Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Баяндама З тұғырлы тіл
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Баяндама З тұғырлы тіл

библиотека
материалов

Ағылшын тілі сабағында үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру

Тәуелсіздікке қол жеткен жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым – қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» - «Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды. Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Бұл жоспар Қазақстанның әлемдік дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей өзіндік даму стратегиясын белгіледі. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша дамытуға көп көңіл бөлгендігі ерекше аталып өтілді. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді. 2020 жылға қарай ағлшын тілін білетін халықтың саны кемінде 20% - ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар ағылшын тілінде терең меңгеруі керек. Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылында елімізде жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқу бадарламасына енгізіледі.

Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Ағылшын тілінде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джек Лондон, Джонатан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2 – 1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі ең қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала басталды. Ағылшын тілі көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады.

«Тіліміздің үш тұғыры»мәдени жобасын жүзеге асыру аясында академик С.С.Құнанбаева шет тілін оқытудың инновациялық теориялық – методологиялық негіздерін енгізді. Шетел тілі бойынша ойлаудың жаңа түрін игерген, дүниетанымдық мәдениеті бар, көп мәдениетті сана – сезімі дамыған, сонымен қатар қазақ, орыс және шетел тілдерін жете меңгерген маманның кәсіби білікті үлгісін: а) заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану арқылы аудармаға оқыту бойынша ғылыми педагогикалық мамандарды; б) мемлекеттік тілдің басты рөліне сүйене отырып, жобада көрсетілген барлық тілдерінде жұмыс істей алатын аудармашы мамандарды (қазақша – ағылшынша – қазақша, қазақша – орысша және т.б.) арнайы мақсатта даярлау арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің концептуалдық әмбебаптандырылуын қамтамасыз ету деп анықтайды. Демек, халықаралық саяси – экономикалық қатынастарды әлемдік стандарттарға сәйкес жүргізуде білікті мамандарды дайындау қажеттілігі оқу мен білім саласына да белгілі міндеттерді жүктейді.

Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым – қатынас жасаудың барлық қырларын жан – жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.

Жалпы білім беретін жоғары оқу орындарында және орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытуда алты деңгей бойынша топтар білім алады. Олар: “beginner”, “elementary”, “pre – intermediate”, “intermediate”, “upper – intermediate”, “advanced”.

Ағылшын тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.

Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым – қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модкльдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, жобадай оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б.

Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны күннен – күнге көбейюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айррықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңашыл бетбұрыстарды қажет ікендігін тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

















Орал гуманитарлық – техникалық колледжі









Баяндама

Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру









Дайындаған: А.Х.Утебаева













Орал - 2014

Краткое описание документа:

 

Шекспир, Джек Лондон, Джонатан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2 – 1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі ең қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала басталды. Ағылшын тілі  көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады.

         «Тіліміздің үш тұғыры»мәдени жобасын жүзеге асыру аясында академик С.С.Құнанбаева шет тілін оқытудың инновациялық теориялық – методо 

 

Автор
Дата добавления 09.02.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров2960
Номер материала 375384
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх