Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Баяндама"Кәмелетке толмағандардың девиантты және делинквентті мінез-құлықты алдын алу"

Баяндама"Кәмелетке толмағандардың девиантты және делинквентті мінез-құлықты алдын алу"



  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тренинг жоспары

Секция: сынып жетекшілер

Уақыты: 20.08.2015ж

Мұғалімнің аты-жөні: Кошакаева Асемгуль Куанышевна

Тренинг тақырыбы: «Кәмелетке толмағандардың девиантты және делинквентті мінез-құлықтың алдын алудың заманауи әдістемелері»

Мақсаты: Девиантты және делинквентті ұғымы туралы мағлұмат беру, туындау себебін көрсету, заманауи әдістемелерді насихаттау арқылы әріптестермен ой бөлісу.

«Пирамидалық талқылау» әдісі арқылы талдау.

Білу

Топқа бөлу «Мектеп», «Отбасы»

Видео көрсету «Су асты патшалығы»

Девиантты және делинквентті ұғымы туралы түсінік беру.

«Норма» ұғымы

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.

Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.



Девиантты мінез-құлық - бұған қалыптан ауытқудың бір түрі ретінде әлеуметтік жүріс – тұрыс ережелерін бұзған балалар мен ересек адамдар, жастар мен жасөспірімдер және жеткіншектер тарапынан істелген тәртіпсіздіктерді жатқызады.

Делинквинтті мінез девиантты қылықтардан айырмашылығы – тәртіп бұзушылық әдетке айналып, үнемі қайталанып, тұрақты мінез – құлық стереотипіне айналуы және соған қарамастан қылмысқа тартуға не жазалауға істеген күнәсін дәлелдеуге факты жетпеуі, не болмаса жасының жетпеген жеткіншек балалар кіреді.

Деликвинтті мінез түрлерін төмендегідей топтастыруға болады:

- Белгілі бір тұлғаны кемсіту мақсатында істелген қаскүнемдік пен зорлық, қорлау, ұрып – соғу, кемсіту, өртеу, сындырып, бүлдіру.

- Жеке басының мүддесі ұсақ – түйек қылмыстар жасау, мысалы, ұрлық істеу, біреудің машинасын не басқадай дүниесін тартып алу , т.б.

- Наша секілді зиянды заттарды тарату және сату.

Негізінен девиантты мінез-құлық жай ғана мектептегі сабаққа қатыспаудан бастау алады, оның ары ұрлық жасау, төбелесу сияқты әрекеттермен белең алып өрістей түседі.





Түсіну

Заң бұзушылыққа итермелейтін факторлар қандай?

қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);

тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

3. Наша сату және тарату.

Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.











Қолдану

Тәрбиенің қандай түрі маңызды? (шағын пікірталас)













Талдау

Жасөспірімдердің қылмысқа бару себебі неде?

жанұяда берекенің болмауы, отбасының құлдырауы;

ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;

тәрбие берудегі кемшіліктер;

өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

       өзін-өзі басқарудың төменділігі;

       - ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;

        -ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;

        -физикалық жазалау;

        -жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;

        -ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;













Жинақтау

Жасөспірмідер арасындағы қылмыстың алдын алуға қандай жолдар ұсынар едіңіздер?

Девиантты мінез-құлықтың алдын алу шаралары жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді.



Психопрофилактикалық жұмыстың бірнеше формалары бар:

Әлеуметтік ортаны (отбасы , әлеуметтік топ, нақты тұлға) ұйымдастыруға :салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жасалатын әлеуметтік жарнама БАҚ , жастардың субмәдениетімен жұмыс.

Мәлімет беру (дәрістер, әңгімелесулер , арнайы әдебиеттерді, видео және телефильмдерді тарату);

Әлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді әлеуметтік үйрету; Аталмыш үлгі көбінесе топтық тренингтер формасында жүзеге асады.

Тренинг – бұл тұлғаны жетілдіруге арналған арнайы ұйымдастырылған оқыту формасы, тренинг кезінде төмендегі міндеттер шешімін табады:

Әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру;

Өзін-өзі тану және т.б. қабілетті дамыту;

Өзінің маңыздылығы, құндылығы туралы түсінігін дамыту, жағымды Мен – концепциясын қалыптастыру. Балалармен өткізілген ӘПТ тобының міндеті – өзін-өзі көрсетуге, қабылдау мен өзін-өзі түсінуге үйрену не үшін қажет екендігін түсінуге көмектесу.

Топтық тренингтің артықшылықтары:

Шектеуге қарсы әрекет етеді, тұлғааралық мәселелерді шешуге көмектеседі, өз-өзіне тұйықталып қалуға және өз қиындықтарымен жалғыз қалуға жол бермейді, басқалардың мәселелерін анықтайды. Топ қоғамды кішкентай түрде бейнелейді, әріптестердің қысымы секілді жасырын факторладрды анықтайды, шынайы өмірдегі өзара қарым-қатынас және өзара байланыс жүйесін үлгілейді.

Девиантты мінез – құлыққа альтернативті әрекет ұйымдастру (таным, өзін – өзі сынау, қарым – қатынас ,махаббат, шығармашылық, әрекетшілдік);

Салауатты өмір салтын ұйымдастыру (дұрыс тамақтану,таза ас, жүйелі физикалық жұмыс көлемі , еңбек және демалыс режимін сақтау, табиғаттпен қарым – қатынас, нысапсыздықтан аулақ болуы)және т.б.;

Жеке тұлғалық ресурстарды белсендіру (спортпен шұғылдану , шығармашылықпен айналысу, топтық тренингтерге қатысу, арттерапия) және т.б.; Девиантты мінез – құлықтың жағымсыз салдарын азайту (мәлімет беру, топтық пікірталас, тренингтік жаттығулар, рөлдік ойындар, әлеуметтік тиімді мінез – құлықты үлгілеу, психотерапевтік әдістемелер) және т.б.;

  • Әр көмекші топ жылдық жоспар құру;

  • Арнайы комиссия құрамын ұйымдастыру;

  • Ата-аналарға көмек мектебін ұйымдастыру;









Бағалау

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.


«Чемодан», «Себет», «Еттартқыш» әдісі арқылы рефлексия жүргізу














Ш.Батталова атындағы ЖОББМ






Т Р Е Н И Н Г


Тақырыбы: «Кәмелетке толмағандардың девиантты және делинквентті мінез-құлықтың алдын алудың заманауи әдістемелері»




Өткізген: Кошакаева А.К.

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі










Ақжал, 2015 ж


Автор
Дата добавления 15.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1226
Номер материала ДВ-063641
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх