Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама «Сөздік қорды дамытудың тиімді жолдарын іздестіру»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Баяндама «Сөздік қорды дамытудың тиімді жолдарын іздестіру»

библиотека
материалов



Тақырыбы: «Сөздік қорды дамытудың тиімді жолдарын іздестіру»

Абенова Х.Б. СҚО Ақжар ауданы Ұялы ауылы

С.Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халықа ортақ сөздер жиынтығы.

Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтап отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.

Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі – өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да көркем тіл. Ресей ғалымдарының «Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады», «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі» деп, тамсана таңырқағанын, бұл тілдің айтқыш та айшылықтығын, сұлу да сұғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі- қазақ тілінің байлығын, көркемділігі мен бейнелілігін жас ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы жетілген жеке тұлға тәрбиелеу.

Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы дүниені танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Балалар жасының әр кезеңінде әр түрлі сөздер дамиды. Үш - жеті жасқа дейін - мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген оқушылар сегіз- он бес мыңға дейін жаңа сөз үйренеді. Күніне орташа есеппен алғанда бес-сегіз жаңа сөз үйренеді, негізгі әдебиет жанрларымен танысады; өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестерін қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйренеді.

Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде:

  • Біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін;

  • Екіншіден, оқушыда сөз байлығын, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін;

  • Үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс- тәсілдерін алдын-ала анықтап белгілеу керек;

Психологтардың айтуынша, оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында жүргізілген сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап – сөзбен балалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала санасындағы нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.

Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:

  • Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, саяхат ұйымдастыру;

  • Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру;

  • Синоним сөздер қолдану: «Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?» сияқты сұрақтар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру;


  • Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген жөн. Мысалы: тетелестері сөзінің түбірін табу;

  • Сөздерге анықтама беру арқылы түсіндіру: аэродром - ұшақ ұшып, қонатын алаң;

  • Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы: батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік т.с.с.

  • Жаңа сөздің мағынасын түсіндіруде техникалық құралдарды қолдану;

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:

  • Сөзді оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстылығын ескеру;

  • Үйретілген сөздердің жеңілділігі;

  • Бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;

  • Сөздерді оқылатын тақырыптарымен байланысты таңдап алу;

  • Сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;

Сөздік жұмысын жүргізуге төмендегідей талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, жүйелі сөйлеу, мәнерлі сөйлеу және дәл сөйлеу.

Сөйлеу мәдениеті – тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, грамматикалық заңдылықтар мен нормаларды дұрыс қолдану.

Мазмұнды сөйлеу ойды айқын, сендіре,тыңдаушысына әсер ете, оны толқыта білу шеберлігі. Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен рөл атқарады.

Жүйелі сөйлеу оқушы ойының бір ретпен, жүйелі баяндау;

Мәнерлі сөйлеу барысында шығарманың идеялық, эмоциялық жағына баса көңіл бөлінуі қажет, өйткені нағыз көркем шығарма ғана балалардың ой-сезімін қозғайды, әсемдікке үйретеді. Мәнерлеп оқу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді.

Баланың сөйлеу тіліне дәлдік қажет. Мәтіндегі әрбір сөз дұрыс дыбыстауды қажет етеді. Онсыз сөз мағынасы да, әсері де болмақ емес. Дәл сөйлеуді жетілдіру ұшін сөйлеу барысында айтылуы жағынан ұтымды сөздерді таңдай білу керек.

Оқушының тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыруда төмендегідей қажеттіліктер туындайды:

  • Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру;

  • Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру;

Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті - оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету;




Жаңа сөздерді оқушылардың есіне сақтаудың тәсілдері мен тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар:

  • Тақтаға жазып, оны буынға бөлу;

  • Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары);

  • Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;

  • Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар;

  • Әңгіме, мазмұндама, шығарма жүргізу;

  • Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу;

  • Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздіктер, оқушы сөздігі).

Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:

  • Қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғат пен адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, танымжорықтар ұйымдастыру)

  • Арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;

  • Сыныпта және сыныптан тыс (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында.

Халқымыздың тарихи асыл мұрасы - тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана-сезімін, дүние-танымын кеңейтіп, ой дәлелдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру – аса игі іс. Сондықтан да тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдану.



Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Сөздік қорды дамытудың тиімді жолдарын іздестіру»

Абенова Х.Б. СҚО Ақжар ауданы  Ұялы ауылы

С.Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халықа ортақ сөздер жиынтығы.

Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтап отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.

Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі – өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да көркем тіл. Ресей ғалымдарының «Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады», «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі» деп, тамсана таңырқағанын, бұл тілдің айтқыш та айшылықтығын, сұлу да сұғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі- қазақ тілінің байлығын, көркемділігі мен бейнелілігін жас ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы жетілген жеке тұлға тәрбиелеу.

Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы дүниені танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Балалар жасының әр кезеңінде әр түрлі сөздер дамиды. Үш - жеті жасқа дейін - мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген  оқушылар сегіз- он бес мыңға дейін  жаңа сөз үйренеді. Күніне орташа есеппен алғанда бес-сегіз жаңа сөз үйренеді, негізгі әдебиет жанрларымен танысады; өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестерін қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйренеді.

Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде:

-  Біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін;

-  Екіншіден, оқушыда сөз байлығын, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін;

-  Үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс- тәсілдерін алдын-ала анықтап белгілеу керек;

Психологтардың айтуынша, оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында жүргізілген сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап – сөзбен балалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала санасындағы нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.

Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:

-   

-   

-   

-   

-  Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, саяхат ұйымдастыру;

-  Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру;

-  Синоним сөздер қолдану: «Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?» сияқты сұрақтар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру;

 

-  Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген жөн. Мысалы: тетелестері сөзінің түбірін табу;

-  Сөздерге анықтама беру арқылы түсіндіру: аэродром - ұшақ ұшып, қонатын алаң;

-  Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы: батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік т.с.с.

-  Жаңа сөздің мағынасын түсіндіруде техникалық құралдарды қолдану;

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:

-  Сөзді оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстылығын ескеру;

-  Үйретілген сөздердің жеңілділігі;

-  Бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;

-  Сөздерді оқылатын тақырыптарымен  байланысты таңдап алу;

-  Сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;

Сөздік жұмысын жүргізуге төмендегідей талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, жүйелі сөйлеу, мәнерлі сөйлеу және дәл сөйлеу.

Сөйлеу мәдениеті – тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, грамматикалық заңдылықтар мен нормаларды дұрыс қолдану.

Мазмұнды сөйлеу ойды айқын, сендіре,тыңдаушысына әсер ете, оны толқыта білу шеберлігі. Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар  құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен рөл атқарады.

Жүйелі сөйлеу оқушы ойының бір ретпен, жүйелі баяндау;

Мәнерлі сөйлеу  барысында шығарманың идеялық, эмоциялық жағына баса көңіл бөлінуі қажет, өйткені нағыз көркем шығарма ғана балалардың ой-сезімін қозғайды, әсемдікке үйретеді. Мәнерлеп оқу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді.

Баланың сөйлеу тіліне дәлдік қажет. Мәтіндегі әрбір сөз дұрыс дыбыстауды қажет етеді. Онсыз сөз мағынасы да, әсері де болмақ емес. Дәл сөйлеуді жетілдіру ұшін сөйлеу барысында айтылуы жағынан ұтымды сөздерді таңдай білу керек.

Оқушының тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыруда төмендегідей қажеттіліктер туындайды:

-  Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру;

-   

-   

-   

-  Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір  ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру;

Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті - оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын  толықтыратын сөздікті белсенді ету;

 

 

 

Жаңа сөздерді оқушылардың есіне сақтаудың тәсілдері мен тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар:

-  Тақтаға жазып, оны буынға бөлу;

-  Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары);

-  Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;

-  Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар;

-  Әңгіме, мазмұндама, шығарма жүргізу;

-  Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу;

-  Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздіктер, оқушы сөздігі).

Балалар сөздігін  мынадай жолдармен байытуға болады:

-  Қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғат пен адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, танымжорықтар ұйымдастыру)

-  Арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;

-  Сыныпта және сыныптан тыс (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында.

 

Халқымыздың тарихи асыл мұрасы - тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана-сезімін, дүние-танымын кеңейтіп, ой дәлелдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру – аса игі іс. Сондықтан да тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдану.

Автор
Дата добавления 17.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров744
Номер материала 393189
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх