Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама "СТО технологиясы" 10 сынып

Баяндама "СТО технологиясы" 10 сынып

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Баделова Лейла Адиетовна

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Казталов ауданы Жалпақтал ауылы

Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Мектеп тел: 21-6-92 ұялы байланыс: 87023866507





Баяндама тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет сабағында сын тұрғысынан ойлау элементтерін орынды және тиімді қолдана білу

Бүгінгі таңда біздің елімізде білім мен ғылымға жасалып жатқан қолдаулар мен қойылып отырылған талаптар да жоғары.Қоғамымыздың даму бағытында жан жақты дамыған, сауатты,ізгілікті бойына жинақтай алған саналы шәкірт тәрбиелеу әр білім орнына жүктеліп отырған міндет.Осы бағытта әр мұғалім шынайы тілегімен «Ұстаз» деген ұлағатты есімге лайықты еңбек етіп, шәкірт жүрегін ізгілікке, бойын білімге,күшін рухқа,жанын саналылыққа толтырып, «Мен»деген жеке тұлғалар мен «Біз»деген отаншыл азаматтар тәрбиелеп шықсақ-біздің де еңбегіміздің алдында қойған мақсатымыз бен парызымыздың орындалғаны болмақ.

Ал ұстаз еңбегінің тынымсыз ізденісі мен жемісі шәкірт білімінен көрініс таппақ. Ұстаз үшін бүгінгі жаңа инновациялық үдеріске ілесе отырып, жаңашыл технологияларды бір кісідей меңгеруі-өмірдің өзіндік бір талаптарына айналып отыр.Мұғалімдерге осындай жол ашып отырған бірден бір стратегия- бұл «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы» дер едім. Оған дәлел- « Оқу құралы сабақта ойлау жағдайларына бастамашы болуға және орта жасауға мүмкіндік беретін тиімді тәсілдер мен әдістер жиынтығын ұсынады. Мұнда оқу мәтіндерінің тиімді іріктелуі сияқты, өз бетімен оқу әдістері мен стратегияларының да іріктелуі маңызды рөл атқарады. Бұл бағыттың бастаушылары ретінде Л.Выготский, Дж.Дьюи, Ж.Пиаже сияқты белгілі ғалымдарды көруге болады. Осы «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» атты оқу құралы «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» Халықаралық бағдарламасы негізінде жазылды» -деп С.Мерсейтованың еңбегінде көрсетілгендей, осы бағдарламалардың авторлары Дж.Стил, К.Мередит, Ч,Темпл ұсынған күйінде Халықаралық лецензияға сәйкес Қазақстан Республикасында бұл бағдарламаны Қазақстан Оқу Ассоциациясының ( ҚазОА) мүшелері ғана пайдалана алатындығы туралы курстан өту кезінде тәлімгер- кураторымыз Абитова Сәнім Қуанышқызы оқытқаннан бері түсініп, осы бағдарламамен жұмыстану мен үшін өз мүмкіншіліктерін берді . ҚазОА ның бағдарламасының негізінде мұғалімдердің өз беттерінше жұмыстанып,іс- тәжірибе жинақтап,өздерінің авторлық бағдарламаларын әзірлеуге және жаттығу оқулық жинақтарын шығаруға құқық берілуі көптеген ізденімпаз,шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдерге берілген мүмкіндіктер ретінде қуантады. Сонымен бірге: « Сөйтіп, осы оқу құралында біз «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» Халықаралық Бағдарлама авторлары ұсынған Джинни Стил,Ч.Темпл, К.Мередит идеяларын және оқыту стратегияларын негізге аламыз. Біз сондай ақ « Teaching and Learning Strategies for the Thinking Classroom», RWCT international Concortium, 2005, бағдарламасының волонтерлар тобымен - Алан Клоуфорд, Уенди Соул, Самуэл Мэтью және Джеймс Макинстер А.Crowford, E.W.Saul, S.Mathews, J.Makinster ағылшын тілінде шығарылған, авторлардың келісімімен жасалған бағдарламаға ұқсас арнайы курсы бар және ТарМПИ ағылшын тілі факультетінде 2008-2010 жылдары тәжірибеден өткізілген ұқсас жұмысқа бірнеше мәрте сілтеме жасаймыз»-деген бағыттаушы сілтемелері де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне де зор мүмкіндік бергендей.

Қазақстан Республикасындағы бірізділікке түскен мемлекеттік стандарт бағдар ламасы бойынша жұмыстанып келе жатқан мұғалімдер қауымының әрқайсысының өз іс тәжірибесінде «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім »-деп дана жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы негізінде жұмыстанып жүрген ұстаздар қатарында біздің Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары да өз білім деңгейлерімен аудан, облыс,республика көлемінде іс-тәжірибелерімен танылып жүргендері де бар, солардың бірі ретінде мен де өзімнің күнделікті сабақтарымда да, ашық сабақта- рымда да осы стратегиялық бағдарлама элементтерін тұрақты қолданып, шәкірт- терімнің қазақ тілі мен әдебиет сабағына қызығушылықпен қатысып,сапалы білімдерін бекітуге оңтайлы әдіс екендігіне көзім жеткендей.

Мысалы,СТО технологиясынан көріп жүргеніміздей, өзім сабақ беретін 6-8 сыныптарда қазақ тілінен сергіту сәттерінің ойын элементтерін жиі қолданып,оқушыларды әрі сергітіп, әрі білімдерін бекітіп, сабаққа деген қызы ғушылықтарын шыңдап отыру- менің тұрақты әдіс-тәсіліме айналды.Осы стра тегияны негізге ала отырып, «Іскерлік ойындардың педагогикалық технология» ретінде енгені де бір-бірімен тығыз байланыста қолдана алатын әдіс түріне айналғандай болды. Мысалы, «Қызықтыру қызметі» бойынша жаңа сабақты түсіндірер алдындағы «Миға шабуыл»түрі оқушының өзіндік ізденісінің бірінші сатысы болмақ,ал «Коммуникативтік қызметтің тілдесімдік әрекеттері қай пәнге болса да қажет екендігі заңдылық.Қазақ тілі сабағында ережені айтып,мысалмен дәлелді ету кезеңі мен өз пікірімен басқа оқушыларға ой туғызу,олардың арасын дағы туындаған қарама-қайшылықты шешіп беру сәтінде сұрақтан сұрақ туын датып,жауабын табуға талпынған оқушылардың әрекетіне құрылатындығын байқап,әрі оқушылардың жан-жақты ізденгені бойынша дәлелдеуге қатысты тілдік қарым-қатынастың қалыптасатынын байқап жүрміз.Ойын барысында тіл байлығын молайтып қана қоймайды,сонымен бірге сөйлеу мәдениеті мен тілдік қарым-қатынастың тәртібіне де үйренбек.Ал «Өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру қызметі» бойынша оқушы өз мүмкіндігін толық көрсетіп қана қоймай,өз ізденісін де танытып отыратындығы байқалады, ол мұғалім үшін оқушыдан алар жаңа ақпарат болуы мүмкін,әрі тыңдап отырған оқушылар үшін дискуциялық диалогке құрылмақ, себебі екінші бір оқушы ол тапсырма ойынды өзінше пайымдап,өз жауабының дұрыстығын дәлелдеу үшін қарсы пікір туғызуы мүмкін. Осындай сәттерде өз тоқтамы бар оқушы дәлелді жауабымен тойтарыс беріп,тығырықтан шығудың жолдарын қарастыруы заңдылық,бұндай зейінді оқушыларды сөйлеу мәдениеттілігімен қатар жазу сауаттылығын да шыңдап отыру тұлғаны тани білген әр ұстаздың міндеті болмақ. «Диагностикалық қызмет»үлгісі бойынша оқушының өзін-өзі толық тануы арқылы өзінің тілімен де,ойымен де,жауабымен де оза шауып,белсенділігін көрсетіп,қабілетін танытуға қолайлы тәсіл дер едім,әсіресе жазу мәдениетін қалыптастыруда осындай оқушыларды шығармашылыққа баулудың мәні зор,бағыт-бағдар бере отырып,өзіндік пікірін тұрақтандырудың бірден-бір жолына бастамақшы болмақ.Ал «Әлеуметтендіру қызметі»барлық жоғарыда айтылған қызмет түрлерінің бәріне де қатысты оқушының қоғамдық қарым-қатынас заңдылықтарын толықтай атқаруға мүмкіндік берілген түрі екендігі даусыз.

Бұл қызметтік ойын түрлерін неге айтып отырмын? Себебі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»бойынша үнемі әрекет үстінде оқушы белсенділігі мен сабақтың өзіндік белсенділігін арттыру үшін «РАФТ», «Қабырғаға қарап оқу», «Автор орындығы», «Галереяда ой шарлау»,«Синквейн»,«ИНСЕРТ», «Жигсо», «Венн диаграммасы» тағы басқа стратегиялары бойынша қызықтыратын тақырыптың мәні мен мазмұнын ашуға, модель бойынша ізденуге,үнемі жазу тактикасын қолдануға,аудиториямен байланыстылықты дамытуға,қателерді дұрыстауға және достық,жолдастық қарым-қатынасты қалыптастыруға өздерін- өздері бағалауға жеңіл екендігін айтуымызға болады.Мысалы,6в сыныбында өткен лексикалық тақырыбы «Қазақстан--ортақ үйіміз» атты «Сын есім»тақырыбындағы сабағымда психологиялық бағытты ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушы дайындығының бастау кезеңінен шарықтау шегіне дейін сабақ құрылысына сай кезең-кезеңмен «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының»сол сынып оқушыларының деңгейіне сай элементтерін орынды қолдануды жүйелі беруге,орындатуға тырысамын.Бірінші кезекте «Көңіл-күй себетін»толтырып, берілген тірек сөздер арқылы тілектер айтып,оқушыларға,сабақтың жақсы өтілуіне сәттілік тілейміз. «Миға шабуыл»әдісімен лексикалық тақырыбымызға қарай ойысамыз, «Отан дегеніміз не?»дей отыра оқушылар жауабын алғаннан кейін «Топтастыру»стратегиясын қолдана отырып, «Қазақ елі»аңызы бойынша Қазақстан картасын пайдалана отырып, аңыз бойынша облыстық- аймақтық қима-бөліктермен еліміздің картасын құрастырамыз. Аңыз: («Сарыарқа»күйі ойналып тұрады) «Күндердің бір күнінде Алла тағала аспан,жер,мұхит,орман-тоғайды орналастырып, барлық елді,барлық құрлықтарды жаратты,ал Қазақ елін мүлде ұмытып кетті, елді құрап шығуға бөлшектер қалмады. Бір күні Алла тағала өзінің елшілерінің арасындағы келіспеушілікті байқап,оларды сабасына түсіру үшін тылсым күшпен табиғаттың мінезін байқатып,алай-түлей жасап,артын тасқынға айналдырады.Алла тағаланың қаhарынан қорыққандар мен мінсіз орындаушылар Нұқ пайғамбардың кемесіне мініп жан сақтап қалады.Олардың кемелері жүзіп келіп,жасыл нулы,құрақты-сулы жерге келіп тіреледі.Бұл жер Жерұйық еді.Міне,Алла тағаланың рахымымен әр елдің бүйірінен: Американың мұнайлы жерін, Италияның таулы бауын,Африканың шөлді даласын,Кавказдың сулы нуын бөліп-бөліп алып,Қазақ елінің орналасар аймағына орналастырады. Міне,Қазақ елінің кеңбайтақ,көркем де сұлу,табиғаты жайлы бай елі- Қазақ жері осылай дүниеге келеді.

«Ендеше,балалар,қазір біз Отанымыздың ғажайыптығын көрсетіп, «Қазақстан қандай ел?»тақырыбы бойынша сын есімдерді қатыстыра отырып,топтастырайық» деп,Қазақстанның бүгінгі келбеті туралы толғауға тапсырмалар беріледі.

І кесте кластер

hello_html_bf2b18a.gifАл жоғарыдағы лексикалық тақырыптық сызбаны негізге алып,грамматикалық тақырыбымызды байланыстырамыз.Негізгі құрылымдық сұрақтар:

ІІ кесте кластер \топ \топ

Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің шырайлары Сын есімнің сұрақтары Сын есімнің тұлғасына қарай бөлінуі Құрамына қарай бөлінуі Сын есімнің мағыналық түрлері



hello_html_m63f90521.gif



3-тапсырма «Синквейн»әдісімен бес жолды өлең жазу оқушыларға өте қызықты

1. Бір зат есім Астана

2.Екі сын есім жаңа,ғажайып

3.Үш етістік гүлденеді,көркейеді,келеді

4.Толық сөйлем Астана ғажайып, жаңа қала болып гүлденіп,көркейіп келеді

5.Ассоциация Елорда



Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша сауаттылық аса қажет міндет,дамыта оқу, жазу,ауызша орындау,өзара қарым-қатынас жасау негізінде оқушыдан талап еткен әр тапсырманың артында мұғалімнің өз сауаттылығына үлкен сын болмақ.. Оқуды түсінуге бағытталып, ойластырылған стратегиялар академиялық мәтіндерді оқу және дәрістерді тыңдау үрдістерін қарқындатуға көмектеседі. Тоғыстырылған механизмдер қатары және ділдік іс әрекет ауысымы назарды аударуға, қызығушылықты қолдауға және оны оқудағы сияқты дәріс сабақтарында да түсіну деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.ал жазу оқушының оқыған мәтіні туралы өз ойын сыртқа шығару дағдысын дамыту мүмкіндігі ретінде, сондай ақ оқушылардың қалыптасу үрдісі және дамуының бағалау және мониторинг куәсі ретінде қарастырылады. Осы бағытта 8а сынып оқушыларынан «Шығармашылық топ»құрып, жоғарыда аталған стратегияларды еркін меңгеру және қолдану бағытында көптеп жұмыстанып келеміз,әсіресе шығарма,эссе жазуда,әдебиеттен күрделі мәтіндерді оқығанда талдау жасау үшін СТО-ның әрбір стратегиясының өзіндік орны бар екені дәлелденген әдіс екендігі даусыз. Бұл стратегияның қызметтік аясы кең әрі ауқымды,оны бірнеше сабақ үлгісінде талдауға болады.Өзім үшін қажетті де керекті сәттердің бәрінде де тығырықтан шығудың жолын осы стратегиядан тауып,өзіме де, оқушыларыма да өзін өзі бағалауымызға толық сенімді бағыт екеніне сенімдімін.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Баяндама тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет сабағында сын тұрғысынан ойлау                  элементтерін орынды және тиімді қолдана білу

 

              Бүгінгі таңда біздің елімізде білім мен ғылымға жасалып жатқан қолдаулар мен қойылып отырылған талаптар да жоғары.Қоғамымыздың даму бағытында жан жақты дамыған, сауатты,ізгілікті бойына жинақтай алған саналы шәкірт тәрбиелеу әр білім орнына жүктеліп отырған міндет.Осы бағытта әр мұғалім шынайы тілегімен «Ұстаз» деген ұлағатты есімге лайықты еңбек етіп, шәкірт жүрегін ізгілікке, бойын білімге,күшін рухқа,жанын саналылыққа толтырып, «Мен»деген жеке тұлғалар мен «Біз»деген отаншыл азаматтар тәрбиелеп шықсақ-біздің де еңбегіміздің алдында қойған мақсатымыз бен парызымыздың орындалғаны болмақ.

 

             Ал ұстаз еңбегінің тынымсыз ізденісі мен жемісі  шәкірт білімінен көрініс таппақ. Ұстаз үшін бүгінгі жаңа инновациялық үдеріске ілесе отырып, жаңашыл технологияларды бір кісідей меңгеруі-өмірдің өзіндік бір талаптарына айналып отыр.Мұғалімдерге осындай жол ашып отырған бірден бір стратегия- бұл «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы» дер едім. Оған дәлел- « Оқу құралы сабақта ойлау жағдайларына бастамашы болуға және орта жасауға мүмкіндік беретін тиімді тәсілдер мен әдістер жиынтығын ұсынады. Мұнда оқу мәтіндерінің тиімді іріктелуі сияқты, өз бетімен оқу әдістері мен стратегияларының да іріктелуі маңызды рөл атқарады. Бұл бағыттың бастаушылары ретінде Л.Выготский, Дж.Дьюи, Ж.Пиаже сияқты белгілі ғалымдарды көруге болады. Осы «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» атты оқу құралы «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» Халықаралық бағдарламасы негізінде жазылды» -деп С.Мерсейтованың еңбегінде көрсетілгендей, осы бағдарламалардың авторлары Дж.Стил, К.Мередит, Ч,Темпл ұсынған күйінде Халықаралық лецензияға сәйкес Қазақстан Республикасында бұл бағдарламаны Қазақстан Оқу Ассоциациясының ( ҚазОА) мүшелері ғана пайдалана алатындығы туралы курстан өту кезінде тәлімгер- кураторымыз Абитова Сәнім Қуанышқызы оқытқаннан бері түсініп, осы бағдарламамен жұмыстану мен үшін өз мүмкіншіліктерін берді . ҚазОА ның бағдарламасының негізінде мұғалімдердің өз беттерінше жұмыстанып,іс- тәжірибе жинақтап,өздерінің авторлық бағдарламаларын әзірлеуге және жаттығу оқулық жинақтарын шығаруға құқық берілуі көптеген ізденімпаз,шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдерге берілген мүмкіндіктер ретінде қуантады. Сонымен бірге: « Сөйтіп, осы оқу құралында біз «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» Халықаралық Бағдарлама авторлары ұсынған Джинни Стил,Ч.Темпл, К.Мередит идеяларын және оқыту стратегияларын негізге аламыз. Біз сондай ақ « Teaching and Learning Strategies for the Thinking Classroom», RWCT international Concortium, 2005, бағдарламасының волонтерлар тобымен - Алан Клоуфорд, Уенди Соул, Самуэл Мэтью және Джеймс Макинстер А.Crowford, E.W.Saul, S.Mathews, J.Makinster ағылшын тілінде шығарылған, авторлардың келісімімен жасалған бағдарламаға ұқсас арнайы курсы бар және ТарМПИ ағылшын тілі факультетінде 2008-2010 жылдары тәжірибеден өткізілген ұқсас жұмысқа бірнеше мәрте сілтеме жасаймыз»-деген бағыттаушы сілтемелері де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне де зор мүмкіндік бергендей.

 

       Қазақстан Республикасындағы бірізділікке түскен мемлекеттік стандарт бағдар ламасы бойынша жұмыстанып келе жатқан мұғалімдер қауымының әрқайсысының өз іс тәжірибесінде «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім »-деп дана жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы негізінде жұмыстанып жүрген ұстаздар қатарында біздің Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары да өз білім деңгейлерімен аудан, облыс,республика көлемінде іс-тәжірибелерімен танылып жүргендері де бар, солардың бірі ретінде мен де өзімнің күнделікті сабақтарымда да, ашық сабақта- рымда да осы стратегиялық бағдарлама элементтерін тұрақты қолданып, шәкірт- терімнің қазақ тілі мен әдебиет сабағына қызығушылықпен қатысып,сапалы білімдерін бекітуге оңтайлы әдіс екендігіне көзім жеткендей.

 

Автор
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров583
Номер материала 469766
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх