Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыБаяндама тақырыбы:"Білім мазмұнын жаңғырту талаптарына сәйкес педагогикалық кадрларды даярлау

Баяндама тақырыбы:"Білім мазмұнын жаңғырту талаптарына сәйкес педагогикалық кадрларды даярлау

Скачать материал

Білім мазмұнын жаңғырту талаптарына сәйкес
педагогикалық кадрларды даярлау
.

 

Нұрашева Г.С.

Ж.Досмұхамедов атындағы
педагогикалық колледждің оқытушысы 

 

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы 12  мамандық бойынша педагогикалық кадрларды дайындайтын 100 жылдық тарихы бар кәсіптік оқу орны.

Колледжде  128 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде  жоғары санатты және бірінші санаттылар -81, оқытушылар құрамында 1 педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, 3 магистр, 6 магистрант, 2 оқытушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алуда.

Әрбір мұғалім, мектеп басшысы, ата-ана, тіпті оқушы да болашақ мектеп пен ондағы өзінің орны жөнінде саналы пікірін қалыптастыруы тиіс. Сонда ғана біз баланың жеке білім алу маршрутын таңдау құқығына кепілдік бере алатын, өмірге қажетті тәсілдер мен іс-әрекет технологияларын игеруіне, жеке және жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілетіне, әлеуметтік талаптарына сәйкес қажеттілігін қанағаттандыра алатын жаңа құрылымды мектеп құра аламыз. Бүгінгі Республика көлеміндегі бас қосу соның бір айғағы деп ойлаймын.12 жылдық мектеп қандай болмақшы? Жаңа стандарт талаптарына сәйкес, біздің ойымызша

Мектептің моделіне қарағанда, 12 жылдық мектепке көшу оқу мерзімін тағы бір жылға механикалық арттыру емес, құрылымдық-мазмұндық моделі 5+5+2 болып өзгерген, жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктеріне, күтілетін нәтижелер оқушы жетістіктеріне бағытталған, оқытудың сабақтастығы мен әрбір оқыту сатысының даралығы сақталатын, құрылымы мен білім мазмұны жаңарған жаңа мектеп болуы тиіс. Білім беру үрдісі мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты мұғалім мен оқушы іс-әрекетін қамтитындыға баршаға мәлім.

 Бастауыш класс мұғалімінің негізгі міндеті- оқушының жеке тұлға ретінде даралығын ашу және оқу әрекетін игерту. Ол үшін әуелі жеке тұлғаның, соның ішінде бастауыш мектеп түлегінен не күтеміз, соны айқындау проблемасы тұрғаны белгілі. Стандарт талаптарына сәйкес бастауыш мектеп түлегі:

 Білім берудің мақсатты бағдарларының өзгеруіне орай білім беру жүйесінің басқарушы және педагогикалық кадрларына деген талаптары да өзгеруі керек.

Ендігі бізді ойландыратын негізгі проблема жаңарған мектепте қандай мұғалім болу керек? Біздің ойымызша жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мақсаты, мазмұны мен технологиясы мәселелерін өзектендіре түседі.

Басшының, педагогтың жаңа ұғымдағы білім сапасын жобалау және қамтамасыз ету қабілетін анықтайтын кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды. Жаңа стандарт талабына сәйкес құзыретті түлектерді тәрбиелеп шығару үшін алдымен басшылар мен мұғалімдердің өздері белгілі бір құзырлылыққа қол жеткізулері тиіс.

 Бастауыш мектепте білім мазмұнын жетілдіру, білім стандартын жобалау, оқу - әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету, білімнің сабақтастығы мен болашағы, мұғалімдерді дайындаудың бірнеше бағыттары т.б.  мєселелер қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан тыс қалмаған. Бірақ өкінішке орай зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқыту-тәрбие үрдісіне енгізілмеген, ғылыми кітапханалардың сөресінде қалып, болашақ зерттеулерге негіз болумен шектеліп отыр. Жалпы ғылыми тұрғыдан дәлелденген болашақ мұғалімнің әдістемелік жұмысқа дайындығының бірнеше моделі барша ғалымдарға мәлім, біздің ойымызша 12 жылдық мектептің болашақ мұғалімі ақпараттық ортаға бейімделген, оқу ақпаратын модулдеуді білетін,қашықтықтан интерактивті қарымқатынас жасай алатын, білім сапасын мониторинг жүргізуге қабілетті, өмірде кездесетін сан түрлі проблемаларды шешуге дайын құзырлы тұлға болуы тиіс.

Педагогикалық колледждер тәжірибесінде көптен қолданылып жүрген технологиялардың бірі - болашақ мұғалімнің жеке білім жетістіктерінің портфолиосы, бұл – белгілі бір білім алу кезеңіндегі оқушының жеке жетістіктерінің жиынтығы мен өзін-өзі бағалауын есепке алу тәсілі. Портфолио тәсілі он екі жылдық білім беру стандартына бірінші кластан енгізілген жаңалықтың бірі. Мұғалім тек ақпарат жеткізуші ғана емес, ол – оқушының білім алу кезеңіндегі өмір жолын анықтауда сенімді серігі.

+(Бастауыш оқушы портфолиосын салу керек болар )

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-физиологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, бастапқы білімге арналған базистік оқу жоспарының мазмұны негізінен кіріктірілген курстардан тұрады. Сондықтан 12 жылдық білім беретін мектептерге болашақ мұғалімдерді дайындауда жаңа стандарт талаптарына сәйкес кіріктірілген пәндерді оқыту арнайы кәсіби орта мамандықтар классификаторларына енгізіліп, «Бастауыш жалпы білім» мамандығы бойынша стандарт өңделіп,жаңа бағдарламалар жасақталып –бастауыш мектеп мұғалімі мамандығына 010505 1 – Гувернант*010506 1 – Күтуші * 010507 1 – «Мәдени шаралар ұйымдастырушы» арнайы жұмыс мамандықтары енгізіліп, сәйкес сертификат беріледі.   

Колледж жағдайында педагогикалық кадрлар даярлау мәселесінде орын алып жүрген проблемаларды шешу үшін және 12 жылдық білім беруде жаңа мектептің болашақ оқытушыларын дайындауды одан әрі дамыту бағытында  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі тәжірибесіне   тоқталатын болсақ,   

Педагогикалық кадрларды даярлау техникалық және кәсіптік білім беру стандарттары талаптарына сай, колледждің стратегиялық даму жоспарында белгіленген мақсат-міндеттерге сәйкес ұйымдастырылып, оның ішінде ШЖМ-де оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мақсатында арнайы курс жоспарлау, мектеп мұғалімдеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасақтау, педагогикалық  десанттар, «Өрлеу» Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының жоспарына сай курстар өткізу, ақпараттық орта жасақтау, түлектермен байланыс арқылы жүзеге асырылады. 

Шағын жинақталған бастауыш  мектептерді кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында «Шағын жинақталған мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» арнайы пәнін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығының оқу жоспарына енгізген болатын.

Бұл арнайы курс мазмұнында бастауыш шағын жинақталған мектепте оқыту- тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру, шағын комплектілі мектепте қазақ  тілін  оқытудың,  математика, дене шынықтыру, дүниетану, бейнелеу өнерін, музыка сабақтарын  ұйымдастыру  ерекшеліктері  нақты қамтылған.

Осы орайда колледж директоры п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалинаның «Шағын комплектілі мектептерде оқытуды ұйымдастыру» және «Шағын жинақталған мектептегі математика» оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері дайындалып, жаңа үлгідегі сабақ жоспарлары жасақталып, енгізілді. Осы оқу-әдістемелік кешенде БШЖМ-те сабақтарды ұйымдастырудың негізгі 3 типін анықтап көрсетеді: екі сыныпта да жаңа материалды меңгерту сабағы; бір сыныпта жаңа материалды хабарлау, ал екінші сыныпта білім, білік, дағдыны бекітуге және оқығанды қайталауға арналған жұмыстарды ұйымдастыру; екі сыныпта да оқығандарын қайталауға арналған сабақтар.

+БШЖМ – мұғалімінің   құзыреттілігін қалыптастыруда  оқу үрдісін жаңаша  құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарын жасаудың жаңа үлгісі жасақталып, нәтижелі білім беру қолға  алынуда. 

2000 жылдан бастап колледж жанында «Білім» бейіні бойынша базалық Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды. 14 жылдың ішінде
12 мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, 6 үлгілік  оқу бағдарламасы мен білім беру бағдарламалары, 400-ден астам үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасақталып, республика көлеміндегі колледждердің оқу-тәрбие үрдісінде қолданыста жүр.  2013 жылы алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртуға Дүниежүзілік банк несиесі есебінен әлеуметтік серіктестердің - қала мектептері мен мектепке дейінгі ұйым өкілдерінің қатысуымен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт», «Кәсіптік білім беру», «Негізгі орта білім» мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттар 3 тілде жасалып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің келісімімен, ҚР БжҒМ 2013ж. 13 қыркүйектегі №373 бұйрықпен бекітілді, ҚР Әділет Министрлігінде тіркелді. Әлеуметтік серіктестерімізбен бірлесіп барлық пәндер бойынша модульдік оқу жоспарлары, білім беру, оқу бағдарламаларын енгізу, тестілік тапсырмаларын өзектендіру жұмыстарын қолға алуда.

Мұғалім дайындайтын оқу орындарын оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру жолдарын тиімді енгізуді, біріншіден, білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсартудан бастау керек. Басшылық орынға бұрын әдіскер,орынбасар болып істеген, жеткілікті өтілі, категориясы бар, педагогикалық менеджментті білетін мамандар сайланса жұмыс жүрген болар еді.

Екіншіден, нәтижеге бағытталған педагогикалық технологияларды енгізу арқылы білім беру стандарттарын, оқыту бағдарламаларын, деңгейлік тапсырмалар жүйесі енгізілген оқулықтарды құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағыттап жасақтау арқылы білім беру стандарттары мен мектеп оқулықтарының сапасын арттыруға болады. Үшіншіден, мектептегі білім сапасын бағалаудың тиімді жүйесін әзірлеу керек. Әлемдік практикада білім сапасы нақты критерийлерге сәйкес: Білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жалпылау мақсаттары бойынша бағаланады. Сондықтан да мұғалімдер өздігінен құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған деңгейлік тапсырмалар жүйесін құрастырып, оны шешуге үйренсе, бағалаудың критерилерімен танысса, ол үшін ғылым жаңалықтары туралы арнайы семинар, конференциялар ұйымдастырылып, педагогтардың функционалдық, әдістемелік сауаттылығы қалыптастырылған болар еді. Төртіншіден, көпшілік мектептердегі оқу сапасын элиталық білім беретін лицейлер мен гимназиялардың деңгейіне жеткізу жұмыстарын қолға алып, Назарбаев Зияткерлік мектептері үлгісінде корпоративтік басқару, педагогикалық менеджмент элементтері енгізілсе.

 Келесі Елбасының бақылауындағы мәселе: Электрондық оқытуды (E-learning) енгізу, Интерактивті және қашықтан оқытуды кеңейту. Мысалы біздің колледжде 222 компьютер бар, 2 жылжымалы компьютер класы, 7 мультимедиялық проектор, 6 интерактивтік проектор, 1999 жылдан бері электрондық оқу залы, 8 компьютерлік класс, 10 мультимедиалық кабинет, интерактивтік тақталар, ActivBoard, ActivStudio, ActivTablet, Activout, жылжымалы экрандар, Work-Center мини-типографиясы қолданылуда, барлығы колледжішілік желіге және бүкіләлемдік Интернет желісіне қосылған. Болашақта «Виртуалды мектеп», «Виртуалды колледж», «Онлайн сабақтар мен семинарлар» жобалары бойынша Назарбаев мектептерінің Интернет-ресурсын құру тәжірибесін енгізіп, интерактивті олимпиадалар, оқу турнирлері мен интеллектуалды жарыстар, виртуалды сабақтар өткізу жоспарланды. Колледж жанында ақпараттық оқыту ортасы жасақталып, онда электрондық әдістемелік жүйе /ЭӘЖ/ жасалды, екі жүз сегіз электрондық оқулықтар, оның ішінде қазақ тіліндегі алпысқа жуық оқулық оқу үрдісінде пайдалануда. Оқу – тәрбие үрдісіне жоспарланған нәтижеге бағытталған автоматтандырылған басқару бағдарламасы енгізіліп, оқу кабинеттеріндегі оқу–тәрбие үрдісін желі администраторы уақтылы қадағалап отырады. 

Елбасы Н.А. Назарбаев ұлттық білім беру жүйесіне жоғары талап қоюда.

Қазақстандық білім жүйесі бәсекеге қабілетті, үш тілде еркін сөйлейтін, еуразиялық көпмәдениетті, әртүрлі ұлт арасында тіл табыса алатын және техника мүмкіндіктерін пайдалана алатын, базалық құзыреттіліктерді меңгерген, өзге халықтың мәдениеті мен дәстүрін қолдайтын  тұлғаны қалыптастыруға бет бұрыс алды.   

 

Орта білімнің сапасы мен бәсекеге қабілетін арттыру үшін көптілді оқытуды енгізу жұмыстарын жалғастырудамыз. 2013-2014 оқу жылынан бастап 1-ші сыныптан ағылшын тілі оқытылады. Сондықтан, бастауыш класта ағылшын тілінің мұғалімін дайындау алдын ала жоспарланды. Колледжде 2012-2013 оқу жылынан бастап мемлекеттік тапсырыспен қабылданған                       бірінші курстарда көптілді оқытуды енгізу жұмысы басталды.

0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»  біліктілігі

 

0111000  «Негізгі орта білім» мамандығының

0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», 0111053 «Өзін өзі тану мұғалімі», 0111073 «Физика мұғалімі», 0111083 «Негізгі мектептің  шетел тілі мұғалімі», 0111093 «Негізгі мектептің  информатика мұғалімі» біліктіліктері,

1 курста

ағылшын тілі  10 деңгейлік English Discoveries Online/Offline мультимедиялық бағдарламасы негізінде offline режимде жүргізілуде.

2курста әр мамандық бойынша бір арнайы пәнді ағылшын тілінде жүргізу жоспарланды.

3-4 курста берілген пәнді байқау және дипломалды практикасында ағылшын тілінде жүргізеді. Одан соң мемлекеттік емтиханды ағылшын тілінде   тапсырып, қосымша мамандандырудан сертификат иеленеді

Оқу орны және студенттің таңдауы бойынша пәндерді ағылшын және орыс тілдерінде біртіндеп факультатив сағаттардың, студенттің таңдау пәні, оқу орнының таңдау пәні есебінен енгізу ЖОСПАРЛАНУДА.

Күтілетін нәтиже :

ü  «Ағылшын тілін меңгерген бастауыш математика мұғалімі», 

ü  «Ағылшын тілін меңгерген бастауыш өзін-өзі тану мұғалімі», 

ü  «Ағылшын тілін меңгерген физика мұғалімі»,

ü  «Ағылшын тілін меңгерген информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі»,

ü  «Ағылшын тілін меңгерген мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»  және т.б. қосымша сертификат алуға мүмкіндік береді.

Колледжде ең жоғарғы деңгейде шетел тілін оқып-үйренуге жағдай жасалуда, Ұлыбританияның Кембридж аймақтық колледжімен, Ресей Федерациясы Самара әлеуметтік педагогикалық колледжімен өзара байланыс орнатылған. English Discoveries Online/Offline мультимедиялық бағдарлама жобасы енгізілуде, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін он деңгейде шетел тілін оқып-үйренуге жағдай жасалуда.

Дана бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал» - деген өсиет қалдырған. Ендеше, бұл игі бастамаға бүкіл қоғам болып қолдау көрсетуіміз керек.


2011, 2013 жылдары English Discoveries Online бағдарламасы шеңберінде «Ағылшын тілін оқытудың біріктірілген кешенді жүйесі» базалық, орта және тереңдетілген деңгей бойынша мультимедиялық оқу курсы алынып, оқу үрдісіне онлайн режимде енгізу жоспарланды. Тренерлер Майкл Уолкер, Ева Рубенштейн тренинг өткізіп, 12 оқытушы сертификат иеленіп, 4 оқытушы тренер ретінде бекітілді.

 

Студенттер мен оқытушылар Интернет қызметін сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта өз пәндеріне қажетті ақпараттарды (мәтін, сурет, видео-аудио материалдар) жүктеп алуда, English Discoveries Online/Offline мультимедиялық бағдарламасы арқылы болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлауда пайдаланып жүр.

www.1.sabak.kz сайтындағы жеке виртуалды кабинет арқылы облыс, қала көлемінде  онлайн–конференциялар, сабақтар, шеберлік–кластарын өткізу мүмкіндігі қарастырылған. 

Колледж оқытушылары ««Майкрософт инновациялық оқытушылар үшін» жылжымалы мектебінде» және «Электрондық үкімет пен электрондық қызмет көрсетулер» т.б. курстарынан өтуде. E-learning арқылы құзыретті маманға бағытталған сапалы білім беру - негізгі стратегиялық мақсатымызға айналды.

Колледж даму режимінде жұмыстануда. Колледжді дамытудың тұжырымдамасы мен бағдарламасы жасақталған. Оқу орнында инновациялық эксперименттік және тәжірибе жұмыстары жүргізілуде. Студенттер мен оқытушылардың біріккен ғылыми-әдістемелік қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Біздің колледжде студент өзінің білім алу құқын өз қажеттілігі, қабілеттері және мүмкіндігіне сәйкес іске асырса,оқытушы өзінің кәсіби және жеке сапаларын дамытады. Басшы оқытушы мен студент қызметінің табысты болуын қамтамасыз етеді. Ұжым шығармашылық ізденіс режимінде жұмыс істейді. Әріптестік ынтымақтастықтың ізгі қарым-қатынасы, сенім, табысқа жетелейтін атмосфера ұжым мүшелерінің өмір нормасына айналған. Біз студентті тұлға деп есептеп, оған өз бетімен білім алуға жағдай жасаймыз, оқу-танымдық қызметін ұйымдастырамыз, жеке тұлғаны пәндер арқылы дамытамыз. Білім сапасының белгіленген деңгейіне нәтижеге жеткізетін құзыреттілік мен ұлттық тәрбиенің ұстанымдарына негіздеу арқылы жетуге болады. Ұлы Абайдың адамның үш қасиеті "нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек" деген пайымы осы замандағы басымдықтарды — ғылым және білімді, инновациялық жүйені, ұлттың рухани әлеуеті мен мәдениетін дамытудың қажетті шарттары екенін ұмытпасақ деймін.

 

Әдебиеттер тізімі:

[1] Зенкина С.В. Информационно-коммуникаци­онная среда, ориентированная на новые обра­зовательные результаты. М.: Просвещение, 2007.

[2] Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации образования.// Монография. А.: Издательство «Алем», 2002. С.316.

[3] Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве с П. Б. Чекалева). //Монография. О.: ОмГПУ, 2002. С.82.

[4] Лукичева Е.Ю. Информационно-образователь­ная среда как фактор профессионального и личностного развития педагога [Электронный ресурс] /

-http://rois.loiro.ru/ (10.11.2012)

[5] Роберт И.В. Толковый словарь терминов понятийного аппарата информатизации образо­вания. М.: ИИО РАО, 2009.

Аннотация

Педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемалары мен келешектері, мұғалім дайындайтын оқу орындарын оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру, электрондық оқытуды (E-learning) енгізу жолдары жеке тәжрибе негізінде көрсетілген.

 

В статье раскрыты проблемы и будущее подготовки педагогических кадров, оптимизация учебных заведений, обновление учебно-воспитательного процесса, повышение эффективности и доступности образования работников, практически показаны пути внедрения электронного обучения (E-learning).

 

Problems and prospects in preparation of pedagogical shots, optimization of educational places on preparation of teachers, improvement of teaching and educational process, improvement of efficiency and availability of work of education, a way of introduction of E-learning from personal experience are shown.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы:"Білім мазмұнын жаңғырту талаптарына сәйкес педагогикалық кадрларды даярлау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы 12  мамандық бойынша педагогикалық кадрларды дайындайтын 100 жылдық тарихы бар кәсіптік оқу орны.

Колледжде  128 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде  жоғары санатты және бірінші санаттылар -81, оқытушылар құрамында 1 педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, 3 магистр, 6 магистрант, 2 оқытушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алуда.

 

Әрбір мұғалім, мектеп басшысы, ата-ана, тіпті оқушы да болашақ мектеп пен ондағы өзінің орны жөнінде саналы пікірін қалыптастыруы тиіс. Сонда ғана біз баланың жеке білім алу маршрутын таңдау құқығына кепілдік бере алатын, өмірге қажетті тәсілдер мен іс-әрекет технологияларын игеруіне, жеке және жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілетіне, әлеуметтік талаптарына сәйкес қажеттілігін қанағаттандыра алатын жаңа құрылымды мектеп құра аламыз. Бүгінгі Республика көлеміндегі бас қосу соның бір айғағы деп ойлаймын.12 жылдық мектеп қандай болмақшы? Жаңа стандарт талаптарына сәйкес, біздің ойымызша 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2015 4448
    • DOCX 503 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурашева Гульнар Сырымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурашева Гульнар Сырымовна
    Нурашева Гульнар Сырымовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34821
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 493 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 568 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе