Инфоурок География Другие методич. материалыБаяндама: "Мәтінді оқи отырып зерттеу"

Баяндама: "Мәтінді оқи отырып зерттеу"

Скачать материал

Мәтінді оқи отырып зерттеу.

 Який Хайрат

география пәні мұғалімі

Бірлестік орта мектебі

Зеренді ауданы

Ақмола облысы

 

Қазіргі заманғы дәуір оқушыдан тек оқу үдерісі барысында жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу қызметі барысында алынған тұтас білім мен шынайы өмір тәжірибесі  негізінде тұжырымдалған тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп талап етеді.

    ХХI ғасырдың басында-ақ зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдылары тек ғалымдарға емес, ол барша адамға сөзсiз қажеттiгi айқындалды. Оқытуды зерттеушiлiк бағытта ұйымдастыру, оның теориялық идеясы мен практикасын бiрiктiру бүгiнгi психологтар мен педагогтардың мiндеттерiне жүктелгендiгiн байқауға болады. Психология және педагогика ғылымдары адам өмiрiндегi зерттеу тәртiбiнiң ролiн,  жалпы бiлiм беру үдерiсiндегi зерттеулiк әдiспен оқытудың бағытын қайта қарастырып, бағалауда. Қазiргi бiлiм беру практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту –  қоршаған әлемдi тануға мүмкiндiк беретiн ең тиiмдi әдiстердiң бiрi.

    Балалық зертеулер, iзденiс қажеттiлiгi оның биологиясына тән қасиет екендiгi ешкiмге таңсық емес. Зерттеу балаға тән, қалыпты жағдай. Қайсыда бiр денi сау бала зерттеушi болып туылады.. Көз алдыңызға жаңадан ойыншық алған сәбидi елестетiңiзшi! Бала бұл ойыншықты жан-жақты қарайды, уқалайды, умаждайды, жапырады,  тiстейдi, сәл ересектеуi – бөлшектерге бөлiп тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз обьектiнi немесе құбылысты байқаған бала, ересектерге “Бұл не?”,”Нелiктен?”, “Неге?”  секiлдi сұрақтарын жаудырады.    Өкiнiшке орай,  көптеген жағдайда жауап беруге өресi жетпеген ересектер, тынышсыз “ негештермен” жұмыс жасауға зерiгедi. Баланың қажымай-талмай жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгелi бiр затты тәжiрибелеуге, бақылауға ынталылығы, өмiрден өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi – мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi десек қате болмас. Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала бойына туа бiткен қасиет. Баланың нақ осындай танымдық ынтасынан зерттеулiк бағыты қалыптасады және зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Баланың бiлуге құштарлығын қолдау және дамыту бiлiм берудегi маңыздың мәселелелердiң бiрi, ал оның шешу жолдары – оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

    Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiк позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Бұл есiн, түйсiгiн iске қосу емес, ойлану механизмiн қалыптастыру. Яғни саналы ойлау – сыни ойлау арқылы танымдық-психикалық процесiн дамытады. Зерттеулiк оқыту оқушының эмпирикалық және теориялық танымының бiрiктiрiлуiмен меңгерiледi. Кез келген зерттеуде проблеманы анықтау, конструктивтi сұрақтар қою, бақылау жүргiзу, мәтiндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттар жинақтау,  оны саралау, анализдеу және тұжырым жасау әрекеттерi кiрiстiрiледi. Бұл зерттеулiк оқытудың жан-жақтылығын, әмбебап болмысын дәлелдейдi.

     Сол себептен зерттеу бiлiктерi мен дағдыларын меңгерген қазiргi мектеп түлегiнiң, келешекте әр түрлi әлеуметтiк – саяси жағдаяттарда икемдiлiкпен бейiмделетiндiгiне, өз көзқарасын өңдей алатындығына көз жеткiзуге болады.  

    Зерттеулiк оқыту барысында оқушылар теориялардың пайда болуы жөнiнде көптеген мәлiметтер жинақтайды. Н.И.Павлов “Үй кiрпiштен құралатын болса, ғылым деректерден құралады”, демекшi әр кiрпiштен немесе тастан құралған үйiндi үй деп саналмайды, дәл солай кез келген деректердiң жиынтығы  да  ғылыми бiлiм бола алмайды.

 Сондықтан “ғылым” деген сөзiң мағынасы ежелден “ұйымдастырылған бiлiм ” деп түсiндiрiлген. Жас жеткiншек байқау жүргiзу немесе тәжiрибелеу нәтижесiнде алынған деректерi,  болжамдары, топтастыру схемалары, тiптi айқындалған заңдары – ғылым материалдары екендiгiн жете түсiну керек. Бұларды ғылым ретiнде ұйымдастыратын-теория. Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы  ғылымға алғашқы қадамын жасайды.

      “Негiзгi материалдарды өздiгiнен iзденуге мүмкiнiдiк берген жағдайда ғана оқушылардың бiлiмi жоғары болады.”(Питер Клайн)

       «Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі», – деп түсіндіріледі.

       Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру,          Әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Бүгінгі күні біздің міндетіміз – баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.        Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршілігінің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен.

       Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер ол оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерге көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

      Сондықтан да оқушыларды зерттеу жұмыстарына үйретудің маңызы зор. Мен де өз сабақтарымда оқушыларға мәтіндер арқылы зерттеу жұмыстарына баулудың жолдарын қарастырамын. Әсіресе мәтіндерді оқығаннан кейін сол мәтіндегі негізгі бір ойды қарастыра отырып сол бойынша проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулуға болады. «Оның себебі неде?», «неге солай деп ойлайсың?», «себебін анықтай аласың ба? немесе анықтап кел» т.б сұрақтар қойып, оқушыларды сол нәрсенің себебін өздері ізденіп табуына жағдай жасаудың – зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор болмақ.

    Енді осы мәтін арқылы зерттеуді өз сабақтарымда қалай жүзеге асырып жатырмын дегенге  бірнеше мысалдар келтіре кетейін.М: 6-сыныпта география пәнінде «Ауа температурасы»  деген тақырыптың мәтінімен таныспастан бұрын оқушыларға мынандай сұрақ қойдым.

   «Биік таулар жер бетіне қарағанда Күнге жақынырақ, бірақ неге керісінше таулардың басы суық, мәңгі қар мен мұздықтар жатады?»

Бұл сұраққа оқушылар түрлі деңгейдегі жауаптар дайындап өздерінше зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сынып бойынша сол ойларын ортаға сала отырып, олар Күн сәулесі ауадан кідіріссіз өтіп кетіп, оны тікелей қыздырмайтындығын ең алдымен Күн сәулесі жер бетін қыздырып, содан кейін барып ауаға таралады деген қорытындыға келді.

     Сол сияқты 6-сыныпта «Жердің Күнді айнала қозғалысы және оның географиялық мәні» тақырыбын өткенде Жер де басқа планеталар сияқты Күнді тұйық сызық құрайтын жол бойымен, яғни орбита бойымен айналады. Жер орбитасы дұрыс шеңбер түзбейді, одан гөрі сәл сопақтау. Сондықтан Жер жылына Күнге бір рет жақынырақ келеді де, бір рет орбитадағы ең алыс нүктесіне барады. Ең жақын келген нүкте 3-қаңтар да, ең алыс нүкте 5-шілдеге сәйкес келеді. Мұнда мына сұрақты қойдым.

   Күн Жерге неғұрлым жақын келгенде бізде суық болады, ал алыс кеткенде керісінше жылынады?

    Бұл сұрақ оқушыларға біраз қиындық тудырды. Тапсырманы үйде зерттеп келуге берілді. Келесі сабақта бірнеше оқушы мұның себебін анықтап келді. Яғни 3-қаңтарда Жер Күнге Оңтүстік жарты шар жағымен, ал 5-шілдеде Солтүстік жарты шар жағымен қарайды. Сол себептен осы кездерде аталған жарты шарлар Күн жылуын молырақ алады. Ал біз яғни Қазақстан солтүстік жарты шарда орналасқандықтан 3-қаңтарда Күн Жерге жақын келсе де оңтүстік жарты шарға қарағанда жылуды аз аламыз және бізде қыс айлары болады деген қорытындыға келдік.

    Сонымен қатар 8-сыныпта «Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі» тақырыбын өту барысында оқушыларға әрбір ерте кездегі болсын, орта ғасырлардағы болсын тарихшылардың, саяхатшылардың қазақ жері жайлы қалдырған аздаған мәліметі болса да бұл біздің еліміз тарихына қосқан елеулі үлесі, «Теңіз – тамшыдан құралады» демекші, біздің де төл тарихымыздың толығуына  осындай  зерттеулердің еңбегі өлшеусіз деген ой айтқан болатынмын. Сонда Нұрбек Асылгүл есімді оқушы - «Мұғалім олай болса бізде өз аулымыздың тарихы туралы зерттеулер жасайық», - деген ой айтты. Мұны барлық сынып оқушылар қолдады. Осылайша «Ауыл тарихы – ел тарихы» деген зерттеу жұмысы қолға алынып, биылғы оқу жылынан бастап жүргізіле бастады. Қазір ауыл туралы біршама мәліметтер жинақталып қалды.  

     Қорыта келгенде зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушылар бойында төмендегідей қасиеттер қалыптасады:
       - әр деңгейлі сұрақ қойып, оларға жауап беруді үйренеді;

       - шығарма мен мазмұндамадан басқа ізденіс жазу түрлері бар екенін 

         үйренеді;

       - оқушылар бұған қоса, нәтижелі зерттеу жүргізу үшін үлкен дайындық  

        қажет екенін түсінеді;

       - аудитория алдында сөйлеп үйренеді;

      - қозғаған тақырыбын берілген уақытқа сыйғызып қорғауға үйренеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Мәтінді оқи отырып зерттеу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Қазіргі заманғы дәуір оқушыдан тек оқуүдерісі барысында жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу қызметі барысында алынған тұтас білім мен шынайы өмір тәжірибесі  негізінде тұжырымдалған тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп талап етеді.

    ХХI ғасырдың басында-ақ зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдылары тек ғалымдарға емес, ол барша адамға сөзсiз қажеттiгi айқындалды. Оқытуды зерттеушiлiк бағытта ұйымдастыру, оның теориялық идеясы мен практикасын бiрiктiру бүгiнгi психологтар мен педагогтардың мiндеттерiне жүктелгендiгiн байқауға болады. Психология және педагогика ғылымдары адам өмiрiндегi зерттеу тәртiбiнiң ролiн,  жалпы бiлiм беру үдерiсiндегi зерттеулiк әдiспен оқытудың бағытын қайта қарастырып, бағалауда. Қазiргi бiлiм беру практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту –  қоршаған әлемдi тануға мүмкiндiк беретiн ең тиiмдi әдiстердiң бiрi.

  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 501 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2015 1065
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Який Хайрат Якийұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Який Хайрат Якийұлы
    Який Хайрат Якийұлы
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 145625
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе