Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Баяндама "Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін және оқушының білім сапасын арттыру"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама "Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін және оқушының білім сапасын арттыру"

библиотека
материалов



Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін және оқушының білім сапасын арттыру


«Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!» деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Елбасы өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Олар: заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту.

Мектептегі берілетін білімнің сапасын арттыруда педагогтарды заманауи технологиялармен қаруландыру қажет.

Осы орайда аудан мұғалімдері түрлі ақпараттық технологияларды кеңінен меңгеруде. Қазіргі уақытта көші ілгері тұрған технология – Кембридж технологиясы.

Аудан бойынша 2012-2014 оқу жылдары аралығында аталған технологиядан 99 мұғалім сертификатталды.

(2 слайд)

Пән бойынша

Деңгейлік оқығандар саны

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

Қазақ тілі мен әдебиеті

18

4

2

12

Орыс тілі мен әдебиеті

9

4

1

4

Ағылшын тілі

9

1

1

7


(3 слайд)

Технология меңгеруі:

Пән бойынша

Мұғалім саны

Кембридж технологиясы

БИС технологиясы

СТО технологиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті

111

16 %

13 %

67 %

Орыс тілі мен әдебиеті

76

11 %

19 %

85 %

Ағылшын тілі

70

12 %

14 %

80 %

(4 слайд)

Соңғы жылдары мектеп мұғалімдерінің жұмыстарын жандандыру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық пәндерді біріктіру арқылы «Ізденіс» серіктестік клубы құрылды. Клубтың мақсаты - жұмыс барысында туындайтын мәселелерді бірлесе шешу.

Жұмыстың нәтижесі:

-Серіктестік клубының бағдарламалық жұмыс жоспары құрылып, іске асырылды;

-Серіктестік клубына бірлескен қызметте жаңа қатысушылар қосылды. Бұл шағын жинақты мектеп мұғалімдерімен толыққандығын көрсетеді.

(5-8 слайд)

«Ізденіс» серіктестік клубыныңқазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерібойынша біріккен жоспарықұрылып, AKTIY-STUDIO-ны қолдану мүмкіншіліктері, ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары мен кездесетін қиын сұрақтармен жұмыс, шеберлік-сыныптары, консильум, коучингтер, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану мен шағын жинақты мектердегі қоғамдық-гуманитарлық бірлестік папкаларының жүргізілу сапасын арттыратын семинар-практикумдар жиі ұйымдастырылады.Серіктестік құрамына жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында ҰБТ-ға дайындауда бірнеше жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдер қамтылды. «Ізденіс» клубы 2011 жылдан бастап өз жұмысын жалғастыруда.

Оқушылардың 11 жылдық білімін сынға салатын Ұлттық бірыңғай тест сынағына барлығы 237 оқушы қатысып, 20 түлек «Алтын белгіні» қорғады. Тест нәтижесінде 87,9 балды көрсетіп, облыстан І орынды иеленді.

(9 слайд)

Ұлттық бірыңғай тестіге дайындық мектепішілік, аймақтық, аудандық деңгейдегі байқау сынақтарының нәтижесінде жүзеге асады. 3 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан мониторинг жүргізу жұмысының да өзіндік ерекшелігі бар. Әр өткізілген аудандық байқау тестінен кейін мектепішілік тесттің қорытындысы алынып, салыстырмалы талдау жасалады. Пән бойынша төмен нәтиже көрсеткен мұғалімдермен жеке сұхбаттар жүргізіліп, алқа отырыстары мен әдістемелік кеңестерде қаралады.Осындай жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде білім сапасында алға жылжу байқалады.

(10 слайд)

ҰБТ бойынша үш жылдық білім сапасы:

Пән бойынша

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Айырмашылық

Қазақ тілі мен әдебиеті

20,07

20,73

20,4

+0,66 / +0,07

Орыс тілі мен әдебиеті

17,44

17,56

18,02

+0,12 / +0,46

Ағылшын тілі

19,04

19,6

19,8

+0,56 / +0,2

(11 слайд)

Білім сапасын арттырудың келесі жолы - жазғы бағдарлы демалыс аусымдары. Жазғы бағдарлы демалыс аусымдарында мектеп психологтары ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер арасында сауалнамалар жүргізді.Сауалнама нәтижесінде демалыс аусымдарының тиімділігі анықталды. Олар:

  • Жазғы бағдарлы демалыс аусымдарына қатысқан оқушылар жаңа оқу жылына білімдерін жинақтап, дайындықпен келеді;

  • Оқуға деген қызығушылығы артады;

  • Жазғы бағдарлы демалыс аусымдарына қатысушылар саны артады;

  • Бағдарлы оқуға икемделеді;

  • Ата-аналар балаларына қолдау көрсетеді;

  • Психологиялық тұрғыдан қалыптасады;

  • ҰБТ-ға дайындық деңгейі артады;

  • Жеке жұмыстануға мүмкіндік болады.

Жазғы бағдарлы демалыс аусымдарында жүргізілген жұмыстар - білім сапасын арттыруға үлкен әсерін тигізеді.

(12 слайд)

Оқушылардың сұрауы бойынша ұйымдастырылған жазғы бағдарлы аусым түрлерінен гуманитарлық, зерттеушілік, өлкетану бағыты бойынша жұмыстануды қолға алдық.

(13 слайд)

9-11-сынып оқушыларына арналған гуманитарлық бағдарлы аусымдарда аудан мұғалімдерінің өз іс-тәжірибелерінен құралған авторлық бағдарламаларымен жұмыстану жолға қойылды.Филологиялық аусымдарда 9-11-сынып оқушыларын қамту арқылы Г.Е.Есенгалиеваның «Тіл дамыту», В.М.Тухтарованың «Сложные вопросы орфографии и пунктуации. Подготовка к ЕНТ», О.В.Границаның «Трудные случаи орфографии и пунктуации русского языка» және ағылшын тілінен Ф.С.Дюсембаева, И.И.Алимова мен А.С.Брекееваның факультативтік курс жинақтарымен жұмыстанады.

Тіл, әдебиет, тарих пәні мұғалімдері бірігіп өлкетану аусымдарын да өткізді. Бұл аусымда мұғалімдер Подстепный қазақ ЖОББМ-нің қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдерінің «Сборник материалов по краеведению Казахстана и Западно-Казахстанской области» тақырыбындағы жинағымен жұмыстанып келді. Қазіргі уақытта аталған жинақ облыс көлемінде таратуға ұсынылды.

(14 слайд)

ҰБТ бойынша жеті жылдық білім сапасы:

Пән бойынша

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Қазақ тілі мен әдебиеті

17,4

18,9

19,4

20,45

20,07

20,73

20,4

Орыс тілі мен әдебиеті

14,3

15,6

16,18

17,25

17,44

17,56

18,02

Ағылшын тілі

-

-

20,8

19,4

19,04

19,6

19,8


Білім сапасын арттыру – жан-жақты жұмыстануды талап етеді. Алайда, инновациялық технологияларды меңгеріп, кәсіби шеберлігі шыңдалған білікті мамандар мен бірізді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде талай биіктерді бағындыруға болатындығы сөзсіз.





Жақаева Асемгүл Есқабылқызы

АӘК әдіскері











Краткое описание документа:

Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін және оқушының білім сапасын арттыру

 

 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!» деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. 

Автор
Дата добавления 20.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров357
Номер материала 139282
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх