Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыБаяндама "ТАРИХ ЖӘНЕ ҚОҒАМТАНУ ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Баяндама "ТАРИХ ЖӘНЕ ҚОҒАМТАНУ ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Скачать материал

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚОҒАМТАНУ ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Дуйсенов А.С –ЖОББ Шипов мектебі ,Тасқала ауданы

The article examines the theoretical bases for the formation of professional competence of teachers of history and and social science.

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.

ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Астана, Ақорда, 2012 жыл

 

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың  кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. [1]

Ел президентінің халыққа жолдауында көрсетілгендей балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін олардың функционалдық сауаттылығын арттыруымыз керек. Ал, оқушылардың  функционалдық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі болмақ. Олай болса, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру – білім жетілдіру курсының басты міндеттерінің бірі.

Осы мақсатта біздің жұмысымыз оқу бағдарламаларының сапасын арттыруға, мобильділікке қол жеткізуге бағытталады. [2]

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны  меңгеруімен өлшенеді.  Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де  кең болмақ.

«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген.

Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Құзырлықты меңгерген мұғалім өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайды  және тиімді әрекет ете алады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық мұғалімдік сала бойынша қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығаруды  білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады.

Кәсіби құзырлылықтың қатарына келесі қабілеттер жатады:

1. Бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық);

2. Мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

3.Оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

4. Коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

5.Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім,дағды,іскерлік,ерік күш-жігердің болуы. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып,ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.

        Кәсіби қызмет – маманның өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасайтын негізгі салалардың бірі. Кәсіби қызметінің көмегімен мұғалімдер өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қабілеттерін анықтауға мүмкіндік алады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі бұл мұғалімге өз бетімен әрекет етуге мүмкіндік беретін психологиялық жағдай, белгілі бір еңбек қызметтерін орындау үшін қабілеті мен іскерліктерінің болуы, тұлғаның жалпы мәдениеті мен білімділік деңгейі, педагогикалық қызметті жүзеге асыруда теориялық және практикалық дайындығының және тәжірибесінің, теориялық білім мен практикалық білік-дағдысының болуы, сонымен қатар педагогтың бойында  тұлғалық сапаларының болуы өте маңызды. [3]

В.А.Метаева кәсіби құзыреттілікке мынадай анықтама береді. Кәсіби құзыреттілік бұл педагог тұлғасы қасиеттерінің бірлігі деп сипаттайды. Яғни, кәсіби құзыретті педагог деп - психологиялық, педагогикалық, пәндік білім салаларын игерген, кәсіби біліктілігігі және дағдылары бар, жеке тұлғалық тәжірибесі жеткілікті тұлғаны айтады. Оған қоса педагогтың жұмысы жетістікке жетуге бағытталғандығы жөн. Тарих пәні мұғалімі қажетті білімдер алып, өзін жетілдіруге бейім, өзіне-өзі сенімді, кәсіби маңызды жетістіктерге  қол жеткізуге қабілетті болуы шарт. [4]

 Н.В.Кузьмина кәсібилікті субьект қызметінің сапалы орныдалуы деп анықтайды. Яғни, ол кәсіби міндеттерді шешуде педагогтың жаңа құралдарды игеруімен, қолдануымен өлшенеді. Н.В.Кузьмина педагогикалық қызметтің бес функционалды элементін қарастырады:

- арнайы құзыреттілік – терең білімдер, берілетін пән саласындағы еңбек тәжірибесі және біліктілігі;

- әдістемелік құзыреттілік оқушыларға білімді, дағдыны, іскерлікті қалыптастыру саласында көрініс табады. Оқытудың түрлі әдістерін игеруі, білімді игертудің психологиялық механизмдерін білуі.

- психологиялық-педагогикалық құзыреттілік – педагогикалық  диагностиканы игеруі, оқушылармен педагогикалық мақсатты қарым-қатынас құру дағдысы, жеке жұмысты жүзеге асыру, жас ерекшелік психологиясын білуі, тұлғааралық және педагогикалық қарым-қатынастың психологиясын білуі;

- дифференциалды-психологиялық құзыреттілік оқушылардың бағыттарын, қабілеттерін анықтау саласында – тұлғалық ерекшеліктерді анықтай алуы, оқушыларға бағыт бере білуі, адамдардың эмоционалды жай-күйін ескеріп, анықтай алуы, жетекшілерімен, әріптестерімен сауатты қарым-қатынас  құра білуі;

- аутопсихологиялық құзыреттілік – жеке қызметінің деңгейін сезіне білуі, яғни, өзінің қабілеттерін, өзін-өзі кәсіби жетілдірудің жолдарын білуі, өзіндегі, өз жұмысындағы жетіспеушіліктердің себептерін көре білуі, өзін-өзі жетілдіруге деген талабының болуы.

Э.Ф.Зеердің пікірінше, кәсіби қызметтерді жүзеге асыру педагог тұлғасын құрайтын үш негізгі құрылымның: кәсіби бағытталғандыққа, кәсіби құзыреттілікке, кәсіби маңызды сапалардың пайда болуына әкеледі.

Алғашқысы – тұлғаның жинақталған сапасын анықтайды. Оның құрамына кәсіби ұстанымдар, кәсіби құнды бағдары,  педагогикалық  қызметке деген талпынысы кіреді.

Сонымен, қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру жағдайында педагог маман–бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол-ақпарат көздерін өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына кешенді тұрғыда қарайтын зерттеушілік ыңғайға бейім, теориямен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары-адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез-құлық қасиеттерді бойына сіңірген маман.

Бүгінгі педагог Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесін әлемдік деңгейге бағыттау мақсаты туындап жатқан қазіргі таңда педагогтік мамандыққа қойылатын талаптарға жауап бере алатын, білім мен іс-әрекетін ұйымдастыру іскерлігінің жоғары деңгейіне ие маман болуы тиіс.

 

Әдебиет

1.                 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

2.                 Г.Т.Балакаева. Повышение статуса профессиональной компетентности педагога – стратегический курс образования // журнал Білім берудегі менеджмент №4 2012 –с 7-9.

3.                 Е.В.Ильина. Раскрытие личностных потенциалов – важная сторона професссиональной подготовки студентов. // журнал Педагогика және психология. №4, 2010. 22-27 стр.

4.                 Метаева В.А. Рефлексия как метакомпетентность. – М.: Педагогика №3. 20066 стр 59.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "ТАРИХ ЖӘНЕ ҚОҒАМТАНУ ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

The article examines the theoretical bases for the formation of professional competence of teachers of history and and social science.

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.

ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Астана, Ақорда, 2012 жыл

 

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың  кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. [1]

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 791 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2015 1768
    • DOCX 25.6 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дуйсенов Артур Серикбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дуйсенов Артур Серикбаевич
    Дуйсенов Артур Серикбаевич
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12482
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 539 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 463 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе