Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама: Жаңа ақпараттық технологиямен сапалы білімге
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Баяндама: Жаңа ақпараттық технологиямен сапалы білімге

библиотека
материалов

Жаңа ақпараттық технологиямен сапалы білімге

Әрбір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық-коммуникация технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалана білуі керек.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технология түрін қолдану әр мұғалімнің еншісінде. Бұл технологияның бәрін сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан әр пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оның іс-әрекетін жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Өйткені, оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр.

ХХІ ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі кезеңде еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақты компьютердің қыр-сырын терең меңгерте отырып, жұмыс жасау қабілеттерін арттыруға болады.

Қазіргі мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Мұғалім-бұл ақпараттанушы, оқушының жеке тұлғалық және интелектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл-мұғаліммен, жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабілеттерін, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Әр сабақта оқушының білімін тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақты ыңғайына қарай әдіс-тәсілдері мен түрлендіріп өткізген кезде, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы да арта түседі. Сабақ мазмұнын теориялық, практикалық құндылығы жоғары болған сайын, құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығымен жоғары деңгейде өтеді. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушылардың шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, жұмбақ жасыру, шешу, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Сондықтан да әр сабақты бір-біріне ұқсатпай сайыс, конференция, өзін-өзі бақылау, жаңалық ашу, өнер танушылық, реферат қорғау сияқты түрлендіріп отыруға болады.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру, шығармашылықпен, өзбетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында, өз тәжірибемде жаңа технологияларды тиімді пайдаланып отырамын.

Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық байланыс, ақпарат алмасу интернет, электронды пошта, теле-конференция, on-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалану. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес, ол оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады:

- Оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;

- Сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;

- Сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.

Оқушылар кез-келген уақытта интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қалаған мәліметтерін алуға, ғылыми жаңалықтармен танысуға мүмкіндіктері мол.

Әсіресе, олардың тиімділігі:

- Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

- Білім саласын арттыруға әсері зор.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушы мен мұғалім арасындағы зерттеушілік, эвристикалық сипаттағы іс-әрекетті жүзеге асыруға болады.

Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты шығармашылық, ізденушілік жұмыстары арқылы өткізген өте тиімді. Ол үшін оқушылар алдын-ала берілген тақырып бойынша ізденіс жұмысын жүргізеді. Оқушылар берілген тақырыптар бойынша өз бетімен ізденіп, алған білімдерін бір-біріне түсіндіре отырып компьютерде тапсырмалар орындайды. Әр сабақта жеке бағалау парағы бойынша барлық оқушылардың білімі бағаланады.Сонымен қатар сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушының танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Электронды оқулықтың ең қажет элементі –аудио хабарлар. Онымен жұмыс істеу кезінде программалық оқытудың барлық тәсілдерін пайдалануға болады.

«Жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы айтқандай жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Сондықтан заман талабына сай ақпараттық технологияларды кеңінен қолданысқа еніп, оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру әрбір мұғалімнің заманауи басты міндеті.

Краткое описание документа:

Әрбір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық-коммуникация технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалана білуі керек.

  Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технология түрін қолдану әр мұғалімнің еншісінде. Бұл технологияның бәрін сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан әр пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оның іс-әрекетін жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Өйткені, оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр.

 

  ХХІ ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі кезеңде еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақты компьютердің қыр-сырын терең меңгерте отырып, жұмыс жасау қабілеттерін арттыруға болады. 

Автор
Дата добавления 22.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров496
Номер материала 327777
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх