіне көз жеткізуге болады. Маған ұнағаны сабақ беретін пән мұғалімнің ізденуіне жан-жақты жағдай қалыптасады, білім сапасы және мұғалімнің өз жұмысына деген жауапкершілігі артады. ізденеді, оқушылардың сабақ барысындағы ақпаратты меңгеру деңгейлері зерттеледі. Мектеп тәжірибесіне жаңаша әдіс-тәсілдер ене бастайды.

Қазіргі таңда қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет, ол үшін біз күнделікті беріп жүрген дәстүрлі сабағымызға көз жүгіртіп, өзіміздің оқыту үрдісімізді, әдіс-тәсілдерімізді өзгертуіміз керек. Бұл проблеманы шешу үшін мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп Lesson Study тәсілі бойынша, инновациялық тиімді идеялармен алмасып күнделікті оқу мен оқытудағы тәсілдерінің ықпалын арттыра түсуіміз керек. Мектебімде осы іс-әрекетті зерттеу әдісі бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіліп келеді. Оның нәтижесі алдағы күннің еншісінде болмақ.

Жаңа технологияларды пайдалана оқыту арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткіземіз:

-оқу материалын терең түсінуге;

-оқу мотивациясының артуына;

-алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына.

Олай болса, жаңа әдістерді пайдалану-бүгінгі күннің талабы. Жаңаша жаңғыртып оқыту, интеребелсенді әдістер, жаңа технологиялар білім сапасын арттырудың негізгі құралы.

Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы да қажет. Сонда ғана өзін-өзі дамыта алатын, өзін-өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра аламыз.

Неміс педагогы А. Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»- деген.
Қазіргі мұғалім:
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Инновациялық білімді дамытатын;
• Жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелетін;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;

Қорыта келгенде, оқытудағы басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқылы беруге емес, оның өзінің жаңа тақырыпты игеруіне әдістемелік қолдау көрсетуге аударылуы тиіс. Бұл міндеттер педагогтерде қалыптасқан ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, оқытудың қалыптасқан әдістерін өзгертуді талап етеді. Сондықтан педагогтар қатарында инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-ақпараттық проблемаларды шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуы – бүгінгі басты сұраныстардың бірі. Сонда ғана мұғалімдер білім стандарттарын меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізеді дей аламыз. Қазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға үлкен жол көрсетуіміз керек. Қазір мектепте берген білім әрбір баланың санасында қалып қояды, олар оны орындауға барынша тырысып бағады. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.  Әрине, артқарылған істер аз емес. Аз ғана уақыттың аралығында, осы атқарылған істердің нәтижесі ретінде, өз сабақтарымды сабақ беретін сыныптарымда жаңа түрде өткізумен қатар infourok.ru, sabak.kz, «bilim time.kz», «ustaz.kz» сайтарына бірнеше сабақтарымды жүктедім. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Әлі де толассыз еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек бермекшімін.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей 2014ж

  2. «Қазақ әдебиеті» газеті. №16 2013ж

  3. «Қазақстан мектебі» республикалық ғылыми-педагогикалық журнал

8, 2008 ж

5. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

4. 2014 ж

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті » әдістемелік журнал №12. 2013 ж

7. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

3. 2014 ж

8. А. Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы» еңбегі

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Краткое описание документа:

     №8, 2008 ж

5. «Мектеп директоры» республикалық  ғылыми-әдістемелік журнал

       №4. 2014 ж

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті » әдістемелік журнал №12. 2013 ж

7. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

      №3. 2014 ж

8. А. Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы» еңбегі

Автор
Дата добавления 06.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров581
Номер материала 513886
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх